Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет5/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды, онда еңбекке жарамды халықтың үштен астам бөлігі қызмет етеді және жалпы өңірлік өнімнің 3-4%-ын қалыптастырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде облыстың үлесі 2011 жылы 3,6%-ды, 2012 жылы 3,7%-ды, 2013 жылы 3,3%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығыың жалпы өнімі 2012 жылы 73,4 млрд. теңгеден, 2013 жылы 79,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Агроклматтық жағдайларға байланысты ауыл шаруашылығының даму қарқыны: 2011 жылы - 123,1%, 2012 жылы – 82,8%, 2013 жылы – 104,6%-ды құрады.

11 кесте


Батыс Қазақстан облысы

ауыл шаруашылығының жалпы өнімі


Көрсеткіш

2011 ж.

2010 ж. %-бен НКИ

2012 ж.

2011 ж. %-бен

НКИ

2013 ж.

2012 ж. %-бен

НКИ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.теңге

82756,0

123,1

73418,9

82,8

79678,3

104,6

соның ішінде өсімдік шаруашылығы

39686,4

169,7

26671,4

68,0

31119,6

111,1

мал шаруашылығы

42906,1

98,5

46567,9

96,5

48071,5

100,3

қызметтер

163,5

65,6

179,7

99,2

487,2

2,7 есе

Жылсайын АӨК мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығын дамытуға 2011 жылы 2,1 млрд. теңгеден астам, соның ішінде субсидия 1,5 млрд. теңгеден астам, 2012 жылы 6,3 млрд. теңге (3,0 млрд. теңгеден астам), 2013 жылы 4,3 млрд. теңгеден астам (2,7 млрд. теңге) қаржы бағытталды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мамандандырылған АӨК ұйымдарынан 2011 жылы 2,2 млрд. теңге, 2012 жылы-3,3 млрд. теңге және 2013 жылы-3,3 млрд. теңге көлемінде несие алды.

Өсімдік шаруашылығының негізгі басымдығы суарылатын жерлерде астық және майлы дақылдар, көкөніс және картоп өсіру, мал шаруашылығында – ет, сүт, жұмыртқа және мал азықтық дақылдар өндірісі болып табылады.



Өсімдік шаруашылығы

2012-2016 жылдарға арналған егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру туралы Меморандумға сәйкес азықтық дақылдар егісін кеңейтуімен егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша шаралар қабылдануда. Мысалға, 2013 жылы жалпы егіс алқабы 542,6 мың га құрады, ол 2011 жылмен салыстырғанда 75 мың га азайды, соның ішінде дәнді дақылдар - 355,2 мың га немесе 39,4 мың га кем, майлы дақылдар - 55,7 мың га (60,4 мың га). Мал азықтық дақылдардың егіс алқабы 24,1 мың га ұлғайып 121,9 мың га құрады.

2013 жылы ылғалды сақтау технологиясы бойынша 286 мың га дәнді дақылдар егілді, ол егіс алқабының 80% құрады. Тамшылатып суару жүйесі 312 га қолданылды, ол 2012 жылдың деңгейінен на 3,8%-ға жоғары.
12 кесте

Батыс Қазақстан облысы

ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы

мың га


Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы

617,6

592,0

542,6

соның ішінде дәнді дақылдар

394,6

407,9

355,2

майлы дақылдар

116,1

65,9

55,7

картоп

3,8

4,1

4,2

көкөніс

3,7

3,9

3,9

бақша дақылдары

1,6

1,6

1,7

мал азықтық дақылдар

97,8

108,6

121,9

Астық саласы жаздық және күздік бидай, арпа, тары, күздік қара бидай өсіруде мамандандырылады. Табиғи-климаттық жағдайлар бидай нарығында тұрақты сұранысқа ие, құрамында ақуызы жоғары бидай өсіруге мүмкіндік береді.

Астық өндіру саласының дамуында жиі қайталанатын құрғақшылық тежеуші фактор болып отыр. 2011-2013 жылдары бидай өндірудің орташа жылдық көлемі 225 мың тонна құрады, ең жоғарғы жалпы өнім 2011 жылы алынды - 347,3 мың тонна, 2012 жылы - 129,3 мың тонна және 2013 жылы – 198,4 мың тонна. Облыс бойынша бидай өнімі 2011 жылы 9,7 ц/га, 2012 жылы – 5,4 ц /га, 2013 жылы – 6,6 ц /га құрады.

Күздік бидайдың, пардың үлесін арттыру және ғылыми негізделген ауыспалы егісті енгізу арқылы аймақтың құрғақшылық жағдайына бейімделу астық өндірісі саласының тұрақты дамуына қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Жоғары өтімділік пен тұрақты сұранысқа байланысты майлы дақылдарды өндіруге басты назар аударылып отыр. Егіс алқабының негізгі көлемін күнбағыс алады, сонымен бірге мақсыр, қыша, арыш пен зығыр да өсіріледі. 2013 жылы өнімділік 3,5 ц/га болған кезде 15,7 мың тонна майлы дақылдар жиналды, ол 2012 жылғы деңгейден 3 есе көп (5,2 мың тонна).

Ішкі нарықты жергілікті жерде өндірілетін жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көкөніс шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда картоптың жалпы жиналымы 15,8%-ға ұлғайып 63,8 мың тоннаны құрады, көкөніс - 13%-ға% (56,8 мың тонна), бақша өнімдері – 11,3%-ға (24,6 мың тонна) артты.

Картоптың өнімділігі 2011 жылы 144 ц/га-дан 2013 жылы 154,4 ц/га дейін, көкөніс – 135 ц/га дан 146,7 ц/га дейін, бақша өнімдері -143,3 ц/га дан 151,7 ц/га дейін өсті.

13 кесте


Батыс Қазақстан облысы

негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналымы
мың тонна

Показатели

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл

2012 жылға, %-бен

Дәнді дақылдар

347,3

129,3

198,4

153,4

Майлы дақылдар

25,3

5,2

15,7

3 есе

Картоп

55,1

57,0

63,8

111,9

Көкөніс

50,3

54,4

56,8

104,4

Бақша дақылдары

22,1

24,1

24,6

102,1

Алынған өнімді сақтау және тұрғындарды келесі жылдың өніміне дейін көкөніспен қамтамасыз ету үшін облыста сыйымдылығы 34,7 мың тонна болатын 29 көкөніс сақтау қоймалары бар.

Тұрғындарды ерте пісетін жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай шаруашылығы өндірісін өрістету жұмыстары жүргізілуде. 2011 жылы 25 жылыжайдан 112 тонна жаңа піскен қызынақ және қияр, 2012 жылы 47 жылыжайдан 207 тонна өнім, 2013 жылы 53 жылыжайдан 190 тонна көкөніс өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнеркәсібін техникалық қамтамасыз ету мақсатында машина-трактор парктерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. 2011 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен жалпы сомасы 433,3 млн. теңгенің 144 дана ауыл шаруашылық техникасы мен құралы, 2012 жылы 1363,7 млн. теңгенің 309 дана ауыл шаруашылық техникасы мен құралы, 2013 жылы лизинг арқылы 1014,6 млн. теңгенің 197 дана ауыл шаруашылық техникасы мен құралы алынған.

Өсімдік шаруашылығының дамуын шектейтін негізгі проблемаларға мыналар жатады: жеңілдетілген технологияларды қолдану, ауыл шаруашылық машиналары мен техникалық құралдардың жоғарғы дәрежеде тозуы, бұл ауыл шаруашылық өндірісінде төмен еңбек өнімділігін тудырады және өндіріс шығындарын жоғарылатады, ауыл шаруашылық өндірісіне залал тигізетін карантиндегі қауіпті және аса қауіпті зиян организмдердің таралуына әкеп соғады.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі саласы болып табылады, мал шаруашылығының жалпы өнім өндірісі құрылымындағы үлесі 2011 жылы 51,8%-ды, 2012 жылы 63,4%-ды, 2013 жылы 60,3%-ды құрады.

Мал шаруашылығы салаларынан ең бастысы етті мал шаруашылығы, қой және табындық жылқы шаруашылығы дамыған. Қала маңындағы аймақта етті-сүтті мал және өндіріс мақсатындағы құс өсіріліп келеді, жартылай шөлді далада – түйе өсіріледі.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 2,2%-ға өсті және 36,6 мың тоннаны құрады, сүт – 0,5%-ға (224,7 мың тонна), жұмыртқа – 2,6%-ға (139,7 мың дана). 2011 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің 3,7%-ға төмендеуі 2011 жылы (бруцеллезбен ауырған, сондай-ақ имуннды-ферментті зерттеу тәсілімен анықталған) малдарды санитарлық сою базасының ұлғаюына байланысты.

14 кесте
Батыс Қазақстан облысының



мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2012 жылға % -бен

Ет (сойыс салмағында) өндірісі

мың тонна

38,0

35,8

36,6

102,2

сүт

мың тонна

226,7

223,6

224,7

100,5

жұмыртқа

млн. дана

137,4

136,2

139,7

102,6

Бір бас ІҚМ орташа салмағы 2011 жылы 304 кг дан 2013 жылы 329 кг дейін, бір сиыр басына шаққанда алынған орташа жылдық сүт 1771 кг дан 1992 кг дейін, мекиен тауықтың орташа жылғы жұмыртқа тууы 206 данадан 227 данаға дейін ұлғайды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда 417,2 мың бас ірі қара малы бар, 2011 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті, қой мен ешкі - 959,9 мың бас (13,2%-ға), жылқы – 103,2 мың бас (28,5%-ға), шошқа –26 мың бас (15%-ға), құс – 931,8 мың бас (4,7%-ға).

15 кесте


Батыс Қазақстан облысының мал және құс басы
мың бас

Показатели

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2012 жылға % -бен

Мүізді ірі қара малы

379,2

390,4

417,2

106,9

сон.іш. сиыр

153,0

168,8

188,6

111,7

Қой мен ешкі

847,6

882,5

959,9

108,8

Шошқа

22,6

25,1

26,0

103,6

Жылқы

80,3

90,5

103,2

114,0

Түйе

3,2

3,0

2,9

96,7

Құс

890

866,2

931,8

107,6

Мал шаруашылығының дамуына жүргізіліп жатқан селекциялық-асылдандыру жұмыстары да оң әсерін тигізуде. Облыста 15 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар, оларда 21,7 мың бас қой, 4,2 мың бас жылқы және 336 бас түйе өсірілуде. Республикалық палаталардың мәліметі бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына 5316 бас ірі қара малы тіркелген.

2011-2013 жылдары ірі қара малының селекциялық-асылдандыру сапасын және тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында фермерлік шаруашылықтар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2,8 млрд. теңге сомада несие алып, 14,5 мың бас жас асыл тұқымды ірі қара малының аналығын және 603 бас бұқашықтар сатып алды. Бұдан басқа 2011-2013 жылдары 713 бас етті бағыттағы шетелдік селекциялық асыл тұқымды малын сатып алды.

Қазіргі уақытта облыста етті бағыттағы мүйізді ірі қара малының өнімділік сапасына және еттің экспорттық әлеуетін арттыруға аса көңіл аударылуда.

Жалпы аналық МІҚ мал басы 31,3%-ды құрайды (59,1 мың бас) және тұқымдық асылдандыруға қатысу үлесі бойынша республикада біздің облыс бірінші орынға ие.

2012 жылдан бастап 33 асыл тұқымдық репродуктор құрылды, кәзіргі таңға облыста 18,9 мың бас асыл тұқымды мүізді ірі қараға арналған 51 асыл тұқымдық репродуктор қызмет жасауда.

Зеленов ауданында 8640 басқа арналған («Кроун-Батыс» ЖШС), Жәнібек ауданында 1000 басқа арналған («Әлем» ШҚ), жалпы 9,6 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы жұмыс жасайды.

«МІҚ малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері облысқа 1287 бас шетелдік селекциядағы асыл тұқымды мал әкелінді.

2013 жылдың қортындысы бойынша «Мал шаруашылығы жалпы өнімдерін (қызметін) өндірудің нақты көлем индексі» көрсеткішінің орындалуы 98%-ды құрады (жоспар - 102,4%, факт – 100,3%), ол ет өндірісінің жоспарлы көлемі орындалмауына байланысты.

Үш шаруашылық 1600 басқа арналған бордақылау алаңдары құрылысын аяқтады (400 басқа арналған Шыңғырлау ауданының «Бірлік» ШҚ, 1000 басқа арналған Казталов ауданының «Қамқор» ШҚ, 200 басқа арналған Жаңғала ауданының «Хафиз» ШҚ). Тағы 3 шаруашылық 1700 басқа арналған бордақылау алаңдары құрылысын жүргізуде (800 басқа арналған Ақжайық ауданының «Аманер» ШҚ, 400 басқа арналған Сырым ауданының «Жібек жолы» ШҚ, 500 басқа арналған Тасқала ауданының «Арай» ШҚ).

Мал шаруашылығын мемлекет қолдауының арқасында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі және мал басы тұрақты ұлғаюда.

Ветеринария саласында тұрақты негізде облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Етті мал шаруашылығын, қой және табындық жылқы шаруашылығын дамыту үшін облыста 11 млн. га табиғи жем-шөп алқаптары және облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделе алатын қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын, етті-сүтті бағыттағы көшім жылқысы тұқымы, еділбай тұқымды етті қойларды өсіретін асыл тұқымды база жұмыс істейді.

Мал шаруашылығының белсенді дамуын шектеуші факторларына ұсақ тауарлы өндіріс, малдардың өнімділігінің төменділігі, мал азықтық базасының нашарлығы жатады. Мал шаруашылығының қарқынды дамуының қажетті шарттарының бірі мемлекеттік қолдау көлемін жоғарылатып, жаңа бордақылау орындарын, сүтті- тауарлы фермалары мен мал өсіру кешендерін салу үшін және малға ірі ауқымды селекция жұмыстарын жүргізу үшін инвестициялар тарту болып табылады.

АӨК-нің ғылыми әлеуеті саланың дамуына негіз болып табылады және ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылату үшін алдын ала жағдай жасайды. Облыстың аграрлық ғылым саласы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясымен танымал. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың инновациялық-консалтингтік орталығымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ветеринария саласына ғылыми-практикалық көмек көрсетілуде. Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында жергілікті бидайық тұқымдарын шығару бойынша жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сұрыптарына сынақтар жүргізілуде, майлы дақылдар (мақсары) және көпжылдық шөптер алу технологиясы жасақталды.

Мал шаруашылығында құс фабрикасын, бордақылау алаңын, сүтті-тауарлы фермасын салу негізінде орта және ірі тауарлы мал шаруашылық өндірісін дамыту бойынша жұмыстары жалғасады, отарлық мал шаруашылығын, қой шаруашылығын және басқа мал шаруашылық салаларын дамыту бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда.



Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу. Соңғы үш жылдың ішінде қайта өңдеу саласында тұрақты өсу серпіні байқалып отыр, бұл тұтынушылық сұраныстың өсуімен, сектордың инвестициялық тартымдылығымен, экспорттық мүмкіндіктің кеңеюімен және шикізат базасының дамуымен сипатталады.

Қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының арасында бидайды және етті өңдеу саласы дамыған. Ұн тарту өнеркәсібінде 5 ірі кәсіпорын және 20 диірмен жұмыс істейді, сүт саласында – 6 кәсіпорын, етті өңдеумен 7 кәсіпорын айналысады, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу бойынша 4 ӘКК және 2 СДО құрылды. Қайта өңдеудің ірі кәсіпорындары Орал қаласында және қала маңындағы аймақта (Зеленов және Теректі аудандары) шоғырланған.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда шұжық және етке ұқсас өнімдер өндірісі 12,1 есе, еттен жасалған консервілер 31%-ға, өңделген сүт – 2,9%-ға, ұн – 7,4%-ға, жаңа піскен нан – 1,6 есе, кондитер бұйымдары – 2,3 есе өсті.

16 кесте


Батыс Қазақстан облысының

қайта өңдеу өнімдерінің динамикасы

тонна


Өнімнің атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2012 жылға % -бен

Шұжық және етке ұқсас өнімдер

743

6491

8982

138,4

Еттен жасалған консервілер

5506

7111

7211

101,4

Ет және тағамдық өнімдер

5225

5144

5005

97,3

Пісірілген немесе консервіленген балық

2536

2731

2348

86,0

Өсімдік майы

1187

1673

963

57,6

Өңделген сүт

2411

2382

2480

104,1

Сары май

691

675

606

89,8

Ұн

104,9

94,6

112,7

119,1

Жарма

1922

1694

1915

113,0

Жаңа піскен нан

21727

25297

33861

133,8

Макарон бұйымдары

16844

16794

16935

100,2

Торт және кондитер бұйымдары

1043

2551

2407

2,3 есе

2011-2013 жылдары қуаттылығы 3 тонна ет және шұжық өнімдерін өндіретін цехтың, әр қайсысының қуаттылығы тәулігіне 5 тонналық 2 кондитерлік цехтың, жылдық қуаттылығы 1500 мың тонна алкоголсіз сусындар өндіретін цехтың, 12 мың бас шошқа кешенінің, қуаттылығы тәулігіне 15 тонналық ет және шұжық өнімдерін цехтың, қуаттылығы айына 660 тонналық спагетти және жайма-кеспе өндіретін цехтың, қуаттылығы тәулігіне 5 тонналық сүтті қайта өңдеу цехын жаңғырту, қуаттылығы тәулігіне 8 тонналық кондитер өнімдерін өндіретін цехтың, сыйымдылығы 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылыстары, 100 гектар алқапта тамшылатып суару жүйесінің инвестициялық жобалары жүзеге асырылды.

Жалпы сомасы 4,1 млрд.теңгенің 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде республикадағы бірінші жоба қуаттылығы тәулігіне 1400 бас қозы сойып, вакуумдық орамдағы ірі кесектегі блоктық ет шығару бойынша ет өңдеу кешенін құру («Батыс Марка Ламб» ЖШС), құны 2,8 млрд. теңге. Жоба экспортқа бағытталған болып табылады.

Жылына 1750 басқа арналған мал сою пункті («Жібек жолы» ШҚ), сыйымдылығы 3,2 мың тонна көкөніс қоймасы («ОралАгроСервис» ЖШС), қуаттылығы ауысымына 10 тонна ет өндіретін салқындатқышы бар қасапхана (70 бас МІҚ, «Кублей» ЖШС) құрылысы аяқталуда, 500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы құрылысы жалғасуда және репродуктор-шаруашылық құру бойынша жобасы жүзеге асырылуда (225 бас МІҚ арналған «Жібек жолы» ШҚ).

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда, 2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ИСО және ХАССП халықаралық стандарттары негізіндегі сапа менеджменті жүйесін 11 кәсіпорны енгізді, оларда халықаралық стандартты 19 сертификаты бар.

Аграрлық сектордың әлеуеті ішкі азық-түлік нарығын негізгі тамақ өнімдерімен тұрақты және толық қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің сыртқа шығаратын өнімдерін толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық салаларын мемлекеттік қолдау, заманауи экономикалық жағдайларға сай заңнама базасының болуы, облыстың аграрлық секторының әрі қарай дамуына базалық жағдай жасайды.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасы дайындалды, бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында, сондай-ақ Кеден одағы аясында АӨК субъектілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқаптарын әртараптандыру жұмысы жалғастырылып, картоп, көкөніс, бақша, майлы, мал азық дақылдары алқаптары ұлғайтылып, дәнді дақылдар алқаптары қысқартылатын болады. Мал шаруашылығында ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асыру жұмысы жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, қой және жылқы шаруашылығы өркендейтін болады. Осы бағыттарды дамыту мақсатында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» несие бағдарламалары іске асырылады. Жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлерді суландыру жұмыстары жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет