Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



бет3/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#135169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Талдау мерзімінде дәнді дақылдардың жалпы өнімі – 19096 тонна. Картоп 57718 тонна, көкөністер 18160 тонна. 2014 жылы жалпы жиынды өсіру 2007 жыл бойынша отырғызу алаңдарын және өнімділікті өсіру есебінен жүзеге асады.

Ауданда 2 тұқым өндіретін шаруашылық бар:

- «Шанс» ш/қ – 1-3 реподукциялы дәнді дақылдар және элитті картоп тұқымдарының өндірісі;

- «Астра-Агро LTD» ЖШС – 1-3 репродукциялы дәнді-дақылдар тұқымы және элитті картоп тұқымдарының өндірісі.

Мақсат: «Элит» тұқымдық картоп сыныбын іске асыру және өндіріс, отандық және шетелдік селекция. Жобаны іске асыру кезеңі: 2009 – 2015 жылдар. Инвестицияның жалпы сомасы: 289,0 млн. теңге (жеке қаражат).


  1. жылы жабық топырақта (М1) өсуірумен 1 жылда картоп жиналды:

- «латон» - 63 мың дана, «редскарлет» - 12 мың дана, «удача» – 3 мың дана;

- 10 тонна (М2) сыныбы (0,3га);

- 82 тонна элитті тазаланған сауықтырылған картоп сыныбы (2,5 га).

2014 жылы 600 дана сынымаланған өсімдіктер сатып алынды және жылы жайға отырғызылды: 20 000 дана өсімдік: 15 000 дана – Латон« сұрыпы 0,67 га; 2500 дана – «Удача» 0,165 га; 2500 дана – «Артемис» сұрыпы 0,165 га.100 000 дана немесе 1 тонна шағын клубты – М1 алынды.

2014 жылы 22 тонна М2 картоп көшірмесі алынды, 40 тонна элитті картоп көшірмесі алынды.

2011 жылдан бастап есенгелді ауылдық округінде «Суарылатын жер шаруашылығын қалпына келтіру» жобасын іске асыру басталды, «Татуин» ш/х, 827 алаңы, жалпы инвестиция сомасы 175,1 млн. теңге. Іске асыру кезеңі – 2011-2015 жылдар, жұмыс орыны – 50.

Жобаның мақсаты:

- 827 га суарылатын жер шаруашылығын қалпына келтіру.

Ағымдағы жағдайы: 2011 жылы «Татуин» ш/х жеке қаражаты есебінен жалпы 5 млн. теңге сомаға 2 ғимарат сатып алынды және 2012 жылы оларды қайта құру жұмыстары басталды (№1 қоймасына жылу оқшаулауды қалпына келтірілді). 3 млн. теңге игерілді.

2012 жылы 10 га картоп игерілді, 260 га зәйтүн дақылы (қыша) себілді. 2013 жылы 1000 га егістік жыртылды.

2013 жылы 7 га картоп отырғызылды, жалпы жиын 210 тоннаны құрады, өнімділік 300 ц/га және 1418 га зәйтүн дақылы жалпы жиын 219 тонна, өнімділік 1,5 ц/га.

2014 жылы 1260 га зәйтүн дақылы себілді (сафлор), 268 га көп жылдық шөп егілді. Зәйтүн дақылының жалпы жиыны 250 тоннаны құрады орта өнімділік барысында 2,0 ц/га.

2015 жылы 2500 га бір жылдық дақылдар егілді.

Насос станциясы үшін э/энергиясын алуға техникалық жағдай алынды. 2015 жылы 827 га алаңға суару жүйелерінің қызмет етуі үшін насос станциясын қалпына келтіру жоспарлануда.



2007-2015 жылдар аралығындағы мал және құс басы

көрсеткіштер


2007 жыл



2008

жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл


2013 жылы


2014 жылы


2015ж 6 ай

Ірі қара мал, мың бас

19,0

18,5

16,3

16,4

15,5

16,2

17,5

19,2

21,6

Оның ішінде сиыр, мың бас


8,9

8,93

6,8

6,9

7,0

7,2

7,6

8,5

9,4

Жылқы мың бас


2,9

2,9

3,0

3,2

3,7

4,3

4,7

5,9

6,1

Шошқа, мың бас


10,2

10,2

7,3

7,8

7,8

9,0

10,9

12,6

81,7

Қой, ешкі, мың бас


20,8

23,8

26,8

29,3

30,3

30,3

29,3

32,0

42,2

Құс, мың бас


535,0

576,3

582,1

658,6

765,9

811,9

840,9

939,7

884,4




2007-2015 жылдар аралығында өндірілген

мал шаруашылығының өнімі

Көрсеткіштер


2007 жыл



2008

жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл


2013 жылы


2014 жылы


2015ж

6 ай

Тірі салмақтағы мал және құс, мың.тонна

6,3

6,3

6,4

6,1

5,8

5,8

6,1

6,3

3,5

Сүт, мың.тонна

23,0

23,0

23,4

18,4

19,0

20,3

20,9

21,8

12,0

Жұмыртқа, млн.дана

108,5

113,7

113,8

139,2

158,5

170,0

186,7

203,6

105,4

Жүн, тонна

22,7

25,3

27,4

34,0

36,6

44,9

60,0

65,1

29,1
Талдау мерзімінде мал шаруашылығы өндірісінің өнімі:тірі салмақтағы мал және құс еті – 49,2 мың тонна, сүт- 169,9 мың тонна, жұмыртқа – 1194,1 млн.дана, жүн-316,0 тонна.

Құрылыс

Ауданда 30 орта және шағын экономиканың «Құрылыс» саласының ұйымдары тіркелген.

2011 жылдан бастап 2014 жылдары қолданысқа енгізілген тұрғын үйлердің айтарлықтай өсуі байқалды. 2011 жылы жоспар кезінде 5410 ш.м, 5422 ш.м тұрғын үйлер қолданысқа енгізілді (4762 ш.м. – жеке, 660 ш.м – жалдамалы). 2012 жылы жоспар кезінде 5700 ш.м, 9104 ш.м тұрғын үйлер қолданысқа енгізілді (2483 ш.м. – жеке, 1054 ш.м – жалдамалы, 5567 ш.м. жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша). 2013 жылы тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жылдық жоспары – 6222 ш.м., қолданысқа енгізілді 6444 ш.м. (2159 ш.м. – жеке, 3831 ш.м – жалдамалы, 454 ш.м. жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша). Жоспардың орындалуы 103,6% құрады. 2014 жылы тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жылдық жоспары -6500 ш.м. пайдалануға 13806 ш.м. енгізілді, олардан 6939 ш.м. ш.м. жеке тұрғын үй, 6867 ш.м. Спасск к. ә/б ведомствалық тұрғын үйлер, ол жоспарға қарағанды 212,4% құрайды.

2015 жылдың 6 айына 6034 ш.м. жеке тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді немесе 2014 жылға қарағанда 105,7%.

2011 жылы Абай қ. 2-і 12 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы жалпы 85,9 млн. теңгеге аяқталды, олардан 79,2 млн. теңге облыстық бюджеттен 6,7 млн. теңге облыстық бюджеттен бірлесіп қаржыландырумен құрылыс жұмыстарын аяқтады. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберіндежалпы 111 млн. теңгеге Абай қ. 3 кіре берістері (49 пәтерлер) қалпына келтірілді және Абай қ. Энгельс көшесі 23, (20 пәтер) кіре берістері жалпы 37,5 млн. теңгеге (ауыспалы объект) қалпына келтірілді, 2011 жылы 22,6 млн. теңге игерілді. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша Абай қ. 6 бір пәтерлі, бір қабатты жалдамалы тұрғын үйлерінің құрылысы 31,5 млн. теңгеге (ауыспалы объект) жүргізілді, 2011 жылы 29,9 млн. теңге игерілді. 87,7 млн. теңге сомаға тұрғын үйлер төлемі жүргізілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Абай қ. 70 пәтерлік тұрғын үйлерінің 2 блок-сексиясының құрылысы жалпы 118 млн. теңге сомаға жүргізілді. Қалада 138 пәтерлер қолданысқа енгізілді.

2012 жылы жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары шеңберінде ауыспалы объекттерге жұмыстар атқарылды – Абай қ. Энгельс 23 көшесі бойынша орналасқан үйлердің кіре берістері (18 пәтер) 12,6 млн. теңге сомаға қалпына келтірілді және Абай қ. Калинина көшесі бойынша 1,6 млн. теңге сомаға 6 бір қабатты бір пәтерлі жалдамалы үйлердің құрылысы аяқталды.

Абай қ. 4 шағын ауданының 70 пәтерлік тұрғын үй жалпы 74,9 млн.теңге сомаға құрылыс блок-сексиясы №36 жұмыстар аяқталды (69,3 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен және облыстық бюджеттен ортақтаса қаржыландыру 5,6 млн. теңге).

2013 жылы «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша (Абай қ. 4 ш/а) 87,2 млн. теңге (78,5 млн. теңге – РБ, 8,7 млн. теңге – ОБ бірлесіп қаржыландыру) сомаға жалпы алаңы 1720 ш.м. дайын 20 пәтерлік тұрғын үйлер төлемі жүргізілді.

2014 жылы «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 5 жобалардың мемлекеттік сараптамасы алынды және ЖСҚ әзірленді: «Топар к. 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», «Топар к. 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы», «Абай қ. 9 қабатты 36 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», «Абай қ. 9 қабатты 36 пәтерлік тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» аудан бюджетінен жалпы 21,6 млн. теңге сомаға.

2015 жылы Абай қ. аз қабатты ИЖС салуға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 5,0 млн. теңге бөлінді. қазіргі кезде жобалық жұмыстар жүргізілуде (жобалаушы «Дала-Орталық» ЖШС).
2011-2015 жылдардағы құрылыс жұмыстарыныңкөлемі




Дерек 2011ж

2010

жылға%


Дерек 2012ж

%

2011


жылға

Дерек 2013ж

%

2012


жылға

Дерек 2014ж

%

2013


жылға

Жоспар 2015ж

%

2014


жылға

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге

1979,4

172,3


2490,7

124,8


3307,2

132,8


5261,9

159,1


5319,7

101,1


НИК, %

114,3




127,7




106,6




136,3




107





Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес белсенді дамуда. 2014 жыл қорытындылары бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылға қарағанда 1,5% өсті және 2520 бірлікті құрады, олардан заңды тұлғалар - 191 бірлік, жеке тұлғалар – 2329 бірлік.

2015 жылдың 1 жарты жылдығына өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,8% өсті және 2822 бірлікті құрады олардан заңды тұлғалар - 198 бірлік, жеке тұлғалар – 2624 бірлік.

Шағын және орта бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 2014 жылы өсті және 2103 бірлікті құрады (2014 жылдың 01 қаңтарына – 1802 бірлік), оның ішінде: заңды-124 бірлік, жеке тұлға – 1979 бірлік. 2015 жылдың 1 жарты жылдығына өсті және 2648 бірлікті құрады (2014 жылдың 01 шілдесіне – 1926 бірлік), оның ішінде: заңды-131 бірлік, жеке тұлға – 2517 бірлік.

ШОБ жұмыс істейтіндердің саны 2014 жылы 5384 адамды құрады немесе 2013 жыл деңгейінен 5,2% жоғары. (5116 адам – 2014 жылдың 1.01). 2015 жылдың 1 жарты жылдығына 5484 адамды құрады немесе 2014 жыл деңгейінен 3,0% жоғары. (5326 адам – 2014 жылдың 1.07).

2014 жыл қорытындылары бойынша өнімдер көлемінің өсуі 22,5% өсті және 6839,1 млн. теңгеден 8382,3 млн. тенгеге дейін құрады.

2015 жылдың 1 жарты жылдығына өнімдер көлемінің өсуі 2014 жылға қарағанда 7% қамтамасыз етілді және 6706 млн. теңгеден 7218 млн. тенгеге дейін өсті.

2014 жылы шағын бизнестің 13 объекттері қолданысқа енгізілді: (Абай қ.), 4 – дүкендер, «Аблаев» ЖК сауда орталығы (Абай қ.), «Приходько» ЖК сауда үйі, моншаны қайта құру, ломбард, әкімшілік-тұрмыстық кешен, «Орифлейм» кеңсесі (сервистік орталық), Топар к. – сән студиясы, жылы жайы, Южный к. – компьютерлік салоны.

Жалпы инвестиция сомасы 1053,8 млн. теңгені құрады. 2014 жылы жаңадан құрылған шағын бизнес субъектілерінің есебінен 318 жұмыс орындары ашылды.

2015 жылдың 1 жарты жылдығына шағын бизнестің 5 объекттері қолданысқа енгізілді:



  1. Жапсарлас салынған дүкен, Абай қ., Абай к., 53 үй, 2 кв – А.И. Смалов (2015 жылғы 27.05. №9, қайта жабдықтау – 1000 мың теңге);

  2. Сән салоны, Топар к. Сары-Арқа к., 50 үй, 20 кв – Н.В. Кенжебаева (2015 жылғы 27.05. №11, қайта жабдықтау – 1000 мың теңге);

  3. Жапсарлас салынған дүкен Абай қ., 2 шағын ауданы, 5 үй, 61 кв. – Билык В.П. (2015 жылғы 15.06. №5, қайта жабдықтау – 1000 мың теңге);

  4. Кулинария, Топар к. Сары-Арқа к., 58 құрылысы – З.Б. Хишина (2015 жылғы 23.06. №15,құрылыс – 5500 мың теңге);

  5. Дүкен, Южный к., Абай к. жер телімі 8 – С.Е. Аубакирова(2015 жылғы 09.06. №16, қайта жоспарлау – 600 мың теңге).

2014 жылы екінші деңгейлі банктер дамуға 363 млн.800 мың теңге сомасында кредит бөлді.

Шағын бизнес кәсіпорындарынан бюджетке түскен түсімдердің жалпы сомасы 2014 жылы 156,3 млн. теңгені құрады, немесе өткен жыл деңгейінен 2,2% өсті.

Шағын бизнес кәсіпорындарынан бюджетке түскен түсімдердің жалпы сомасы 2015 жылдың 1 жарты жылдығына 81 млн. теңгені құрады, немесе өткен жыл деңгейінен 1,1% өсті. 2014 жылы 156,3 млн. теңгені құрады немесе өткен жыл деңгейінен 1,0% өсті.
Сауда

Сауда экономикалық қызметтің негізгі саласының бірі болып табылады.

Ауданда 2015 жылдың 1 қаңтарына сауда қызметтерін 595 объекттері жүзеге асырады, оның ішінде 542 объекттер сауда, 51 қоғамдық тамақ объекттері, 2 сауда базарлары.

2014 жылы жалпы жекелеп сату тауар айналымының көлемі 4534,1 млн. теңге сомасында болды. 2013 жылмен салыстырғанда 488,2 млн. теңгеге өсті. Жеке тауар айналымының нақты индекс көлемі 104,7 % құрады.

Жеке баға индексі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 107,0% құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жекелеп сату тауар айналымының нақты индекс көлемі өсті немесе 141,7% құрады.

Тауар айналымын өсіру және жергілікті тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдерімен халықты қамтамасыз ету үшін ауданда жәрмеңкелер өткізілуде. Сонымен, 2014 жылы 2 жәрмеңке, 2015 жылдың 6 айына - 1 жәрмеңке өткізілді, онда 15 % базар бағасынан төмен бағамен ауыл шаруашылық өнімдері іске асырылды. 2013 жылы 4 жермеңке өтті, онда 38,1 млн. теңге сомаға 15 % базар бағасынан төмен бағамен ауыл шаруашылық өнімдері іске асырылды.

2015 жылдың 6 айына жекелеп сату тауар айналымының жалпы көлемі 2130,7 млн. теңге сомаға орын алды. НИК 100,4 %.

2015 жылдың аяғына дейін ірі шағын бизнес объектілерін ашу және пайдалануға енгізу жоспарлануда, сондай-ақ:



  • Сауда орталығының құрылысы, жалпы алаңы 3,5 мың ш.м., инвестиция сомасы 58 млн. теңгені құрайды. «Аблаев» ЖК «Жеңіс» сауда үйін ашу 2015 жылға жоспарланды, 70 жұмыс орындары ашылады.


Аумақтың экологиялық жағдайы

Аудандағы қоршаған ортаны ластайтын басты кәсіпорындар «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-мы, ГРЭС «Қазақмыс Коорпорациясы» ЖШС-гі, ЮТРУ «ТЭМК» ЖШС-гі үлесіне тиесілі. Сонымен қатар атмосфераны ластаушылар қатарына ластау көздері бар кәсіпорындар, жеке жылыту жүйелері, автокөліктерге жанар-жағармай құятын станциялар, сонымен бірге жеке автокөліктерден шығатын шығындылар.

Талдау жүргізу мерзімінде бойынша қоршаған ортаны ластаудан түскен төлемдер көлемінің өсу үрдісі байқалады. 2014 жылы қоршаған ортаны ластаудан түскен төлемдер көлемі 468,5 млн. теңгеге дейін немесе 2011 жылмен салыстырғанда 139,8% өсті (335,1 млн. теңге).

Қоршаған ортаны ластау көздерінің өсу тенденциясы бар. Сонымен, 2014 жылы 72,6 мың тоннаны құрады немесе 2011 жыл деңгейіне 82,2% (ЦОФ «Восточная», «Абай» шахтасы, ГРЭС «Корпорации Казахмыс» ЖШС, «Жартас» ссанаториі, «ЮТРУ» ЖШС, «Караганда Неруд» АҚ, РГП «Енбек-Караганды» № 91, 43, 39, филиалдары, «ЛМЗ» ЖШС т. б.). 2014 жылы ауаны ластаушы шығынды заттар 2013 жылға қарағанда 16,6 мың тоннаға өсті.

Ауданда су қоймаларының бетінде ластаушы ағынды сулар жоқ.

2007-2014 жылдары құрамы бүлінген жерлердің өңдеу жұмыстарын «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-ың «Абай» шахтасы жүргізді, оның ішінде 2009 жылы-30 га, 2010 жылы- 30 га. 2009 жылы 3 га алаң құрамы бүлінген жерлердің өңдеу жұмыстарын «Корпорации Казахмыс» ГРЭС ЖШС жүргізді.

2013-2015 жылдары моноқаланы дамыту Бағдарламасы шеңберінде апатты жағдайды бөлшектеу жұмыстары жүзеге асырылуда (барлығы 56 үй, 47 үйлер бөлшектенді, оның ішінде 2015 жылы-12 үй) және осы участкілердегі жерлер жыртылды.

Экология саласының басты мәселесі ол, моральді ескірген және тозығы жеткен тазарту құрылысының құралдары, олар олар суларды тазартудың тиімді мүмкіндігін бермейді.


Туризм

Облыстың өнеркәсіп қалалары мен тұрғын пункттерінің арасыдағы қатынас автокөлік жолдары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар ауданның орталық бөлігін Қарабас кенті арқылы өтетін «Алматы-Қарағанды» темір жол магистралі бөліп жатыр.

Ауданда мәдениет қызметін 33 стационарлық мәдени объектілері көрсетеді, оның 18 мемлекеттік кітапханалар, 12 клуб мекемелері, қала стадионы, балар паркі. Ауданда мәдени-танырлық туризмді дамытуға аумақтағы 37 тарихи және мәдени ескерткіштер, 31 архиологиялық және6 тарихи ескерткіштер бер.

Ауданда 29 қоғамдық тамақ объекттері жұмыс істейді.

Абай ауданының аумағында «Алматы-Астана-Екатеренбург» және «Қарағады-Жезқазған» трассаларының бойында жол бойы бизнесінің 6 объектісі жұмыс жасайды: оның 2-і кемпинг, (15 төсек-орын), 4 қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін орындар.

Аудандағы басты туризді дамыту саласы ол жағажай туризмі (пляжный), спорт туризмі (жаяу жүру), мәдени-танымал туризм.

Жағажай туризімінің дамуы аудан аумағындағы Топар және Жартас су қоймаларының, сонымен бірге Шерубай-Нұра өзенінің болуы. Топар су қоймасының жағалауында 54 демалыс зонасы оналасқан, 540 төсек-орынға.

Сонымен қатар, Абай ауданының Жартас су қоймасының жағасындағы тоғай паркі аумағында «Миттал Стил Темиртау» КД АҚ-на қарасты Жартас демалыс үйі орналасқан, 3 жататын және емдейтін корпусы бар. Барлығы 320 төсек-орын.

Сонымен бірге ауданда 24 архиологиялық ескерткіштер бар, олар тас дәуіріне жатады (Қарабас кідірісі), қола (Есенгелді молалары), темір (Жартас молалары) дәуірлері және т.б. Осындай ескерткіштердің көбі Құлаайғыр, Есенгельді селолық округтері мен Южный кентінде орналасқан.

Көксу қорғаны ерекше архиологиялық ескерткіштің бірі болып табылады, ол ерте темір дәуіріне жатады (VIII - III б.э.д. ғ.ғ.), көшпенділерді жерлейтін «Хан» молаларна жатады.

Ауданның аумағында сонымен қатар жазаға тартылғандар және әскери қамауға алынғандардың жалпылама жерлеу орыны бар, ол Спасск мемориалы деп аталады, және Құрма селолық округінде орналасқан, осы кешенде 12 ескерткіш таңбалары орнатылған, жылда «салин репрессиясына ұшырағандарды еске алу күні» бұл жерге әр мемлекеттердің делегаттары келеді.
Демографиялық потенциал

2011-2014 жылдар аралығындағы демографиялық көрсеткіштің талдауы, тұрғындардың 2009 адамға өскенін және көші-қон сальдосы 1257 адамды көрсетті.

2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда туу коэффиценті 0,33 промилге өсті және 17,27 құрады. Өлім коэффиценті 0,48 азайып 2012 жылы 12,29 құрады. Халықтардың көші-қоны көшіп келушілер санының өсуіне байланысты, 2009 жылы 1369 адамнан 1823 адамға дейін өсті, ауданнан кеткен адамдар саны 2009 жылдың көлемінде сақталуда немесе 2012 жылы 1500 адам. Көш-қон нәтижесі 2012 жылдан басқа жылдары кері көрсеткіш көрсетуде, (+443). Тұрғындар басымдығы 168 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 104 адам.

2012 году сыртқы мигарция ағымында иммигарция белсендігі 32,9% төмендеді, эмиганттар саны 5,4% болды. ТМД елдерінен келгендер саны 2009 жылмен салыстырғанда 13,4% өсті, алыс мемлекеттерден келгендер саны 78,5% болды.

ТМД елдеріне кеткен эмигранттар саны 2009 жыл деңгейінде сақталуда және 137 құрады. Халықаралық миграция ағымында ТМД елдерімен алмасу, 2012 жылы олардың үлесіне 97,9% эмигарнттар және 90,7% иммиграция келеді.

Облыс ішіндегі миграция қозғалысының азайғаны байқалады. Миграцияның ішкі қозғалыс үлесі 2012 жылдың деңгейінде сақталып 36% болды.

2014 жылы туушылық коэффициенті 2013 жылмен салыстырғанда 0,24 төмендеді және 17,27 құрады. Өлім-жітім коэффициенті 1,55 азайды және 2014 жылы 12,29 құрады. Оң сальдо 2014 жылы 4,98 құрады.

2012 жыл кезеңінен бастап 2015 жылдың 01 шілдесіне халықтың саны 1294 адамға өсті және 55102 адамды құрады немесе 2012 жыл басына 102,4% (53808 адам). 2015 жылдың 1 шілдесіне 28356 адамды құрады, ауылдық тұрғындар – 26746 адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет