Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет17/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Бағдарламаны басқаруды Бағдарламаға мемлекеттік тапсырыс беруші жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үдерісі келесі сатыларды қосады:

дайындау және бекіту;

іске асыру;

мониторинг;

бағалау;


бақылау.

1) Облысты дамыту бағдарламасын дайындау өңірдің қоғамдық ұйымдар мен бизнес-орта ұсынымдарын есепке алумен жобаны дайындауды, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін орнатылған тәртіпте (қажет болған жағдайда көрші өңірлердегі биліктің органдарымен) орындаушы биліктің республикалық органдарымен және өңір билігіндегі мүдделі органдармен оның келісуді, мемлекеттік билігіндегі уәкілетті органдарға бекітуге ұсынуды қосады.

Бағдарламаны іске асырудың әрбір іс-шарасы бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орындаушы тағайындалуы қажет.

Осыған байланысты облыс әкіміне:

бағдарламаны дайындаушылар мен өңірдің басқармалар (департаменттер) басшыларының қызметтерін үйлестіру;

инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру бойынша жауаптыларды бөлу қажет.

2) Облысты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары – оның іске асырылуына қажетті шығындар, аяқталу нысандары, орындаушылардың, мерзімдерін анықтаумен бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-әрекеттердің жиынтығы.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен бірге дайындалады және Бағдарламаның бекітілуінен кейін бір ай мерзімінде мемлекеттік жоспарлау бойынша жоғары тұрған уәкілетті органмен келісу бойынша облыс әкімімен бекітіледі.

Республикалық және өңірлік (жетілдірілген, перспективалы және тауашалы) бөлінісінде инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік (өңірлік) қолдау шаралары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Берілген қолдаудың сәйкес шаралары жергілікті атқарушы органдармен өңір ерекшелігіне сәйкес таңдалатын болады.

3) Облысты дамыту бағдарламасын іске асыру мониторингісіне мыналар кіреді:

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпараттарды жинау (нақты түрде орындалған іс-шаралары, міндеттері, қол жеткізілген нәтижелері туралы жедел есептер, жоспарланған өлшемдерден ауытқулар болған жағдайда – осы ауытқулардың себептері туралы есептер);

ұсынылған ақпаратты талдау, сәйкесінше ұсыныстарды жасау (іске асыруды жалғастыру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгерістер немесе қосымшалар енгізу, басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау, жоспарланған іс-шараларды уақытында іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау).

Облысты дамыту бағдарламасының мониторингі мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органмен жыл қорытындылары бойынша жылына бiр рет жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мониторингісін өткізу үшін, оның дайындалуы мен іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiн мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органына Бағдарламаны iске асыру туралы ақпаратты ұсынады.

Облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бiрлесiп орындаушы мемлекеттiк орган ұсынған iске асыру туралы ақпарат негiзiнде Бағдарламаны iске асыру туралы есептi қалыптастырады және есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде бiрiншi басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

Облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органында веб-портал болмаған жағдайда, iске асыру туралы есеп облыс әкiмдiгiнiң веб-порталында орналастырады.

4) Облысты дамыту бағдарламасын бағалау, тексеру комиссиясы жүргiзетiн бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

Облыстың тексеру комиссиясы өзiнiң жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзетiн бақылау iс-шаралары шеңберiнде Облысты дамыту бағдарламасының бағалау қорытындылары тиiстi бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша облыстың тексеру комиссиясының ұсынымы қабылданғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органға және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберіледi.

5) Облысты дамыту бағдарламасын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша өткізілген бақылау іс-шаралары мен бағалау, мониторинг нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ





АА– аудандық аурухана

АӨК – агроөнеркәсіптік кешен

АЕМ – ауылдық елді мекен

АЖ – ақпараттық жүйе

АҚ – акционерлік қоғам

АҚТВ – адамның қорғаныс тапшылық вирусы

АҚТ – ақпараттық -коммуникациялық технологиялар

АҚШ –Америка Құрама Штаттары

АТ – ақпараттық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық

АТС – автоматтандырылған телефон станциясы

ӘКК – әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы

БҚОАА – Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы

БЖСМ – балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

БҚАТУ – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

БҚО – Батыс Қазақстан облысы

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

ББ – білім басқармасы

ГТҚ – газ турбиналық қондырғы

ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы

ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты

ДБКЖ – деректер берудің корпоративтік желісі

ДСБАЖ – денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі

ДСБҰЖ - денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі

ДСБ – денсаулық сақтау басқармасы

ДШСБ–дене шынықтыру және спорт басқармасы

ЕАҰ – емдеу-алдын алу ұйымдары

ЖАО – жергілікті атқарушы орган

ЖБ – жергілікті бюджет

ЖҒБ – жаратылыстану-ғылыми білім

ЖКАЖБ – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

ЖҚБ – Жер қатынастары басқармасы

ЖҚҮжӘББ – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім

ЖОО– жоғары оқу орны

ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама

ЖСБ – жастар саясат басқармасы

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ИКСУ – басқарудың ақпараттық-коммуникациялық жүйесі

КИИДБ – кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

ҚДБ – Қазақстанның Даму банкі

КПО б.в. – Қарашығанақ Оперейтинг б.в.

КҚК – Каспий құбыры консорциумы

КШО – командалық-штабтық оқу

ҚБ – құрылыс басқармасы

ҚТА ТЭН – қорғалатын табиғат аумақтарының техникалық-экономикалық негіздемесі

ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар

ҚР – Қазақстан Республикасы

МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекемелер

МЖС – мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік

МК – мемлекеттік кәсіпорын

МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

ММҚБ – мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

МО – мемлекеттік орган

МО – медициналық орган

МП– медициналық пункттер

НКИ – нақты көлем индексі

ОАЕ– орталық аудандық емхана

ОҚА – Орал қалалық агломерациясы

РБ – республикалық бюджет

РФ – Ресей Федерациясы

СанЕжН – санитарлық норма және ережелер

СӨС – салауатты өмір салты

СӨСҚ – салауатты өмір салтын қалыптастыру

ТДБ – тілдерді дамыту басқармасы

ТЖ – төтенше жағдай

ТЖД – төтенше жағдайлар департаменті

ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім

ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі

ТРТПРБ – табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

ҰК – ұлттық компания

ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу

ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт

ШЖК – шетел жұмыс күші

ШКМ – шағын жабдықталған мектеп

ШОБ – шағын және орта бизнес

ІСБ – ішкі саясат басқармасы

ІІД – ішкі істер департаменті

ЭжБЖБ–экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ЭҚАБЖ – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі

ЭҚЖ – электрондық құжат айналым жүйесі

ЭТК – электр тарату компаниясы

ЭТҮКШБ – энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет