Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы


Электр- және жылумен қамтамасыз ету\



бет7/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#135169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Электр- және жылумен қамтамасыз ету\

Ауданның елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз ету тұрақты.

Аудан бойынша электр жүйелерінің ұзындығы – 829 км құрайды, 231 кіші станциялар. Тозығы жеткен жүйелер мен жабдықтар 55-65% құрайды.

«Қарағанды Жарық» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, ЦТВЭС жүйе меншіктері мен кәсіпорын-қызмет берушілердің қаражаттары есебінен жылсайын электр жүйелеріне және трансформатор кіші станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2013 жылы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4 бағатының шеңберінде 12,6 млн. теңге сомаға Қарабас кентінің электр жүйелерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды.

2014 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «КРЭК» ЖШС ұзындығы 218,6 км жүйелерге, 41 кіші станциялар мен ТҚС ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.



2015 жылға электр жүйелерін жөндеу жоспары келесіні құрайды: жалпы 260 млн. 650 мың теңге сомаға 248,5 км. және 47 ТҚС.

«Қарағанды Жарық» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, ЦТВЭС жеке қаражаттары есебінен 23,6 км электр жүйелерін жетілдіру, «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС 2,16 км жылу жүйелерін жетілдіру және аудандық бюджет қаражаты есебінен 2,7 км жүйелерін жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 12 АЕМ көше жарықтарын қалпына келтіруге аудандық бюджеттің қаражаты есебінен 22,800 мың теңге сома бөлінді. Шамдарымен 140 көше жарықтарының тіректері орнатылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 млн. теңгеге 6 АЕМ көше жарықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (Құрма, Қарабас к., Құлаайғыр, Жартас, Самарка, Юбилейное а.). Мердігер «СК-Альтаир» ЖШС. Шамдарымен 73 көше жарықтарының тіректері орнатылды.

2014-2015 жылдары жалпы 322,2 млн. теңге сомаға Вольный к. көше жарықтары желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді (РБ-295,4 млн. теңге, ОБ-26,8 млн. теңге). Жұмыстар аяқталды, объект мемлекеттік қабылдау комиссиясымен 2015 жылы 26 мамырда пайдалануға қабылданды.

2015 жылы аудандық бюджет есебінен 15878 мың теңге сомаға «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Абай ауданының ауылдық елді мекендерінің көше жарықтарын орнату жоспарлануда.

Абай қаласын және Топар кентін жылумен қамтамасыз етуді «Корпорации Казахмыс» ГРЭС-2 ЖШС 80 Гкал/сағ белгіленген жылу қуаттылығымен жүзеге асырады.

«Қазақмыс Корпорация» ГРЭС-2 ЖШС Қарағанды қаласынан 40 шақырым жерде, Топар кентінің жанында Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауында орналасқан. Абай қаласы мен Топар кентіне жылу беру және корпоряцияға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етеді.

«Қазақмыс Корпорация» ГРЭС ЖШС-гі өткен ғасырдың 60 жылдарында Қарағанды көмір бассейінінің өсіп жатқан электр қуатының және металургия қажеттігіне, сонымен қатар халықтың қажетіне байланысты тұрғызылған. ГРЭС Ростов «Теплоэлектропроект» институты бөлімінің жобасымен салынған.

Аудан бойынша бір құбырлы есептеуде жылу жүйелерінің ұзындығы 239,12 км құрайды. Ескірген жылу жүйелері 70-75% құрайды.

Ұқсас кезеңге ұзындығы 60,562 км жылу жүйелерін жөндеу және жылылықты өткізбеу жүргізілді, 168,4 км жөндеуді қажет етеді.

Бюджеттік қаражаттар есебінен 65 млн. теңге сомаға 2012 жылдың мамырынан бастап Абай қ. және Южный к. ұзындығы 4,7 км ішкі тоқсандық жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде Абай қ. «Абай жылу жүйесі» ЖШС 39 млн.тенге сомаға Калинина көшесінен Абай көшесіне дейін Д159мм ұзындығы 496 метр; К.Маркс көшесінен Энгельс көшесіне дейін ұзындығы 884 метр; К.Маркс көшесі ТК12-н Абай тігін фабрикасына дейін, ұзындығы 208 метр; Д 530 мм ТК7-н ТК8 дейін, ұзындығы 360 метр; Д159мм Жеңіс даңғылынан Калинина көшесіне дейін, ұзындығы 336 метр жылу трассаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйелері участкілерін оқшаулау 1,821 км. Жалпы ұзындығы-2,759 км.

«Корпорация Казахмыс» ЖШС қаражаты есебінен 2012 жылы 60 млн. тенге сомаға ұзындығы 2,939 км магистралды жүйеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Южный к. аудандық бюджет қаражаты есебінен 5,0 млн. теңге сомаға ұзынғыны 210 метр ішкі тоқсандық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 19,2 млн. теңге сомаға Южный кентінде ұзындығы 2,378 км жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Абай қ. 13 және 27 махалласында 76,0 млн теңге сомаға ұзындығы 3,8 км жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Абай қ. жылу жүйесінің мүліктік кешенінің сенім басқару Келісім шартының шеңберінде облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен 60 млн. теңге сомаға жалпы ұзындығы 6400 метр жер асты жылу тарссасына ауыстыру жұмыстары жүргізілді,

Абай қ. – 2 және 3 шағын ауданында 70-250 мм-ден болат құбыр өткізгіштерге бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Д 76мм,108 мм, Д273мм, Д219мм, Д325мм болат құбыр өткізгіштеріне төсем жүргізілді. Барлығы 6,4 км ауыстырылды. 374 блокқа монтаждау жұмыстары жүргізілді.

«2011-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы Абай қ. Промышленная көшесі бойынша ұзындығы 0,517 км. магистральдық жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде Абай қ. «Абай жылу жүйесі» ЖШС 39 млн.тенге сомаға ұзындығы 76мм,100мм,159мм диаметрлі 3,350 км, 14 махалла және К.Маркс көшесі бойынша 530 мм жылу трассаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Корпорация Казахмыс» ЖШС 60 млн. теңге сомаға Абай қаласының екі участкілерінің жылу трассаларына жөндеу жұмыстарын жүргізді: К.Маркс көшесі, Школьная көшесі, диаметрі 150 және 530 мм., жалпы ұзындығы 1,433 км. Кәсіпорын үшін 6 бірлік арнайы техникалар сатып алынды.

Южный к. аудандық бюджет қаражаты есебінен 20,0 млн. теңге сомаға ішкі тоқсандық және магистралдық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,598 км. 219мм,Д150мм,100мм диаметрлі құбырды бөлшектеу және болат құбыр өткізгіштерге төсем 100% жүргізілді. 80 дана тірек блоктары орнатылды.

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде «Қазақмыс Энерджи» ЦТВЭС ЖШС Топар к. – Николаева көшесі, Н.Абдирова көшесі бойынша ұзындығы 2,350 км, 76мм,159мм,219мм диаметрлі құбырды айырбастау жүргізілді.

Топар к. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 85,5 млн. теңге сомаға ұзындығы 8,6 км. тоқсандық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы Абай қ. облыстық бюджет қаражаты есебінен 30 млн. теңге сомаға ұзындығы 2,75 км Абай қ. ішкі тоқсандық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу трассасына 100% бөлшектеу, 30а, 29а махалласына және Промышленная к. 26,28а құбыр өткізгіштеріне монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Инвестициялық бағдарламалары шеңберінде «Абай жылу жүйесі» ЖШС 2014 жылы Абай қ. 50,4 млн. теңге сомаға жалпы ұзындығы 2,028 км жылу жүйелеріне, 208 дана Абай-ГРЭС жылу магистралына 1020 және 820 мм диам. компенсаторларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 дана Абай-ГРЭС жылу магистралына компенсаторлары ауыстырылды.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 341 477 мың теңге сомаға 530 мм, 273 мм. диам. құбыр ұзындығы 6,1 км абай қаласында насос станциясын орнатумен 2-ші шағын ауданына дейін «Абай» насосынан магистралды жылу жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Насос станциясы салынды, канализация жүйесі (113м), су құбыры жүйелері жүргізілді (105м).

Топар к. - инвестициялық бағдарламалары шеңберінде «Казахмыс» Корпорациясы Гиппократ, Б.Мира к. бойынша ұзындығы 150 метр 108 диам. құбырына ауыстыру жұмыстарын жүргізді, Гагарин к. 15а компенсатор айырбастау бойынша жұмыстар орындалды, Сатпаев к. 6 ү. Ұзыны 60 метр диам. 108 мм компенсатор орнатылды. Барлығы 1,256 км ауыстырылды. Сонымен қатар, ішкі жылу тарату жүйелерін сәйкестікке келтіру және ауыстыру бойынша тұрғындармен жөндеу компаниясы жүргізілді.

2014 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 20 млн. теңге сомаға Абай ауданының Абай қ. «Бам» насос станциясынан ТК-14 станциясына (Калинина көшесі, Абай д.) дейін магистральдық жылу жүйелерін қайта құру» ЖСҚ әзірленді. Құрылыстың жиынтық сметалық есебінің құны – 478826,49 мың теңге, оның ішінде СМР – 353817,98 мың теңге.салынатын сыртқы жылу жүйелерінің ұзындығы – 2082,0 п.м. Құрылыс ұзындығы – 7,0 ай. «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сараптама» РМК жұмыс жобасына оң қорытынды алынды.

2014 жылдан бастап облыстық бюджеттен 61,5 млн. теңге сомаға «Абай қ. ҚАРГРЭС-2 бастап «Абай» насос станциясына және ТК-15 дейін магистралдық жылу жүйелері участкісін қайта құру» объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүзеге асырылады. 2015 жылы наурызда мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 1-ші кезектегі жұмыс жобасы бекітілді, 2-ші кезектегі мемлекеттік сараптама қорытындысы 2015 жылдың 1 тамызына дейін алынады.

2015 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 20 млн. теңге сомаға Топар к. ұзындығы 2 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «РОСТ LTD» ЖШС. Келісім шарт сомасы 11 960 мың теңге. 2015 жылдың 01 қыркүйегіне ұзындығы 2 км, 108 мм диаметрлі құбырды бөлшектеу 100% жүргізілді. блок тіректері орнатылды, 2 км құбыр құрастырылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша орын алған үнемдеулер есебінен ұзындығы 1,3 км Попович к. ішкі кенттік жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда (бір құбырда есептегенде).

Сонымен қатар, аудандық бюджет қаражаты есебінен 42 460 мың теңге сомасына Абай қ. 33 махалласының жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Конкурстық рәсімдер аяқталды, мердігер «Инстройтех құрылыс компаниясы» ЖШС. Келісім шарттың сомасы 22 294,4 мың теңге. Қазіргі кезде 159мм,325мм диаметрлі болат құбыр желілерін бөлшектеу бойынша жұмыстар басталды.

2015 жылы «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС 54 млн. теңге сомаға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнде ұзындығы 1040 метр ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі бойынша 35 махалласына күрделі жөндеу жұмыстары 100% жүргізілуде (бөлшектеу, құрастыру және (159,108,57мм) диаметрлі болат құбыр диаметрлері төсеніштері және 4-шағ. ауданы, ұзындығы 920 м. (159,108,57мм) диаметрлі)

Электрмен қамтамасыз етуді арттыру, Абай ауданының электр беруші ұйымдарының электр қуатын үздіксіз және тұрақты беруін қамтамасыз ету үшін жылсайын электр жүйелерін жөндеу және трасформаторлық кіші станцияларын жөндеу бойынша іс шаралар өткізіледі.

Алдағы жылу маусымына электрмен қамтамасыз ету объекттерін дайындау жылсайын облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген іс шараларға сәйкес жүргізіледі.

Энергия сақтау бойынша шараларды жүзеге асыру ауданның энергокешендік энергия беруші шаруашылықтарын және бюджеттік объектілерін жаңа сапалы, сенімді және қуатпен қамтамасыз етуді жақсарту, бюджеттік шығындарды және тұрғындардың коммуналдық қызмет төлемақысын төмендету, усынылатын коммуналдық қызметтің сапасын арттыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адунның атмосферасын ластауды азайту және парниктік жылу газдарын шығуын азайту.
Проблемалар мен қауіптер


  1. Абай ҚарГРЭС-2 магистралдық жылу жүйелерін қайта құру (№1 кесте).

№1 кесте


Елді мекен

Техникалық жағдайы

Жобаның құны

млн.теңге

(ЖСҚ және ТЭН есебісіз)


ТЭН, ЖСҚ болуы

меншік

Абай қ. магистралдық жылу жүйелері

80% тозған,

қайта құруды қажет етеді



6 500 000

ЖСҚ әзірленуде

коммуналдық меншік


Сумен қамтамасыз ету және су бөлу.

Аудандық орталықтың халқын ауыз сумен қамтамасыз ету Жартас су ағызғыш жер асты көздерінен жүзеге асырылады, ол 1954 жылы пайдалануға енгізілген. Жартас су ағызғышы «АрселорМиталТемиртау» АҚ «Энергоуголь» ПУ балансында меншікте тұр.

Су құбыры жүйелерінің жалпы ұзындығы 299 км құрайды. Тозығы жеткен жүйелер 75% құрайды.

Абай ауданында 34 ауылдық елді мекендерден, орталық сумен қамтамасыз етумен пайдаланушылар саны – 23175 адам немесе 16 АЕМ. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету 6282 адам немесе 18 АЕМ.

2011 жылы ауданда «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011-2020 жылдарға республикалық бюджет қаражаты есебінен 15,2 млн. теңге сомаға Көксу а/о су құбыры жүйелерін қайта құру жұмыстары жалғасады (көшпелі объект). Ж.Караган жалпы 72,7 млн. теңге сомаға (63,9 млн. теңге республикалық бюджет, 8,8 млн. теңге - облыстық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру) су құбыры жүйелерін салуға, Кзыл к. аудан бюджетінің қаражаты есебінен – 42,8 млн. теңгеге су құбыры жүйелерін қайта құру жұмыстары орындалды.

2012 жылы (РБ-98,0 млн. теңгеОБ- 40,7 млн. теңге) Көксу а. су құбыры жүйелерін қайта құру жалпы 138,7 млн. теңге сомаға орындалды.

2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2020 жылдарға 3 сумен қамтамасыз ету объекті пайдалануға қабылданды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 8,5 млн. теңге сомаға Южный кентінің су құбыры жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



2013 жылы 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» Бағдарламасы бойынша 3 сумен жабдықтау объектісін пайдалануға қабылдады.

  • 20 млн. теңге облыстық бюджет қаражатына Көксу а/о су құбыры жүйелерін қайта құру аяқталды;

  • жалпы 195,6 млн. теңге сомаға Құлаайғыр а. су құбыры жүйелерін қайта құру (РБ-157,8 млн. теңге, ОБ-37,8 млн. теңге);

  • жалпы 161,7 млн. теңге сомаға Ақбастау а. су құбыры жүйелерін қайта құру (РБ-131,0 млн. теңге, ОБ-30,7 млн. теңге).

Аудандық бюджет қаражаты есебінен Юбилейное а. су құбыры жүйелерін қайта құруға 8,8 млн. теңге сомаға ЖСҚ әзірленді.

2013 жылы ауданда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Абай ауданының Қарабас к. су құбыры жүйелеріне 8,5 млн. теңге сомаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Вольный к. су құбыры жүйелерін салуға және Самарка а. су құбыры жүйелерін қайта құруға ЖСҚ әзірленді. Осы жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындылары 2014 жылы алынды, жұмыс жобалары бекітілді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 6 млн. теңге және 8,2 млн. теңге.

2014-2015 жылдары Жартас а. су құбыры жүйелерінің құрылысына және Агрогородок а. су құбыры жүйелерін қайта құруға аудан бюджетіне жалпы 11,4 млн. теңге сомаға ЖСҚ әзірлеу орындалды. Қазіргі кезде жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамады тұр, қорытынды 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін алынады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Көксу ауылдық округінің Жартас сан. ұзындығы 2 км су құбыры жүйелеріне 13,469 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. конкурс қорытындылары бойынша орын алған үнемдеулер есебімен, Көксу ауылдық округінің Жартас сан. кәзір жүйелеріне 6 402 мың теңге сомаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы «Абай қ. су құбыры жүйелерін қайта құру» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджет қаражатынан 10 млн. теңге сома бөлінді. конкурстық рәсімдер аяқталды, жобалық ұйым «Гипроводхоз» ЖШС, шарттың сомасы 7 348,32 мың теңге, жобалық жұмыстар басталды.жоспарланған іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдар.

Канализациялық жүйелердің ұзындығы 88,6 км құрайды. Тозығы жеткен жүйелер мен жабдықтар 80% құрайды.

2012 жылы ұзындығы 1,5 км КНС №4 насос станцияларын және канализация жүйелерін ағымдағы жөндеуге 40,7 млн.тенге.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 20,6 млн. теңге сомаға Қарабас кентінің ұзындығы 2,55 км канализация жүйелеріне 20,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Южный к. Шерубай-Нұра ст. сумен қамтамасыз ету жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары 9,0 млн. теңге сомаға жүргізілді.

2013-2014 жылдары жалпы 7,8 млн. теңге сомаға Южный к., Агрогородок а. кәзір тазалау құрылғыларын қайта құруға ЖСҚ әзірленді. ЖСҚ әзірлеу 2014 жылы аяқталды, мемлекеттік сараптама қорытындысы 2015 жылдың 1 тамызына дейін алынады.

2014 жылдан бастап «Абай ауданының Абай қ. КНС-1, КНС-2 кәзір насос станцияларын, кәзір тазалау құрылғыларын, кәзір жүйелерін қайта құру» объектісі бойынша 93000,0 мың теңге сомағаЖСҚ әзірленуде. 2015 жылы облыстық бюджеттен 45105 мың теңге бөлінді (2014 ж-47895 мың теңге). Жобалық ұйым «Астанатехстройэксперт» ЖШС. Қазіргі таңда, жобалық жұмыстар жүргізілуде, жобалауды аяқтау мерзімі 2015 жыл 31 қазан.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы №1176 қаулысымен бекітілген «Ақ-бұлақ» Бағдарламасына сәйкес 2011-2020 жылдары ауыз су объектілерінің Тізіміне қосудың басты критерийлері болып келесілер табылады:

- су қорының бары туралы және жүзеге асырушы кәсіпорын немесе ұйымның ЖСҚ бар жобалары барлар;

- жергілікті басқару органдарының тарапынан қаржыландыру;

- ауыз сумен нақтылы қамтамасық ету;

- аудандық орталықтар;

- тұрғындар саны 1000 адамнан асатын АЕМ;

- тұрғындар саны 501-1000 адамнан асатын АЕМ;

- тұрғындар саны 101-500 адамнан асатын АЕМ;
2011-2020 жылдары Абай ауданының тұрғындарын«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету болжамы




Шаралар

2010 ж

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Барлығы:

Қаржыландыру көздері

1

Ж.Қараган кентінде су жүйелерінің құрылысы



72,7

(63,9/8.9)















63,9/ 15,9

РБ/ОБ

2

Вольный кентінде су жүйелерінің құрылысы








ЖСҚ-5,8 млн. теңге, су қорларын анықтау бойынша геологтық-бақылау жұмыстары



0,2 млн. теңге



6,0

ЖБ

3

Акбастау селосы су жүйелерінің қайта жөндеу жұмыстары




ЖСҚ -1,882 геологтық-бақылау жұмыстары


161,7






163,6


РБ


4

Көксу селосы су жүйелерінің қайта жөндеу жұмыстары

54,6

15,2

138,7


(98/40,7)

20,0






228,5


РБ/ОБ


5

Құлаайғыр селосының су жүйелерінің құрылысы



ЖСҚ-1,532 геологтық-бақылау жұмыстары



195,6


(157,8/37,8)





197,1


РБ


6

Агрогородок селосының су жүйелерінің құрылысы








геологтық-бақылау жұмыстары

ЖСҚ

5,7 млн. теңге





5,7

ЖБ


7

Кзыл к. су жүйелерінің жөндеу жұмыстары



42,8










48,8

ЖБ


8

Самарка а. су құбыры жүйелерін қайта құру









ЖСҚ-8,2 млн. теңге

0,3 млн. теңге




8,5

ЖБ


9

Юбилейное а. су құбыры жүйелерін қайта құру










ЖСҚ-8,8 млн. теңге







8,8

ЖБ

10


Құлаайғыр су құбыры жүйелерін қайта құру













ЖСҚ -6,0 млн.

теңге





6,0

ЖБ

11

Қарағанды а.о. Жартас а. су құбыры жүйелерін салу













ЖСҚ – 5,7 млн.

теңге





5,7

ЖБ

12

Абай қ. су құбыры жүйелерін қайта құру
















ЖСҚ – 10 млн.

теңге


10

ЖБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет