Жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы



Дата29.02.2016
өлшемі60.68 Kb.
#29483


2010 - 2012 жылдарға арналған

Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 18 555 452 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 956 869 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 595 870 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 715 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 6 287 713 мың теңге;

2) шығындар – 17 481 452 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет профицитi – 1 074 000 мың теңге;

6) бюджет профицитiн пайдалану – -1 074 000 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 22 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 22 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі.

4. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы корының 4 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

5. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес:

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 14 952 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 413 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 14 952 теңге болып белгіленгені басшылыққа және еске алынсын.

6. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

124 468 мың теңге жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;

26 269 мың теңге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;

5 000 мың теңге медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға;

19 478 мың теңге ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге;

129 338 мың теңге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге;

11 328 мың теңге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруін қамтамасыз етуге;

5 847 мың теңге ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға;

13 280 мың теңге эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

7. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға 1 789 688 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер түскені ескерілсін, оның ішінде:

тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге – 1 607 888 мың теңге;

әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейтуге – 181 800 мың теңге.

Аталған сомаларды бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 68 910 мың теңге сомасында, оның ішінде:

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға – 24 582 мың теңге;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға – 44 328 мың теңге.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 1 320 936 мың теңге сомасында, оның ішінде:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға – 320 936 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға және (немесе) сатып алуға – 1 000 000 мың теңге.

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беруге 471 000 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін.

11. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға және (немесе) сатып алуға – 1 000 000 мың теңге;

жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 850 000 мың теңге.

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

12. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы және даму трансферттері түскені ескерілсін, оның ішінде:

балалардың мектепке дейінгі мекемелерімен қамтамасыз етуге – 130 000 мың теңге;

1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 181 666 мың теңге;

білім беру және мәдениет объектілерін өрт дабыл қаққышымен және өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыруға – 10 346 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға – 200 000 мың теңге.

Аталған трансферттер сомалары қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

13. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға 401 159 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қаралғаны ескерілсін, оның ішінде:

тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге – 401 159 мың теңге;

Аталған сомаларды бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

14. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органының 2010 жылға арналған резерві 77 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

15. 2010 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.


16. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

М. Сәрсембаев С. Шынтасова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет