2. Кіріспе
Халықты сумен қамтамасыз етудің 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының басым бөлігі толық көлемде ауыз сумен жабдықталмаған.
Осыған байланысты, Бағдарлама пайдаланудағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, су шаруашылығы секторын дамытуды, су шаруашылығы саласына жеке капиталды тартуды, халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласына жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды қарастырады.
Бағдарламаны іске асырудағы жүйелі әдістердің біріне орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдардың тиісінше өзара іс-қимыл жасауы мен олардың арасындағы іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру жатады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.
3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын талдау Ауылдық жердегі жағдай
2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.
Осы бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:
жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20-25 %-ға арттыру;
жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға арттыру.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 13 288 км-ден астам су құбыры мен сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңғыртылды және күрделі жөнделді. Халқының жалпы саны 3,5 млн. адамды құрайтын 3 153 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды.
Ауыз суға бірдей үнемді деңгейде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауыл халқы үшін субсидиялаудың сараланған нормативтері енгізілген, олар ауылдық жерлердің тұрғындарына суды жеткізу қызметтеріне бірыңғай тариф бойынша төлеуге мүмкіндік берді.
Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарып, 82,9 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.
Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелеріне қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздеріне қол жеткізуі 12 %-ға ғана артып, 41 %-ды құрады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-дің жалпы санынан 7 002 - ауыз сумен жабдықталғандарына (проблемалық) барлық ауыл халқының 40 %-ын. құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 849 АЕМ жатады.
Бұл ретте, осы АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Ауыз сумен жабдықталған АЕМ санаттары
Р/с №
|
АЕМ санаттары
|
АЕМ саны
|
Үлес салмағы, %
|
1.
|
Тасымалданатын суды
пайдаланатындар
|
143
|
4
|
2.
|
Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер
|
386
|
10
|
3.
|
Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)
|
114
|
3
|
4.
|
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары
|
3 206
|
83
|
|
Барлығы
|
3 849
|
100
|
Жалпы, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асырған уақытта бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, су құбырларын салу мен жаңартудың сапасыздығы, жөндеу-салу жұмыстары мерзімдерінің бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу жағдайлары орын алған.
Оның басты себебі сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жаңарту жұмыстарын жоспарлау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жүйелі тәсілі мен тиісті өзара іс-әрекетінің болмауы болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру басымдақтарға сәйкес жүргізілмеді. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда ауқымды бюджеттік қаржыға салынған объектілер тұрып қалып, керісінше басқалары қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан аздаған учаскемен қайта жаңарылып жатты.
Сонымен қатар, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне жасалған талдау бойынша, ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау мәселесіндегі тежеуші факторлардың бірі жабдықтаушы кәсіпорындар санының болмауы немесе олардың жеткілікті дәрежеде материалдық-техникалық жабдықталмауы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |