Бағдарламаны басқаруды Бағдарламаға мемлекеттік Тапсырыс беруші жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үдерісі келесі сатыларды қосады:
- бағдарламаны дайындаушылар мен өңірдің басқармалардың (департаменттердің) басшыларының қызметтерін үйлестіру;
- инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жауаптыларды бөліп;
- Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен салалық бағдарламаларды есепке ала отырып Бағдарламаны іске асырудың кезеңді іс-шаралар жоспарын дайындау қажет.
2) Облысты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сәйкес стратегиялық жоспарлары мен Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары – оның іске асырылуына қажетті шығындар, аяқталу нысандары, орындаушылардың мерзімдерін анықтаумен бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-әрекеттердің жиынтығы.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен бірге дайындалады және Бағдарламаның бекітілуінен кейін бір ай мерзімінде мемлекеттік жоспарлау бойынша жоғары тұрған уәкілетті органмен келісу бойынша облыс әкімімен бекітіледі.
Республикалық және өңірлік (жетілдірілген, перспективалы және кедейлікті) топтастырылуымен инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік (өңірлік) қолдау шаралары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Берілген қолдаудың сәйкес шаралары жергілікті атқарушы органдармен өңір ерекшелігіне сәйкес таңдалатын болады.
- Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпараттарды жинау (нақты түрде орындалған іс-шаралары, міндеттері, қол жеткізілген нәтижелері туралы жедел есептер, жоспарланған өлшемдерден ауытқулар болған жағдайда – осы ауытқулардың себептері туралы есептер);
- сәйкесінше ұсыныстарды жасаумен ұсынылған ақпаратты талдау (іске асыруды жалғастыру, мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, стратегиялық жоспарларына өзгерістер немесе қосымшаларды енгізу, басқа да нормативтік құқықтық актілердің дайындау, жоспарланған іс-шараларды уақытында іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау).
Облысты дамыту Бағдарламасының мониторингі мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органмен жыл қорытындылары бойынша жылына бiр рет жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мониторингісін өткізу үшін, оның дайындалуы мен іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiн мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органына Бағдарламаны iске асыру туралы ақпаратты ұсынады.
Облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бiрлесiп орындаушы мемлекеттiк орган ұсынған iске асыру туралы ақпарат негiзiнде Бағдарламаны iске асыру туралы есептi қалыптастырады және есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде бiрiншi басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
Облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органында веб-портал болмаған жағдайда, iске асыру туралы есеп облыс әкiмдiгiнiң веб-порталында орналастырады.
4) Облысты дамыту Бағдарламасын бағалау, тексеру комиссиясы жүргiзетiн бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
Облыстың тексеру комиссиясы өзiнiң жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзетiн бақылау iс-шаралары шеңберiнде облысты дамыту Бағдарламасының бағалау қорытындылары тиiстi бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша облыстың тексеру комиссиясының ұсынымы қабылданғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органға және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберіледi.
Облыстың даму бағдарламасын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен жүзеге асырылады.
БҚА - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі
|
АҚ – акционерлік қоғам
|
АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
|
АӘК – атаулы әлеуметтік көмек
|
АЭЕЖ – автоматтандырылған энергияны есепке алу жүйесі
|
АТС – автоматтандырылған телефон станциясы
|
ҚДБ – Қазақстанның Даму банкі
|
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
|
АҚТВ – адамның қорғаныс тапшылық вирусы
|
ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім
|
ЖОО– жоғары оқу орны
|
СЭҚ – сыртқы экономикалық қызмет
|
БҚОАА – Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы
|
МАӘК – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
|
МДҚ – мемлекеттік деректер қоры
|
МҚҚО – мемлекеттік қала құрылысы орталығы
|
ҒБИ – ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі
|
МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
МО – мемлекеттік орган
|
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
|
МК – мемлекеттік кәсіпорын
|
ГТҚ – газ турбиналық қондырғы
|
ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы
|
ММ – мемлекеттік мекеме
|
МЖС – мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік
|
ІІД – ішкі істер департаменті
|
МҚТКД – медициналық қызмет төлемдері комитеті департаменті
|
МжФҚБКД – медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті
|
ӘД – әділет департаменті
|
БЖСМ – балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
|
ЖҒБ – жаратылыстану-ғылыми білім
|
ДСБАЖ – денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі
|
ДСБҰЖ - денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі
|
ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу
|
ЭҚАБЖ – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі
|
БКО – бірыңғай көлік ортасы
|
ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
ЖАҚ – жабық акционерлік қоғам
|
БҚАТУ – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
|
БҚО – Батыс Қазақстан облысы
|
СӨС – салауатты өмір салты
|
АҚ – ақпараттық қауіпсіздік
|
ХҚҚ БАЖ – халыққа қызмет көрсетудің біріккен ақпараттық жүйесі
|
ИКСУ – басқарудың ақпараттық-коммуникациялық жүйесі
|
АҚТ – ақпараттық -коммуникациялық технологиялар
|
АОӘ – ақпараттық-оқыту әдісі
|
ШЖК – шетел жұмыс күші
|
АЖ – ақпараттық жүйе
|
БжАИ – байланыс және ақпарат инспекциясы
|
АТ АЖ – «Атаулы тізілім» ақпараттық жүйесі
|
АТ – ақпараттық технологиялар
|
ФКИ – физикалық көлем индексі
|
АДИ – адами даму индексі
|
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
|
КПО б.в. – Қарашығанақ Оперейтинг б.в.
|
ПӘК– пайдалы әрекет коэффициенті
|
ДБКЖ – деректер берудің корпоративтік желісі
|
КҚК – Каспий құбыры консорциумы
|
КШО – командалық-штабтық оқу
|
ЕАҰ – емдеу-алдын алу ұйымдары
|
ЖБ – жергілікті бюджет
|
ЖАО – жергілікті атқарушы орган
|
ҚР ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
|
ШКМ – шағын жабдықталған мектеп
|
МО – медициналық орган
|
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
|
МП– медициналық пункттер
|
ШОБ – шағын және орта бизнес
|
АЕК – айлық есептік көрсеткіш
|
ҚР АБМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
|
МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекемелер
|
АТҚ- аз тоннажды қондырғы
|
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты
|
ҰК – ұлттық компания
|
НҚА – нормативтік-құқықтық актілер
|
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
|
ААҚ – ашық акционерлік қоғам
|
ҚО – қоршаған орта
|
ЖЖЕ – жол жүру ережелері
|
КЛ – кәсіптік лицей
|
АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек
|
ПҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету
|
ҚЖП – қоғамдық жетімділік пункттері
|
ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама
|
РБ – республикалық бюджет
|
АА– аудандық аурухана
|
РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын
|
ҚР – Қазақстан Республикасы
|
РФ – Ресей Федерациясы
|
ЭТК – электр тарату компаниясы
|
СанЕжН – санитарлық норма және ережелер
|
АА – ауылдық аурухана
|
ҚДО – қызмет көрсету-дайындау орталығы
|
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
|
СМК – сапа менеджменті жүйесі
|
ШКС – шағын кәсіпкерлік субъектілері
|
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
|
АЕМ – ауылдық елді мекен
|
ӘКК – әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
|
БӨК – бірлескен өндірістік кәсіпорын
|
АҚШ –Америка Құрама Штаттары
|
ЭҚЖ – электрондық құжат айналым жүйесі
|
ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар
|
ТТ – техникалық тапсырма
|
ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім
|
ХТТ – халықтық тұтыну тауарлары
|
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
|
ҚТА ТЭН – қорғалатын табиғат аумақтарының техникалық-экономикалық негіздемесі
|
СжҚҚБ– сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
ІСБ – ішкі саясат басқармасы
|
ОҚА – Орал қалалық агломерациясы
|
ДСБ – денсаулық сақтау басқармасы
|
ДІБ – дін істері басқармасы
|
ММҚБ – мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
|
ЖҚҮжӘББ – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
|
МГБ – магистральды газ құбырлары басқармасы
|
ББ – білім басқармасы
|
КИИДБ – кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
|
ТЖД – төтенше жағдайлар департаменті
|
ТРТПРБ – табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
ЖКАЖБ – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
ДШСБ–дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
ТДБ – тілдерді дамыту басқармасы
|
ҚБ – құрылыс басқармасы
|
МО КО – мемлекеттік органдарды куәландыратын орталық
|
ЭжБЖБ–экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
ЭжКШБ – энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
ҚБ – қаржы басқармасы
|
ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт
|
СӨСҚ – салауатты өмір салтын қалыптастыру
|
ҰӘҚ – ұлттық әл-ауқат қоры
|
ОАЕ– орталық аудандық емхана
|
ТЖ – төтенше жағдай
|