Өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуы
Аймақтың ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Аймақ өзінің өнеркәсіп саласының түрлері негізінде дамуға мүмкіндік беретін едәуір ресурстық әлеуетке ие.
Талдау көрсеткендей, өнеркәсіп өнімінің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының және басты негізінде Қарашағанақ газконденсат кен орнын қарқынды игеруге байланысты, соның нәтижесінде 2013 жылы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінде таукен өндіру саласы өсімінің үлесі 89,3%-ға дейін өсуі болып табылады. Мысалға 90-шы жылдары қорғаныс өнеркәсібінің арқасында өнеркәсіп өндірісі құрылымында негізгі үлес 85,4% - өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды.
3-кесте
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің құрылымы
млн. теңге
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2013 жылғы НКИ 2012 жылға, %
|
2013 жылы саладағы үлес салмағы, %
|
Өнеркәсіп – барлығы,
соның ішінде:
|
1 480 715,8
|
1 638 474,5
|
1 659 661,6
|
99,8
|
100,0
|
тау-кен өнеркәсібі
|
1 344 777,7
|
1 498 907,7
|
1 482 062,2
|
98,2
|
89,3
|
өңдеу өнеркәсібі
|
106 669,9
|
110 675,1
|
141 416,7
|
120,3
|
8,5
|
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау
|
24 768,7
|
24 465,5
|
29 560,5
|
102,8
|
1,8
|
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау
|
4 499,5
|
4 426,2
|
6 622,2
|
120,7
|
0,4
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі отын-энергетика кешенінің негізін құрайтын мұнайгаз секторының кәсіпорындарымен ұсынылады. Облыс аумағында 20-дан астам жалпы жобалық қоры 4,2 ден 7,6 млрд.тоннаға дейін көмірсутегі шикізатының ірі және шағын кен орындары ашылды.
2011 жылдан 2013 жылға дейін мұнай және газконденсат өндіру көлемі 0,5%-ға, табиғи газ - 11,2%-ға өсті.
4-кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2013 жыл
2011 жылға, %
|
Мұнай өндіру көлемі
|
мың тонна
|
307,0
|
337,8
|
315,4
|
102,7
|
Газ конденсатын өндіру көлемі
|
мың тонна
|
12 153,9
|
12 617,8
|
12 212,8
|
100,5
|
Табиғи газ өндіру көлемі
(валовый выпуск)
|
млн. текше м
|
17 231,6
|
18 886,1
|
19 154,2
|
111,2
|
Аймақтың өнеркәсіп өнімінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2013 жылы 8,5%-ды құрады, ол обылыстың мұнайгаз кешені өндірісінің көлемі озық өсуімен түсіндіріледі. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2011 жылдан 2013 жылға дейін 106,7 млрд. теңгеден 141,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы кәсіпорын қызыметінің барлық салалық бағыттарын ауқымдайды.
5-кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері
млн. теңге
Наименование отрасли
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2013 жылғы НКИ 2012 жылға, %
|
Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде:
|
106 669,9
|
110 675,1
|
141 416,7
|
120,3
|
машинажасау
|
16 933,8
|
16 530,0
|
19 375,2
|
100,2
|
металлургия
|
4 063,1
|
7 762,1
|
8 879,3
|
104,2
|
құрылыс материалдар өндірісі
|
6 900,9
|
5 980,5
|
9 810,3
|
140,6
|
тамақ өнімдерін өндіру
|
27 200,1
|
30 618,1
|
34 791,7
|
109,7
|
жеңіл өнеркәсібі
|
518,8
|
752,8
|
779,7
|
14,7
|
мұнайды қайта өңдеу өндірісі
|
36 564,5
|
32 210,7
|
49 948,6
|
163,4
|
Мұнайды қайта өңдеу
Облыс мұнай өнімдерін қайта өңдеу өндірісіне мамандандырылған Қазақстанның төрт аймағының бірі болып табылады. Мұнайды және газды қайта өңдеу үшін Қарашағанақ өңдеу кешені, газойль, отын мазутын және бензин шығаруға мамандандырылған шағын тоннажды қондырғылар сияқты қуаттар бар. Қуаты 600 мың тоннаға дейін ШТҚ бар. Көмірсутегі фракцияларын дара маркаптан және күкіртсутегіден тазарту қондырғыларын жетілдіру жүргізілді, ол өндірістің қауіпсізігін және өнімнің коммерциялық құндылығын едәуір жақсартты.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 2011 жылы 36,6 млрд.тоннадан 2013 жылы 49,9 млрд.тоннаға дейін ұлғайды, ол өңдеу өнеркәсібі көлемінің 35,3%-ын құрайды. Газойль өндірісі көлемі 2013 жылы 507,8 мың тоннаны құрады, ол 2012 жылдан 59,7%-ға көп (318,0 мың тонна).
Қазіргі күнге саланың ірі кәсіпорындарының бірі – «Конденсат» АҚ экологиялық сыныбы «Евро-5» бензинін шығару бойынша жобаны жүзеге асыруда, ол Қазақстанның Батыс аймағы қажеттілігін сапалы автомобиль бензинімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы хаттамаға сәйкес үшінші елдерге мұнайды қайта өңдеу өнімдерін жеткізуге тыйым салынуына байланысты мұнайды қайта өңдеу саласының кәсіпорындары мұнайды қайта өңдеу өнімдерін жіберу проблемаларымен кездесуде, ол өз кезегінде жалпы өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемінің қысқаруына септігін тигізеді.
Тамақ өнеркәсібі барлық өңдеу саласы өнімінің 25%-ын қамтамасыз етеді. Тамақ өнеркәсібі өнімінің көлемі 2011 жылдан 2013 жылға дейін 28,2 млрд теңгеден 35,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Тамақ өнімдері көлемінің өсу қарқыны 2013 жылы 109,7%-ды құрады.
Қазіргі күнге тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорыдар «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғарғы, бірінші және екінші сұрыпты ұн, ұнтақ жармасы, макарон бұйымдары, кебек), «Ақ қайнар» нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғарғы, бірінші және екінші сұрыпты ұн, кебек, бидай қалдықтары), «Нұжанар» АҚ (пиво, квас, минералды су) болып табылады. Сала кәсіпорындары өндіріс барысында өндірілетін өнімнің сапасына аса көңіл аударады, оны республикалық сапа конкурсының қортындысы растайды. Мысалға, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ 2012 жылы «Қазақстанның таңдаулы тауары» республикалық конкурста 2 – орынға ие болды, «Кублей» АҚ 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» премиясын алды.
Машина жасау және металлды өңдеу
Облыстағы бар машина жасау кешені саланы дамыту үшін едәуір әлеуетке және төмендегідей басым бағыттарға ие, соның ішінде мұнайгаз машина жасау, мұнай және газды өндіру, айдау және тасымалду үшін жабдықтар, қорғаныс өнеркәсібі – катер және кеме, энергетикалық жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналарын, газкомпрессорлық станса және жоғарғы қысымды құтылар, стандарттық емес бұйымдар, ұнтағыш шарлар, сұр шойыннан жасалған арматура тағы басқаларын шығару.
2013 жылдың қортындысы бойынша машина жасау саласының кәсіпорындарымен 19,4 млрд.теңгенің өнімі шығарылды, 2011 жылы – 16,9 млрд.теңге болды. Нақты көлем индексі -100,2%-ды құрады.
2013 жылы металлургия өнеркәсібі саласы кәсіпорындарының өндіріс көлемі 8,9 млрд.теңгені құрады, нақты индекс көлемі - 104,2%, 2011 жылы 4,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Әр түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі 2,6 есеге өсті.
Аймақты индустриалдық дамытудың маңызды бағыты бұрынғы қорғаныс кәсіпорындарын азаматтық қолданыс өнімдерін шығаруға қайта бағдарлау болып табылады. Жаңа өнім түрлері игерілуде (ұшақ, трансформатор, мұнайгаз жабдықтарының түрлері, кеме және тағы басқалары).
Шекара қызметі үшін соңғы үш жылда «Зенит» Орал зауыты» АҚ-мен 6 бірлік кеме және катерлерді шығарып суға түсірді. Кәсіпорын алдағы уақытта «Бұлан» жобадағы көпфукционалды кеме шығаруды жоспарлауда. Зауытта шығарылатын қорғаныс өнеркәсібі үшін, сондай-ақ азаматтық өнім түрлерін де кеңейту үшін резервтер баршылық. Әсіресе, су сыйымдылығы 600 тоннаға дейін кемелер, су тазалау ғимараттары, сондай-ақ азаматтық өнімнің бір қатар түрлерін шығару.
Сондай-ақ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ АҚШ-тың - «LANC AIR» компаниясымен бірлесіп жылдамдығы 400-550 шқ/сағ көміртекті материалдан жасалған тәжірибелік отандық ұшақ өндірісі аяқталды.
«Орал трансформатор зауыты» ЖШС күшейткіш трансформаторлар шығару жөніндегі жобаны жүзеге асыруда. Өндіріс Германия, Италия, Швейшария, Франция және АҚШ елдерінің жабдықтарында жасалатын болады.
«МашЗавод» машина жасау компаниялары Консорциумы құрылғаннан кейін машина жасау кәсіпорындары өз қызметін жандандыра бастағанын атап өту қажет. Консорциум құрамына 9 машина жасау компаниялары кірді. Консорциум операторы «Зениттехсервис» ЖШС болып табылады, ол мұнайгаз компанияларының өткізетін тендерлерінде машина жасау компанияларының мүддесін білдіреді.
Машина жасау компанияларының негізгі проблемасы аталмыш кәсіпорындарды ASME, ASTM, ANSI, API халықаралық стандарттардың болмауында. Сертификаттау қызметі құнының жоғары болуына байланысты кәсіпорындар өз күшімен бұл стандарттарды енгізе алмайтынын ескере отырып, индустрияландырудың екінші кезеңі шеңберінде аталмыш стандарттарды енгізуді субсидиялау болжамдалуда.
Құрылыс материалдарын шығару
Құрылыс индустриясының ең ірі кәсіпорындары «Гидромаш – Орион – МЖБК» ЖШС, «Құрылыс комбинаты» ЖШС, АО «Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдары Корпорациясы» АҚ болып табылады, олар шамамен өнімнің 50 атауын шығарады (бетоннан жасалған бұйымдар, силикат кірпіші, әк және басқалары).
2013 жылдың қотындысы бойынша саланың кәсіпорындары 9,8 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Аталмыш салада өндіріс көлемінің нақты индексі 140,6%-ды құрады. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда тауарлық бетонның өндірісі 1,6 есеге ұлғайды және 500,7 мың тоннаны құрады.
Сала кәсіпорындарының шығаратын өнімі ішкі нарықтың қажеттілігіне бағытталған. Мысалға «Стеклосервис» ЖШС базасында күшейтілген қыздырып шыңдалған шыны және шыныдан жасалған көп қабатты оқшаулағыш бұйымдардың тәжірибелік өнімін шығару басталды. Өндіріс австриялық «Lisec» компаниясы жабдығында, шыныны қыздырып шыңдау финдік «TamGlass» компаниясы желісінде жасалады.
«СВ-плюс» ЖШС және «Болашақ-Т» ЖШС базасында қуаттылығы жылына 50 және 40 мың текшее метр тұрғын үй шығаратын индустриалды тұрғын үй салу жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорын «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (түрік компаниясы), «Weiler» және «Vollert» (неміс компаниялары) сияқты атақты шетел компанияларының технологиясын қолданады.
Сала кәсіпорындарының негізгі проблемалары өндіретін өнімнің маусымдығы болып табылады.
Тоқыма бұйымдар және киім өндірісі
Тоқыма бұйымдар және киім шығару саласында «Диана-плюс» ЖШС, «ШТФ «Надежда» ЖШС, «Аяз» ЖШС және басқалары сияқты арнайы киімдер, төсек-орын тысы, мектеп формасы, киіз бұйымдарын шығаруға мамандандырылған бір қатар орташа кәсіпорындар жұмыс жасауда.
2011 жылы тоқыма бұйымдар және киім өндірісінің көлемі 518,8 млн.теңгені құрады, 2013 жылы сәйкесті 779,7 млн.теңге немесе 114,7%. Жалпы өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі саласының үлесі 0,5%-ды құрайды. Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының кездесетін проблемалық мәселелері тұрақты өтім нарығының болмауы. Отандық кәсіпорындардың тауарларына нарыққа, әсіресе Қытайдан келетін арзан және төмен сапалы өнімдермен бәсекелесу қыйынға түседі. Аталмыш мәселені шешу және жеңіл өнеркәсіпті әрі қарай дамыту үшін 3 жылға дейін, соның ішінде күш құрылымдары, денсаулық және білім объектілерінің қажеттілігі үшін кепілді мемлекеттік тапсырыс қажет.
Жалпы, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына кездесетін негізгі проблемаларға қолданыстағы өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы, тапсырыс және айналым қаражатының жетіспеуі және өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі жасайтын жабдықтардың (60-70%) жоғары деңгейдегі тозығы жатады.
Өнеркәсіп өндірісінің өсуіне Индустрияландыру картасының жүзеге асырылуы септігін тигізеді Республикалық және Аймақтық индустрияландыру картасы аясында 1755 жұмыс орнын құруымен 286,7 млрд.теңгенің 36 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. 2010-2013 жылдары 31 жоба іске қосылды, соның ішінде 22 жоба 70%-дан астам, 4 жоба - 50%-дан астам жобалық қуатына шықты. Қалған жобалар кезең кезеңімен жобалық қуатқа шығуды жүзеге асыруда. Тұрақты 1272 жымыс орны құрылды.
2013 жылы 116 тұрақты жұмыс орнын құруымен 2,1 млрд.теңгенің 3 жобасы іске қосылды:
қуаттылығы жылына 5000 тонна ПВХ бейінін шығару («Каризма» ЖШС);
шойыннан бұйымдар шығарудың қолданыстағы қуаттарын жаңарту («Казармапром» ЖШС);
диаметрі 1600 мм дейін полиэтилен құбырларын шығару («Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС).
2014 жылы 643 жұмыс орнын құруымен 6,5 млрд.теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылуда:
Кернеу сыныбы 6-10 кВ күшейткіш трансформаторлар шығару («Орал трансформатор зауыты» ЖШС);
Жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС);
Қуаттылығы тәулігіне 1400 бас ұсақ қара мал етін өндіру бойынша кешен құрылысы («Батыс Марка Ламб» ЖШС).
Инновациялар
2013 жылдың қортындысы бойынша облыстың 646 кәсіпорнында инновациялық іс-әрекеттің статистикалық бақылауы жүргізілді.
Аяқталған технологиялық инновациясы бар кәсіпорындар саны 2011 жылы 26 бірліктен 2013 жылы 34 бірлікке дейін ұлғайды, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 17.
2013 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 5,3%-ды құрады. 2012 жылмен (9,5%) салыстырғанда инновациялық белсенділіктің төмендеуі, инновациялық статистика бойынша зерттеу жүргізу әдістемесіне байланысты. 2013 жылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 18,8%-ды құрады.
ЖАӨ жалпы көлемінде инновациялық өнім және инновациялық сипаттағы қызмет үлесі – 0,5%.
6-кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Инновациялық-белсенді кәсіпорындар саны, бірлік
|
26
|
53
|
34
|
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, %
|
12,7
|
9,5
|
5,3
|
Өндірілген инновациялық өнім көлемі, млн.теңге
|
24 484,5
|
4 399,3
|
9 098,5
|
Технологиялық инновацияға кеткен күрделі және ағымдағы шығындар
|
47 344,1
|
3 053,3
|
10 692,9
|
Респонденттер саны
|
205
|
553
|
646
|
2011-2012 жылдары облыс инновациялық белсенділік бойынша алдыңғы қатарлы облыстар қатарында болды. Инновациялық өнім көлемі бойынша өсу байқалуда. 2013 жылы өндірілген инновациялық өнім 9 098,5 млн. теңгені құрады, ол 2012 жылмен (4399,3 млн.теңге) салыстырғанда 2 есеге көп. Өнімдік және процесстік инновацияның шығыны 10 692,9 млн.теңгені құрады.
Машина жасау, аспап жасау, мұнайхимия және табиғатты қорғау технологиялары саласында инновациялық іс-әрекетті ынталандыру және қажетті жағдай туғызу мақсатында облыста «Алгоритм» технопаркі қызмет жасауда.
Технопарк алдында Батыс Қазақстан облысының инновациялық инфрақұрылымын құру, сондай-ақ инновациялық процесс құрамдарын – ғылыми әлеуетін, қаржылық инфрақұрылымын, инновациялық кәсіпорындарын қамтамасыз ету мақсаты тұр.
Облыста инновацияның дамуына мүмкіндік жасайтын бизнес – орталық, қор сияқты құрылымдыр іс-әрекет етуде. Олардың қатарына: «Орал» ӘКК» ҰК», ӘКК жанындағы инвестициялар тарту және инновация орталығы, бизнес-инкубаторлар, фермерлерді, кәсіпкерлерді қолдау қоры және басқалары. Олармен консалтингтік, ақпараттық қызметтер, бизнес-жоспарлау және маркетингтік қызметтер көрсетілуде.
Инновациялық гранттарды ұсыну мәселесі бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен ұдайы түрде конференциялар, тұсаукесерлер, семинарлар өткізілуде. Ақпараттық-алғашқы таныстыру жұмыстары жүргізілуде (көрме іс-әрекеті, бизнес-конференция, семинар, инвестициялау үшін әлеуетті инновациялық жобалардың мәліметтер базасын қалыптастыру бойынша консалтинг). Облыс әкімдігімен ағымдағы жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен кооперацияны дамыту, облыстың ЖОО-мен инновацияны дамыту мәселесі бойынша меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан басқа, облыста жеткілікті станоктық паркі бар, бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындары іс-қимыл жасауда.
Бұрынғы қорғаныс кешені зауыттарының кадрлық және техникалық әлеуеті сақталған. Аймақ кәсіпорындарының көпшілігі конструкторлық топтары бар, ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жасау) бойынша жұмыс принципі сақталған.
Облыстың инновациялық даму үшін алғы шарт ретінде келесі факторлар ұсынылады:
машина- және прибор жасау кәсіпорындарында жоғары білікті кадрлардың сақталуы;
қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті;
пайдаланылмайтын өндіріс алаңдары;
пайдалы қазбалар кен орындарының болуы.
Кәсіпорындармен жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мысалға, «БҚМК» АҚ ағымдағы жылы АҚШ - «LANC AIR» компаниясымен бірлесіп жылдамдығы 400-500 шқ/сағ көміртекті материалдан жасалған тәжірибелік отандық ұшақты шығарды.
«Арктур» ЖШС «Қоқысты сұрыптау кешенін салу» жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорын жобаның бірінші кезегін жүзеге асыруға несиенің пайыздық мүлшерлемесін субсидиялау бөлісінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапты.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет базасында көбікті шыны, жасанды қиыршық тас шығару жұмыстары жүргізілуде, «Тұйықты сумен қамту қондырғысы жағдайында азықтың өзіндік рецептін қолдана отырып, құнды бекіре балығының аквамәдениеті» жобасын жүзеге асыруда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инновациялық гранттар ұсыну бойынша қолдау көрсетілуде. Аталмыш бағдарлама аясынад 2012-2013 жылдары 27 инновациялық жобаны жүзеге асыруға 90 млн.теңге бөлінді.
Негізі инновациялық жобалар кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Облыстан 2012-2013 жылдары «ТДҰА» АҚ жіберілген жобалар қолдау таппады.
Инновациялық дамудың негізгі проблемаларының бірі бизнес пен ғылымның әлсіз әрекеттесуі, жеткіліксіз қаржыландырылуы болып табылады. Сонымен қатар инновацияларды енгізу және технологиялар трансферті жүйесінің тиімсіз қызмет жасауы, технологиялық кәсіпкерліктің ғылыми қызметкерлерінің тәжірибесі, ал бизнес-құрылымдардың – озық ғылыми жетістікткер және оларды коммерцияландыру перспективасы туралы ақпараттың болмауы сияқты проблемалар бар.
Отандық зерттеулер мен дайындаулар нақты нарық талабына және жағдайларына әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды көп қажетсінетін өнімдер мен қызметтер бәсекелестігіне шыдай алмайды. Әзір тұрған ғылыми әзірлемдерді енгізу тәртібі жоқ.
2013 жылдың қортындысы бойынша «Инновациялық өнім өндірісі көлемінің өсу» көрсеткіші бойынша жоспардың орындалуы 35,4%-ды құрады (факт - 9,0 млрд.теңге, жоспар - 25,4 млрд.теңге), ол 2012-2013 жылдары «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ қаржыландыруға жіберген инновациялық жобалар қолдау таппауына байланысты инновациялық-белсенді кәсіпорындар саны төмендеуімен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта облыста 2012-2014 жылдарға арналған инновацияларды енгізу және дамыту жөніндегі тізімдемелік жоспар жүзеге асырылуда. Интелектуалдық меншікті ұстаушылар – жеке тұлғалар, жоғарғы оқу орындары, ғылым ұйымдарының ғылыми-техникалық қызметі нәтижесін коммерцияландыру мақсатында «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС базасында аймақтық коммерцияландыру орталығы ұйымдастырылды (бұдан әрі – АКО).
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақстанның инновациялық технологиялар және басқару институты және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Облыста инновацияны дамыту жөніндегі Ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) және «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС Қамқоршылар кеңесі құрылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері ірі жер қойнауын пайдаланушылар: КПО б.в., «Жайық мұнай» ЖШС, «ТШО» ЖШС, «Урал ойл энд газ» ЖШС және басқалары болып табылады. Қамқоршылар кеңесімен «Аэробот шығаруды ұйымдастыру» және «Көлік техникасы және технологиялық жабдықтардың тораптары үшін қайтармалы-айналмалы қозғалысы үшін жаңа подшипник құрылымын жасау» екі жобасын жүзеге асыруға ҒТК 7,5 млн.теңге қаражат бөлуге мақұлданып және ұсынылды. АКО бастамасы бойынша ҒТК аясында «Коммерцияландыру мәселелері бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу және зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы» құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |