Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет7/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Денсаулық сақтау

Облыста денсаулық сақтау жүйесінің оңтайлы және қолжетімді жүйесі құрылған. Медицина ұйымдары жүйесін мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында 2011-2013 жылдар кезеңінде медициналық ұйымдарды қайта құрылымдау жүргізілді.

21 кесте

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесі

бірлік





2011 ж.

2013 ж.

ауытқу +/-

Барлығы

медициналық ұйымдар

451

432

-19

Стационарлар

39

36

-3

Қалалық емханалар

5

5

-

Дәрігерлік амбулаториялар

100

93

-7

Фельдшерлік пункттер

27

34

7

Медициналық пункттер

269

253

-16

Санаториялар

2

2

-

Орал қаласының басқа медициналық ұйымдар

9

9

-

Жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің емханадағы, қалалық және ауылдық ДА-лардағы қызметтерін ұсынатын профилактикалық және психоәлеуметтік көмек бөлімшелері бар аралас типтегі құрылымдарды құрумен амбулаторлық-емханалық көмекті қайта құрылымдау жүргізілді.

Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың 2011 жылғы 13,9 млрд.теңгеден 2013 жылы 19,4 млрд.теңгеге дейін, яғни 39,6 %-ға өскендігі байқалады.

22 кесте



Батыс Қазақстан облысының

денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі

млрд.теңге



Жылдар

Барлығы

соның ішінде

жергілікті бюджет

республикалық бюджет

2011 жыл

13,9

10,8

3,1

2012 жыл

16,5

12,1

4,4

2013 жыл

19,4

12,1

7,3

Денсаулық сақтауға жұмсалған шығындардың жалпы көлемінен АМСК-ға шығындар деңгейі 2013 жылы – 42,1% құрады.

Жарақтандыру нормативтеріне сәйкес 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ұйымдарды жарақтандыру 70,8%-ды құрады. Медициналық құрал-жабдықтармен жарақандыруда оң үдеріс байқалады (2011 ж. - 63,8%, 2012 жылы - 69,8%).

2013 жылы нысаналы ағымдағы трансферттер шегінде Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары үшін жалпы сомасы 569,7 млрд. теңгеге 21 бірлік медициналық техника және санитарлық автокөлік сатып алынды.

Онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары үшін 1 бірлік 32 кесімнен кем емес компьютерлік томограф, 2 бірлік колоскопты эндовидеобаған, 1 бірлік гепатиттік орталықтарды жарақтандыру үшін бауырды фибросканирлеу аппараты, 9 бірлік заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған жедел медициналық жәрдем қызметі үшін навигация жүйесі бар реанимобильдер алынды.

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде медициналық ұйымдарға медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, жарақтандыруды: ФАП-тар бойынша -7,4%-ға, ДА-лар бойынша - 9,4%-ға, ОАА/АА бойынша - 9,7%-ға, облыстық ауруханалар бойынша- 5,0%-ға, балалар және босануға жәрдемдесу ұйымдары бойынша - 9,6%-ға, АМСК ұйымдары бойынша - 16,8%-ға, қан орталығы бойынша 3%-ға, туберкулез ауруханалары мен диспансерлері бойынша - 1,9%-ға, онкологиялық диспансер бойынша - 2,9%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Медициналық құрал-жабдықтардың тұрып қалуына жол бермеу және себептерін жою мақсатында медициналық бұйымдарға берілетін өтінімдер, даярлықтан өткізілген кадрлардың, сервистік қызметтің болуы, орынжайдың сәйкестігі және медициналық қызмет көрсету деңгейі нақтыланады.

2013 жылдың нәтижелері бойынша медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану тиімділігі 99,6 % құрады.

2011 жылдан бастап жалпы құны 5076,8 млн. теңгеге 17 денсаулық сақтау нысаны салынды, 3 жылда жалпы құны 534,9 млн.теңгеге 17 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жүргізілді.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасының артуы, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі, заманауи мамандандырылған білікті медициналық көмекке қолжетімділік, профилактикалық шаралардың өткізілуі, медициналық индикаторларға қол жеткізу материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңғырту нәтижелері болып табылады.

Медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге байланысты жалпы облыс бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.

23 кесте


Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының негізгі

көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011ж.

2012ж.

2013ж.

Динамика

Күтілетін өмір ұзақтығы

жыл

68,82

69,63

70,21

оң + 1,39

Ана өлімі

тірі туылған 100 мың балаға

0

0

7,9

теріс +7,9

Нәресте өлімі

1000 тірі туылғанға

11,93

10,04

8,20

оң - 3,73

0-ден 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің азаюы

1000 тірі туылғанға

14,63

11,99

9,75

оң - 4,88

Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлімнің төмендеуі

100 мың тұрғынға

246,22

226,97

193,78

оң - 52,44

Онкологиялық аурулардан өлімнің төмендеуі

100 мың тұрғынға

111,23

110,23

103,41

оң - 7,83

Туберкулезден өлімнің төмендеуі

100 мың тұрғынға

8,0

6,8

4,8

оң -3,2

Адамның иммун тапшылығы вирусының таралушылығын тежеу (15-49 жас тобындағы жұқпалар) 0,2-0,6 %, % шегінде

%

0,01

0,012

0,01

тұрақты

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылғы - 68,82-ден 2013 жылы - 70,21-ге дейін ұлғайды, көрсеткіш 2,0%-ға артты. Жалпы өлім көрсеткіштері тұрақтанды.

Ана өлімі: 2011жылы және 2012 жылы тіркелген жоқ, 2013 жылы 1 жағдай (100 мың тірі туылғанға - 7,9, ҚР –12,6). Ана өлімінің жағдайы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің БҚО бойынша аумақтық дерпартаментімен қаралды. Тексеру нәтижелері бойынша АМСК және Бөрлі аудандық орталық ауруханасы деңгейінде білікті медициналық көмек көрсетілген жағдайда, ана өліміне шартты жол берілмейтіндігі анықталды.

Облыстың шалғай аудандарындағы жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа босанған әйелдерге көмек көрсететін акушер-гинекологтан, анестезиологтан тұратын мобильдік бригада жұмыс істейді. Осыған байланысты, акушерлік іс бойынша күрделі жағдайлар санының 2012 жылғы 40-тан 2013жылы 26-ға дейін төмендегені байқалады.

Нәресте өлімі бойынша оң димамика байқалады : 1000 тірі туылғанға 2011ж. – 11,93-тен 2012 ж. – 8,20-ға дейін (31,3%) төмендеді.

2013 жыл бойынша нәресте өлімі себептерінің құрылымы бойынша бірінші орында: перинаталдық патология (44,4%); екінші орында: дамудың туа біткен ақаулықтары (33,3%); үшінші орында: жазатайым оқиғалар ( 9,2%).

Балалар өлімі көрсеткіштерінің 1000 тірі туылғанға 2011жылғы -14,63-тен 2013жылы - 9,75-ке дейін (33,4%-ға) төмендеуі байқалады.

БЖАЫЖ (балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу) стратегиясын одан әрі енгізу мақсатында 2011 жылдан бастап Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы базасында оқу-тренинг орталығы жұмыс істейді. Орталық мультимедиялық аппаратурамен, компьютерлермен, тренажерлармен, фантомдармен, тарату материалдарымен, тақырыптық қабырғалармен, жеткілікті сандағы үстелдермен, орындықтармен жабдықталған. Босатылған өңірлік үйлестіруші тағайындалған. Орталық базасында 2013 жылы 263 медициналық қызметкер (дәрігерлер – 29, м/б - 234) оқытылды.

Облыстағы дені сау балалар кабинеттерінің саны - 87 (олардың ішінде 54 кабинет дәрігерлік амбулаторияларда), 26 отбасын жоспарлау кабинеті және 26 «Жас ата-аналар мектебі» кабинеттері бар. Кабинеттердің барлығы да қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.

Алты айлығына дейін тек омырау сүтімен қоректенетін балалар саны артты – 82%.

Оң динамика сонымен қатар әлеуметтік-мәнді ауралармен сырқаттанушылық және өлім көрсеткіштері бойынша да тіркеліп отыр.

ҚАЖА-дан (қан айналымы жүйесі аурулары) өлім көрсеткіші 2011 жылдан бастап 2013 жылды қоса есептеген мерзімге дейін 21,3% төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау үшін қан айналымы ауруларына скрининг жүргізіледі.

Жіті коронарлық синдром және ми инсульты жағдайында кезек күттірмейтін көмекті өңірлендірудің картасы бойынша 1-аумақтың науқастарына реанимобильдермен қызмет көрсетіледі, 2-аумақтың науқастары санитарлық авиациямен кардиологиялық орталыққа, ми қан айналымының жіті бұзылуларымен науқастар облыстық клиникалық аурухананың Инсульт орталығына жеткізіледі.

Онкопатолгиялардан өлім көрсеткіші 3 жылда 7,0%-ға (2011 жылы 111,23-тен 2013 жылы 103,41-ге дейін) кеміді. Скринингтік тексерулер және науқастарды уақытылы анықтау, ЖММК (жоғары мамандандырылған медициналық көмек) көрсету, диспансерлік топ науқастарын сауықтыру және қалпына келтіру, онкологиялық науқастарды ерте 1-2 сатыларында анықтау есебінен аурудың асқынған түрлерін (3-4 саты) төмендету және бес жылдық өмір сүру қабілеттілігін арттыру жұмыстары атқарылды.

Туберкулезден өлім көрсеткіші 3 жылда 40,0%-ға (2011ж. -8,0, 2012ж.-6,8, 2013ж.-4,8) төмендеді. Аурудың асқынған түрлері жоқ. Қайтыс болған науқастар құрылымында туберкулездің созылмалы мультирезистенттік түрімен ауыратын науқастар саны басым.

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралушылығының көрсеткіші 2011- 2013 жылдар бойынша 0,012% шамасында. АИТВ-жұқпасының таралушылығына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар, соның ішінде ең алдымен АИТВ-жұқпасына негіз болатын тұрғындар тобы арасында жүргізіледі. Тұрғындар, жастар, оқушылар, студенттер арасында санитарлық-ағарту және ақпараттық-білім беру жұмыстары ұйымдастырылған.

2013 жылы нысаналы топтан (268688 адам) ересек тұрғындардың 73%-ы, яғни 198071 адам, 4400 бала тұрғындардан (В және С гепатиттеріне мақсатты топтарға скрининг) немесе 4400 (100%) адам тексеруден өткізілді.

ҚАЖА (қан айналымы жүйесі аурулары), қант диабеті, глаукома бойынша скринингке 101449 адам жатқызылса, оның 102130 (100%) тексерілді, 5026 (4,9%) науқас анықталып, сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін анықталғандар санынан 4958 (98,6%) адам «Д» есепке алынды.

Жатыр мойнының, сүт безінің қатерлі ісігін және ісікалдылық жағдайларды, колоректальдық обырды, өңеш және асқазан қатерлі ісігін, қуықасты безінің қатерлі ісігін, бауырдың қатерлі ісігін анықтауға 94218 адам жатқызылған болса, оның 94259 (100%) адам тексерілді, 2127 (2,3%) науқас анықталып, олардың ішінен сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін 2095 (98,5%) науқас «Д» есепке алынды.

В және С гепатиттерінің мақсатты қатер топтарының скринингіне 2404 адам жатқызылса, 2404 (100%) адам тексерілді, анықталды -102 (4,2%), соның ішінде В гепатиті -57, С гепатиті - 45.

Балалар арасындағы В және С гепатиттерінің мақсатты қатер топтарына 4400 бала мен жасөспірім жатқызылған болса, оның 4400 (100%) тексерілді, 22 науқас бала анықталды (0,5%), соның ішінде В гепатиті -19, С гепатиті -3 балада. «Д» есепке – 22 (100%) бала алынды. Вирусқа қарсы терапияны 1 бала қабылдауда.

Облыста скринингтік іс-шараларды мониторингтеу бойынша ұдайы жұмыс тобы қызмет етеді, облыстық СӨС орталығы базасында ай сайын әр скрининг түрі бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

Әр скрининг түрі бойынша пациенттің қозғалыс маршруты жасалды, Облыстық СӨС және АМСК ұйымдарымен мекенжайлық шақырулар, адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілді.

Үш жыл ішінде 4017399 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды, 37 билборд, 13 баннер, 16 стенд, 19 скроллер, 4 дүңгіршек-терминал орнатылды. Үш жыл бойына жыл сайын Олар қаласының көшелерінде орнатылған 3 ақпараттық-электрондық мониторда және 50 маршруттық автобустарда көрсетілімдер жүргізіліп келеді. 24 СӨС қалыптастыру кабинеті, 4 жастар орталығы және 5 темекіге қарсы орталық ашылды және қызмет етеді.

Облыста 9 телемедициналық орталық, 3 жылжымалы медициналық кешен медициналық көмек көрсетеді.

Жылжымалы медициналық кешендермен үш жыл ішінде 96506 адам тексерілді, санитарлық авиациямен 861 науқасқа қызмет көрсетілді, телемедицинаның көмегімен 3643 науқасқа кеңес берілді.

Жалпы облыс бойынша травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы бойынша ЖММК-нің 90 түрі енгізілген. 2013 жылдың 12 айында өңір деңгейінде 1231 ЖММК жүзеге асырылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 18,4 %-ға артық.

2014 жылдың 1 қаңтарына төсек саны 4515 құрады, олардың ішінде мемлекеттік - 4225, жеке – 290. Денсаулық сақтау жүйесінде төсек-орындармен қамтамасыз ету 10 000 тұрғынға – 68,1 (ҚР бойынша – 60,2) құрады. Күндізгі стационардың төсек саны 88 төсек-орынға артты.

Тіркелген халық тіркелімі регистрінің (ТХТ) порталы құрылды. ТХТ қызметі жұмысшы режимде жүргізіледі. Пациенттерді емдеуге жатқызу медициналық ұйымдардағы госпитализациялау бюросының Порталы арқылы медициналық ұйымды еркін таңдау принципі бойынша қамтамасыз етіледі.

Стационарды еркін таңдау принципі бойынша облыстағы барлық тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігі артты.

2013 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 33646 адам өздерінің стационарды еркін таңдау құқықтарын пайдаланды, олардың 21519-ы ауыл тұрғындары.

Өңірлік деңгейде 33646 адам, өңіраралық деңгейде –52 адам емделіп шықты (0,15 %), Ғылыми зерттеу институттары, Ұлттық орталықтар және республикалық клиникалар деңгейінде 185 (0,5 %), соның ішінде 87-і ауылдық науқастар (47 %) емделді.

Облыстағы АМСК ұйымдарында 143 әлеуметтік қызметкер және 21 психолог қызмет атқарады.

Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі жоғары медициналық оқу орындарының түлектерін еңбекке орналастыру есебінен толтырылуда. Осылайша, 2013 жылы Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына Қазақстан Республикасының медициналық университеттерінің 126 түлегі (2012ж.-82) бөлінсе, соның ішінде АМСК ұйымдарына – 66 (2012 жылы – 42) маман жолданды. 2013 жылы 126 жас маманның 62-і ауылға жолданды. Қаланың және аудандардың әкімдіктерімен баспанаға зәру мамандарға қызметтік пәтерлер ұсынылды (25 - ауылда, 10 - қалада).

Облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылда облысқа келген 249 жас маманның ішінен 110 дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдық жерлерге жолданды (2011ж. – 17, 2012 ж. – 31, 2013 ж. – 62 ). Ауылдық жерлерге келген мамандарға көтермелеу жәрдемақысы және пайызсыз несиелер түріндегі өзге де жеңілдіктер ұсынылды, балаларына балабақшалардан кезексіз орындар бөлінді, жалақыларына 25% үстемеақы қосылды. Аудандардың әкімдіктерімен баспаналары жоқ мамандарға тұрғын үйлер берілді (25 ауылда). Ауылдық жерлерге жолданған барлық мамандарға 70 АЕК мөлшерінде көтермелеу жәрдемақысы төленді. Осының нәтижесінде дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі соңғы үш жылда 42,8%-ды құрап отыр.

Облыс бойынша дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, олардың жетіспеушілігі әлі де байқалады, аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Облыстағы дәрілік қамтамасыз ету 408 дәріханалық ұйым, соның ішінде – ауылдық жерлердегі 208 және Орал қаласындағы 200 дәріхана арқылы жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағдарланушылығын барынша күшейту болмақ. Осы мақсаттарда қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық әрекеттестіктің тиімділігі арттырылатын болады, профилактикалық іс- шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтілді, негізгі әлеуметтік мәнді ауруларды диагностикалау, емдеу және қалпына келтіру жетілдірілді.

Жоғарыда аталған шаралар ана, нәресте, бала және жалпы өлім жағдайларын төмендетуге ықпал ететін болады.

Сонымен бірге, азаматтардың өз денсаулықтарына ынтымақты жауапкершіліктерінің тетіктерін енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесін дамыту басымдығын атауға болады. Өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілік принципі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да, сонымен қатар адамның күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы тиіс. Бұл шылым шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, күйзелістер, дене белсенділігінің төмендігі және тиімсіз тамақтану әсерлерінен туындайтын ауруларды азайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласында ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғастырылмақ.
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста 145 балабақша, 39 «мектеп-балабақша» кешені және 285 шағын орталық жұмыс жасайды.

2011 жылдан мектепке дейінгі ұйымдар саны 461-дан 469 бірлікке дейін өскен.

Жалпы, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды (3-тен 6 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 95,7%-ға дейін арттырумен айқындалған оң беталыс байқалады(2011 жылы – 93,0%).

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың оң серпіні баланың бірінші сыныпқа қабылдануына дайындығын арттыруға және жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оның табысты бейімделуіне ықпал етті.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне қатысты мәселелер орын алып отыр (2014 жылдың 1 қаңтарына– 17939 бала).

24 кесте

Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі

білім беру дамуының көрсеткіштері





2011/2012 оқу жылы

2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы 2012/2013 оқу жылына, %-бен

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар - барлығы

461

471

469

99,5


мемлекеттік

457

466

462

99,1

жеке

4

5

7

140,0

Балабақша саны

139

143

145

101,3

Мектеп -балабақша саны

39

39

39

100,0

Шағын орталықтар саны

283

289

285

98,6

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны, мың адам.

26,2

27,9

27,6

99,0

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту, %

93,0

95,3

95,7

х



Орта білім беру

Облыстың білім беру мекемелерінің саны – 410 мектеп, оның ішінде мемлекеттік – 407, мемлекеттік емес – 3.

Облыста 2012 жылы апатты жағдайдағы 8 мектептер жұмыс жасады. 2013 жылы 2 нысанының құрылыс есебінен (Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында 198 орындық ЖОББМ, Жәнібек ауданы Қамысты аулында 300 орындық Ниетқалиева атындағы ЖОББМ) апатты жағдайдағы мектептердің саны 6 бірлік құрады. Сонымен қатар 2013 жылы Жәнібек ауданы Қамысты аулында 300 орындық Ниетқалиева атындағы ЖОББМқұрылыс есебінен үш маусымдылық жойылды.

Шағын жабдықталған мектептер санының көп болуы өңірдің білім беру жүйесінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан ауылдық жерлерде 350 (85,9%) мектеп орналасқан, олардың ішінде 250 немесе 71,4% - ШЖМ. Шағын жабдықталған орта және негізгі мектептер қазіргі заманғы оқу жабдықтарының, кабинеттердің болмауына байланысты білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу сапасын төмендетеді.

Аймақта жоғары білім денгейі байқалады. 2013 жылы 3836 мектеп бітірушісі ҰБТ-ға қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 71,3% құрады. Орташа балл – 78,15 (2012 жылы -77,39) Республикалық көрсеткіш –74,5 балл (республиканың өңірлері арасында 3-орын).

2011 жылғы ҰБТ-ның көрсеткішімен салыстырғанда 2012 жылдың көрсеткішінің төмендеуі тестілік сұрақтардың жаңартылуымен және төмен психологиялық дайындықтың салдарынан туындап отырса, 2013 жылы орташа балл 0,76 балға өсіп отыр. Соңғы 10 жылда ҰБТ көрсеткішінің өсуі мен төмендеуі дәлелді заңдылық. Атап айтсақ, ҰБТ технологиясының жетілдірілуі, халықаралық стандарттарға сай тестілеу тапсырмаларының және әр нұсқаға математика пәні бойынша логикалық сұрақтардың енгізілуі.

Ауыл мектептерінің орташа жинақ балы – 73,91, ал қала мектептерінің орташа балы - 82,45. Қала мектептерініңкөрсеткіштері ауыл мектептерімен салыстырғанда 11,51 балға жоғары. Қала және ауыл мектептерінің білім сапасы арасындаға айырмашылық ауылдық жердегі мектептердің көпшілігінің шағын жинақты болуы және материалдық-техникалық жағынан аз қамтылуымен түсіндіріледі.

Қабылданған шараларға қарамастан, білім беру сапасына кері әсер ететін факторлар бар. 118 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ, мектептердің 39,5%-да тамақтану бейімделген ғимараттарда ұйымдастырылған, тамақтану блоктары қазіргі заманғы құрылғымен жабдықталмаған.

Облыстың мектеп жасындағы балаларының 85,7%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Облыстың педагог кадрларының саны 12161 адамды құрайды, соның ішінде жоғарғы санатты – 1415, І санатты – 4253 адам, II санатты – 3678 адам.

25 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет