Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



бет13/20
Дата25.02.2016
өлшемі2.2 Mb.
#22215
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Жер ресурстары

Облыстың батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен (Астрахан, Волгоград, Саратов, Орынбор, Самара облыстарымен), шығысында - Ақтөбе және оңтүстігінде Атырау облыстарымен шекаралас. Шекарасының ұзындығы 2423 шақ құрайды, соның ішінде РФ облыстарымен - 1532,1 шақ, республика облыстарымен - 891 шақ.

Облыстың әкімшілік-аумақтық құрамы жүйесіне 12 аудан, 148 ауылдық округ, 3 кент, облыстық маңызы бар қала (Орал қаласы) және аудандық маңызы бар қала (Ақсай қ.), 443 ауылдық елді мекендер кіреді.

Облыстың жалпы жер аумағы 15133,9 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5516 мың га (36,4% жалпы жер алаңынан), елді мекендердің жерлері – 2323,8 мың га (15,4%), өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес – 37,9 мың га (0,2%), орман қорының жерлері – 215,3 мың га (1,4%), су қорының жерлері – 75,5 мың га (0,5%), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 12,4 мың га (0,1%), босалқы жер – 5487,9 мың га (36,3%), Ресей Федерациясының қорғаныс мұқтажы үшін жалға берілген жер 1465,1 мың га (9,7%).

40-кесте

Жалпы жер алаңы және жерді бөлу

мың га





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жалпы жер алаңы

15133,9

15133,9

15133,9

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

4945,5

5271,8

5516,0


соның ішінде










шаруа (фермер) қожалықтарының жерлері

3883,6

4268,5

4662,0


мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерлері

982,7

921,9

775,4


мемлекеттік заңды тұлғалардың жерлері

73,6

75,8

73,0


азаматтардың бағбандық және саяжай құрылысын жүргізуге арналған жерлері

5,6

5,6

5,6


Елді мекендердің жерлері

2333,0

2323,6

2323,8

Өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер

37,1

37,7

37,9


Орман қорының жерлері

215,0

215,5

215,3

Су қорының жерлері

75,5

75,5

75,5

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

12,4

12,4

12,4


Босалқы жерлер

6048,6

5732,6

5487,9

Ауыл шаруашылығы алқаптары 12779,7 мың га құрайды, оның ішінде егістік – 553,1 мың га, шабындық – 1008,2 мың га, жайылым – 10105,3 мың га.

Жалпы жер алқабының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5516 мың га құрайды, жаңа шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қосымша жерлерді беру есебінен 2012 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайды. Шаруа қожалықтарына берілген 4662,0 мың га, бұл 2012 жылғы деңгейден 778,4 мың га-ға көп.

2015 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдары 4242 бірлік немесе 2012 жылғы деңгейден 8 бірлікке, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары –3825 (39 бірлікке), ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының – 211 (21 бірлікке) артық.

41 кесте

Ауыл шаруашылық құрылымдары саны

1 қаңтарға, бірлік






2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ауыл шаруашылық құрылымдарының барлығы

4234

4294

4242

оның ішінде жұмыс істейтін

3976

4068

4036

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

190

195

211

Шаруа (фермер) қожалықтары

3786

3873

3825

2014 жылы жерлердің орман қорын 215,3 мың га құрады, орман қоры жерінің санатынан Орал қаласы елді мекендеріне ауыстыру нәтижесінде 2012 жылмен салыстырғанда 0,3 мың га қысқарды.

Жер қорын 5487,9 мың га құрады, жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 2012 жылмен салыстырғанда 560,7 мың га қысқарды.

Елді мекендер жері 2323,8 мың га құрады, орман қоры жерінің санатынан елді мекендер санатына ауысуына байланысты (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №381 қаулысы) былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 мың га артты.

Сонымен қатар Бөкей ордасы ауданының 3 елді мекені: Науша, Куйбышев, Көкқамыс ауылдары таратылды (БҚО мәслихатының 10.10.2013 жылғы №13-1 шешімі және БҚО әкімдігінің 8.10.2013 жылғы №217 қаулысы).

Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген тексеру және түгендеу нәтижесі бойынша 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жерлерден пайдаланылмайтын 297,3 мың га жер анықталған, оның ішінде 134,9 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды немесе 45,4%.

Мемлекетке қайтарылған жерлер қатарынан ауыл шаруашылығы айналымына 45,2 мың га ауыл шаруашылығы жерлері тартылды.

Жергілікті атқарушы органдардың жүргізген жұмыстары нәтижесінде жер пайдаланушылар өзінің 146,0 мың га жер учаскелерін пайдалануға кірісті.

Жалпы ауданы 1,7 мың га жер учаскелері бойынша материалдар қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың қарастыруында, оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алаңы 78,6 мың га жердің материалдары БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін бағытталды.

42-кесте


Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне

қайтару және түгендеу

мың га





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2012-2014 ж.ж.

Пайдаланылмайтын жерлердің анықталған алаңы

62,7

127,0

107,6

297,3

олардың ішінде мемлекет меншігіне қайтарылғаны

52,9

52,3

29,7

134,9

оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны

24,0

19,9

1,3

45,2

Облыста жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Түгендеу жұмыстары жүргізілген 9739 жер телімдері ішінен жалпы көлемі 188,37 га 1881 жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңдарды бұзуы анықталған.

Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық жер инспекциясы қабылдаған шаралар нәтижесінде алаңы 18,26 га 178 жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алаңы 72,6 гектар 759 жер учаскелерінің иелері шаралар қабылдағаннан кейін пайдалануға кірісті, алаңы 39,7 га 360 жер учаскелері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жүргізілді. Алаңы 18 га 186 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепте, 261 жер учаскесі бойынша заңнама бұзушылықтар анықталмаған.

Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жыл сайын жер беру;

  • ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер алаңын ұлғайту;




  • жерді пайдаланудың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

  • ауыл шаруашылығы жерлерін ауыспалы егіс және жайылым айналымдарын қолданбай пайдалану;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • өсімдік шаруашылығын және мал шаруашылығын дамыту;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту;

  • жерлерді пайдаланудың сапасын жақсарту.




  • оның ұзақ мерзімді рәсімделуіне байланысты пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке уақтылы қайтармау;

  • жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдалануынан топырағы тозған жерлер алаңының өсуі;

  • суармалы жерлердің азаюы.

Саланың негізгі мәселелері:

жайылымдардың әлсіз суландырылуы;

аймақтың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етудің төмен мүмкіндігі;

агроқұрылымдарда ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының болмауы;

пайдаланылмаған жерлерді қайтару және әрі қарай олардың ауылшаруашылық айналымына тартудың ұзақ рәсімделуі.


Ауылдық аумақтарды дамыту

2015 жылдың 1қаңтарына облысымызда 443 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде даму әлеуеті жоғары -56, орташа- 353, төмен- 34. Оларда 317,6 мың адам тұрады.

43-кесте

Ауылдық елді мекендердің саны





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлық АЕМ

450

444

443

Даму әлеуеті жоғары

46

53

56

Даму әлеуеті орташа

352

356

353

Даму әлеуеті төмен

52

35

34

Жоғары даму әлеуеті бар АЕМ санының өсу себебін талдау экономикалық блок көрсеткіштер өсімге барынша ықпал еткенін көрсетіп отыр. Мысалы, орташа даму санатынан жоғары даму әлеуеті санатына өткен АЕМ-дің ішінде кәсіпкерлік белсенділік артып, мал басының, еңбекпен қамтылған халық санының өсуі болып отыр.

Осындай оң нәтижеге облыстың ауылдық жерлерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуына мақсатты бағытталған бюджеттік инвестициялардың бөлінуі ықпал етіп отыр.

Атап айтқанда, 2013 жылдан 2015 жылға дейін ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында білім саласының 2 объектісі, 14 денсаулық сақтау объектісі, 3 мәдениет объектісі пайдалануға берілді. Сумен қамту жұмыстарымен - 22, газбен қамтумен 29 ауылдық елді мекен қамтылды. 2015 жылы 21 ауылдық елді мекендерді газдандыру, 4 білім объектісінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Бірақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шаралар жүргізуіне қарамастан, ауылдарда шешімін табуды талап ететін мәселелер бар (білім беру саласында 40 жыл бұрын салынған нысандар қалып отыр, денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан, жергілікті маңызы бар көлік жолдары шамалы жағдайда, 279 ауылдың тұрғындары орталықсыздандырылған суды қолданады).

Ауылды дамытудың тағы бір мәселесі білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.

44- кесте

Батыс Қазақстан облысы бойынша

«Дипломмен ауылға!» жобасының іске асырылуы

адам



Жылдар

Келген мамандар саны

соның ішінде

білім

денсаулық

әлеуметтік қамту

мәдениет

спорт

ветеринария

2012 ж.

525

356

101

7

37

8

16

2013 ж.

528

356

98

9

29

15

21

2014 ж.

542

352

118

11

23

15

23

2012 жылдан 2014 жылы бойынша облыс бойынша 1595 маман тартылды. Мамандардың жалпы санынан 1064 – педагог, 317 – денсаулық сақтау мамандары, 27 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 127 – мәдениет және спорт, 60 - ветеринария мамандары.

Жергілікті атқарушы органдармен халықтың нысаналы топтарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкесті материалдар жариялануда, радио және теледидардан сөз сөйленуде.

Ауылға мамандарды тарту бойынша қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылды жоғарғы білікті дәрігерлермен, физика, химия, ағылшын тілі мамандарымен қамтамасыз ету өткір күйіндегі мәселе болып қалып отыр.

Ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін одан әрі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде объектілердің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, ағымдағы жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға қаражаттарды бөлу қажет.

Ауылдық аумақтар бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ауылдық аумақтарды дамыту үшін бюджеттерден қаражатты жыл сайын бөлу;

  • газбен қамтылған халықтың үлесін арттыру.




  • аудандардың облыс орталығынан алыстығы;

  • көлік инфрақұрылымы нашар дамыған;

  • ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтылудың төмен деңгейі;

  • ауыл шаруашылығы үшін жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымдардың аз мөлшерде суарылуы;

  • ауылдық жерлердегі газбен жабдықтаудың болмауы;

  • шектеулі инвестициялық мүмкіндіктердің әсерінен энергетикалық жабдықтардың жоғары тозуы;

  • білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • бюджеттік ресурстарды қарқынды инвестициялауда ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту;

  • шекаралас аумақтарды нығайту.




  • су, электр энергиясы, жылу дәрежесінен ауылдық инфрақұрылымның артта қалуы;

  • тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың қиындықтары;

  • халықтың облыс орталығына жақын жерлерге көшуі.


Басты мәселелер:

инвестициялау үшін тартымсыз шарттар;

ауыл кәсіпкерлері үшін кредиттің қолжетімсіздігі ;

құрылыс және автокөлік жолдарын жөңдеу, сумен қамту, газдандыру, білім, денсаулық, мәдениет нысандарының құрылысымен күрделі жөңдеуі;

тұрғындарды жұмыспен қамту;

жоспарланған шараларды жеткіліксіз қаржыландырылуы.


Мемлекеттік қызметтер

2012 жылы 73 қызмет түрінен көрсетілетін қызмет регламенттерінің 24-і бекітілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен жаңа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді, соған сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін қызметтердің саны - 161.

Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітіліп аудан, Орал қаласы және облыс әкімдіктерінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі тәжірибелік қолданысқа енгізілді, бұл 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік берді соның жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5-уі әлеуметтік-маңызды болып анықталды.

45- кесте



Мемлекеттік қызметтердің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мемлекеттік органда (ведомстволық бағынысты мекемеде) көрсетілген қызметтердің жалпы саны

1060016

1963405

1495249

Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы

көрсетілген қызметтердің жалпы саны



16 417

22306

35174

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдар саны

34

7

0

Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны

108

8328

12393

Кенттік және селолық округтерде жеке қосалқы шаруашылығы бойынша электрондық тізілім енгізілді, бұл электрондық түрде бір қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет карточкалары толтырылады.

2012 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын қызметті алушылардың 93,8% «Жақсы», 6,2% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағалады.

2013 жылы көрсетілетін қызметтің сапасын қызметті алушылардың 95% «Жақсы», 5% «қанағаттанарлық», 0% «нашар» белгілерімен бағаланды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері бойынша зерделеу жұмыстарымен 33 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 8 923 респондент қамтылды.

Қоғамдық мониторинг арқылы, «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру» және «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер зерттелді.

Сұрау қорытындысы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерге қанағаттану 10-нан 9,1 баллды құрады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдармен насихаттау шегінде тұрғындардың хабардарлығы деңгейін және электрондық түрде алу мүмкіндіктері жөнінде бизнес-құрылымын «электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарлары ұйымдастырылды, полиграфия өнімін (плакаттар, буклеттер, постерлер) тираждау жүргізілді, облыстық, қалалық және аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстарына мемлекеттік қызметтерді көрсету орны мен уақыты туралы толыққанды ақпарат орналастырылды. Облыс әкімдігінің интернет-ресурсына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы орналастырылды.

Электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санының ұлғайғанына қарамастан, мұндай өтініштер саны төмен күйінде қалып отыр, бұл тұрғындарға интернет желісінің қолжетімді болмауына, хабардар болу деңгейінің төмендігіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет