Мәдениет
Мәдениет объектілерінің желісін 2 театр, 5 автоклубымен 275 клубтық үлгідегі мекемелер, 404 кітапхана, 8 кинотеатр (соның ішінде 3 жеке), 17 мұражай (соның ішінде 2 мемлекеттік емес), көрме залы, 4 мәдениет және демалыс саябақтары құрайды.
2010 жылдан 2012 жыл аралығындағы кезеңде облыста 16 мәдениет мекемесі, соның ішінде 4 кітапхана, 11 клуб және мәдениет және демалыс саябақтары ашылды.
Облыста Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі, облыстық халық шығармашылық орталығы, облыстық тарих және археология орталығы, облыстық жастар шығармашылық орталығы, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі облыстық инспекция жұмыс істеуде.
2012 жылы драма театрларда 520 спектакль қойылды, 76249 көрерменге қызмет көрсетілді, 12 жаңа қойылым жүзеге асырылды.
Облыс мұражайларында 5282 саяхат, 244 көрме, келушілер саны 75031 адам құрады. 2729 экспонат сатып алынды.
Облыстық кітапханалармен 8453,6 мың теңгеге кітаптар сатып алынды. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында құнды кітаптар қорынан 320 кітап сандық форматқа көшірілді. 2012 жылы 197776 оқырманға қызмет көрсетілді.
Облыстық кітапханалардың, музейлердің, тарих және археология орталығының мамандары біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының қалалары мен Ресей Федерациясында өткізілген семинарларға, конференцияларға қатысты.
Негізгі көрсеткіштердің өсуінің оң үрдісіне қарамастан, облыста тұрғындардың мәдениет ұйымдарының қызметіне тең емес қол жетімділігі, мәдениет нысандары құрылысының қажеттілігі, сонымен қатар ұрпаққа облыстың тарихи-мәдени мұраларын насихаттаудың жеткіліксіз деңгейі мәселелері шешілмей қалып отыр.
Мәдениет саласының одан әрі дамуы төмендегідей басым бағыттарды қарастырады:
адал кәсіби жетістікке, еңбекке жағымды қатынасты қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнім үлесін арттыру (кино, кітаптар, сахналық қойылымдар, телебағдарламалар);
мәдени ұйымдарға бару деңгейін арттыру;
әр өңірде халықтың қоғамдық, әлеуметтік өмірін көпшілік шаралар өткізу арқылы дамыту.
Тілдерді дамыту
Облыстағы тіл саясаты Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды құруға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.
Облыстың мемлекеттік органдарына жүргізілген сараптама нәтижесі 100,0%-дық мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын көрсетті.
Бұл ретте, қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылатынын және ағылшын тілін меңгеру үшін жағдайлар туғызылғандығын атап өткен жөн. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, білім алуға құлшыныс жасаған үміткерлер арнайы жеделдетілген бағдарламамен оқытылуда.
Білім жүйесінде мемлекеттік тілді қолданудың оң үрдісі байқалады. Жалпы, облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 67,0%-ды құрайды (2009 ж. -65,0%).
Дегенмен, қол жеткен жетістіктерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейінің әлі де болса жеткіліксіздігі байқалады. Саланың ағымдағы және перспективалық проблемалары арасында мемлекеттік тілдің іскери қарым-қатынас, ғылым, халыққа қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында қолданылуының төмен деңгейі және мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымағандығы болып отыр.
Спорт
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында және халықтың спортпен айналысуға сұранысын қанағаттандыру мақсатында 1517 спорттық ғимараттар, соның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 бассейн, 6 спорт кешені, 266 спорт залы, 1 спорттық манеж, 1 ипподром, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 123 ату тирі, 947 жазықтық ғимарат, 1 лукодром, 147 бейімделген спорт залдары, 8 теннис корты қызмет етеді.
Спорттық ғимараттардың өткізу қабілеттілігі 46046 адамды құрайды. Облыста еркін күрес, велосипед спорты, садақ ату, бокс, байдарка мен каноэ есу, жеңіл атлетика, самбо күресі, дзюдо күресі және т.б. белсенді дамытылады. Спорт ұйымдарында 38 спорт түрі дамытылады, оның 23-і – олимпиадалық спорт түрлері.
Балалар мекемелерінде спортпен шұғылданушылардың саны 10730 адамды құрайды. 2012 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы тұрғындардың қамтылуы 21,5% немесе 132,8 мың адамды құрады (2009 ж. – 14,0%).
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебі, олимпиада резервтерін даярлау орталығы, жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және үш кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) жұмыс істейді.
Спортпен тұрақты айналысатын мүгедек адамдардың саны 1123 адамды құрайды. Мүгедек-спортшылардың қатысуымен 141 облыстық және аудандық жарыстар ұйымдастырылды. Республикалық, халықаралық жарыстарға 65 мүгедек-спортшы қатысты. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын мүгедектердің қамтылуы облыстағы мүгедектердің жалпы санының 4,7%-ын құрайды.
Облыстың тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санын ұлғайту бойынша жұмыс бағытындағы бастысы студенттер мен жастарға спорт ғимараттары 50% жеңілдікпен пайдалануға беріліп, мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі жеткіншектерге спорт объектілерінде қалаған спорт түрімен тегін шұғылдануға мүмкіндік жасалды.
Бұқаралық спортты дамыту мен дене шынықтыруды таратуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау бағытында алынған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорт ұйымдарының желісін дамыту, спорт мектептері мен клубтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жеткілікті жағдай жасау және мүгедек-спортшылары үшін арнайы спорт клубтарын ашу проблемалық мәселелер болып отыр. Кадрлардың жоқтығы және спорт кешендерінің тапшылығы бұқаралық спортты дамытуда біркелкі қиындықтар туғызып отыр.
Туризм
Облыста әлеуеті жеткілікті жоғары экономикалық даму басымдылықтарының бірі туристік сала болып табылады: бірегей географиялық жағдайы, қолайлы табиғи-климаттық жағдайы (өлкенің құндылығы – Шалқар көлі суының құрамы теңіз суының стандарттарына сәйкес келеді), қызмет көрсету және демалыс саласының базалық инфрақұрылымының, бай табиғи-мәдени мұрасының болуы.
2009 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде өңірдегі туристік ұйымдар санының 20 бірліктен 30 бірлікке (1,5 есеге), туристік ағынның (53,5 мың адамнан 64,7-ге дейін) 1,2 есеге дейін ұлғаю беталысы байқалады.
2012 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 64725 адамды құрады, соның ішінде: ішкі туризм бойынша – 48191 адам, кіру туризмі бойынша – 7701 адам, шығу туризмі бойынша – 8833 адам.
Туризм саласындағы қол жеткізілген оң үрдістерге қарамастан, білікті басқарушылық және қызмет көрсету персоналының тапшылығы, туризм инфрақұрылымының дамымағандығы, шет елдердің туристік операторларында және бұқаралық жарнама құралдарында өңірдің туристік қызығушылығы туралы ақпараттың жоқтығы сияқты шешілмеген мәселелер бар.
Халықаралық туристік көрмелерден бастап, спорттық жарыстар, саммиттер мен фестивальдар, барлық мүмкін болған бағыттар мен құралдарды пайдалана отырып, сондай-ақ Орал қаласының кең және түрлі туристік-экскурсиялық ортасын құру – тақырыптық этнографиялық саябақ, сәулет өнерінің мұражайын, сафари филиалы бар заманауи хайуанаттар бағын, туристік кемпинг желілерін құру арқылы Орал қаласының тартымды имиджін қалыптастыру туристік саланың даму басымдылығы болып табылады.
Ішкі саясат
Азаматтық қоғамдастық, этносаралық және конфессияаралық қатынас. Облыста 9 саяси партияның филиалдары, 16 этно-мәдени орталықтары, 78 діни бірлестіктер, 355-тен астам ҮЕҰ, 14 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.
Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу тең құқықтық серіктестік негізінде қарым-қатынастың нығаюы мен кеңеюіне бағытталған.
ҮЕҰ қоғамның әлеуметтік тұрақтануы мен халық топтарының айрықша мүдделерін іске асыруға белсенді қатысады. Облыс бойынша тіркелген 355 ҮЕҰ-ның ішінде экология, жастар мен әйелдер секторлары әлдеқайда белсенді болып табылады.
Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру, әлеуметтік серіктестіктерін дамыту үшін 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың бастамашылығы бойынша Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы құрылды. БҚОАА құрамына 20-дан астам БҚО ҮЕҰ-ның ең белсенділері кіреді.
2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұлттық-мәдени орталықтардың бастамашылығымен өңірде қоғамдық келісімді нығайту және мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған 2 семинар, 5 дөңгелек үстел, 1 көрме, 7 конкурс, 22 кездесу, 2 конференция, 3 мерекелік шара, 2 фестиваль өткізілді. Кәрістердің этно-мәдени қоғамдық бірлестігі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері, Орал қаласының білім беру бөлімі және оның құрылымдық бөлімшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қатысуымен Орал қаласының оқу орындарында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты тақырыптық кештер, ашық сабақтар, кәріс халқының қазақ халқына ризашылығының белгісі болып табылатын «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында митинг ұйымдастырылды.
Азаматтық қоғамның дамуын тоқтатын фактор, қоғамдық істерде азаматтардың белсенділігін қамтамасыз ететін ҮЕҰ-ы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жеткіліксіз қаржылық қаражаттардың бөлінуі болып табылады.
Жастарды отаншылдық, рухани-адамгершілік тәрбиелеу мақсатында қабылданатын шаралардың жеткіліксіз тиімділігі. Қоғамда тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі болып табылатын конфессиялық төзімділікті тәрбиелеу, салттық діни құндылықтарды сақтау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу аса назар аударуды қажет етеді.
Жастар саясаты. Облыста 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 167,8 мың адамды, облыстың тұрғындарының 27,5%-ын құрайды.
Жастарды әлеуметтендіру ісінде белсенді әрекет ететін 86 жастардың қоғамдық ұйымы тіркелген (2009 ж. - 63). Мемлекеттің жастар қоғамдық ұйымдарымен әрекеттестігін облыс әкімі жанындағы облыстық жастар кеңесі жүзеге асырады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында жарияланған әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысатын жастар қоғамдық ұйымдары өсуде, бұл жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділігінің артқанын көрсетеді.
Жастардың әлеуметтік жағдайына әсер ететін факторлардың бірі жұмысқа тұру мәселесі. Жастарды жұмыспен қамту мен жұмыссыздық мәселесін шешуде «Облыс жастарына еңбек биржасын құру» әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда. «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарына екі мыңнан астам жастар маусымдық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Қала және елді мекендердің тазалығын сақтау қоғамдық жұмыстарында жастар белсенді араласуда.
Әлеуметтік қорғансыз жастарға арналған «Жастардың ҮЕҰ ресурстык орталық» және «Облыс жастарына көмек көрсететін әлеуметтік қызмет» сияқты әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда. Жастардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда ақпараттық-талдамалық, отаншылдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралары көбеюде. Облыс жастарын еріктілер қозғалысына тарту бойынша белсенді жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық, әлеуметтік өмірді дамыту мақсатына бағытталған азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қатысуымен әр ауылдарда, қалаларда, аудан орталықтарында тұрақтылықты қалыптастыратын ақиқатқа негізделген бұқаралық шаралар өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі заманғы адамның қалыптасуы мен дамуына әсер етін әлеуметтік-мәдени саланы жаңғырту әлеуметтік жаңғыртудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Негізгі күш отансүйгіштік және Отанына адал қызмет ету ниеті жоғары қазақстандықты тәрбиелеуге бағытталады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру облыс аумағында ТЖ алдын алу және жою бойынша негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Төтенше жағдайдың алдын алу және туындаған қауіп-қатердің мейлінше төмендету мақсатында, олардың салдарынан адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауда, залал көлемін және материалдық шығынды төмендету, төтенше жағдайдан тұрғындар мен облыс аумағын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты негізде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын су тасқыны, өрт қаупі бар және қысқы кезеңдерге іс-шаралар жоспары құрылады, бұл күштер мен құралдар, ЖММ резерв қоры, материалдық-техникалық және қаржылық құралдарды дайындауға, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтауға, ал қажетті жағдайда оларды жоюға кірісуге мүмкіндік береді.
Дала және орман өрттерінің ғарыштық мониторингі, су тасқыны қаупі бар аудандарды құжаттандыру, тікұшақ техникасы мен жарғыш бригадаларды тарту, құралдар мен жабдықтарды сатып алу, төтенше салдарға алып келетін жағдайлар мониторингі, шатырлық қалашықты және зардап шеккендер үшін мүліктерді жасақтау, облыс аумағында өртке қарсы ерікті жасақтарды құру және жабдықтау – бұл іс-шаралар облыста төтенше жағдайларды алдын алуға мүмкіндік береді.
2009 жылы облыс аумағында 97 адам қаза болды, 2010 жылы – 88, 2011 жылы – 79, 2012 жылы – 54.
Облыс үшін аса өзекті мәселе әлеуметтік-мәдени мақсаттағы қоғамдық мекемелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты (мектептер, ауруханалар, клубтар және т.б.) төтенше жағдайлар болып табылады. Құрылғылардың жетіспеушілігіне байланысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі жоспар бойынша деңгейіне жеткен жоқ.Тұрғындардың арасында және ауылдық округтерде құрылған ерікті-өрт сөндіруші жасақтар (2500 адам санымен 193 жасақ және 700 техника) өртке қарсы жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.
Қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының өзге мемлекеттік органдармен бірлесе қабылдаған іс-шаралары облыс аумағындағы криминогендік жағдайға тиісті бақылауды жүзеге асыруға, қылмыс деңгейін әлеуметтік-қол жетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Аталмыш шаралар азаматтардың полиция жұмысына сенімінің артуына әкелді, олар өз мәселелері және проблемаларымен полицияға жиі және белсенді жүгінетін болған. 2012 жылы 72713 арыз тіркелді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 52,2%-ға артық (2011 жылы - 34759). Осының нәтижесінде өндірістегі қылмыстық істер саны 46,4%-ға көбейді (7806-дан 11431-ге дейін).
Қылмыстарды ашу деңгейі жалпы тұрақты болып қалады. Іздестіру жұмысының көрсеткіші жақсарды.
Профилактикалық сипаттағы қабылданған шаралардың нәтижесінде «жасөспірімдік» қылмыстылықты 24,9%-ға (229-дан 172-ге дейін) төмендетуге қол жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыста мектептегі полиция инспекторлары қызметінің маңызы зор.
Сонымен қатар, криминогендік жағдайда оң өзгерістер әлі де болса тұрақты және күнделікті қалыпқа түспеуде. Облыстағы криминогендік жағдайға ұйымдасқан қылмыстар әсер етуде. Қылмыстық топтың көшбасшылары мен белсенді қатысушыларынан қару-жарақтар, оқ-дәрілер және есірткілер алынып, жауапкершілікке тартылады.
Жыл сайын анықталатын есірткімен байланысты қылмыстар саны азаймай отыр. Есірткі бизнесінің қылмыстық жүйелері облыс аумағын Ресейге есірткі тасымалдайтын транзит ретінде пайдалануда. Жыл сайын заңсыз айналымнан айтарлықтай көлемде есірткі заттарын, соның ішінде героин тәркіленеді.
2012 жылы есірткіні сатумен байланысты 131 (2011ж.-133) қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы мөлшері 2,6 есеге артып 68,9 кг-нан 177 кг-ға дейін, алынған «героиннің» мөлшері 24,8% өсті (268,02 гр-нан 334,58 гр-ға дейін). Облыс аумағы арқылы тасымалданып бара жатқан есірткі контрабандасының 2 фактісінің жолы кесілді.
2012 жылы есірткіге қарсы үгіттеу бағыттағы 340 іс-шаралар өткізіліп, онда 15560 адам қамтылды.
2012 жылы облыс жолдарында 499 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2011 жылы - 302), онда 95 адам қаза болды және 612 адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
Сонымен қатар, жол-көлік кешені қиын жағдайда қызмет етуде. Автокөлік парктерінің өсу қарқыны жол-көше жүйелерінің даму қарқынынан алға шығып отыр. Республикалық маңызы бар жолдардың көп бөлігі қайта жаңғыртуды, кедергі қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Жол қозғалысына қатысушылардың, соның ішінде автокөлік жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен деңгейде қалып отыр. Жүргізуші кадрларын дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды талап етеді.
Халықаралық есірткі трафигі және есірткі затын сату арналарының, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған аталған қылмыстардың жолын кесуге құқық қорғау органдарының күші әлі де болса жеткіліксіз.
Қылмыстарды есепке алу-тіркеу саясатын реформалау негізінде құқық қорғау органдары тарапынан жүзеге асырылған шаралар, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін бағалау тәсілі азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, олардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.2.3 Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау
Инфокоммуникациялар
Елдің барлық аумағындағы байланыс қызметтерінің қолжетімділігі көбінесе экономикалық өсім, тұрғындардың өмір сүру сапасы, мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау тиімділігін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қарқынын айқындайды. Қазақстанда коммуникацияның аса кең таралған түрі телефон байланысы болып саналады.
2013 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша цифровизациялау деңгейі 99,0% (2010 жылы – 86,1%), Орал қаласы бойынша 100,0%, ауылдық елді мекендер бойынша 97,36% құрады.
2012 жылы тіркелген телефон желілерінің саны 161,7 мың бірлікті құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға өсті. Байланыс қызметтерінен түскен табыстар 5863,9 млн. теңгеге дейін өсті (2009 жылы – 5262,6 млн. теңге)
«Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан филиалы 158805 тіркелген желі нөмірлеріне қызмет көрсетеді, 238 коммутациялық пункт жұмыс істейді, соның ішінде ауылдық - 150, қалалық – 88.
Облыстағы 450 ауылдық елді мекеннің 444-і телефондалды, бұл 98,7% құрайды. 415 емдеу-профилактикалық мекеменің 367-сі (88,4%) телефондалды. 416 жалпы орта білім беретін мектептің 413-і (99,3%) телефондалды.
1000 адам және одан да көп тұрғыны бар елді мекендердің ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіші 90,3%-ды құрады (2010 жылы – 80,0 %). 103 ауылдық елді мекеннің 10-ы ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілмеген.
2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда байланыс қызметтерінен кірістердің азайғаны (2,4%-ға), сонымен бірге Интернет желісіне қосу жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша кірістердің өсуі (17,8%-ға) байқалады.
Байланыс инфрақұрылымын дамыту бірқалыпты емес, халықтың жекелеген топтарының қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге қолжетімділік деңгейінде елеулі сәйкессіздіктер орын алуда.
Ақпараттық технологиялар
Техникалық жарақтандыру. Облыстық басқармалар, аудандар мен қала әкімдіктері, ауылдық әкімдіктер мемлекеттік қызметшілердің санына қарай компьютерлермен 100 пайыз жарақтандырылған. Барлық облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері интернет желісіне қосылған, 2013 жылдың 1 қаңтарына 159 ауылдық (кенттік) округтің 91-і интернет желісіне қосылған.
Байланыс арналары. Облыста облыс әкімдігінің мәліметтерді берудің корпоративтік желісі құрылды, оған әкімдіктің 105 құрылымдық бөлімшесі қосылған. Бұл бөлімшелерде локалды есептеу желілері құрылып, серверлік жайлар дайындалған. Мәліметтерді берудің корпоративтік желісіне 1200 жұмыс орны қосылған. Мәліметтерді беру «Қазақтелеком» АҚ БҚО ТД жалға алынған желілер, IP VPN технологиялары бойынша жүзеге асырылады. 2012 жылы аудандарға мәліметтерді беру жылдамдығы 1 Мбит/сек дейін ұлғайтылды. Жергілікті атқарушы органдардың локалды есептеу желілерінің өткізу қабілеті - 100 Мбит/с.
Облыста жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер. Қазіргі таңда келесідей ақпараттық жүйелер жұмыс істейді: электрондық құжат айналымы жүйесі, «облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсы» ақпараттық жүйесі.
Облыстық басқармалардың, аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстары жұмыс істейді. Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсының дизайнын жетілдіру, қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.
Е-үкімет базалық компоненттерін қолдану. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс жүргізілетін Е-үкіметтің базалық компонеттері мыналар болып табылады:
ҚР МО электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ҚР МО ЭҚАБЖ);
«Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;
«Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретіндегі «Аймақтық шлюз» ақпараттық жүйесі (ЭҮАШ АЖ).
Мәліметтерді берудің корпоративтік желісіне қосылу, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландыру орталығымен интеграциясы құрылымдық бөлімшелерге ведомствоаралық электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік берді, қағаз нұсқасын қайталамай.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) жобасы аясында «Жылжымайтын мүліктер тіркелімі» мемлекеттік деректер қорымен мекенжай мәліметтерімен деректерді салыстыру және деректерді түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.
МТ АЖ-не мекенжайлар 100,0% енгізілді, 98,0%-ға салыстыра тексеру жүргізілді. 2011 жылы әкімдікте ЭҮАШ АЖ енгізілді, бұл 20 мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. 2012 жылы электрондық қызметтер саны 23-ке дейін ұлғайтылды, оның 7-еуі әлеуметтік маңызды қызметтер. Аудандарға 9 қызмет тираждалды. 2012 жылы халыққа электрондық түрде 25277 қызмет көрсетілді, соның ішінде аудандарда - 5307.
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық қол жеткізу пункттері құрылды, бұл тұрғындарға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік берді. Облыстың елді мекендерінде орналасқан 57 қоғамдық қол жеткізу пункті жұмыс істейді.
2012 жылы компьютерлік сауаттылық негіздеріне 18738 адам және «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларында 3546 адам оқытылды. Оқытылғандардың жалпы саны 22284 адамды құрады.
Құрылыс
2012 жылы 336 құрылыс ұйымы қызмет атқарды (2009 жылы - 280).
2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 51,7 млрд.теңгені немесе 2011 жылдың деңгейіне 81,7%-ды құрады.
Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде ғимараттарды салу құрылыс жұмыстарына (33,9%), жол салу бойынша (26,7%), сұйықтарды бөлу үшін инженерлік үймереттерді салу бойынша (6,8%), электрмен монтаждау жұмыстарына (7,0%), басқа инженерлік объектілерді салу бойынша құрылыс жұмыстарына (4,5%) иемденіп отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 12,8%-ы сумен қамту, жылыту және ауа баптау жүйелерін құру жұмыстарына тиесілі.
Тұрғын үй құрылысы саласында «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 244,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2009 жылғы деңгейінен 29,1%-ға көп. 2465 отбасы өз тұрмыстық жағдайларын жақсартты. Халықтың 1000 адамына шаққанда іске қосылған тұрғын үйлері 26,2%-ға өсті (2009 жылы 314,6 шаршы метрден 2012 жылы 397,1 шаршы метрге дейін).
2012 жылы облыста несиелік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2925 млн.теңге қаражат бөлінді, Орал қаласында төрт 90 пәтерлі және екі 80 пәтерлі (520 пәтер) тұрғын үйді іске қосу қамтамасыз етілді.
1691,8 млн теңге сомадағы республикалық бюджет трансферттерінің толық игерілуі есебінен ауылдық елді мекендерде жалпы ауданы 5,7 мың шаршы метр 31 бір пәтерлі және 23 екі пәтерлі (77 пәтер) коммуналдық тұрғын үйлерді іске қосу қамтамасыз етілді.
2012 жылы тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымды дамыту және жайғастыру үшін республикалық бюджеттен 2125 млн. теңге сомада нысаналы трансферттер бөлінді, 117,5 шақырым инженерлік желі салынды, соның ішінде 70 шақырым электржабдықтау желісі, 1,3 жылумен жабдықтау желісі, 26,8 шақырым сумен жабдықтау желісі, 2,0 шақырым жылыту желілері, 15,0 шақырым сумен жабдықтау желілері, 0,5 шақырым кәріз желісі, 30 шақырым газ құбырлары.
Тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау, құрылыс индустриясының нарығын дамыту сияқты мәселелер шешілуде.
Бүгінгі күнге проблемалық мәселе уақытылы қаржыландырылмауы болып табылады, ол құрылыс объектілерінің іске қосу мерзімдеріне кері әсерін тигізеді.
Жолдар және көлік
2012 жылғы көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымы 2426,5 млн.ткм, бұл 2011 жылдың деңгейінен 13,9%-ға және 2009 жылдың деңгейінен 78,0%-ға көп, жолаушы айналымы – 6598,3 млн. жкм (сәйкесінше 8,3%-ға және 71,5% көп).
Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдар желісін дамыту қажеттілігін анықтап отыр.
Облыстың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5243,55 км, оның ішінде асфальтталғаны – 1006,63 км (19,2%). Соның ішінде 446 елді мекеннің 62-де (14%) қатты жол жабынымен жолдары бар, қазіргі уақытқа дейін 6 аудан орталығы (Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау) облыс орталығымен байланыстыратын сенімді автомобиль қатынасы жоқ. Облыс аудандары үшін автомобиль жолдары тауарларды, құрылыстық және агроөнеркәсіптік жүктерді тасымалдайтын, жолаушы тасымалы жүзеге асырылатын негізгі қатынас құралы болып табылады.
2012 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және күтіп ұстауға республикалық бюджет қаражаттары есебінен 2397,6 млн.теңге игерілді. 6 км автожолына қайта жаңарту, 9 км күрделі жөндеу, 9,6 км орташа жөндеу жүргізілді. 1 көпір құрылысы аяқталды.
2009-2012 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 4989,4 млн.теңге игерілді. 23 км автожолдын күрделі жөндеуі, 22,6 км орташа жөндеуі жүргізілді, 1 жасанды кедергі және 1 көпір салынды.
2007 жылдан бастап жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары республикалық бюджет қаражат есебінен қаржыландыруда. 2009-2012 жылдар аралығында 4012,7 млн.теңге игерілді, 16 км-ге қайта жаңарту, 34,3 км-ге күрделі жөндеу жүргізілді.
Бірақ қаржыландырылған сома, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желілерін қайта қалпына келтіру және оларды ұстау бойынша, ағымдағы шығындарды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып отыр. Қанағаттанбаушылық жағдайдағы атомобильді жолдардың үлесі 56%-дан 77%-ға дейін көбейді, бұл өз кезегінде жүк және жолаушы тасымалы көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді.
Сондықтан алдағы уақытта республикалық және жергілікті бюджет есебінен инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету, ауылдық автомобиль жолдарына қатты жол жабының төсеуге мүмкіндік береді, бұл облыстың жол жүйесін өткізу және тасымалдау қабілеттілігін күшейтуіне алып келеді.
Көлік саласындағы басым бағыт облыс орталығымен облыстың елді мекендерінің, аудандардың сапалы көліктік байланысын қамтамасыз ету болып табылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
2012 жылы облыстың тұрғын үй секторы жалпы көлемі 11,2 млн. шаршы метр құрайды, оның ішінде 10,8 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 96,4% жеке меншік үлесінде. ( 2009 жылы - 9,9 млн. шаршы метр, соның ішінде 98% - жеке меншігінде).
Көп қабатты тұрғын үйлерге тиесілі тұрғын үй қорынан 3,63 млн. шаршы метрі немесе 33,0% жөндеудің жеке түрлерін жүргізуді қажет етеді, 20,6 мың шаршы метр (0,2%) - одан әрі қолдануға жарамсыз ретінде бұзуға жататын апатты жағдайдағы тұрғын үй.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 126 үй жөндеуден өтті, соның ішінде 2012 жылы – 86 үй.
Электрмен қамту облыстың өмірін қамтамасыз ететін инфрақұрылымының негізгі құраушыларының бірі болып табылады.
Облыста электр энергиясын өндіруді қуаттылығы 30МВт Орал ЖЭО, қуаттылығы 28 МВт газотурбиналық қондырғы (ГТҚ) «Жайықжылуқуат» АҚ, қуаттылығы 160 МВт газотурбиналық электр стансасы (ГТЭС) КПО б.в., қуаттылығы 16 МВт «ЖайықМұнай» ЖШС газотурбиналық қондырғы (ГТҚ), 2010 жылы іске қосылған, қуаттылығы 54МВт «Орал газтурбиналық электр станциясы» ЖШС жүзеге асырады. 2012 жылы электр энергиясын өндіру 1539,6 млн. кВТ.сағ құрады, ол 2011 жылғы көрсеткіштен 9,1% жоғары.
Облыспен тұтынылатын электр энергиясының жалпы көлеміне электр стансысымен өндірілетін электр энергиясының үлес салмағы 90,0% құрайды. Барлық өндірілген электр энергиясы кәсіпорындардың жеке қажеттілігі және тұтынушылардың қажеттілігі үшін энергия көздерімен пайдаланылады.
Электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдауды облыста қызмет көрсетілімінде ұзындығы 20781 км 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ кернеулі сымдары мен 3201 трансформаторлық қосалқы станциялары бар «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады.
Жыл сайын ағымдағы және күрделі жөндеуі, қолданыстағы электрмен жабдықтау және трансформаторлық қосалқы станциялар желілерінің қайта жаңартылуы жүргізіледі. Электр энергиясын есептеу құралдарымен жабдықтау 100%-ды құрайды.
Негізгі бөлік қосалқы станциялардың электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтіру мен қайта жаңартуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы 79,0%, ауылдық жерлерде 90,0% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерді және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі.
Облыстың 446 елді мекеннің 5 елді мекені электрмен қамтылмаған.
Баламалы энергетика. Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдаланатын энергетиканы дамытуға көп назар аударылады. Жалпы облыста жел әлеуеті жаман емес. Облыс әкімдігі және «Батысэнергопром» ЖШС-мен облыстағы жел әлеуетін бағалау бойынша зерттеу жұмыстары және алдағы уақытта меншікті және қарыз қаражаттары есебінен қуаттылығы 2кВт-қа дейінгі жел энергетикалық қондырғының сериялы өндірісін ретке келтіру жоспарланды. Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану бойынша жобаларды жүзеге асыруға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Су бұру. Қала халқының орталықтандырылған су бұруға жетуі 73,3%, сонымен қатар Орал қаласы бойынша - 75,0%, Ақсай қ. – 60,0% құрайды.
Кәріз желілер қашықтығы 417,5 км құрайды, соның ішінде жеке меншікте - 11,1 км. (Орал қ.), коммуналдық меншікте - 406,4 км су бұру желілері, соның ішінде 232,9 км ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілері 30 жылдан астам уақыт қолданылып келеді және сәйкесінше желілердің (51%), кәріз сорғы станциялардың (75%) тозу деңгейінің жоғарылығы басты проблема болып табылады.
Облыста 2 кәріздік құрылым бар. КТЖ арқылы 2010 жылы - 10735,7 мың текше метр, 2011 жылы – 10739,7 мың текше метр, 2012 жылы – 10811,1 мың текше метр ағын сулар өткізілді. 2010 жылы су бұру желілерінің 2,9 км, 2011 жылы – 1,5 км, 2012 жылы – 1 км ауыстырылды.
Жылумен қамту. Орал және Ақсай қалаларында орталықтандырылған жылумен қамтуды пайдаланады. Орал қаласының жылумен қамту қуаттылығы 561 Гкал/сағ қалалық ЖЭО және 14 қазандықтан, Ақсай қаласы – 7 қазандықтан қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметтерімен қамту деңгейі 64,0% құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 70,0%, Ақсай қаласы – 60,4%.
Жалпы жылу желілерінің ұзындығы 299,8 км, оның 293 км коммуналдық, 6,8 км жеке меншікте.
Саладағы ең басты проблема желілердің тозуы болып табылады, ол 52,0%-ды құрайды. 2010 жылы облыс бойынша 13,9 км, 2011 жылы – 13,92 км, 2012 жылы -11,8 км жылу желісі ауыстырылды.
Жылумен қамту магистралды желілерінде болған апат және өшу саны 2011 жылы 9 бірлікті, 2012 жылы – 15 бірлікті құрады.
АЕМ тұрғындары табиғи газбен қамтылған, жылумен қамту қажет емес.
2.2.4 Ауылдық аумақтарды дамытуды талдау, экология
Ауылдық аумақтарды дамыту. 2013 жылдың 1-қаңтарына облысымызда 450 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 46-сы жоғары, 352-і орташа, 52-і төмен даму әлеуетімен.
Жоғары даму әлеуеті бар АЕМ санының өсу себебін талдау экономикалық блок көрсеткіштер өсімге барынша ықпал еткенін көрсетіп отыр. Мысалы, орташа даму санатынан жоғары даму әлеуеті санатына өткен АЕМ-дің ішінде кәсіпкерлік белсенділік артып, мал басының, еңбекпен қамтылған халық санының өсуі болып отыр.
Осындай оң нәтижеге облыстың ауылдық жерлерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуына мақсатты бағытталған бюджеттік инвестициялардың бөлінуі ықпал етіп отыр.
Облыс халқының 50%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Ауылдық жерлерде тұратын адам саны 2012 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 314,6 мың адам құрады.
2012 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында білім саласының 5 объектісі іске қосылды. 8 ауылдық елді мекенде сумен қамту жұмыстары жүргізілді. Газбен қамту жұмыстарымен 16 ауылдық елді мекен қамтылды.
Бірақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шаралар жүргізуіне қарамастан, ауылдарда апаттық мектептер бар, денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан, жергілікті маңызы бар көлік жолдары шамалы жағдайда, ауыл тұрғындарының 32,8% орталықсыздандырылған суды қолданады.
Ауылды дамытудың тағы бір мәселесі білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері 2012 жылы облыс бойынша 2244 маман тартылды. Мамандардың жалпы санынан 1609 – педагог, 364 – денсаулық сақтау мамандары, 57 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 198 – мәдениет және спорт, 16 - ветеринария мамандары.
Жергілікті атқарушы органдармен халықтың нысаналы топтарының арасында ақпараттық-түсініктеме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкесті материалдар жариялануда, радио және теледидардан сөз сөйленуде.
Ауылға мамандарды тарту бойынша қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылды жоғарғы білікті дәрігерлермен, физика, химия, ағылшын тілі мамандарымен қамтамасыз ету өткір күйіндегі мәселе болып қалып отыр.
Ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін одан әрі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде объектілердің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, ағымдағы жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға қаражаттарды бөлу қажет.
Экология
Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарының көптеп шоғырлануы салдарынан, облыста қоршаған ортаның ластану қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отыр.
Ең маңызды экологиялық проблемаларға мыналар жатады:
Жайық өзені, Деркөл және Шаған өзендерінің, Шалқар көлінің экожүйесін сақтау, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамту объектілерін қалпына келтіру және қайта құру;
өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын жинау, өңдеу және іске жарату, жер ресурстарының ластануының алдын алу, ресурстарды сақтайтын технлогияларды енгізу;
«Лира» объектілерінің ядролық жарылыстары нәтижесінде құрылған жер асты сыйымдылықтардың экологиялық проблемалары, «Азғыр» және «Капустин Яр» әскери полигондарының әсерінен пайда болған экологиялық проблемалар;
Орал қаласының кәріздік тазарту жабдықтарын қайта жаңғырту, ағынды суларды тазарту тиімділігін арттыру.
Атмосфера ауасының ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер, элеваторлар ауа бассейнін негізгі ластаушылар болып табылады, облыс бойынша стационарлық көздерден ластану көлемі 2012 жылы 62 мың тоннаны құрады.
2013 жылы «Урал ойл энд Газ» ЖШС, «Конденсат» АҚ, «Перспектива КАН» ЖШС жұмыс көлемінің артуына, жаңа нысандардың пайдалануға берілуіне байланысты нақты шығарындылар көлемінің өсуі болжанады.
Су ресурстарының ластануы, ағынды су қалдықтарының көлемі. Облыста ізінше жергілікті жер бедеріне жеткізетін ағынды суды тазалайтын қондырғылары, жинағыштың фильтрі алаңы бар кәсіпорындар жұмыс істейді: КПО б.в., «Конденсат» АҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал магистраль газ құбырлары басқармасы.
Жайық өзеніне жіберілетін 2 шартты-таза су: ауыз су дайындайтын станциясынан “Батыс Су Арнасы” ЖШС, №2 ПР – 10/35 турбинасының салқындататын жүйесінен Орал ЖЭО болып отыр.
Үш ағынды суды жинағыш, сонымен қатар екі Орал қаласының ағынды суларын және біреуі – Ақсай қаласының ағынды суын жинақтайтын орын бар.
Орал қаласының (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) ағынды сулары канализациялық тазалау қондырғыларында механикалық тазаланудан, қолдан жасалған тоғандарда табиғи биологиялық тазаланудан өтеді және №2 жинақтаушыға құйылады.
Радиациялық жағдай. Бүгінгі күнге облыс бойынша радиациялық жағдай тұрақты, облыс аудандарындағы гамма-фон сағатына 4-17 мкр-ді құрайды. Облыста 268592 ГБк жиынтық белсенділікті 73 радиоактивті көздерді өз жұмыстарында қолданатын 14 кәсіпорын бар.
Облыс бойынша сәулені иондайтын және радиоактивті ластаушы иесіз қалған көздер табылған жоқ, уранды кен орындары жоқ.
Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Облыстың қатты тұрмыстық қалдықтары полигондар мен жинағыштарға, сондай-ақ ұйымдастырылған ауыл қоқыстары үйінділеріне шығарылады.
Облыс аумағында екі ҚТҚ полигоны жұмыс істейді, Орал және Ақсай қалаларында. Сонымен қатар, әр елді мекенде қоқыс немесе қалдықтарды орналастыратын орындар бар. Қазіргі уақытта 143 ірі елді мекен бойынша жерге орналастыру құжаттары рәсімделіп, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар алынған.
Қоқыс үйіндісімен алынып жатқан жердің жалпы көлемі 551 га, соның ішінде заңдастырылғаны 512 га.
Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық ынталығының, олародың техникалық деңгейі төмен болуы және қажетті жабдықтардың болмауы салдарынан, облыста пайда болатын ҚТҚ-ның 4%-ы ғана өңделіп, қайта пайдаланылады. Бүгінгі күні қоқыс іріктейтін және қоқыс өңдейтін кешен салу мәселесі өзекті болып отыр.
Сонымен қатар, қалдықтарды жинау және өңдеудің, сондай-ақ энергияны сақтау және экологиялық таза технологиялардың өсу қарқыны орын алады, атап айтқанда:
«БГС-Ақсай» ЖШС, «Альтаир» ЖШС, «Ремстройбыт» ЖШС, «Ареал» ЖШС, «Жайықсельстрой» ЖШС және басқалары сияқты облыстың ірі құрылыс кәсіпорындары құрылыс алаңдарының ауытқуын және шұңқырларын таза топырақпен толтырудың орнына құрылыс қалдықтарын («инертті» материалдар) қолданады. Осы мақсаттарға пайдаланылған қалдықтардың көлемі шамамен жылына 3 мың тоннаны құрайды;
«ҚазАрмапром» ЖШС және «Орал құю механикалық зауыты» ӨК металл қалдықтарын өздерінің құю өндірісіне қабылдап және қайта өңдейді;
облыста пайдаланылған майды қабылдау бекеті ұйымдастырылды, жыл сайын шамамен 150 тонна пайдаланылған май тұндырылып және механикалық тазартылып, ауыл шаруашылығы мен отынға, өндірістің қажеттілігіне қайтадан пайдалануға өткізіледі;
«Конденсат» АҚ шығарылатын шикізаттың зертханадан сапасын тексеруден өткізгеннен кейін мұнай өнімдерін құю технологиясына қайтаруды жүзеге асырады (жылына 2 тонна);
«Орал құс фабрикасы» ЖШС және «АҚАС» ЖШС шаруа қожалықтары мен тұрғындарға тыңайтқыш түрінде құстың әжетін өндіріп өткізеді (жылына 3,0 мың тоннадан астам);
«Арктур» ЖШС автомобиль дөңгелектері және пайдаланылған майларын өңдейтін қондырғыны сатып алып, орнатты;
«Антей» ЖШС полимер қалдықтарды өндеумен айналысады, люктерді, полимер тақталарды, септиктер үшін полимер сыйымдылықтарды шығарады;
«Талап» ЖШС 2011 жылдан бастап пайдалануға жарамсыз сынапқұрамды, люминесцентты және энергия үнемдегіш шамдарды қабылдап, залалсыздандырады. Шамдарды залалсыздандыратын өз қондырғылары бар;
«СТН» ЖШС мұнай негізінде емес бұрғылау қалдықтарын өңдеу бойынша алаңд іске қосылып, пайдалануда. Аталған кәсіпорынмен «Жайықмұнай» ЖШС-нен шламдар қабылданады. Өңдеуден кейін залалсыздандырылған қалдықтарды құрылыс материалдары мен жол құрылысында қайталама материал ретінде пайдаланылады.
2009-2013 жылдары табиғатты қорғау шараларына облыстық бюджеттен 307,2 млн. теңге бағытталған, соның ішінде 2011 жылы – 101,9 млн. теңге, 2012 жылы – 99,8 млн. теңге, 2013 жылы – 105,5 млн. теңге.
2012 жылы республикалық бюджет қаражаттары есебінен Орал қаласында кәрізді тазалау қондырғыларын қайта құруға 421,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.
2.2.5 Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізілімі негізінде көрсетіледі. Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 72 (облыста 1 қызмет көрсетілмейді - мақта қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялар беру, қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру), соның ішінде әлеуметтік маңызды – 10, электрондық қызметтер – 20, тек ХҚКО-мен – 8, баламалы негізде (ХҚКО және мемлекеттік органдар) – 21.
2012 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, соның ішінде әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету бойынша 103373 карточка толтырылды.
Жүргізілген қайта тексеру есебімен 2012 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 1080219 қызмет көрсетілді.
«Е-әкімдік» ақпараттық жүйені тәжірибелі пайдалануға енгізу 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік берді, соның ішінде 5-уі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тізіліміне сәйкес әлеуметтік маңызды болып табылады.
2012 жылы 3 қызмет (соның ішінде 2-уі әлеуметтік маңызды) қосымша енгізілді.
«Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретіндегі аймақтық шлюз» ақпараттық жүйесі арқылы 23 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетіледі, соның ішінде 7 - әлеуметтік маңызды, бұл 58,0%-ды құрайды.
9 электрондық қызметті облыстың барлық аудандарына тираждау жұмыстары жүргізілді.
2012 жылдың 1 сәуірінен бастап лицензияларды беру тек электрондық түрде жүргізіліп келеді. Облыстың медицина мекемелерінде екі мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсетуге мүмкіндік беретін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі енгізілді.
Жергілікті атқарушы органдардың бастамаларын насихаттау аясында халықтың және бизнес құрылымдардың мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға болатыны жөнінде хабардарлығын арттыру үшін «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылды, онда 3546 адам оқытылды, баспа басылымдарын (плакаттар, буклеттер, постерлер) тираждау жүргізілді.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың төмен болуы қызметті алушыларда электрондық цифрлық қолтаңбалардың болмауы болып отыр.
Тұрғындардың көпшілігінде интернет желісіне қолжетімділіктің болмауына, сондай-ақ халықтың «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алуға қызығушылығының төмендігіне байланысты.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттері 2012 жылдың аяғына дейін бекітілмеді. Жергілікті атқарушы органдардың регламенттерді бекіту құзырының болмауына байланысты әділет департаменті оларды мемлекеттік тріркеуден бас тартты.
2012 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі туралы түсіндіру және хабардар ету бойынша белгілі жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, облыстық газеттерде 6 мақала, аудандық және қалалық газеттерде 11 мақала жарияланды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсететін облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық әкімдіктердің веб-сайттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету орны және уақыты жөнінде толыққанды ақпарат орналастырылды.
2013 жылы:
мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың мамандарын, «Е-әкімдік» АЖ және ХҚКО БАЖ жұмыс бойынша оқыту жүргізілді;
ЭЦҚ алынды – 6756 адам (1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша);
Электрондық үкімет порталы арқылы 2857 адам электрондық қызметтер алды (1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша);
4563 адам халықтың компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша, 2300 адам «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларында оқытылды (1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімі бекітілді, соған сәйкес облыста 128 қызмет көрсетілетін болады;
қазіргі таңда Тізілімге сәйкес Мемлекеттік қызметтердің стандарттары бекітілуде, Стандарттар бекітілгеннен кейін бір ай ішінде облыс әкімдігінің қаулысымен Мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілетін болады;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі, ай сайынғы есеп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданады;
мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары мен регламенттері бекітілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына орналастырылады.
2.2.6 Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау
Қазақстан өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік құрылымында бұдан әрі оны жетілдіруді қиындататын, қалыптастырылған сипаттамалардың бірқатары байқалады. Осы факторларға халық тығыздығының біркелкі еместігі, өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетінің үйлеспеуі, шектеулі тұрғын-үй және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар инженерлік желілердің тозуы жатады.
Батыс Қазақстан облысы халқының тығыздығы Қазақстанның батыс бөлігі бойынша жоғарыларының бірі – 4,09 адам/шаршы ш., Маңғыстау облысында – 3,43 адам/шаршы ш., Ақтөбе – 2,65 адам/шаршы ш. Батыс Қазақстан облысы өңір аумағының көптеген кеңістіктерін қоныстандырылмай қалдыратын, ошақтық орналасумен сипатталады.
Облыс халқы республика бойынша орташа мағынасы 0,19-ға тең, облыс бойынша халықтың шоғырлану коэффициенті белгілі бір аумақтың маңайында жиналу біржақтылығына ие. Өңірде халықтың негізгі шоғырланған жері - Орал қаласы.
Қазақстан аумағының орналасуына сәйкес, облыс аумағы өмір сүруге қолайлы аумақ болып табылады. Жасыл желектер ауаның ластануын төмендетуде айтарлықтай орын алады. Орман жолақтары мен саяжайлар ауа температурасына, ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаң түріндегі тозаңдарын ұстап тұрады.
Облыс аудандарының аумақтары бойынша ең ірі аудандарға Ақжайық (25,2 мың шаршы ш.) және Жаңақала (20,8 мың шаршы ш.) аудандары жатады, олардың аумақтары өңір ауданының жалпы ауданынан тиісінше 16,7% және 13,7% құрайды. Осы аудандар аумақтарының халық тығыздығы облыс бойынша ең төменгі көрсеткішке ие – сәйкесінше 1 шаршы ш-ға 1,63 және 1,14 адамдар. Өңірде ең аз қоныстанған аудан халқының тығыздығы 1 шаршы ш. 0,83 адамға тең Бөкей ордасы ауданы болып табылады. Ең көп қоныстанған ареалдарға Орал қаласының әкімшілік аумағы және Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарының аумақтары жатады.
Өңірдің басты мәселелерінің бірі халық шығысы болып табылады. Бүгінгі күнде оның себебі - ТМД елдері шегінде әр түрлі этникалық топтардың жалпы көші-қоны болып табылады, бұл 1994, 1997-2000 жылдары аралығында халықтың кетуімен салыстырғанда маңызды емес болып көрінеді, бұған өңіраралық көші-қон болып табылатын, облыстың ағымдағы көші-қон шығындары жатады.
Халық шығысының негізгі үлесі ауылдық елді мекендерден шығады. Жалпы, осы жағдай орналастыру үдерісін аса жеңілдететін, қолайсыз аумақтарда өмір сүретін, халықтың санын кезең-кезеңмен қысқарту туралы айтуы мүмкін. Сонда да, облыста көші-қон ағындарына нысаналы реттеу жүргізу қажет.
Сонымен қатар, аудандарда кейін жұмысқа тұрғызу арқылы кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша іс-шараларды күшейту, ауылдық елді мекендерде жас мамандар үшін өмір сүру жағдайларын жетілдіру қажет.
Халықтың табиғи өсімінің тұрақты біржақтылығы кезінде табиғи өсімі тоқталмайтын, біркелкі көші-қон ағынымен және халықтың өлім-жітімі төмендеуімен бірге, тұрғындарды жасарту жолымен халық санының тұрақтануы мүмкін, ал бұл еңбекке қабілетті халыққа ауыртпалықты қысқартады және жұмыс күшінің саны мен сапа мәселесін жеңілдетеді.
Облыстың келесі мәселесі өңірдің тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдар дамуының жеткіліксіздігі болып табылады. Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша шаралармен қатар сумен жабдықтау, телекоммуникация, электрмен жабдықтау, газдандыру желілерінің дамуы бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Өңір үшін экологиялық мәселелер де өзекті, ол негізінен өнеркәсіптің белгілі бір түрлері шоғырланған аудандарда айқын көрінеді.
Халықтың біркелкісіз орналасуы мен жоғары көші-қон шығыстары қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдің дамуын бұдан әрі нақтыланған түрде жоспарлану мәселесі ашық болып қалуда.
Облыс Ресей Федерациясының бес облыстарымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов. Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда Жәнібек, Казталов, Тасқала, Зеленов, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары орналасқан.
Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы облыстары арасында сыртқы экономикалық байланыстар, табиғи ресурстарды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау, мәдениет, спорт, ғылым және жоғары білім саласындағы өңіраралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері қалыптастырылған. Қалалық және аудандық тізбек деңгейіндегі келісім-шарттық қатынастар қалыптастырылуда. Жұмыс конференцияларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, мақсатты семинарлар өткізу тәжірибеге енген.
Өңірдің аумақтық-кеңістіктік дамуына мониторинг жүргізу үшін орналастыру критерийлерінің бірқатарын анықтау қажет. Орналастырудың белгілі бір критерийлерін таңдау кешенділігі өндірістік мамандандыру, аумақтық ұйымдар, өркендеу деңгейі және тіпті орналасудың қалыптасқан ұлттық дәстүрлері бойынша өңірлердің көптеген ерекшеліктерімен шартталуы мүмкін. Табиғи және механикалық қозғалыс қатынастары, елді мекендерде орналасу сипаты, халықтың тығыздығын үйлестіру бойынша облыс халқының орналасуын 3 тұрпатқа бөлуге болады.
Бірінші тұрпаты. Ең жоғары демографиялық әлеуетке Орал қаласы және оны қоршаған аудандар, Ақсай қаласы ие. Демографиялық әлеуеті өсімінің ең жоғары қарқыны Орал қаласында байқалады, бұл осы қалаға келешекте белсенді өркендеудің табысты орталығы болуға мүмкіндік береді. Осы тұрпатта Орал қаласы облыс үшін даму және өсудің тірек нүктесі болып табылады.
Екінші тұрпаты Жәнібек, Казталов, Тасқала, Зеленов, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары кіретін Ресей Федерациясымен шекаралас, шекаралық аумақтар түрінде ұсынылған. Осы аудандар да Орал қаласының тірек орталығына ұмтылуда және елеулі стратегиялық және геосаяси шекаралық аймақты қалыптастырады, бұл өңірге Кедендік одаққа кірумен нарықтық деңгейді кеңейтуге және басқа елдерге өнімді ресей порттары арқылы экспорттауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұрпаты Орал қаласындағы орталықпен ұлттық деңгейдегі тірек қаласы ретінде ұсынылған.
Облыстың кеңістіктік дамуы бойынша стратегиялық ұсыныстары үшін мүмкін бағыттары:
Орал қаласы материалдық-техникалық қатынастарда да, білім беру, ғылым және кадрларды дайындау саласында да дәстүрлі даму базасы болып табылады. Елдің басқа облыстары және РФ-мен ынтымақтастық, көп аспектілі интеграцияны одан әрі күшейту қажет;
өңдеу өнеркәсібіне кеңейтілген бағыттаумен өнеркәсіптің құрылымдық өзгерістерін енгізу қажет;
өнімді өткізу нарықтардың, табиғи мал азықтық жерлерді және т.б. болуына байланысты АӨК мамандандырылған аймақтарды қалыптастыру қажет;
облыс аумағында тіршілік әрекеті тұрақты және қауіпсіз дамуының негізі инженерлік-көліктік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру қажеттілігімен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларды алдын алу бойынша шаралар жүйесі қаралады;
ең жақсы дайындалған және қолда бар қазіргі заманғы тіршілік қызметі үшін біршама қолайлы жағдайлы аймақ қалыптасқан мекендер бойынша дамиды, бірақ тірек Орал қаласы және қала шетіндегі аймақ маңайындағы орналастыруды қалыптастыруға жасалады.
2.3 Орта мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік –экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
А басымдылық
- Табиғи ресурстардың бай кен орындарының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);
- Машина жасау, металлургия саласындағы, құрылыс өндірісіндегі, азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;
- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;
- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы
B басымдылық
- Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды пайдалануы;
- Жоғары туристік әлеуетінің болуы;
- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде облыстың табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;
- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету
С басымдылық
- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;
- Облыстың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы;
- Газбен қамтамасыз етілген халық үлесінің ұлғаюы;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы
|
А басымдылық
- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;
- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;
- Тәуекел жер өңдеу аймағы;
- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер
B басымдылық
- Жайық ө., Деркөл ө., Шаған ө. Шалқар к. экожүйесін сақтау;
- Туристік-рекреациялық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі;
- Қала халқының тұрақты кірісі және ауыл халқының шығысы;
- Қала және ауыл халықтарының орташа айлық табыстары деңгейлеріндегі сәйкессіздіктер;
- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;
- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі
С басымдылық
- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;
- Мәдениет мекемесі қызметтеріне облыс халқының тең емес жетімділігі;
- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
А басымдылық
- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;
- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауы;
- Дайын ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамуы
B басымдылық
- Қолайлы экологиялық шарттарды құруы;
- Әлемдік стандартқа сәйкес туристік-рекреациялық инфрақұрылымды құруы;
- Ауылдық қоныстануды оңтайлы қамтамасыз ету мақсатымен ішкі көші-қонды реттеуі;
- Оң көші-қон сальдосын бекіту үшін облыстың елді мекендерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын жоғарылауы;
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз етуі;
- Әлеуметтік саланың жоғары білікті мамандарының ауылға келуін ынталандыруы;
- Халық өмірі деңгейінің жоғары стандарттары;
- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылауы;
- Облыстық жол жүйесінің өткізу және өтпелі қабілетін жоғарылауы;
- Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдары үлесінің жоғарылауы
С басымдылық
- Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен жүз пайыздық қамтылуы;
- Ұсынылатын мәдени қызметтер сапасын жоғарылауы және дамуы;
- Электр беру, магистралды және жылу тораптарының желілерін қалпына келтірілуі және күрделі жөндеуі
|
А басымдылық
- Өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;
- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;
- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі
B басымдылық
- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;
- Өңірдің қолайсыз туристік имиджін құруы;
- Білікті және жас мамандардың өңірден көшуі;
- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;
- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығынан халыққа медициналық қызметтердің толық көлемде берілмеуі;
- Облыстың экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы;
С басымдылық
- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;
- Мәдениет саласындағы төмен еңбекақыдан жас шығармашылық кадрлар келуінің төмендеуі;
- Облыстың өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы
|
2.4 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
2010 жылы облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың 21 өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылды. Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-2 шешімімен өңірлік бағдарламалар күші жойылуға қойылды.
2011 жылдан бастап өңірдің дамуы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттары есебімен әзірленген Батыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығымен бекітілген аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес әзірленді.
Батыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасы облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 шешімімен бекітілді.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді (2011 жылғы 14 ақпандағы №2 облыс әкімінің шешімі).
3. ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Батыс Қазақстан облысы дамыған көліктік инфрақұрылымымен, агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілетті салалары, өңдеу өнеркәсібінің екпінді дамуы, табиғи газды қайта өңдеу және көмірсутектік шикізатты өндіруді арттыру негізінде қолайлы бизнес-ахуалымен, халықтың өмір сапасы және жағдайы тұрақты өсетін өңір болады.
Орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының келешегі мұнай-газ кешенінің бұдан әрі дамуымен байланысты болады, осыған байланысты облыс мұнай және газ өндіруді бұдан әрі кеңейту және қалыптасқан мамандандырылу есебінен, белсенді шекаралық ынтымақтастығы, АӨК және өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті салалары, табиғи газды қайта өңдеу және көмірсутектік шикізатты өндірудің жетекші орталықтарының бірі болып қала береді.
Өңірді дамытудың негізгі мақсаты тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, халық өмірінің жоғары сапа стандарттары және ахуалының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, екпінді дамитын, теңгерілімді, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономиканы құру болып табылады.
Жалпы көріністі іске асыру мыналарға бағытталған:
-
тереңдетілген қайта өңдеу өніміне көмірсутектік өндіріске кейінгі ауысумен, өңір экономикасының дәстүрлі айрықша секторы ретінде мұнай-газ секторын дамыту;
-
халықаралық сапа стандарттарын енгізумен қатар, дамыту институттарының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялық қызметті кеңейту, өндірісті әртараптандыру жолымен қол жеткізетін, шығарылатын өнімнің жоғары өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігімен өңделуші өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемін өсіру;
-
экспорттық ресурстарды қалыптастыру және экономиканың бәсекеге қабілетті аграрлық секторын көтеру, өзіндік өндіріс азық-түлігі және ауыл шаруашылығы өнімімен облыстың қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
-
шетелдік шекаралас мемлекеттер және Қазақстан өңірлерімен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;
-
өңірдің шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
-
қоршаған ортаға экологиялық жүктеуді төмендету және ұтымды табиғатты пайдалануды қамтамасыз ету арқылы өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту;
-
тиімді және толық әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыру, тұрғын үй құрылыс көлемінің өсуі, білім беру және денсаулық сақтаудың сапалы қызметтерін ұсыну, облыста демографиялық жағдайды жақсарту жолымен халықтың өмір сапасының деңгейі және ахуалын көтеру;
-
көліктік тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым ахуалын жақсарту арқылы облыстың инфрақұрылымдық даму деңгейін көтеру.
Бағдарламаны түрлі кезеңдерде іске асыру құралдарына мыналар жатады:
- 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту Бағдарламасының іс-шаралар жоспары;
- тиісті мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық басқару жоспарлары;
- коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың жобалары және бизнес-жоспарлар.
Батыс Қазақстан облысы аумағын дамыту бағдарламасының орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтары:
I басымдық:
|
мұнай-газ өндіруші және газды қайта өңдеуші сектор
|
II басымдық:
|
мұнайды қайта өңдеу, құрылыс материалдарының өнеркәсібі және машина жасау
|
III басымдық:
|
АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру және ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу
|
IV басымдық:
|
Халықтың өмір сүру сапасының және әл-ауқатының өсуі
|
Достарыңызбен бөлісу: |