Құрылыс бойынша SWOT – талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;
-
тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;
-
жеке тұрғын үй құрылысына бос жер учаскелерінің болуы.
| -
қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).
-
тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;
-
қаражаттың жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, жалдамалы тұрғын үйлердің әлсіз қарқынмен дамуы;
-
тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру, тұрғын үй құрылыс құрамында қазақстандық үлесін арттыру;
-
жыл бойы бір қалыпты құрылысты ұйымдастыру;
-
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
-
жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.
| -
қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;
-
мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы;
-
тұрғын үй құрылысы, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы;
|
Қолданылып жатырған шараларға қарамастан бүгінгі күнде әлеуметтік бағытта және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуына әсер ететін бірқатар мәселелер бар;
жергілікті атқарушы органдар тізімінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына жеткіліксіз ақша аударылуы;
экономикалық белсенді халық бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай отыр;
халықтың төмен төлем қабілеттілігі;
жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.
Азаматтарға тұрғын үйге қол жетімділігі және оларды тұрғын үймен қамтасамыз ету тиімділігін арттыру тұрғын үй салу жолымен жүзеге асады.
Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен болашақта жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысының және қолжетімді құрал, сондай-ақ тұрғын үй несиесінің айырықша көлемінің ұлғаюы.
Сонымен қатар, халықтың көші-қоны секілді демографиялық жағдайларын күшейту, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйге көптеген тұрғындардың тапсырыс беруінің артуы үшін несиелік қорлар шектеулі. Облысымызда құрылыстың өсу қарқынына байланысты мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп үлгермеуде. 2014 жылғы қорытындыларға байланысты тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 16,8 мың адамды (2013 жылы-15,9 мың адам) құрады.
Жолдар және көлік
Облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль және темір жол, әуе және су желілерінің тарамдалған желісі орналасқан.
2014 жылы 40,0 млн.тонна әр түрлі жүк тасымалданды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 11,7%-ға көп, жолаушылар - 428,3 млн.адам (6,5%-ға көп). Жүк айналымы 2723,6 млн.ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өсті, жолаушылар айналымы 7491,9 млн. жкм құрады (13,5%-ға көп).
34-кесте
Көліктердің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, мың тонна
|
35 810,0
|
38 868,0
|
39 987,8
|
өткен жылдың кезеңіне %-бен
|
105,5
|
108,5
|
102,9
|
Жүк айналымы, млн. ткм.
|
2 426,5
|
2 634,4
|
2723,6
|
өткен жылдың кезеңіне %-бен
|
113,9
|
108,6
|
103,4
|
Көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау, мың адам
|
402 338,1
|
425 757,6
|
428 310,3
|
өткен жылдың кезеңіне %-бен
|
110,3
|
105,8
|
100,6
|
Жолаушылар айналымы, млн. жкм.
|
6 598,3
|
7 087,5
|
7491,9
|
өткен жылдың кезеңіне %-бен
|
108,3
|
107,4
|
105,7
|
Автомобиль көлігі
Тасымалданған жалпы жүк көлемінің 99,7% және тасымалданған жалпы жолаушылар санының 99,9% автомобиль көлігінің үлесіне жатады.
2014 жылы автомобиль көлігімен 39,9 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 11,8%-ға көп, жолаушылар – 427,9 млн.адам (6,4%-ға көп). Жүк айналымы 2722,3 млн.ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өсті, жолаушылар айналымы – 6964,5 млн. жкм (7,4%-ға көп).
Қазіргі уақытта облыста 5 халықаралық, 2 облысаралық, 35 қалалық, 38 облысішілік, 23 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 13 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.
Орал қаласының автобус маршруттарында 522 бірлік, облысішілік маршруттарда 130 бірлік автобус пен шағын автобустар жұмыс жасап жатыр.
Орал қаласында 521 бірлік такси көлігі бар 35 такси компаниясы қызмет көрсетеді.
Облыстың 443 ауылдық елді мекенінің 232-і (52,4%) автобус қатынасымен қамтылған.
2014 жылы 4 әлеуметтік маңызы бар автобус маршрут бойынша жолаушылар тасымалы облыстық бюджет есебінен 30,0 млн. теңгеге субсидияланды.
2013-2014 жылдары қалада тасымалдаушы-кәсіпорындардың автобус парктері едәуір жаңартылды, 100 бірліктен астам жаңа автобус сатып алынып, соның арқасында жолаушылар тасымалында қызмет көрсету деңгейі артты.
Орал қаласындағы «Уралтехсервис» ЖШС және «№1 жолаушы автокөлік кәсіпорны» ЖШС кәсіпорындарында көліктерді диспетчерлік сүйемелдеу орталықтары құрылды. Қалалық бірнеше маршрут GPS-навигациялық құралдармен жабдықталды, бұл автобустардың жұмысын қашықтықтан бақылап отыру мүмкіндігін жүзеге асырады.
Темір жол көлігі
Облыстың темір жол көлігіне Саратов (Ресей) және Ақтөбе (Қазақстан) қалалары арқылы «Батыс-Шығыс» магистралі қызмет көрсетеді.
Облыс аумағынан өтетін темір жолдың жалпы ұзындығы 430,7 км құрайды, соның інішде Орал темір жол бөлімшесі – 319,7 км, Жәнібек және Бөкей ордасы аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын Приволжск темір жолы (Ресей Федерациясы) -111 км.
Біздің облыс арқылы «Астана – Киев», «Алматы – Мәскеу», «Ташкент-Харьков» халықаралық жолаушылар пойыздары, облысаралық қатынастағы «Орал-Алматы», «Орал – Ақтөбе», «Орал – Астана» және «Орал – Озинки» және «Орал – Шыңғырлау» екі қала маңы пойыздары өтеді.
2014 жылы екі әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы «Орал-Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» пойыздарын тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға облыстық бюджеттен 120,0 млн. теңге бөлінді.
Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындары күзгі-қысқы лайсаң мезгілдерде қатты жамылғылы жолдың және тікелей темір жолдың жоқтығынан облыс орталығына жету үшін едәуір қиындықтарға тап болады.
Аталған мәселенің шешуі қазақстандық құраммен «Ақтөбе-Астрахань» қатынасындағы жолаушылар пойызын ашу болып табылады, бұл сондай-ақ облыс тұрғындарына Ақтөбе қаласы арқылы Астана және Алматы қалаларына жетуге септігін тигізеді.
Әуе көлігі
Облыс аумағы арқылы үш әуе дәлізі өтеді. Жалпы ұзындығы 1172 км транзиттік қатынаспен халықаралық жеті әуе трассасы жүзеге асырылады.
Орал қаласының әуежайы арқылы «Бек Эйр» және «СКАТ» әуекомпанияларымен облыс орталығын Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларымен байланыстыратын тұрақты әуе маршруттары іске асырылуда.
Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Берілген жобаны іске асыру облыстағы көлік әлеуетінің дамуына септігін тигізеді.
2014 жылы әуе көлігімен 0,24 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 30,8%-ға көп, жолаушылар – 354,7 мың адам (5,9 есеге көп). Жүк айналымы 370,3 мың ткм құрады (0,9%-ға көп), жолаушылар айналымы – 526,5 мың жкм (4,6 есеге көп).
Су көлігі
Су көлігі облыстың көлік саласындағы жұмыс көлемі бойынша көп мөлшерде орын алмайды.
Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау облыста Жайық өзені арқылы жеке кеме компаниялары, негізінен, «Флот» ЖШС және «Эсторал» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.
Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 623 км құрайды.
2014 жылы су көлігі кемелерімен 122,4 мың тонна жүк тасымалданды немесе 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,7%, жолаушылар – 28,1 мың адам (2012 жылға 73,4%). Жүк айналымы 0,9 мың ткм құрады немесе 2012 жылғы деңгейге 119,6%, жолаушылар айналымы – 874,4 мың жкм (66,3%).
Автомобиль жолдары
Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.
Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,55 мың км құрайды, оның ішінде 1390 км – республикалық маңызы бар автожолдар.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5140,5 км құрайды, оның ішінде қара жамылғылы автожолдар – 1119,0 км (21,8%), қиыршық тасты автожолдар – 2212,95 км (43%), топырақты автожолдар - 1808,6 км (35,2%).
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрамына 63 көпір өткелі және 1142 су өткізгіш құбырлары.
2012-2014 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, қайта құруға, жөндеуге және күтіп-ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттен 11 394,0 млн.теңге бағытталды, соның ішінде 2012 жылы - 1662,6 млн.теңге, 2013 жылы - 2524,8 млн.теңге, 2014 жылы – 7206,6 млн.теңге.
2012-2014 жылдары жалпы ұзындығы 94,3 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (2012 ж. – 15 км, 2013 ж. – 18,4 км, 2014 ж. – 60,9 км).
«Деркөл ауылынан Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолы қиылысына дейінгі 7,8 км», «Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу 71-73 км, Қараөзен ауылына кірме жолымен 0-10 км (12 км)», «Жымпиты – Қаратөбе» нысандарында автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Қаратөбе (Қаратөбе ауылы) және Шыңғырлау (Шыңғырлау ауылы) аудан орталықтары облыс орталығы Орал қаласымен қатты жамылғылы жолмен қосылды.
«Жымпиты-Қаратөбе», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Орал-Кирсанов», «Бұлдырты ауылына кірме жол», сондай-ақ республикалық маңызы бар «Чапаев-Жалпақтал-Казталов–РФ шек.», «Орал-Тасқала-РФ шек.» және т.б. автожолдар учаскелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Көлікті дамыту бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін тарамдалған автомобиль және темір жол, әуе және су желілері орналасқан;
-
көліктердің негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы.
| -
негізгі құралдардың айтарлықтай моральды және физикалық тозуы (жылжымалы құрам мен инфрақұрылым);
-
көлік кешенінің негізгі құралдары мен инфрақұрылым ахуалы жеке сектор және мемлекет тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді;
-
қала маңындағы және облысішілік автобус маршруттарындағы жеке тасымалдаушылардың рұқсатсыз ұйымдаспаған жолаушылар тасымалдауы;
-
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы (2014 жылдың қорытындысы бойынша 76%);
-
шалғай орналасқан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары тұрғындарын облыс орталығымен байланыстыратын тікелей теміржол қатынасының жоқтығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
инфрақұрылымды қамтуды дамыту үшін экономикалық белсенділік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;
-
автомобиль жолдары желісін сақтап қалу және дамыту.
| -
автокөліктің жылжымалы құрамының тозуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді;
-
жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жағдайы пайдалану қозғалысының төмендеуіне, көліктерді пайдалану шығынының жоғарылауына, апаттық жағдайлардың өсуіне алып келеді;
-
инвестициялық белсенділік деңгейі мен экономикалық өсім қарқынының төмендеуі.
|
Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады. Үш аудан орталығының (Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов) облыс орталығымен әлі күнге дейін сенімді автомобиль қатынасы жоқ.
Негізінен облыстық және аудандық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдар V техникалық санатқа жатады. Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.
Сондықтан, инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2014 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 12,03 млн. текше метр құрайды, соның ішінде 11,8 млн. текше метр немесе 98% тұрғын үй жеке меншікте. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 2,3 млн. текше метрі немесе 20% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 16,24 мың текше метрі (0,1%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыста 2011-2014 жылдары көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1,1 млрд.теңге бағытталды. 153 үй жөнделді, соның ішінде 2012 жылы - 86 КПТҮ, 2013 жылы – 27 КПТҮ, 2014 жылы – 40 КПТҮ.
Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жүргізілді.
Электрмен қамту облыс инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. Элекр энергиясын өндіру көлемі 2014 жылы 1699,8 млн.кВт.с (облыс қажеттілігі – 1658,4 млн.кВт.с) 2012 жылмен салыстырғанда 10,4% ұлғайды.
35- кесте
Электр қуаты өндірісі
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2014 ж. 2013 ж., %
|
Электр қуаты өндірісі, млн. кВт. сағ
|
1539,6
|
1584,8
|
1699,8
|
107,3
|
Облыста электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» АҚ газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.
Облыста электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде ұзындығы 20 462 шақырым, кернеулігі 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ желілері, 3047 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жыл сайын трансформаторлық қосалқы стансалар және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеулер болып тұрады. 2011 жылы - 2544 шақырым, 2012 жылы – 3173 шқ, 2013 жылы – 2867 шқ, 2014 жылы – 2022 шқ электр тарату желілері жөнделді.
Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100%-ды құрайды.
Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы - 80%, ауылдық жерлерде 90% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі. Облыста 443 елді мекеннің ішінде Бөрлі ауданының 2 елді мекені электрмен жабдықталмаған.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша іс-шараларын табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Аймақтың экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарын тұтыну әдетте сол қарқынмен өседі, ішкі аймақтық өнім сияқты, өйткені экономикалық өсу өнім өндірісінің ұлғаюымен, ресурстарды тұтынуымен байланысты.
Осылайша, энергия үнемдеу облыс алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Электр тұтыну құрылымы көрсеткендей 69,1% өнеркәсіп секторына келеді, соның ішінде энергетикаға - 11,9%, көлік секторына – 5,2%, халыққа - 18%, ауыл шаруашылығына – 0,4%, экономиканың басқа салаларына – 12,5%.
Өнеркәсіп секторымен тұтынылатын энергия ресурстарының 52%-н облыстың 18 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары тұтынады.
Осылайша, облыстың электр тұтыну құрылымына жүргізілген талдау энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушылары өнеркәсіп, сонымен қатар электр және жылу энергиясын өндіру секторы екенін көрсетеді.
Тұрғын үй секторы электр энергиясының шамамен 18%-н және жылу энергиясының 21% тұтынады. Жылумен қамтамасыз ету көздерімен жылу энергиясын өндіру 2014 жылы 3490,9 мың Гкал құрады.
Аймақтың тұрғын үй қорының 79,8%-ның жағдайы жақсы, жөндеуді қажет ететіні - 20% және апатты жағдайда – 0,2%.
Облыстың коммуналдық секторының инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі келесідей:
жылумен қамту - 46%-ның қалыпты жағдайда, жөндеуді қажет ететіні - 54%. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 283,8 км, соның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ – 231,9 км, «Аксайжылукуат» АҚ – 51,9 км;
электрмен қамту - 20%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 80%. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы –20 666 км, «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ – 20 456 км, «Аксайгазпромэнерго» АҚ - 210 км;
газбен қамту - 97%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 3%. Жалпы ұзындығы –3334,3 км.
Бюджеттік секторда әлеуметтік маңыздылығы мен қаржыландырудың жетіспеушілігінен энергия үнемдеу маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні облыстың бюджеттік мекемелерінде 703 216 свет нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші - 24% немесе 168 771 свет нүктелері.
Облыста барлығы 2030 мемлекеттік мекеме бар, соның ішінде білім беру нысандары – 886 (398702 свет нүктелері), денсаулық сақтау нысандары - 434 (197 307 свет нүктелері), мәдениет нысандары – 701 (105 151 свет нүктелері) және әлеуметтік қорғау нысандары - 9 (4056 свет нүктелері).
Бүгінгі күні көше жарығында 22 494 свет нүктелері (шамдар) сыртқы жарығы бар, соның ішінде энергия үнемдеуші 35% немесе 7872 свет нүктелері.
Облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2014 жылы облыстық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 27 маусымдағы №18-6 шешімімен бекітілген және Батыс Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 904 қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы іске асырылуда.
Сонымен қатар бүгінгі күні қолда бар негізгі жабдықтардың техникалық артта қалуы және жоғары тозуы, жөндеу-құрылымдау, энергия үнемдеу жұмыстары бойынша іс-шараларды жүргізуге өз қаражаттарының жетіспеушілігі коммуналдық шаруашылық ұйымдары үшін ортақ мәселе.
2016-2020 жылдары энергия үнемдеу секторын дамыту. 2015 жылдың маусым айында энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспары дайындалып, Батыс Қазақстан облысының мәслихатымен бекітілді. Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 2188,7 млн.теңгеге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 251 млн.теңгеге, жергілікті бюджеттен - 9 млн.теңгеге, кәсіпорын қаражаты есебінен - 1928,7 млн.теңгеге 109 іс-шара қарастырылған.
Баламалы энергетика
Өнеркәсіп кәсіпорындары базасында энергияны сақтау технологияларының жаңа түрлері игерілуде. Мысалға, «Омега» Прибор жасау зауыты» АҚ-мен жел қондырғылары – энергия көзін жаңғыртуды енгізу бойынша өндіріс игерілді. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ тұтынушылардың сұранысы бойынша Қазақстан нарығына қуаттылығы 2-ден 5 кВт/сағ. дейін жел-күн қондырғыларын жеткізуге дайын. «Западэнергопром» ЖШС базасында қуаттылығы 2 кВт дейін жел энергетикалық қондырғысының тәжірибелік үлгісі жасалды.
2014 жылы энергия көзін жаңғырту көздерінен 5,6 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Сумен қамту
Су көздерінің ластануынан, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауынан, сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз болуынан облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
2014 жылдың 1 қаңтарына қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 83%-ды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 82%, Ақсай қаласы – 93%. Қалалық коммуналдық су желілерінің жалпы ұзындығы 558,8 шақырымды құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 428,4 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 шақырым.
Тозығы жеткен жағдайдағы 259,4 шақырым су құбыры желілері бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 155,4 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 шақырым.
2012 жылы 14,1шақырым су құбыры желілері ауыстырылды, 2013 жылы – 18,9 шақырым, 2014 жылы – 27,3 шақырым. 2012 жылы апаттық жағдай мен суды айыру саны 285 бірлік құрады, 2013 жылы – 203 бірлік, 2014 жылы – 109 бірлік.
Ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 2012 жылы 69%-дан 2014 жылы 75,1%-ға дейін ұлғайды.
443 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 160-сы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі бар, 279 АЕМ орталықтандырылмаған сумен қамтуды пайдаланады, 4 АЕМ тасымалды суды пайдаланады.
Ауылдық елді мекендердің су құбырлық желісінің жалпы ұзындығы 1416,6 шақырым, олар коммуналдық меншікте тұр. Тозығы жеткен жағдайда 122,8 шақырым (8,7%) су құбыры желісі бар.
«Ақ Бұлак» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 12 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1601,5 млн.теңге бөлінді және игерілді, соның 8 – іске қосылды.
2013 жылы 7 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1055,6 млн.теңге бөлінді және игерілді. 86,7 шақырым су құбыры салынды және 126,6 шақырым жаңғыртылды. Екі мың данадан астам суды есептеу аспаптары орнатылды. Нәтижесінде 2,9 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 5,6 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.
36-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |