Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы


Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру



бет7/11
Дата01.07.2016
өлшемі472.5 Kb.
#170980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.2 Су шаруашылығы секторының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін құру


      Бағдарламаны іске асыруда орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері қатысады.
      Осыған байланысты барлық мүдделі органдардың іс-қимылын үйлестіру қажет екені көрініп тұр. Бағдарламада Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама үйлестірушісінің функцияларын жүктеу көзделеді.
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі бағдарламалық іс-шараларды дайындау және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың нысаналы индикаторлар мен Бағдарлама іс-шараларын орындауы бойынша қызметтерінің тиімділігін бағалауды жүргізеді.
      Атқарушы Мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері) бағдарламалық іс-шаралар мен нысаналы индикаторларды орындау бойынша жұмыстардың барысын бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Бағдарламаны орындауға бөлінетін бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Бағдарламаны басқарудың жоғарғы алқалық органы ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары төрағалық ететін ВАК құрылады,  оның басты міндеттері ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау жобаларының тізбелерін қарастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Тізбелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу бойынша ұсыным шығару мақсатында Бағдарлама шеңберінде геологиялық-барлау жұмыстарының тізбелерін әзірлеу және бекіту, су шаруашылығы саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыруға байланысты мәселелерге қатысты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      Бүгінгі күні ауылдық және қалалық жерлердегі су сапасы, сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі және су шаруашылығы секторындағы ұйымдардың қаржылық жай-күйі туралы бірыңғай жүйеленген дерекқор жоқ.
      Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай іс-шараларды іске асыру көзделген:
      - бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысының тиімділігін  және нәтижелілігін бағалау бойынша жұмыстарды орындау үшін түрлі көздерден алынатын есептік, статистикалық, анықтамалық, болжамдық және бағалау ақпараттарын жинау, жүйелендіру және талдау;
      - нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі және халықты ауыз сумен жабдықтау саласында жағдайдың өзгеру серпіні туралы ақпарат алу үшін бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу;
      - «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасын басқару бойынша жедел орган әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу.
      Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі нысаналы индикаторлардың әзірленген жүйесі негізінде іске асырады. Бағдарлама тиімділігін бағалау үшін қажет ақпаратты жинау және талдау Бағдарлама шеңберінде әзірленген ақпараттық-талдау базасы шеңберінде жүзеге асырылады.

5.3 Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту


      Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту:
      - концессия тетіктерін дамыту;
      - ұзақ мерзімді тарифтік реттеу жүйесіне өту;
      - суды толық есепке алуды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
      Сумен жабдықтау секторын дамыту және жаңғырту саласындағы жобалардың экономикалық ерекшеліктерін атап айтқанда, жобаларды іске асыру ұзақ мерзімдерін және құқықтық шектеулерді негізге ала отырып, сумен жабдықтау секторында анағұрлым қолайлы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) нысаны концессия болып табылады. Осы концессиялық келісімдер салаға жеке инвестициялардың барынша көп ағымын қамтамасыз етеді және салауатты бизнес-орта қалыптастырады.
      Су шаруашылығы саласына жеке капиталды барынша тарту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда:
      - Қазақстан Республикасының Су кодексіне су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруге рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу;
      - «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына объектілер тізбесінен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын алып тастау бөлігінде өзгерту енгізу;
      - Қазақстан Республикасының Су кодексіне республикалық, сондай-ақ коммуналдық меншікте тұрған су шаруашылығы құрылыстарын не осындай объектілер құру құқығын Қазақстан Республикасының концессия саласындағы заңнамасына сәйкес концессияға беру мүмкіндігі бөлігінде толықтырулар енгізу;
      - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне ұсынылатын ауыз су сапасына халық алдындағы мемлекеттің жауаптылығы бөлігінде толықтыру енгізу қажет.
      Су шаруашылығы секторында концессия тетігін қолдану мүмкіндігін пилоттық жобалар үлгісінде сынау керек. Бұл мақсаттарда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі МЖӘ шеңберінде пилоттық жобалар ретінде: Балқаш (Қарағанды облысы), Семей (Шығыс Қазақстан облысы), Сарыағаш (Оңтүстік Қазақстан облысы) қалаларын айқындады.
      Пилоттық жобаларды іске асыру республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвесторлардың, су шаруашылығы ұйымдарының өз және тартылған қаражаты есебінен МЖӘ негізінде қоса қаржыландыру қағидаттарында жүзеге асырылады.
      Пилоттық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттен тыс қаражат тарту нысанын, қаржысын және көздерін МЖӘ жобаларын орындаушылар анықтайды.
      Бұл ретте, 2013 жылға қарай пилоттық жобалар бойынша МЖӘ негізінде жобаларды іске асыруға арналған келісімшарттарға қол қойылады. Бюджеттік қаржыландыру көлемін бірте-бірте азайту мақсатында инфрақұрылымға инвестиция жасау үшін жеткілікті қаржы қаражаты бар инвесторларға басымдық беріледі.
      2013 - 2015 жылдар арасындағы кезең 2020 жылға дейін барлық өңірлерде аталған тәжірибені одан әрі тарату үшін МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, іске асырылатын пилоттық жобаларды қаржыландырудың тиімділігін көрсетуі тиіс.
      Салынатын қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар топтарына және/немесе су тұтыну көлеміне байланысты орташа және ұзақ мерзімді шекті тарифтер, сараланған тарифтер бекіту тетігі қолданылады. Тарифтік реттеу саласындағы заңнамалық база бүгінгі күні су шаруашылығы секторының кәсіпорындарына олардың тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін тарифтер қолдануға мүмкіндік береді.
      Бүгінгі күні республиканың 13 өңірінде тұтынушылар топтары бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізілді. Аталған шара су арналарына өз табыстарын арттыруға мүмкіндік береді, өз кезегінде кәсіпорындарда инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.
      2020 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес республиканың негізгі су шаруашылығы ұйымдарының шекті тарифтері бойынша жұмысқа ауыстыру жоспарланып отыр, бұл реттелетін қызметтерге тарифтер тұрақтылығын және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
      2013 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес республиканың су арналарымен суды есептеу құралдарымен қалаларды 100 % және АЕМ-ді 80 % қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Сонымен қатар, суды қолдануды толық есептеу мақсатында суды есептеудің жалпы үйлік құралдарын орнату мүмкіндігін міндетті түрде қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет