Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет6/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Шағын және орта кәсіпкерлік

2014 жылдың 1 қаңтарына облыстың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29152 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың үлесі – 6,9% (2023 бірлік), жеке кәсіпкерлер – 80,3% (23402 бірлік), шаруа қожалықтары - 12,8% (3727 бірлік).

2011-2013 жылдары белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 27805 бірліктен 29152 бірлікке дейін (өсім 4,8%).

2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 94112 адамды немесе 2012 жылдың деңгейінен 14,8%-ға көп. 5262 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдардың үлесі экономикалық тұрғыдағы белсенді халықтың жалпы саны 28,2%-ды құрады.

Шағын және орта бизнес субъектілері 313,5 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, жұмыс атқарды, қызмет көрсетті. ШОБ субъектілерімен өнім шығару нақты көлем индексі 102,9%-ды құрады.

17-кесте

Батыс Қазақстан облысының

шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл

2012 жылға

%-бен

Белсенді ШОК саны

бірлік

27 805

26 177

29 152

103,6

Жұмыс істейтіндердің жалпы саны

адам

85 449

91 995

94 112

114,8

Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірісінің көлемі

млн. теңге

292 400

305 161

313 477

102,9

Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері негізінен, Орал қаласында (жалпы санынан 76,7%) және Бөрлі ауданында (12,7%) шоғырланған.

2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар үлесіне өндірілген тауар, көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстардың жалпы көлемінен 74,2%, жеке кәсіпкерлерге – 16% және ең кіші көлем үлесі шаруа (фермерлік) қожалықтарына тиесілі – 9,8%.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін шағын және орта бизнесті кең ауқымды қолдау шаралары негізінде шағын кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды дамытуға қолайлы жағдай жасалып отыр.

Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау екінші деңгейлі 18 банк филиалымен, 131 ауылдық несиелік серіктестіктермен және 37 микронесиелік ұйымдармен жүзеге асырылып отыр.

2013 жылы екінші деңгейлі банктермен кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 19,1 млрд. теңгеге несие бөлінді.

Жалпы, облыстағы кәсіпкерлікті дамыту индустрияландыруды дамытуда, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуда, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін жоғарылатуда, шикізаттық емес экспорт үлесін ұлғайтуда шағын және орта бизнестің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі сауда – 35,7%, құрылыс – 23,3%, қызмет көрсету және көлік – 12,2%, өнеркәсіп саласында – 7,4% шоғырланған.

2010 жылдан бастап облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылуда, оның мақсаты шикізаттық емес экономика секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 2010-2013 жылдары индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға – 2311,4 млн.теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2876,8 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінді.

2010-2013 жылдары өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 65 отырыс өтті, кредиттердің және жеткізілетін инфрақұрылымның жалпы сомасы 39,6 млрд. теңгеге 273 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалардың шеңберінде 2700 шамасында жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

2012-2013 жылдары аралығында экономиканың басым секторларында жаңа бизнес бастамаларын іске асыруды жоспарлаған ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерді қолдауға, жас кәсіпкерлерге, әйел адамдарға, мүгедектер мен 50-ден асқан тұлғаларға 90 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді. 27 кәсіпкер грантқа ие болды. 2012 жылы 30 млн.теңге мөлшерінде 9 грант, 2013 жылы 60 млн. теңгеге 18 грант берілді.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі басты мақсат шағын және орта кәсіпкерліктің бағдарын кеңейту және нығайту, бизнес жүргізудің құнын төмендету үшін бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру несиелерге пайыздық ставкаларды субсидиялау, кредиттерге жартылай кепiлдiк беру және өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту жолы арқылы орындалады.

Ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың басқа құралы 2011 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы болып табылады, ол ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, шағын несиелік ресурстарға қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді, кәсіпкерлік машықтарға оқытуды ұйымдастырады.

Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру аясында 2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен шағын несиелеу және кәсіпкерлік негіздеріне ауыл тұрғындарын оқыту үшін 4,6 млрд. теңге бөлініп, толықтай игерілді.

2011-2012 жылдары 1741 ауыл тұрғыны шағын несие алды және 1983 кәсіпкерлікке оқытылды.

2013 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ 1075,0 млн. теңге көлемінде 602 шағын несие берілді, оның ішінде 361 адам өз ісін ашып, 241 адам өз ісін кеңейтті. 651 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік негіздеріне 1258 адам оқытылды.

2013 жылы моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының «Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту» екінші бағытына республикалық бюджет есебінен Ақсай қаласына 153,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1,1 млрд.теңге көлемінде 11 жоба мақұлданды, 7 млн. теңгеге 3 бизнес-жоба грант алды. Кәсіпкерлік негіздеріне 30 адам оқытылды.

Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар, олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:

шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін реттейтін заңнамалық базаның жетілмегені;

кәсіпкерлердің қаржы-несиелік ресурстарға қол жеткізудегі шектеулілігі және банктік несиелерді алудағы қиындығы. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен несие алудағы басты кедергілері: берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылығы, несиені қайтарудағы мерзімнің қысқалығы, бірінші айдан бастап несиенің негізгі сомасын өтеуі, несиелеу бойынша кепілдік қамтуға жоғарғы талабы, несие алу үшін кепілдік мүлікті төмен бағалауы, екінші деңгейлі банктермен ауылдық жерлерде бар кепілдемелерді несиелеуден бас тартуы, несие алу үшін қажетті құжаттардың үлкен пакеті болып табылады;

әкімшілік кедергілер, рұқсат беру құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қызметтер құнының қымбаттылығы;

инфрақұрылымды жеткізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бағаның жоғарылығы;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз өнімін өткізу үшін нарыққа жеткіліксіз қол жетімділігі.


Сауда

Облыста 2014 жылдың 1 қаңтарына жалпы сауда алаңы 384,3 мың текше метр 6930 сауда нүктелері жұмыс жасауда.

4895 сауда объекті жұмыс жасайды, соның ішінде 4891 дүкен, 4 сауда үйі, сондай-ақ 202 дәріхана, 885 павильон, 948 дүңгіршік, 131 авто май құю бекеті.

Облыс бойынша сауда алаңы 171,1 мың текше метрді құрайтын (8 229 сауда орыны) барлығы 36 сауда базары жұмыс жасауда, соның ішінде көтерме базары - 4, бөлшек сауда базары – 32. Базарлар жалпы Орал және Ақсай қалаларында шоғырланған, олардың аумағында 31 базар жұмыс жасауда (2 - Бурлі ауданында, 29 - Орал қаласында).

Сауда саласымен айналысатындардың үлесі 2013 жылы жалпы жұмыс жасайтын тұрғындар санынан (316,5 мың адам) 40,2 мың адамды құрады, ол 12,7%-ды құрайды.

Жалпы бөлшек сауда тауар айналымында базарлар және жеке кәсіпкерлер үлесі - 53,8%-ды, сауда жасайтын кәсіпорындар – 46,2%-ды құрады.

2013 жылы жалпы бөлшек сауда тауар айналымында ең үлкен үлес Орал қаласына - 77,9% тиесілі, 22,1% облыстың аудандарына тиесілі.

2013 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 173,9 млрд. теңгені, нақты индекс көлемі - 124,8% құрады. Алынған барлық тауар айналымының көлемі мемлекекттік емес секторға тиесілі.

2013 жылы аймақтың көтерме тауар айналымы 221,6 млрд.теңгені, нақты индекс көлемі - 100,5%-ды құрады.

Көтерме сауда саласы ішкі нарықтағы азық-түлік бағасына әлі пәрменді тұрақтандыру институты бола қойған жоқ.

Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, сауда базарларында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі, азық-түлік, сол сияқты азық-түлік емес тауарларға да импорттық жеткізуге тәуелділік, ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы сияқты салада проблемалық мәселелер атап өтілуде.

Көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар ( алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен уағдаланады:

өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі.

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы.

бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соғады.

Қазіргі таңға бөлшек сауда саласы, кез келген өндіріс циклының соңғы буыны болып табылады, экономиканың басым секторы тізбесіне кірмейді, сәйкесті оны дамыту үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және инвестициялық артықшылық сияқты көзделген мемлекеттік қолдау шаралары қолданылмайды.


18-кесте

Батыс Қазақстан облысының

бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі
млрд. теңге



Бөлшек сауда тауар айналымы

Көтерме сауда тауар айналымы

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2013 жыл

2012 жылға

%-бен

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл

2012 жылға

%-бен

ҚР

3865,8

4567,7

5474,3

116,0

10234,8

11 832,5

14170,4

119,8

БҚО

107,8

136,4

173,9

124,2

152,5

210,8

221,6

100,5

Ішкі сауда саясаты инновациялық технологияларды және инфрақұрылымды дамытуды қолдану есебінен сауда саласының тиімділігін және жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабылеттілігін арттыруға бағытталатын болады.


19-кесте

Батыс Қазақстан облысының сыртқы саудасы
АҚШ млн. доллары

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл

2012 жылға

%-бен.

Тауар айналымы - барлығы

8437,1

10425,7

10387,1

99,6

Экспорт - барлығы

7610,9

9422,7

9 167,8

97,3

ҚР экспорт көлеміндегі экспорттың үлес салмағы, %

9,0

10,9

10,8

х

Импорт - барлығы

826,1

1003,0

1219,3

121,6

ҚР импорт көлеміндегі импорттың үлес салмағы, %

2,2

2,2

2,5

х

Аймақтың сыртқы экономикалық қызметі саласында әлемнің 100 елімен ынтымақтастықта. Облыстың негізгі әріптестері: Италия (59%), Нидерланд (16,4%), Франция (6,6%), Финляндия (4,5%), Украина (3,0%), Түрік (2,4%) елдері болып табылады.

Кедендік статистика мәліметі бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы Кедендік Одақ елдерін ескергенде 2013 жылы 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2012 жылдың деңгейіне 99,6%. Қарашағанақ мұнай өңдеу кешенін (КПО б.в.) жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу себебінен басылу байқалуда.

Экспорт 9,2 млрд. АҚШ долларын құрады (тауар айналымының жалпы көлемінен 88,3%), (2012 жылы – 9,4 млрд. АҚШ доллары). Аймақтық экспортта негізгі үлес 2013 жылдың жалпы экспорт көлемі минералдық өнімдерге тиесілі – 99,0%.

Импорт 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады (тауар айналымының жалпы көлемінен 11,7%), (2012 жылы – 1 млрд. АҚШ доллары).

2013 жылы сыртқы сауда теңгерімінде 7,9 млрд. тенге оң сальдосы қалыптасты.

2013 жылы Кедендік Одақ елдерімен экспорт 2012 жылдың деңгейінен 12,5%-ға өсті және 59,3 млн. АҚШ долларын құрады, импорт – 28,5%-ға (747,6 млн. АҚШ доллары).

Қазіргі таңға көп өнеркәсіп кәсіпорындары Кедендік Одақ елдерімен тығыз байланыста, жеткізілетін өнім көлемін ұлғайтуда. Мысалға, «Орал механикалық зауыты» ЖШС Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қажеттілігі үшін иінді білік жеткізуде. «ҚазАрмапром» АҚ Стойлин тау-кен байыту комбинатына (РФ) ұзақ мерзімді келісім шарт бойынша ұнтағыш шарлар жеткізуде.

Сондай-ақ «Зенит» Орал зауыты» АҚ Ресей Федерациясына мұнайгаз жабдықтарына қосалқы бөлшектер, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – май мен газды ауамен салқындатқыш аппаратын, мұнайды қыздыратын пеш, «ҚазТрубопром» ЖШС – сорғы-компрессорлық құбырлар экспорттауда.

Бұдан басқа Ресей Федерациясына құрылыс материалдарының түрлері экспортталуда: қауіпсіз шыны пакеттері «Стеклосервис» ЖШС), силикат кірпіші, ізбес (Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ).

Азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындары сондай-ақ Кедендік Одақ елдеріне өнімдерін экспорттау көлемін ұлғайтуда («Кроун Батыс» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Жайық Ет» ЖШС және басқалары).

Интеграциялық байланысты және аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін облыста жыл сайын Ресей Федерациясының Орынбор облысымен бірлесіп шекаралас аймақтарды дамытудың қазақстан-ресей халықаралық форум-көрмелері және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының компанияларының қатысуымен «WestKazInvest» халықаралық бизнес-форумы өткізіледі.

Аймақтың экспортының жалпы құрылымында негізгі үлес минералды шикізатқа тиесілі (мұнай, газ, газ конденсаты).

Өндіріс іс-әрекетіне, сондай-ақ өнімді экспорттауды жылжыту және дамытуға кері әсерін тигізетін бірқатар жалпы шектеулер мен проблемалар бар: маркетингтік және консалтингтік қызметтің әлсіз дамуы, нарық туралы ақпараттың болмауы, несие қаражаттарының қымбатшылығы, өнімді тасымалдау проблемалары.



2.2.2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау

Еңбек нарығы

Облыстың еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2011 жылы 5,3%-дан 2013 жылы 5,1%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады, бұл орташа республикалық деңгейден төмен (5,2%). Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі қаладағы жұмыссыздық деңгейінен жоғары.

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2011 жылдан 2013 жылға дейін 69,5%-дан 69,8%-ға, жұмыспен қамту 94,7%-дан 94,9%-ға өсті (орташа республикалық көрсеткіш – 94,8%). 2013 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 124,0 мың адамды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 1,8%-ға аз. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2011 жылы 40,0%-дан 2013 жылы 39,2%-ға дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 30,6%).

20-кесте



Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2012 жылға, %-бен

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам

333,5

332,5

333,4

100,3

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

315,9

315,4

316,5

100,3

жалдамалы қызметкерлер

189,6

189,7

192,4

101,4

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

126,3

125,7

124,0

98,6

Жұмыссыз халық, мың адам

17,6

17,1

16,9

98,8

қалалық жерлерде

7,0

7,5

7,4

98,7

ауылдық жерлерде

10,6

9,6

9,5

99,0

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,3

5,1

5,1

х

2011-2013 жылдары облыста 36260 жұмыс орны құрылды.

Соңғы үш жылда еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2011 жылы 63,4%-дан (11939 адам) 2013 жылы 78,6%-ға дейін (19121 адам) көбейді. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 24009 адам жіберілді.

Облыс бойынша жұмыспен қамту саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:

халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;

білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;

мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілмейді;

қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

Әлеуметтік басымдықтардың бірі ретінде жұмыспен қамтуға ықпал ететін белсенді шараларды одан әрі дамыту және жетілдіруді атауға болады, бұл тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың, адами әлеуетті дамытудың және іске асырудың негізі болып табылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында оқыту, қайта даярлау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, ауылда кәсіпкерлік негіздерін оқыту және шағын несие ұсыну арқылы дамыту, еңбек ресурстарының ықшамдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен аймақтың экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерий болып табылады.

Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты еңбекақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.

2013 жылы орташа айлық еңбекақы 98360 теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 8,4 %-ға көп, нақты еңбекақы индексі 101,3 %-ды құрады

Номиналды ақшалай табыс көрсеткіші халықтың жан басына шаққанда айына 5,4%-ға артты және 59414 теңге.

2011 жылмен салыстырғанда номиналды ақшалай табыс 12,4%-ға, номиналды ақшалай табыс жан басына шаққанда 19,0%-ға артты.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтылмаған халықты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға жолдау бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, күнкөрістің ең аз шамасынан төмен өмір сүретін халық үлесі 2011 жылы 4,8 %-дан 2013 жылы 3,7%-ға дейін барынша төмендеген.

2014 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылар саны 925 отбасыны құрады, бұл 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 639 отбасыға аз (2012 жылдың 1 қаңтарына – 1564 отбасы). Барлық аудандар мен Орал қаласы бойынша кедей отбасылардың санының төмендеуі байқалады.

Облыс территориясында 9 медициналық-әлеуметтік мекемелер арнаулы әлеуметті қызмет көрсетеді, соның ішінде 6 жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге медициналық-әлеуметтік мекемелер, 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме. Оларда 1235 қарттар мен мүгедектер, 352 психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер, 146 психоневрологиялық ауруы бар балалар.

Жыл сайын әр түрлі үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын адамдардың саны өсіп келеді.

Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру артып келеді. Мемлекеттік бюджеттен 2013 жылы 1026,8 млн теңге (2011 ж – 1020,6 млн. теңге), бір қамқорланушыны қамтамасыз ету шығындары артуды (2011 ж – күніне 2150,1 теңге, 2013ж. – 2277,7 теңге).

2013 жылы облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелері 165 жолдама берді. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мамандарының жұмысының жетістігі болып отбасыларына қайтарылуы саналады, 2013 жылы отбасыларына 15 адам қайтарылды.

2012 жылдан Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшелері жұмыс жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету формаларының кеңеюіне байланысты әлеуметтік қызметті алуға мұқтаж адамдардың саны артуда. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің желісін арттыру қажет, соның іщшінде психохрониктерге арналған МӘМ. Бүгінгі таңда кезекте 160 адам тұр.

Келелі мәселе болып медициналық-әлеуметтік мекемелерде персоналдардың жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет