Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



бет8/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#135169
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


Проблемалар мен қауіптер

1.Абай қ., Южный к. тазалау құрылғылары мен кәзір жүйелерін қайта құруды (салу) қажет етеді (№1 кесте).

№1 кесте

Елді мекен

Техникалық жағдайы

Жобаның құны

млн.теңге

(ЖСҚ және ТЭН есебісіз)

ТЭН, ЖСҚ болуы

меншік

Абай қ. кәзір жүйелері

90% тозған, қайта құруды қажет етеді

3 000 000  

ЖСҚ әзірленуде

Коммуналдық меншік

2. «АрселорМиттал Темиртау» АҚ көмір департаментіне тиісті Жартас су ағызғышын жөндеу. Алдын ала құны – 820,3 млн. теңге. Қазіргі кезде Абай қ. сумен қамтамасыз ету диаметрі 600 мм, ұзындығы 25 км Жартас топтық су ағызғышынан Абай қ. су беру жүзеге асырылады.

Жартас су ағызғышы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД «Энергоуголь» ПУ және бірден бір альтернативсіз сумен қамтамасыз ету көздерінің жеке бөлігінде тұр.

Аталған су ағызғыш 1954 жылдан бері қолданылуда, техникалық жағдайы қанағаттандырарлықсыз, күрделі жөндеуді және қайта құру жұмыстарын қажет етеді, Д-600мм, ұзындығы 25 км су өткізу құбырлырын ауыстыру қажет.




Газбен қаматамсыз ету

Ауданда орталық газ жүйесі жоқ. Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету негізінен сырттан әкелінетін баллондардағы газдар арқылы жүзеге асырылады, олардың бағасы 3200, 1600 теңге.

Газбен қамтамасыз ететін негізгі жабдықтаушы «Әлем Газ» ЖШС, «Сатов В.В.» ЖК.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, көркейту

Абай қаласы бойынша жылына 15,5 мың тонна қалдықтар жиналады. Қатты қалдықтарды орталық-үнемі жинау бойынша аудан тегіс қамтылған. Қалдықтарды жинау және көму орындары негізінен полигондар, селолық тұрғын пункттерінде қоқыс тастайтын орындар.

Экологиялық жағдайды жақсартудың басты бағыты ҚТҚ қайта өңдеу. ҚТҚ екінші қажетті шикізатқа айналдыру, экономикалық жағынанда және экологиялық жағынанда тиімді бағыт болып табылады.

ҚТҚ қадағалау бірнеше мақсаттарды көздейді:

- қоршаған ортаға әсер етуді төмендету;


  • Табиғи аумақты ұстау мәдениетін арттыру.

2014 жылы ауданның 7 елді мекендері (Абай қ., Топар к., Южный к., Қарабас к., Құллайғыр а., Агрогородок а., Жартас а.) бойынша ҚТҚ жинау шамасын анықтау үшін 4,3 млн. теңге сомаға есеп жүргізілді, оның ішінде Абай қ. 2014 жылы желтоқсан айында аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді. Қалған 7 елді мекендер үшін ҚТҚ пайда болу және жинау шамасын әзірлеуге 2,0 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлу қажет. Абай қ. және Топар к. бойынша ҚТҚ шығаруға тариф жобасы әзірленуде. Экологиялық құжаттарды рәсімдеу бойынша қатарлас жұмыстар жүргізілуде. Абай қ. ҚТҚ полигоны ОС эмиссиясына нормативтерді әзірлеуге және Топар к. ҚТҚ полигоны ОВОС жобасын әзірлеуге конкурс жарияланды.

Ауыл әкімдерімен ҚТҚ полигондарына жер телімдерін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Абай қаласында 63 контейнер алаңы (260 бірлік контейнер). Топар к. 13 контейнер алаңы (52 бірлік контейнер).
Тұрғын үй саласы

20135 жылдың 1 қаңтарына ауданның тұрғын үй қоры 1198,9 мың ш.м., олардан 159,2 мың ш.м. мемлекеттік және 1039,7 мың ш.м. жеке меншік.

Ауданда барлығы 441 көп қабатты үйлер бар (621,2 мың ш.м.), соның 247-сі Абай қаласында (419,2 мың ш.м.), олар 16 КСК-ен қызмет көрсетіледі, Топар кентінде – 105 үй (143,4 мың ш.м.), оларда үй бойынша жауапты (басқарушы) тағайындалған, олар тұрғындар атынан ЦТВЭС «Корпорация Қазақмыс» ЖШС-ің коммуналдық шаруашылықтарымен үйлердің ішкі жөндеу жұмыстары бойынша келісімдер жасайды, Южный кентінде 31 көп қабатты үйлер бар (25,8 тыс.кв.м.), Көксу селосында – 7 үй (5,3 тыс.кв.м.), оларға «Жартас» КСК-ен қызмет көрсетілді.

Ауданның тұрғын үй қорының инженерлік инфроқұрылыммен қамтамасыздығы: су жүйелері – 88,6%, канализация – 77%, орталық жылу жүйесі – 71%, ыстық су жүйесі – 21,2%.

Корпорация Қазахмыс меморандум шеңберінде 2012 жылы Топар к. 97 млн. теңге сомаға отбасылық жатақхана (31 бөлме) қалпына келтірілді.

2011 жылы жоспар кезінде 5410 ш.м., 5422 ш.м. тұрғын үй қолданысқа енгізілді (4762 ш.м.-жеке, 660 ш.м.-жалдамалы).

2012 жылы жоспар кезінде 5700 ш.м., 9104 ш.м. тұрғын үй қолданысқа енгізілді (2483 ш.м.-жеке, 1054 ш.м.-жалдамалы, 5567 ш.м. жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша).

2013 жылы жылдық жоспарда тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу – 6222 ш.м. 6444 ш.м. тұрғын үй қолданысқа енгізілді (2159 ш.м.-жеке, 3831 ш.м.-жалдамалы, 454 ш.м. жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша).

441 көп қабатты тұрғын үйлердің (621,2 мың ш.м.) 136-сы (219,41 мың ш.м.) жөндеу жұмыстарын талап етеді.

Абай қаласының тұрғын үйі қорының түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бос тұрған 56 көп қабатты үй анықталды. Барлық үйлер коммуналдық меншікке қабылданды..

2013 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде Абай қ. 16 апатты жағдайдағы үйлеріне 205,5 млн. теңге сомаға бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы 234 млн. теңге сомаға Абай қ. 19 апатты жағдайдағы үйлеріне сомаға бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, 2015 жылы жерлерді жыртумен Абай қ. 15 апатты жағдайдағы үйлерін бөлшектеуге 200 млн. теңге сома бөлінді, қазіргі кезде 12 апатты үйлерге жүргізілді.. 2016 жылы 6 апатты жағдайдағы үйлерді бөлшектеу қажет.

Көркейту

Аудан аумағы 653 мың га, оның 66 мың га. Тұрғын пункттері алып жатыр. Парктер мен саябақтар – 19,2 га алып жатыр.

«Көркейту және когалдандыру» бағдарламасы аясында жылда ауданда көктемгі және күзгі мезгілдерде ағаштар отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында көктемгі және күзгі санитарлық тазарту айлықтарына, көрскейту мен когалдандыру шаралаына барлық түрдегі ұжымдар қатыстырылады.

Талдау жасалып отырған мерзімде бюджеттік және демеушілердің қаржылары есебінде ауданның 35 ауласы көрсейтілді: Абай қаласында – 18 аула, Топар кентінде – 9 аула, Южный кентінде – 8 аула.

Санитарлық жағдайды өткізу мақсатында СанПиН талаптарына сай Ауданның ауылдық елді мекендері мен кенттерінің санитариясын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қоқыстарын жоюға жылсайын аудан бюджетінен қаражат бөлінеді.

2012 жылы 13 ауылдық елді мекендердің санитариясы бойынша жұмыстар аудан бюджетінен бөлінген жалпы 2 млн. 800 мың теңге сомаға орындалды.

Ауданның 2 елді мекендерін абаттандыру және көркейтуге 59 млн. 925 мың теңге сомаға жұмыстар аяқталды: Топар к. (41 млн. 791 мың теңге) және Көксу а. (18 млн. 134 мың теңге).

Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы республикалық бюджет есебінен 3 ауылдық елді мекендерде 3749 мың теңге сомаға балалар ойын алаңдары орнатылды (Юбилейное а., Құлаайғыр а., Көксу а.).

2013 жылы ауданның 13 ауылдық елді мекендерін дамытуға республикалық бюджеттен 21292 мың теңге бөлінді, оның ішінде:



  1. 3 АЕМ көше жарықтарын қалпына келтіру (Құрма а., Самарка а., Юбилейное а.)

  2. 10 АЕМ балалар ойын алаңдарын орнату.

2014 жылы Топар к. 1 балалар ойын алаңы орнатылды.

Моноқаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде қаланы көркейту жұмыстары жүргізілді. Абай қ. 5 оазис және жарықтандырумен жол жиегі тастарын төсеу жұмыстары жүргізілді (109,7 млн. теңге).

Аудан бюджетінің есебінен Топар кентінде Гагарин, Бульвар Юности, Қазыбек-би (58,0 млн. теңге) көшелері бойынша көркейту және абадтандыру бойынша жол жиегі тастарын, қоқыс жәшігі, отырғыштар, көше жарықтарын, контейнер алаңдарын және балалар ойын алаңдарын орнатумен жұмыстар жүргізілді.

«2020 дейін аумақтарды дамыту» бағдарламасын дамыту шеңберінде 2015 жылы Абай к. 40,42 ү. 2 ауласын, Калинина к. 44,46 және Абай қ. 29 махалла 1,2,3 үй аулаларын жайластыруға республикалық бюджеттен 69,9 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, Топар к. балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар 8,8 млн. теңге сомаға жүргізілуде. Қазыбек Би к. 1,3,5,7 бойынша Топар к. тас төсемін төсеу 3971 мың теңгеге жүргізілуде.

13 АЕМ 15,8 мың теңге сомаға көше жарықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Көктемгі екі айлық» өткізу шеңберінде аудан бойынша 1285 ағаштар отырғызылды, олардан 270 қылқан жапырақты және 1015 дана жапырақты ағаштар, сонымен қатар 95 бұта ағашы. «Күзгі айлық» өткізу кезеңінде 950 ағаштарды отырғызу жоспарлануда.

Аумақтық (кеңінен) дамыту

Ауданда ауылдық елді мекендерін дамыту мәселесі (АЕМ) үнемі бақылауда тұрады.

Ауданның құрамына 34 селолық тұрғын пункттері енеді, оның 3-уі кенттер, 10 селолық округтер. Абай қаласы аудан орталыға болып келеді.

Ауданның жалпы тұрғындарының саны 2014 жылдың 1 қазанына 54943 адам, оның ауылдық аймақтардағы тұрғындар саны 48,7% немесе 26760 адам.

Ауылдық елді мекендерді дамыту мақсатында, 2012 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған «Аумақтық дамыту», «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру басталды.

2009 - 2012 жылдар кезеңінде селолық аумақтар халықтарының санының қалаға көшуіне байланысты азайғаны байқалады. Осыған байланысты кейбір ауылдық елді мекендердің тұрғындарының саны 50 адамнан аз.

Ауылдарды тиімді орналастыру бойынша іс шаралардың бірі халқы аз ауылдық елді мекендерді тарату болып табылады.

Сонымен, 2012 жылдың 1 қаңтарына ауданда 2008 жылмен салыстырғанда АЕМ саны 8 ауылдық елді мекендерге азайды (2008 ж-42 АЕМ, 2012-34 АЕМ).

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 01 маусымындағы №20/05 қаулысына және Қарағанды облысы мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымындағы шешіміне сәйкес Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінің Восьмой а. таратылды және Есенгелді ауылдық округінің Пахотное а. құрамына кіргізілді.

Халқы аз ауылдық елді мекендерді тарату, есепке алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың басты бағыттарын анықтау барысында 1 тірек ауылдық елді мекендерді дамытуды есепке алу қажет: Южный к., 2014-2018 жылдарға арналған Южный кентін дамыту кешенді жоспары әзірленді.

2014 жыл мониторингінің қорытындылары бойынша ауданда 34 ауылдық елді мекендерден 12 АЕМ жоғары даму потенциалымен, 22 АЕМ орта даму потенциалымен.

Дамудың жоғары көрсеткіштері барлар 12 АЕМ: Сарепта с, Қоянды а., Юбилейное с., Жон с., Коксу с., Жартас с., Восход с., Қарақоға а., Поливное с., Жаманжол с., Агрогородок с., Самарка с.

АЕМ-де қызмет етеді:

- 23 мектеп, олар типтік ғимараттарда орналасқан;

- 32 денсаулық сақтау объектілері (стационар, 3 АДА, 7 ФАП, дәрігерлік участок Карабас кенті, 17 медициналық пункт, клиникалық-диагностическалық емхана, медининалық жедел жәрдем станциясы). 3 медицина объектілері (СДА Карабас к, СДА Курминское с, СДА Жартас с.) СанПИН-ің талаптарына сай келмейтін ғимараттарда орналасқан, осыған байланысты типті амбулаториялар тұрғызу қажет;

- клубтар (жеке меншікті қосқанда) 13 АЕМ қамтамасыз етілген, бұл жалпы санының (14) 93%. Жұмыс жасап тұрған клубтар санының – 10 объектісі жөндеу жұмыстарын талап етеді, 2-ің құрылысы қажет (Құрма, Самар селолары). Юбилейное селосында клуб ғимараты мүлдем жоқ, сондықтан оның құрылысы қажет, ЖСҚ 2008 жылы дайындалған;

- спорт залдары – 21, соның ішінде жалпы білім беру мектептерінде, лицейлерде, колледждарда, - 17, Мәдениет үйлерінде – 4, ашық спорт алаңдары 42, 1-стадион, 2 хоккей корты.

«Дипломмен ауылға» Бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдан 2014 жыл кезеңінде 8044,2 мың теңге сомаға 65 әлеуметтік сала мамандары көтерме жәрдемақы алды, 49 мамандар 125179,7 мың теңге сомаға бюджеттік несиелер алды.

Орталықталған суды 47% селолық тұрғындар қолданады немесе 21225 адам, орталық емес сумен 53%. Ауылдық елді мекендерінің су жүйелерінің жөндеу жұмыстары мен қайта орнату бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Ауылдық елді мекендерде электр қуатының жүйесі 311,57 км., 141 шағын трансформатор станциялары бар. Селолық тұрғын пункттерін электр қуатымен қамтамасыз ету 100 %. Барлық 35 селорлық пункттер электр қуаты жүргізілген, бірақта электр қуаты сымдарының тозығының жетуі түйінді мәселе болып отыр. Тозған электр қуатының сымдарының ұзындығы 65%, бұл қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге көп қаржы талап етеді.

Жалпы жолдардың (388,7 км) аудандық жолдарға жататын 52,7% жағдайы өте нашар.

Телекоммуникация және пошта жүйелерімен барлық ауылдық елді мекендер қамтылған.

13 ауылдық округтерде 17 қоғамдық моншалар жұмыс жасайды, сонымен қатар барлық ауылдық елді мекендердің жеке меншік секторларында моншалар бар.

5 АЕМ 11 наубайхана, тәулігіне жалпы өндірістік күші 16,5 тонна нан шығарады. Нан өнімдері қосымша облыстың басқа да аумақтарынан әкелінеді: Қарағанды және Шахтинск қалалары, Дубовка кенті. Тұрғындарды нанмен қамтамасыз ету 100 %.

Аудан аумағында 13 ауылдық полиция учаскелер пункттері бар: Топар, Южный, Қарабас, Ақбастау, Кұрма, Көксу, Юбилейное, Жартас, Агрогородок, Сарепта, Самарка, Есенгелді, Қулаайғыр.

Селолық округтер мен кенттерде 16 учаскелік полиция инспекторлары және 10 учаскелік полиция инспекторының көмекшілері қызмет көрсетеді.

Ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту жағдайын жасау үшін экономиканың аграрлық секторын, әлеуметтік саланы (тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ететін жүйелер, жолдар, мектептер және басқада салалар) және оларды тұрақты дамытуға шаралары жүзеге асырылады.


Южный кентінің дамуы

Южный кенті – көркейтілген, орта және шағын бизнесті дамыту және бұдан былай салу перспективасы бар қазіргі заманға сай елді мекен, Қарағанды қ. 70км, Абай аудандық орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан, аумағында 2912 адам. Кенттің аумағы 120 га құрайды.

Кенттің орташа даму потенциалы бар – 52 балл. Аумағында «ТЭМК» ЮТРУ АҚ қала негізін қалаушы кәсіпорын– 391 адам, «Высота» «Резерв» филиалы КМК – 93 адам, «Крамдс кварцит» - 89 адам, «DNL Compani 2004» - 2 адам қызмет етеді. Тау кен өндіруші өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары бар.

Кент орталық сумен, электрмен қамтамасыз етілген. Халықтың 80% орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген, 20% пеш арқылы.тазалау құрылғылары бар, жүйенің 98% тозығы жеткен, тазалау құрылғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Кентте 31 көп қабатты үйлер, 330 жеке сектор үйлері бар.

Кенттің орналасуы экономикалық тиімді болып табылады, Құлаайғыр темір жол станциясы бар, сондай-ақ республикалық маңыздағы автокөлік жолдары өтеді.

Южный кенті көкөніс және ет өнімдерін өндіретін Құлаайғыр, Ялта, Жаман-Жол ауылдық округтерімен шекаралас орналасқан.

Кентте 2 мектеп бар: «№9 бала бақша – мектебі», Шерубай-Нұрада негізгі жалпы білім беретін мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, мәдениет Үйі, кітапхана, спорт залы, 1 дәріхана, «Қазақтелеком» АҚ филиалы, 500 абоненттерге Интернет қызметін көрсетеді, «Билайн», Ксеll, «Далаком» ұялы байланыстары, «Казпошта» АҚ филиалы, «Алаутрансгаз» АҚ филиалы.

Орта және шағын бизнесте 12 декендер, 2 кафе, шаштаразхана, 25 орынға арналған монша бар.

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына (2012 жылғы 16 наурыздағы №09/06) сәйкес Қарағанды облысының жоғары әлеуетпен дамушы ауылдар санынан тірек ауылдық елді мекендер тізімдері бекітілді, Абай ауданынан 1 кент: Южный кенті. 2014-2018жылдарға шығындардың жалпы сомасы 2863,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен 2453,4 млн. теңге, облыстық бюджет – 129,5 млн. теңге, аудан бюджеті – 233,5 млн. теңге, басқа бюджеттен тыс көздер – 233,5 млн. теңге.

Шығындар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға, көркейтуге, абадтандыруға бағытталды.

Күтілетін нәтижелер:

Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар жағдайының жақсаруы, тіршілік деңгейінің және жұмыспен қамтудың артуы, энергетика және шағын бизнестің дамуы.



Жер ресуртары

Абай ауданы қолайлы аумақтық орналасқан, атап айтқанда Қарағанды қаласының облыстық орталығынан 35 км қашықтықта орналасуы және Қарағанды облысының төрт ауылдық аудандарымен шекараласады. Ауданның оңтүстігі Шет ауданымен, солтүстігі Бұқар-Жырау ауданымен, батысы Нұра ауданымен, солтүстік-батысы Жаңаарқа ауданымен шекараласады.

Аудан аумағы 652880 га құрайды, олардан ауылшаруашылығын қалыптастыру үшін 427279 га немесе ауданның жалпы алаңынан 65% бекітілген.

Аудан аумағында 298 шаруашылық, фермер хожалығы орналасқан, 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3 өндірістік коператив және 2 мемлекеттік кәсіпорыны орналасқан.

Аумақта соңғы уақыттары мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылмау себебімен ауылшаруашылық айналымнан айтарлықтай жерлердің жоюылуы байқалуда. Аумақта 50% айдалған жерлер қазіргі кезде пайдаланылмайды.

Аумақта суару жүйелері және суару құрылығыларын қайта құру, қалпына келтіру бойынша мәселелер толық шешілмеуде.

2012 жылдан бастап мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерді алу және оларды айналымға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен ауылшаруашылық жерлерді түгендеу қорытындылары бойынша 52,7 мың га пайдаланылмаған жерлер анықталды.

2013-2014 жылдары жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша түсіндірме және сот талабындағы жұмыстар жүргізілуде, нәтижесінде:



  • 30,7 га игеруге кірісті;

  • 10,3 га ерікті бас тарту бойынша жер пайдалану құқығы тоқтатылды;

  • Сот шешімі бойынша 7,6 га мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылмағаны үшін алынды.

48,7 мың га немесе 92% жерлер істелінді.

Қалған 4 мың га жерлер жер участкілерін алу бойынша сот процесстері жүріп жатыр.

Сонымен, жалпы 48,7 мың га алаңнан егістік-жарамды жерлер 11,6 мың га құрайды, олардан:

- 5676 га жерді пайдаланушылары мақсатты тағайындау бойынша пайдалануға кірісті;

- 5949 га 2013 жылы және ағымдағы жылдың ақпанында жалға жер телімдерін ұсыну бойынша конкурстар өткізу қорытындыларының негізінде ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін заңды және жеке тұлғаларға берілді.

2014 жылы «Ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» РМК өткізген түгендеу қорытындылары бойынша 41 шаруа/фермер хожалығы, 2 ЖШС («Даулет және К» ЖШС және «Орталық Құс» ЖШС) бірнеше жыл бойынша жалпы алаңы 34722 га жер телімін пайдаланбағаны анықталды: олардан 547 га айдалған жер, 34175 га жайылым жерлер. Осы жер телімдерін алуға жоспар жасалды, жоспарға сәйкес барлық материалдар мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылмаған жерлерді алу үшін бақылаушы органға 2015 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынуы жоспарлануда.

Ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін ұсыну бойынша конкурстар өткізілді, конкурс негізінде 2013 жылы 19388 га, 2014 жылы 21117 га ұсынылды.

Мақсатты тағайындау бойынша пайдаланылмаған ауылшаруашылық тағайындаудағы жерлерді анықтау бойынша жұмыстар қазіргі кезде жалдау келісім шартын бұзу және жер телімдері (алаңы 3,4 мың га) бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы іздестіру өтінішін қарастыру жалғасуда, жерлерді алу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы

Қазақстан мемлекеттік секторының бастаған реформаларыны негізделе мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа модельі ескіруде, онда мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процессінің маңызды бағыттарынан бірі мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау саласында мемлекеттік саясат айтарлықтай дәрежеде электрондық Үкіметтің дамуына, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-процесстерін автоматтандыруға, сонымен қатар электрондық мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға бағытталды.

Мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі.

2014 жылы 50636 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:


  • меморгандар 48774 (96,3%),;

  • ХҚКО 1851 (3,7%);

  • эл. үкімет порталы 11 (0,02%);

Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар болған жоқ.

Сәулет және қала құрылысы мәселесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 кемшілік анықталды. Кәналы тұлғаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша 26347 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:


  • меморгандар 23617 (89,6%),;

  • ХҚКО 2708 (10,3%);

  • эл. үкімет порталы 22 (0,1%);

Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар болған жоқ.

2015 жылы «Елді мекендер шегінде объекттер салу үшін жерлерді ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша 2 бұзушылық анықталды. Кәналы тұлғаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту мақсатында аудан әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс шаралар Жоспары әзірленді және 2015 жылдың 25 мамырында бекітілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету айқындығын автоматтандырушы және қамтамасыз етуші ақпараттық жүйелер:



  • «Е-лицензиялау» (рұқсаннама құжаттарын беретін мекемелерде орнатылды) – Портал арқылы қабылданған рұқсатнаманы беру;

  • «Е-акимат» (жұмыспен қамту бөлімі және білім бөлімі) – Портал арқылы көрсетілген мемқызметті көрсету бойынша өтініштерді тіркеу және қарау;

  • «ХҚО интегралдау ақпараттық жүйесі» «жұмыспен қамту, білім, сәулет және ауыл шаруашылығы бөлімдері), ХҚКО арқылы қабылданған «ХҚО интегралдау ақпараттық жүйесі»

  • АҚАЖ порталы


Болашақта орта шұғыл аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрақтылығының мүмкіндіктерін және бәсекелестік қабілеттелегінің, тежеу факторларының, қауіптердің, басты мәселелердің кешендік сипаттамасы.

Ауданның ағымдық жағдайының бағасы. 2009 жылы аудан аумақтарын қалыпты дамыту деңгейінің сипаттамасы келесі бағыттарда жүргізілді:

  • экологогиялық-экономикалық даму (өнеркәсіп, аграр-өнеркәсіптік кешен, құрылыс, шағын кәсіпкерлік, қызмет көрсету саласы, аумақтың экологиялық мәселелері);

  • әлеументтік сала (демографиалық мүмкіндіктер, жұмыс нарығы, халықтың тұрмыстық жағдайы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт);

  • инфроқұрылымдық кешен (жылу жүйесі, ауызсу мәселесі, көше жүйелерінің тозуы, жолдар мәселесі, көрскейту);

  • аумақтық (кеңістіктік) даму.

Ауданның ағымдық жағдайының кешендік сипаттамасы кестеде көрсетілген.
Саралау

Қалалар және аудандар

Экологиялық-экономикалық даму

Әлеуметтік сала

Инфроқұрылымдық кешен

Аумақтық дамыту

Абай ауданы

4

3

3

5



Орналасуына байланысты Абай ауданының аумақтық бірлік түрлері





4 блок бойынша қорытынды дәреже

Орта дәреже

Орналасу түрі

Демографиялық мүмкіндіктер

Геоэкономического орналасу ерекшеліктері

Абай ауданы

15

14

Қалыпты ұсақ қалаық жүйе және қалалық типтегі кенттер жүйесі

Абай ауданыныда табиғи өсу жағымсыз, ал миграциялық қорытынды нөлге жақын

Қарағанды қалалық агломерация мының(ҚҚА) кенттену аумағы

Ауданда экономикалық кеңістікті кешендендіру деңгейі орта екені байқалады, қала тұрғындарының деңгейі 51,5%, ауылдық тұрғындар саны 48,6%. Аудан облыс аумағының 1, 5% алып жатыр, онда тұрғындардың 4% тұрады.

Абай қаласы Қарағанды агломерациясының екінші түріне енеді, оған Саран және Шахтинск қалалары жатады.

Ауданның ауылдық тұрғындар тығыздығы жоғары – 1 шаршы метрге 11,9 адам.

Демографиялық басымдылық. Аудан тұрғындарының табиғи және механикалық қозғалыстарының тұрғындар құрамы динамикасының 2 түрі бар, олар бағыт өзгерістерін анықтайды.

Екінші түрінің критерилары: ауданның демографиялық жүргізу түрі мен тұрғындардың кері табиғи өсу түрі және миграциялық сальдомен ұқсас, оның нақты көрсеткіші аз.





Аудан тұрғындары құрамының динамикасының сәйкес түрлері



Жалпы өсу

Табиғи өсу

Механикалық өсу

Динамика түрлері

Облыстың қалалары мен аудандары

1

-


-

+

-


Тұрғындардың азаюы: табиғи азаю және миграциялық қозғалыс азаюы байқалады

Абай ауданы



Алгомерациялық зонаға енетін, ауданның демографиялық азаюының талдауы, шоғырлану процессінің әлі де жалғасуын көрсетеді, тұрғындар Қарағанды және Теміртау қалаларына, тұрақты тұруға және өмір сүруге ыңғайлы объектілер ретінде көшуде. Кері шоғырлану процесінің талдауы жүргізілмейді.

Абай қалалық шоғырлану жылдам дамуда, бұл қаланың Қарағанды орталығына жақын оналсуынан болып отыр.

Ауданды дамытудың қауіпті жағы ауылдық тұрғындардың қалаға қарай көшуі және ауыл шаруашылық жерлердің азаюы болып отыр.

Облыстың өнеркәсіптік қалаларымен байланыс асфальтталған жолдар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге ауданның орталық бөлігінде «Қарағанды-Алматы» МПС теміржол магистралі бар, ол Қарабас станциясы арқылы өтеді. Аудан орталығы ауылдық тұрғын пункттерімен асфальтталған және топырақты жолдар арқылы байланысады.

Ауданның кеңістік дамуы тұрғын үй құрылысы есебінде тұрғын пункттерінің әлеументтік тартымдылығын арттыру арқылы экономикалық кеңістікті дамытуға бағытталған (соның ішінде жалға берілітін тұрғын үй), ауылдық тұрғын пункттерін дамыту , ТКШ қызметін көрсету (ауыз сумен канализацияны), ауданның дамуының экологиялық шектеуін жою.

Аумақты дамытудың әлеументтік-экономикалық нәтижесінің кешендік сипаттамасы SWOT – талдауда көрсетілген, онда, басты түйінді мәселелер, қауіптер, тежеуші факторлар, бәсекелестік басымыдлықтар және мүмкіндіктер көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет