Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау



бет10/20
Дата25.02.2016
өлшемі2.2 Mb.
#22215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан облыс халқы мен аумағын қорғау бойынша жағдайлар жасалынды;

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіп-қатерді төмендету және шығынды азайту бойынша жағдайлар жасалынды;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;

  • облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.




  • өртке қарсы қызмет гарнизоны автопаркінің техникалық жарақтандырылуы, техниканың 60 пайыздан астамы ескірген;

  • өрт сөндіру депосы санының жеткіліксіздігі;

  • 80 пайыз өрт оқиғалары мен адам өлімі жағдайлары орын алатын жеке тұрғын секторларда өрт оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі.

  • өрт қауіпсіздігі ережелерін, сонымен қатар су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша тұрғындардың мәдениетінің төмендігі;

  • коммуналдық меншіктердің гидротехникалық ғимараттардың бірқатары жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді;

  • «мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі;

  • жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту бойынша уақытылы іс-шаралар қабылдау;

  • апатты алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді арттыру;

  • төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Тұрғындарды жаңа технология, интерактивті тәсілдермен, заманауи талапқа сай оқыту;

  • тұрғындарды төтенше жағдайлар болу қауіпі туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы, кабельдік телеарналар бойынша ақпараттандыру;

  • құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

  • құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту;

  • жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.

  • төтенше жағдайлар мен оқиғалар, соның ішінде күзгі-қысқы жылыту мезгілдеріндегі өрт, табиғи (дала және орман) өрт қауіпі;

  • гидротехникалық ғимараттардың бұзылуы кезінде елді мекендерге қауіп төну жағдайлары;

  • жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың артуына орай қылмыстың, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсу қаупі;

  • автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.





Негізгі мәселелер болып табылады:

білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлері («мектеп» инспекторлары) жетіспейді. Облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлерінің жалпы саны 47, ал облыс аумағында 397 орта жалпы білім беретін мектеп бар, онда 88,7 мың оқушы, 38 орта-арнаулы оқу орнында 22,1 мыңнан астам оқушы, 3 жоғарғы оқу орнында 28,4 мыңнан астам студент білім алуда;

ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күн көріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;

көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді;

жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.

Аталған мәселенің шешімін табу үшін 2016-2020 жылдар аралығында «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңмен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;

балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;

бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум бекіту;

бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;

2016-2020 жылдар аралығында облыстағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту;

жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;

техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс.


Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

Байланыс – экономика мен қоғамның өспелі коммуникациялық қажеттілігін қамтамасыз ететін динамикалы дамушы өндірістік-шаруашылық кешен. Облыстың ЖАӨ саласының үлесі 2014 жылы 0,5%-ы құрады.

Телефон байланысы саласындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның ұлттық операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ филиалы пошта байланысы саласындағы қызмет көрсету нарығында негізгі жабдықтаушы болып қалып отыр.

2014 жылы 471,1 млн. теңгеге пошта және курьерлік жұмыстарымен қызмет көрсетілді, байланыс қызметі - 6391,9 млн. теңге сомасында болып отыр, салыстырмалы бағаларының 29,9% және 6,8% 2013 жылдың көлемінен көп, сәйкесінше. Байланыс қызметі көлемінің көбеюі – Интернет желісі қызметі көлемінің (15,6%-ға) және басқа да телекоммуникация қызметінің (36,4%-ға) өсуіне байланысты болып отыр.

Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету бойынша желі байланыстарының дамуы озық қарқында. 4G технологиясы енгізілуде, ADSL, CDMA/EVDO, FTTH, 3G және WiFi сияқты технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу желісі дамуда.

2014 жылы тіркелген Интернеттің абонент саны 47 мың бірлікті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. 2014 жылы жоғары жылдамдықты кеңжолақты қосылуды қолданумен тіркелген Интернеттің абонент саны 46,9 мың бірлікті (тіркелген Интернеттің жалпы абонент санының 99,8%-ы) құрады.

Соңғы жылдары байланыстың көрсететін қызмет құрылымы өзгерді. Интернет желілеріне қосылудың және ұялы байланыстың әр алуан түрлерінің енгізілуіне байланысты байланыс қызметінің жалпы көлеміндегі тіркелген телефон байланысының үлесі қысқаруда.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы телефон байланысының қалааралық және халықаралық қызметтері 18,5%-ға төмендеді және 709,4 млн. теңгені құрады (2012 ж. – 1085,6 млн.теңге, 2013 ж. – 869,9 млн.теңге), жергілікті телефон байланысы – 4,2%-ға төмендеді және 1869,1 млн.теңгені (2012 ж. – 1660,8 млн.теңге, 2013 ж. – 1929,3 млн.теңге) құрады.

Тіркелген телефон желілерінің саны 2014 жылдың аяғына 158,7 мың бірлікті құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға төмен, соның ішінде тұрғындарда – 136,4 мың бірлік (3,9%-ға төмен). Ауылдық жерлерде тіркелген телефон желілерінің саны 55,3 мың бірлікті құрады. Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2014 жылы 25,2 бірлік құрады (2012 ж. – 26,3 бірлік).

Облыстағы ауылдық елді мекендердің 96,1% телефондандырылған.

31-кесте

Байланыс бойынша негізгі көрсеткіштер





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж.

2013 ж. %-ға

Пошталық және курьерлік қызметтің көлемі, млн. теңге

355,8

363,1

471,1

129,9

Байланыс қызметінің көлемі, млн. теңге

5863,9

6167,1

6361,9

106,8

Тіркелген телефон желілерінің саны, мың бірлік

161,7

163,7

158,7

96,9

Тіркелген Интернет абоненттерінің саны, мың бірлік

41,7

45,3

47,0

103,7

Тіркелген Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу абоненттерінің саны, мың бірлік

41,0

45,1

46,9

104,0

Интернет желілеріне тіркелген (кабель тарту) кеңжолақты қосылу трафигі, ГБайт

-

8645985,9

10409611,2

120,4

Интернет желілеріне тіркелген (кабельсіз) кеңжолақты қосылу трафигі, ГБайт

-

504 203,1


1 728 350,6


в 3,4 есе

Кабельді телевидение абоненттерінің саны, мың бірлік

36,0

33,9

32,6

96,2

Халық саны 1000 адам және одан да көп елді мекендерді мобильдік байланыс қызметімен қамтамасыз ету көрсеткіші 92,2% құрайды (2012 ж. - 90%, 2013 ж. - 91%).



Техникалық жарақтандыру

Облыстық басқармалар, аудандар мен қала әкімдіктері, ауылдық әкімдіктер компьютерлермен 100% жарақтандырылған. Барлық облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері Интернет желісіне қосылған, 151 ауылдық (кенттік) округтің 93-і интернет желісіне қосылған.



Байланыс арналары

Облыста облыс әкімдігінің мәліметтерін берудің корпоративтік желісі (МБКЖ) құрылған, ол облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерін бірыңғай жүйеге біріктіру үшін арналған. МБКЖ-ға облыс әкімінің аппараты, облыстық мәслихат, тексеру комиссиясы, облыстық басқармалар (23 басқарма), 12 аудан әкімдерінің аппараты, Орал қаласы әкімінің аппараты қосылған. 2015 жылдың 1 қаңтарына МБЖК-ға барлығы 112 ұйым қосылып, жергілікті есептеу желілеріне енгізілген.

Барлық мемлекеттік мекемелерде Microsoft компаниясының лицензиялық бағдарламалық қамтуы орналастырылған серверлер немесе жұмыс стансалары орнатылған. Серверлерде ақпараттық қауіпсіздік жүйелері орнатылды.

Облыс әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасында мәліметтерді IP VPN бойынша беру қамтамасыз етіледі. Мәліметтерді беру жылдамдығы 256 Кбит/секундтан 1 Мбит/с дейін құрайды. Байланыс арналарының саны - 60.

Мәліметтерді берудің корпоративтік желісі облыстың мемлекеттік мекемелеріндегі 1300 дербес компьютерлерді біріктіреді, электрондық құжат айналымын жүргізуге, электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Мәліметтерді берудің корпоративтік желісі ақпараттарды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерді МБКЖ-ға қосу облыстық өзара ықпалдасқан телекоммуникациялық (облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі) инфрақұрылымды құруға ықпал етті.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасына қосылған.

Барлық аудандардың әкімдіктеріне Мемлекеттік органдардың интранет порталы енгізілген.



Облыста қолданылатын ақпараттық жүйелер

Қазіргі таңда келесі ақпараттық жүйелері қолданылады: Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, «облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсы» ақпараттық жүйесі, «Электрондық үкімет шлюзінің кіші жүйесі ретінде аймақтық шлюз».

Облыстық басқармалардың, аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстары жұмыс істейді. Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсының дизайнын жаңғырту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

«Е-үкіметтің» базалық компоненттерін пайдалану

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс барысында қолданылатын е-үкіметтің базалық компоненттеріне мыналар жатады:

ҚР МО электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ҚР МО ЭҚАБЖ);

«Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

«Электрондық үкімет шлюзінің кіші жүйесі ретінде аймақтық шлюз» ақпараттық жүйесі (ЭҮАШ АЖ).

Мәліметтерді берудің корпоративтік желісіне қосылу, электрондық құжат айналымының жүйесін енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландыру орталығымен ықпалдасу құрылымдық бөлімшелердің ведомствоаралық электрондық құжат айналымына (қағаз нұсқасында қайталамай) көшуіне мүмкіндік берді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МТ АЖ) жобасы аясында мәліметтерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорындағы мекенжай деректерімен салыстыра тексеру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтерді түзету жүзеге асырылды.

МТ АЖ деректер қорына мекенжайлар 100% енгізіліп, 99,9% салыстыра тексеру жүргізілді.

Әкімдікте ЭҮАШ АЖ енгізілді, ол электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. 2012 жылы ЭҮАШ АЖ аудандарға тираждалды.

2012 жылы компьютерлік сауаттылық негіздеріне – 18738 адам, «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларында 3546 адам оқытылды, (оқытылғандардың жалпы саны 22284 адам), 2013 жылы 4563 адам және семинарларда – 2300 адам оқытылды (оқытылғандардың жалпы саны 6863 адам), 2014 жылы компьютерлік сауаттылық негіздеріне – 2513 адам оқыды.



Байланыс және коммуникация бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Интернет желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерінің, мобильдік байланыстың дамуы озық қарқынмен келе жатыр;

  • жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейі ұлғаюда;

  • телерадиотарату желілерін цифрлық технологияға өту көмегімен жетілдіруі;

  • халыққа және бизнеске көрсетілетін қызмет сапасын көтеру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық қор құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету рәсімдері жеңілдетілді;

  • «электрондық үкімет» инфрақұрылымы көмегімен азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпараттар беру мен қызмет көрсету тапсырмалары табысты шешілді;

  • ақпараттық технологияларды қолдану мен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жылсайынғы бағалау жүргізіледі.




  • ұялы байланыс, Интернет желілері қызметінің жоғары тарифы;

  • ИКТ отандық өндіріс құралдарының төмен деңгейлігі және оның импортқа тәуелділігі;

  • ақпараттық теңсіздік, халықтың компьютерлік жалпы сауаттылығының төмен деңгейлігі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • CDMA/EVDO, FTTH, 3G және 4G, WiFi сымсыз желілері сияқты заманауи технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қолжетімділік;

  • бар желілерді жетілдіру арқылы телефон байланыстарын жаңғыртуды және жетілдіруді жүргізу;

  • заманауи жоғары сапалы цифрлық телевизияны енгізу;

  • ауылдық елді мекендерде телефон байланыстарын жаңғырту және жетілдіру;

  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін және олардың автоматтандырылуын жеңілдету мен қысқарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың қызметін автоматтандыру.

  • АКТ-ға импорт тәуелділігінің жоғарлылығы.



АКТ-ның енгізілуі бүгінгі таңда көп жағдайда ғылым, білім, экономика және әлеумет салаларының дамуын анықтайды, еңбек өнімділігінің және шығарылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасының өсуіне, мемлекеттің билік органдарының қызметіне және олардың қоғаммен өзара әрекеттерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Дегенмен, сондай немесе басқа да саладағы қызметкерлердің жұмыстарында қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етулерді, ресурстарды, жаңа технологияларды қолданудағы жеткіліксіз білімдері енгізілген АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдаланылуына мүмкіндік бермейді, ал бұл сәйкесінше, олардың көрсетіп отырған қызметтері мен атқарып отырған жұмыстарының сапасын арттыруға кедергі жасайды. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру барысында халықтың жалпы компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру ғана емес, экономиканың барлық саласындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің, орта және кіші бизнес өкілдерінің кәсіптік бағыттағы компьютерлік сауаттылығының деңгейін көтеру түйінді мәселе болмақ.

Телекоммуникация саласындағы басты беталыс жоғары жылдамдықтағы оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, мекемелер мен жалпы халыққа мультимедиалық қызметтерді ұсыну, телерадио өнімдерінің цифрлық технологиясын ендіру мен дамыту, сол сияқты жергілікті телефон байланыстарын цифровизиялауды кеңейту болып отыр.

Сонымен қатар, байланыс инфрақұрылымын дамыту бірқалыпты жүрмей отыр, халықтың жеке топтары үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің қолжетімділік деңгейінде айтарлықтай диспропорция бар.
Құрылыс

2014 жылы 322 құрылыс ұйымы қызмет атқарды (2012 ж. – 366, 2013 ж. – 329). Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылы 73,6 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың деңгейіне 124,9%.

32- кесте

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлық құрылыс жұмыстары

51 696,2

58 466,5

73576,9

құрылыс - монтаждау жұмыстары

38 963,1

43 917,9

56407,0

ағымдағы жөндеу

4 260,5

5 566,0

5 897,4

күрделі жөндеу

8 472,6

8 982,6

11272,5

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

81,7

108,2

124,9

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде ғимараттарды салу бойынша құрылыс жұмыстары (29,8%), жолдарды салу (25,9%), сұйықтарды бөлу үшін инженерлік құрылғыларды салу (14,8%), сумен қамту, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау (9,2%), электротехникалық және монтаждау жұмыстары (5,0%), басқа да құрылыс жұмыстары (15,3%) иемденіп отыр.

2014 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен келесі негізгі нысандар түрі бойынша қуаттылықтар енгізілді:

өңдеу өнеркәсібінде: жылына 120 тонна ұзақ мерзімге сақталмайтын нан, нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындар (цехтар), товарлық бетон өндіретін кәсіпорын – жылына 72,0 мың тонна;

электр энергиясын, газ және суды өндіру және тарату саласында: жергілікті газбен жабдықтау желілері – 258,7 км; жергілікті сумен қамту құбырлары – 168,5 км;

ауыл шаруашылығында: 2637 бас орындық мүйізді ірі қара малға арналған орын, 1100 бас орындық қойға арналған, көкөніс сақтау қоймасы жылына - 4,6 мың тонна.

Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2012 жылы тұрғын үй қоры 11151 мың шаршы м құрады, 2013 жылы –11734,3 мың шаршы м, 2014 жылы – 11907 мың шаршы м. Тұрғын үйдің 98,2% жеке болып табылады (2012 ж. – 96,8%). Тұрғын үй қорының жалпы санынан 57,3% қалаға тиесілі (2012 ж. – 55,6%).

Тұрғын үй қорын абаттандыру жағдайы жақсаруда. Сумен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы үлес салмағы 2014 жылы 99,4% құрады 2012 жылғы 61,4% қарсы, кәрізбен жабдықталғаны – 54,0% (40,1%), орталықтандырылған жылумен – 32,9% (32,2%), газбен жабдықталғаны – 98,9% (98,0%), орталықтандырылған ыстық сумен қамтылғаны – 32,1% (31,5%).

Іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 61,9% немесе 159,1 мың шаршы м), Бөрлі (15,7% немесе 40,4 мың шаршы м) және Зеленов аудандарында (7,0% немесе 18,1 мың шаршы м) тұрғызылған.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 1000 адам тұрғынға 2012 жылғы 397,1 ш. м-ден 2014 жылы 410,0 ш.м-ге (3,3%) ұлғайды.

33- кесте

Тұрғын үйлерді іске қосу

жалпы ауданының шаршы м



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2013 ж., %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

244235

246959

257149

104,1

оның ішінде қаражат есебінен













мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың

51419

58030

62039

106,9

мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың

192816

188929

194742

103,1

оның ішінде тұрғындармен

186259

170327

179682

105,5

салынған пәтерлер саны

2467

2653

2429

91,6

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2012 жылы бір адамға 18,4 шаршы метрден ұлғайып, 2014 жылы 19,3 шаршы м құрады (2013 жылы – 19,1 шаршы м).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2012 жылы 14,4 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы – 13,7 млрд. теңге, 2014 жылы – 15,5 млрд. теңге.

Көп пәтерлік үйлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метр пайдалы ауданы құрылысының орташа нақты құны 2014 жылы 97,5 мың теңге, тұрғындармен салынған тұрғын үйлер – 56,0 мың теңге құрады.

Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 2012-2014 жылдары 18,8 млрд. теңге бөлінді.

2012 жылы 45,6 мың шаршы м несиелік тұрғын үй, 5,8 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Ауылдық жерлерде 6 көп пәтерлік (520 пәтер), 31 бір пәтерлік және 23 екі пәтерлік үйлер (77 пәтер) пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайғастыру үшін 2,1 млрд. теңге бөлінді, 117,5 шақырым инженерлік желі салынды.

2013 жылы 25 мың шаршы м несиелік және 33,1 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал қаласында 8 көп пәтерлік тұрғын үй (812 пәтер), ауылдық жерлерде 8 бір пәтерлік, 9 бір-екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2,6 млрд. теңге бөлінді және 146 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды.

2014 жылы 28,2 мың шаршы м несиелік тұрғын үй, 27,8 мың кв.м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. 7 көп пәтерлік тұрғын үйлер (616 пәтер) және ауылдық жерлерде 44 бір-екі пәтерлік үйлер (47 пәтер) салынды. Инженерлік-коммуникациялық құрылысқа 2,9 млрд. теңге бөлініп, 218,5 км инженерлік желі жүргізу қамтамасыз етілді.

2012-2014 жылдар кезеңі аралығында тұрғын-үйлердің жалпы ауданы 748,3 мың шаршы м пайдаланымға берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет