Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың


Инвестициялар, өңірдің инвестициялық тартымдылығы



бет4/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Инвестициялар, өңірдің инвестициялық тартымдылығы

Облыс экономикасын дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар тұрақсыз серпінді көрсетіп отыр.

2011 жылдан бері инвестициялардың өсу қарқыны төмен. Мысалы, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2011 жылы негізгі капиталға инвестициялар 31,3%-ға, 2012 жылы – 7,9%-ға төмендеді, бұл экономикалық дағдарыстың инвесторлардың белсенділігіне айтарлықтай деңгейде әсер етуімен түсіндіріледі.

7-кесте


Батыс Қазақстан облысы бойынша

негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге



Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

170 438,7

164 652,2

193 869,0

Нақты көлем индексі алдыңғы жылға, %

68,7

92,1

114,5

соның ішінде










шетел инвестициялары

78 714,7

61 856,9

-

республикалық бюджет қаражаты

32 194,0

18 304,9

24 654,0

жергілікті бюджет қаражаты

3 342,7

4 233,0

3 385,0

өз қаражаттары

28 710,8

50 559,9

131 222,0 *

несиелік қаражаттар

27 476,5

29 697,5

34 608,0

* - кәсіпорындар қаржысы, шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса
2013 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 193,9 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 14,5%-ға жоғары. Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі салым көздері 131,2 млрд.теңге немесе 68,7% кәсіпорындардың өз қаражаттары болып табылады (шетел кәсіпорындарының өз қаражаттарын қоса алғанда). Инвестициялардың жалпы көлеміндегі несиелік қаражаттардың үлесі 17,8% (34,6 млрд.теңге) құрайды, республикалық бюджет қаражаты – 12,7% (24,7 млрд.теңге), жергілікті бюджет – 1,7% (3,4 млрд.теңге).

8-кесте


Батыс Қазақстан облысы бойынша

пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша

негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге



Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы

170 438,7

164 652,2

193 869,0

соның ішінде:










Өнеркәсіп

115477,6

109256,2

135780,0

инвестициялардың жалпы көлеміндегі өнеркәсіптің үлес салмағы, %

67,8

66,4

70,0

соның ішінде:










тау-кен өнеркәсібі

97000,4

88723,0

117809,8

өңдеу өнеркәсібі

3811,5

12055,0

7921,6

электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау

9577,2

3825,6

5308,5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

5088,5

4652,6

4740,1

Құрылыс

1261,1

2441,4

1394,9

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

984,3

1236,4

728,9

Көлік және қоймалау

16959,3

11927,0

25444,1

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

3110,2

3085,4

2456,7

Білім беру

7891,5

5819,3

2185,5

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

2266,2

3214,8

5335,9

Қызметтердің басқа түрлерін көрсету

22488,5

27671,7

20543,0

Негізгі түсім немесе инвестициялардың 60,8% облыстың тау-кен өнеркәсібін дамытуға бағытталды. Бұл ретте, 2013 жылы инвестициялардың 32,8%-ға өсуі шетел инвесторларының қаражаттарын Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын игеруге салуымен байланысты.

2011-2013 жылдары өңдеу өнеркәсібін дамытуға 23,8 млрд.теңге инвестициялар бағытталды. Бұл кезең ішінде аталған салада Индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 163,9 млрд. теңгеге 23 жоба іске қосылды.

Облысқа инвесторларды тарту, инвестицияларды тарту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сонымен қатар инновациялық жобаларды іздеу және іске асыру, оларды сервистік қолдау мақсатында облыста «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ жанынан инновацияларды қолдау және инвестицияларды тарту орталығы құрылды.

2013 жылы инвестициялық ахуалды жақсарту және облысқа инвесторларды тарту мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды, олардың нәтижесінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалы мен Татарстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы арасында меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Оралагрореммаш» АҚ мен «Камаз» ААҚ арасында Камаз шассиін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Қазақстандық және Ресейлік тауар өндірушілерінің қатысуымен «WestKazInvest-2013» халықаралық бизнес-форумы өткізілді, нәтижесінде жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын 13 меморандумға қол қойылды.

Қолайлы бизнес-ахуалдың, өңірдің инвестициялық тартымдылығының, бай табиғи және минералды ресурстардың болуына, тиімді географиялық орналасуына және инвестиция тарту жағдайының қолайлылығына қарамастан, инвестициялар құрылымында айтарлықтай өзгерістер болмай отыр, яғни ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету және басқа да салаларға инвестициялардың қарқынды өсімі байқалмайды. Себебі, ірі инвестор-кәсіпорындардың басым көпшілігі мұнай- газ өнеркәсібіне тиесілі.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс әсер ететін бірқатар проблемалар бар, оларға мыналарлы жатқызуға болады:

заңнаманың тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастарды қамтамасыз ететін тетіктердің болмауы;

инвестицияларды тарту бойынша бәсекелестіктің әлсіздігі (кедендік және валюталық режим);

инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтың, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және т.б.) инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

инвестицияларды тартумен байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы;

экономика мен инвестициялар бағыттылығының шикізаттық сәйкессіздігін сақтау үшін жоғары тәуекелді экономиканы сақтау;

негізгі капиталға инвестициялар көлемінің төмендігінен өңірді өнеркәсіптік-өндірістік дамыту әлеуетін жоғалту;

инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың болмауы.
Аймақ шеңберінде аудандар аумағының инвестициялық тартымдылығы

Облыстың аудандар аумағы өз негізінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға мүмкіндік беретін ресурстық әлеуетке ие.

Бөрлі ауданында ірі Қарашағанақ мұнайгаз конденсат және Ақсай бор кен орндары бар.

Зеленов ауданында Чинарев мұнайгаз конденсат кен орны игерілуде, құрылыс құмын, құмды-қиыршық тас қоспасы, сазды (кірпіштік) шикізатын, Погодаев кен орнында керамзит сазын, Цыганов кен орнында кварцты құмын барлау және өндіру жұмыстары іске асырылуда.

Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» борлы-калий тұзы кен орны, «Индерское» құмды-қиыршық тас қоспасы кен орны игерілуде.

Теректі ауданында Түксай кен орнында сазды керамзит шикізатын, цемент шикізаты бар Ақсуат кен орнында борды, Ақжайық кен орнында минералды суды және басқаларын өндіру ұйымдастырылған.

Тасқала ауданындағы Семиглавмар кен орнында бор, сазды шикізат және опока қорлары бар, гидравликалық қоспа ретінде Шипов кен орнында табылған кремний сазын пайдалануға болады.

Зеленов, Теректі, Тасқала, Сырым және Бөрлі аудандарының аул шаруашылығы алқаптары өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді. Ақжайық, Бөкейорда, Жаңғала, Жәнібек, Қаратөбе және Казталов аудандары мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөптік ауыл шаруашылығы алқаптарына ие.

Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандары шекара маңындағылар болып табылады және Ресей Федерациясының облыстарымен шекаралас.

2013 жылдың қортындысы бойынша негізгі капиталға ең көп көлемде инвестиция Бөрлі ауданына 40,5% салынды (78,6 млрд. теңге), ол Қарашағанақ газконденсат кен орнын игерумен байланысты. Зеленов ауданына 27,2% инвестиция тартылды немесе 52,6 млрд.теңге, Чинарев мұнайгаз конденсат кен орнын игерумен байланысты тартылды, Орал қаласына 17,8% инвестиция немесе 34,5 млрд.теңге салаларды дамытуға бағытталды.

Казталов ауданына 9 млрд.теңге (4,7%), Теректіге - 5,5 млрд.теңге (2,8%), Жаңғалаға – 4,3 млрд.теңге (2,2%), Шыңғырлауға – 2,3 млрд.теңге (1,2%), Тасқалаға – 2 млрд.теңге (1,0%), Ақжайыққа – 1,9 млрд.теңге (1%) инвестициялар бағытталды.
9-кесте

Батыс Қазақстан облысының аудандар кескінінде

негізгі капиталға инвестициялар

млн. теңге







2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жылғы ауданның жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі, %

БҚО

170 438,7

164 652,2

193 868,6

100

Ақжайық

1 570,7

1 344,7

1 954,5

1,0

Бөкейорда

870,1

758,3

541,1

0,3

Бөрлі

76 464,2

63 194,5

78 613,2

40,5

Жаңғала

1 367,9

2 449,4

4 342,5

2,2

Жәнібек

507,8

1 100,7

733,0

0,4

Зеленов

37 337,1

38 825,6

52 646,6

27,2

Казталов

1 545,3

1 252,0

9 035,7

4,7

Қаратөбе

514,0

795,6

1 225,5

0,6

Сырым

406,8

637,6

501,9

0,3

Тасқала

1 096,0

2 415,9

2 044,1

1,0

Теректі

6 446,5

8 139,7

5 481,9

2,8

Шыңғырлау

619,0

976,7

2 257,2

1,2

Орал қаласы

41 693,3

42 761,5

34 491,4

17,8

2013 жылы Бөрлі ауданында 1382,9 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өнімнің жалпы көлемінен 83,3%, өнеркәсіп өнімінің 9,7%-Зеленов ауданына, 6,4% - Орал қаласына тиесілі.

Ресурстық-шикізаттық әлеуетке байланысты Бөрлі және Зеленов аудандарында таукен өндіру өнеркәсібі дамыған.

Машина жасау, металл өңдеу, құрылыс индустриясы, тағамдық, жеңіл өнеркәсібі саласының кәсіпорындары негізінен Орал қаласында шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен шамамен 70% Орал қаласына тиесілі.

10-кесте

Батыс Қазақстан облысының аудандар кескінінде

өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млн. теңге






2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жылғы ауданның жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі үлесі, %

БҚО

1 480 715,8

1 638 474,5

1 659 661,6

100,0

Ақжайық

1 020,6

1 125,2

1 084,9

0,1

Бөкейорда

697,8

1 063,6

1 207,8

0,1

Бөрлі

1 327 057,3

1 406 503,9

1 382 949,5

83,3

Жаңғала

645,4

155,4

169,2

0,0

Жәнібек

349,4

368,1

520,9

0,0

Зеленов

64 717,9

135 518,4

160 260,8

9,7

Казталов

427,4

478,7

461,7

0,0

Қаратөбе

1 001,5

709

678,8

0,0

Сырым

693,3

151,3

189,4

0,0

Тасқала

372,8

576,2

389,0

0,0

Теректі

815,3

1 991,5

4 375,1

0,3

Шыңғырлау

576,7

511,5

776,0

0,1

Орал қаласы

82 340,4

89 321,7

106 598,7

6,4

Экономиканың басым секторларында өндіріс көлемі өсуін арттыру мақсатында қолданыстағы кәсіпорындар кеңейтілу және жаңалары іске қосылуда.

Облыстың аудандарында Индустриаландыру картасы аясында 1072 жұмыс орнын құруымен 248,3 млрд.теңгенің 14 жобасы, соның ішінде, 6 жоба –Зеленов, 4 – Бөрлі, 1 – Сырым, 1 – Жәнібек, 1 – Теректі, 1 – Ақжайық аудандарында жүзеге асырылуда.

Зеленов ауданында 8,6 мың басқа арналған заманауи бордақылау алаңы, 12 мың басқа арналған шошқа кешені салынды, мия тамырын өңдеу бойынша цех құру, Чинарев кен орнында газды әзірлеу қондырғысын орнату жобалары жүзеге асырылды.

Облыстың электр энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және экспорттау мақсатында Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта Зеленов ауданының Белес ауылында қуаттылығы 200 МВт дейін газ турбиналық электр станса құрылысы жүргізілуде («Батыс Пауэр» ЖШС). Қуаттылығы 100 МВт ГТЭС бірінші кезегін іске қосу 2015 жылға жоспарлануда.

Аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инвесторларды тарту, шағын және орташа бизнесті дамыту, шығарып жатқан өнімдегі қазақстандық үлесті арттыру және жұмыс орындарын құру мақсатында индустриалдық аймақ құру жоспарлануда.

Бөрлі ауданында Қарашағанақ өңдеу кешенінде көмірсутегі шикізатын тұрақтандыру және тазарту қондырғысын орнату, шұжық бұйымдарын шығаруды ұйымдастыру жобалары жүзеге асырылды, мұнайгаз саласындағы жетекші әлемдік өндіруші-компаниялардың батыстық озық технологияларын қолдана отырып жоғарғы технологиялық өнім шығаруды көздейтін индустриалдық парк құрылысы аяқталды. Экологиялық сыныбы К5 мотор отынын шығару жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

Теректі ауданында өсімдік майын шығару жөніндегі зауыт, 500 басқа арналған сутті-тауарлы ферма салынды, жылына 200 мың тоннаға дейін мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын арттыру бойынша жоба жүзеге асырылуда. «ОралАгроСервис» ЖШС құны 293 млн.теңгенің жобасын жүзеге асыруда, сыйымдылығы 2,4 мың тонна заманауи үлгідігі көкөніс қоймасының екінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Сырым және Жәнібек аудандарында мал шаруашылығы кешендері салынды. Сырым ауданында қуаттылығы 15 тоннаға дейін салқындатқыш қондырғысы бар қасапхана құрылысы аяқталды.

Казталов, Шыңғырлау және Жаңғала аудандарында жалпы сыйымдылығы 1600 бас 3 бодақылау кешені салынды. Акжайық, Тасқала және Сырым аудандарында 1700 басқа арналған бодақылау кешендері салынуда.

Ақжайық ауданында жобалық қуаттылығы тәулігіне 1400 бас қозы союға арналған ірі кесектегі вакудық орамдағы және блоктық түрдегі ет шығару жөніндегі кешен құрылысы жүргізілуде.

Облыстың аграрлық секторында «КазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуымен облыстың 7 ауданында (Акжайық, Бөрлі, Жаңғала, Жәнібек, Зеленов, Тасқала, Теректі) жалпы құны 7,0 млрд.теңге тұратын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Орал қаласы және барлық аудандарда шағын және орташа бизнес дамуда. Қазіргі таңға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде жалпы несие және жеткізілетін инфрақұрылымы 14,9 млрд.теңгенің 123 жобасы мақұлданды. Қолдау тапқан жобалар ішінен ауылдағы келесі жобаларды атап өтуге болады: «Диірмен кешені құрылысы» («Белес-Агро» ЖШС), «Бұрғы қондырғыларын сатып алу» («Қазбургаз» АҚ), «Құс және диірмен кешенінің құрылысы, арнайы техника және жабдықты сатып алу, мал және құс сатып алу» («Нұр»ш/қ), «Мұнай құю терминалын және теміржол тұйығын салу және жаңғырту» («Батыс нефтебазасы» ЖШС), «Пластмассадан жасалған бұйымдарды шығару үшін жабдықтар сатып алу» («Антей» ЖШС), «Сүт өңдеу және сүт өнімін шығару үшін жабдықтар сатып алу, сүт өңдеу және сүт өнімін шығару бойынша цех құрылысы» («Муханбеткалиев Е.С.» ЖК), «Нан тоқаш бұйымдарын шығару үшін жабдықтар сатып алу» («ANK Invest Trade» ЖШС), «Қуаттылығы жылына 200 мың тонна көмірсутегі шикізатын сақтау бойынша кешен құрылысы» («B.N. Western MunaiGas Ltd» ЖШС), «Газды блок шығару үшін жабдықтар сатып алу» («Умбетьяров» ЖК).

Алынған мемлекеттік инновациялық грант аясында соя-бұршақтан сүт өнімдерін шығару өндірісі басталды (Бөрлі ауданы), элиталық тұқымды шошқа өсіру және қазақи ақ бас және герефорд тұқымды МІҚ малын өсіру бойынша шағын фермалар құру (Зеленов ауданы), қары және бақтақ балықтарын өсіру (Казталов ауданы) және басқа да жобаларды жүзеге асыруда.

Жылсайын газдандыру, сумен қамту, ТҮКШ жаңғыртыға, тұрғын үй құрылысына, Орал қаласының және аудандардың көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бюджет қаражаттары бөлінуде. 2011 жылы Орал қаласын және аудандарды дамытуға 17,6 млрд.теңге, 2012 жылы – 23,2 млрд.теңге, 2013 жылы – 22,8 млрд.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, ауылдық кәсіпкерлерге несиелік ресурстардың жеткіліксіз қол жетімділігі, автомобиль жолдарын салуы мен жөндеуі, сумен қамту, газдандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін салу мен күрделі жөндеу, тұрғындарды жұмыспен қамту аудандардың дамуындағы проблемалық мәселелер болып табылады.


Экономиканың нақты секторындағы әр түрлі салалардың, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығы.

Республикада облыстың үлесіне газды конденсат өндірісі көлемінің 99% және газ өндірісі көлемінің 46% тиесілі.

Мұнайгаз секторының кәсіпорындары инвестициялар үшін тартымды, ол облыс үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар инвестициялық жобалардың жүзеге асыруына байланысты. Аймақтық экономикада мұнайгаз секторының басым роліне қарамастан, біртіндеп әртараптандыру саясаты жүзеге асырылуда – өңдеу секторының үлес салмағы өсу тенденциясы байқалуда 2011 жылы 7,2%-дан 2013 жылы 8,5%-ға дейін, шағын және орта бизнес қарқынды дамуда.

Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар 2011 жылы 3,8 млрд.теңгеден 2013 жылы 7,9 млрд.теңгеге дейін ұлғайды.

Облыс мұнайды өңдеу өнімін өндіруге мамандандырылған Қазақстандағы төрт аймақтың бірі болып табылады. Саланың өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2011 жылы 11,4%-ды, 2013 жылы –63,4%-ды құрады. Газойль өндірісі 1,6 есеге ұлғайды. «Конденсат» АҚ құны 29,5 млрд.теңгенің «Евро-5» экологиялық сыныбты бензин шығару бойынша ірі жобаны жүзеге асыруда.

Облыстың машина жасау кешені мұнайгаз машина жасау, соның ішінде мұнай мен газды тасымалдау, айдау, өндіру үшін жабдықтар, қорғаныс өнеркәсібі- катер және кеме, энергетикалық жабдықтарды, ауыл шаруашылығы машиналарын, газ компрессорлық станса және жоғары қысымды ыдыс, сорғы, стандарттық емес бұйымдар, ұнтағыш шарлар, сұр шойыннан арматуралар және басқаларын шығару сияқты басым бағыттар бойынша саланы дамыту үшін едәуір әлеуетке ие.

Машина жасау саласының өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 15%-ды құрайды. 2013 жылы мұнагаз өңдеу жабдығының өндірісі 3,5 есеге ұлғайды.

Бұдан басқа, өндірістік сияқты сала кәсіпорындарының инновациялық әлеуеті болуын да атап өтуге болады. Инновациялық-белсенді кәсіпорындар ішінде: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Гидроприбор» ЖШС. Сала кәсіпорындарының өнімі халықаралық талаптарға сай келеді, ол ИСО 9001сапа менеджменті жүйесі сертификатының болуымен расталады. Көп кәсіпорындар сол сияқты экология менджменті, кәсіби қауіпсіздік жүйесі сертификатын енгізді. «КазТрубПром» ЖШС технологиялық желісі АPI, DIN және басқа әлемдік стандарттар талабына сай сорғы-компрессорлық құбырлар шығаруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары саланың кәсіпорындарымен жаңа өндірістерді енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ АҚШ - «LANC AIR» компаниясымен (20%) бірлесіп жылдамдығы 400-500 шқ/сағ көміртекті материалдан жасалған тәжірибелік отандық ұшақты шығарды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ қажеттілігі үшін құбырлық ПТБ-10А пешін шығару игерілді. «Зенит» Орал зауыты» АҚ су сыйымдылығы 600 тоннаға дейін кемелер шығаруға мүмкіндігі бар. «Орал трасформатор зауыты» ЖШС күшейткіш трансформаторлар шығару бойынша жобаны жүзеге асыруда. Өндіріс Германия, Италия, Швейцария, Франция және АҚШ елдері жабдықтарында іске асырылатын болады. «Орал Сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС республикада теңдесі жоқ диаметрі 1600 мм дейін полиэтилен құбырларын шығаруда.

Металлургия өнеркәсібі әсіресе облыстың құрылыс және машина жасау кәсіпорындарында пайдалану үшін арналған металл өңдеу және өнім шығарумен көрінеді. Металлургия өнеркәсібінің негізгі өнім түрлері ұнтағыш шарлар, бейіндібеттер, сэндвич-панельдер болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда өрлеу қарқыны 2012 жылы 126,5%-ды, 2013 жылы – 104,2%-ды құрады.

Басым салалардың бірі құрылыс материалдарын шығару саласы болып табылады. Құрылыс индустриясының ең ірі кәсіпорындары «Гидромаш – Орион – МЖБК» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ болып табылады, олармен шамамен өнімнің 50 атауы шығарылады. 2013 жылы 1,7 мың текше метр керамикалық кірпіш, 303,4 мың тонна құрылыс мақсатары үшін бетон бұйымдар, 171,9 мың тонна силикат кірпіші, 28,4 мың тонна тақта және цемент бұйымдарын, бетон, 500,8 мың тонна тауарлық бетон және басқаларын шығарды.

Саланың кәсіпорындарымен өндірісті жаңғырту және өнімнің жаңа түрлерін игеру жұмыстары жүргізілуде.

«Стеклосервис» ЖШС қыздырып шыңдау тәсілімен күшейтілген әйнек, әйнектен жасалған көп қабатты оқшаулағыш бұйым шығару өндірісі игерілен. Өндіріс «Lisec» австрия компаниясы жабдығында жүргізіледі, әйнекті қызумен шынықтыру «TamGlass» фин компаниясы желісінде жасалады.

Қуаттылығы жылына 40 және 50 мың текше метр жиналмалы-каркастық және панельді үй шығаратын екі үй құрылысы комбинаты іске қосылды («СВ-плюс» ЖШС, «Болашақ-Т» ЖШС).

Қазіргі таңға өнеркәсіп кәсіпорындары Кедендік Одақ елдерімен тығыз байланыста, жеткізілетін өнім көлемін ұлғайтуда. Мысалға, «Орал механикалық зауыты» ЖШС Ресей Федерациясының тауар өндірушілеріның қажеттілігі үшін иінді білік жеткізуде, «ҚазАрмапром» АҚ Стойлин тау-кен байыту комбинатына (Ресей Федерациясы) ұзақ мерзімді келісім шарт бойынша ұнтағыш шарлар жеткізуде.

Сол сияқты «Зенит» Орал зауыты» АҚ – мұнайгаз жабдығына қосалқы бөлшектер, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – май мен газды ауамен салқындатқыш аппаратын, мұнайды қыздыру пешін, «ҚазТрубпром» ЖШС- сорғы-компрессорлық құбырын Ресей Федерациясына экспорттауда.

Бұдан басқа, Ресей Федерациясына әр түрлі құрылыс материалдары экспортталуда: қауіпсіз шыны пакеті («Стеклосервис» ЖШС), силикат кірпіші, ізбес («Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ).

Тағамдық өнеркәсібі кәсіпорындары («Кроун Батыс» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Жаик Ет» ЖШС) Кедендік Одақ елдеріне өнімнің экспорт көлемін ұлғайтуда.

Облыс ауыл шаруашылығын дамыту үшін едәуір ауыл шаруашылығы алқаптарына ие аймақ болып табылады. Агроклиматтық жағдай дәнді дақылдар, бақша, азықтық өсімдік шаруашылығы және етті-сүтті, етті-жүнді, соның ішінде мал шаруашылығын жүргізудің асыл тұқымды бағытын дамытуға мүмкіндік береді.

Біздің аймақтың географиясы әлемдік нарықтағы көп сұранысқа ие және бәсекеге қабылетті болып табылатын жоғарғы сапалы астық, күшті және құнды бидайдың сорттарын шығаруға мүмкіндік береді.

2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 542,6 мың га құрады. Дәнді дақылдардың егіс алқабы 355,2 мың га, соның ішінде ылғалды сақтау технологияларын қолданумен 286 мың га егілді немесе жалпы егіс алқабының 80%. Астықтың жалпы жиналымы 198,4 мың тоннаны құрады, ол 2012 жылдың (129,3 мың тонна) деңгейінен 1,5 есе көп. 2013 жылы 12,6 мың тонна ұн, 1,1 мың тонна қатты бидай экспортталды (2012 жылы – 16,1 мың тонна ұн).

Облыс еділбай тұқымды етті-майлы бағыттағы және ақжайық жүнді-етті тұқымды қой, көшім тұқымды өнімді бағыттағы жылқы және қазақстандық бактриан тұқымды түе басына, герефорд тұқымды және қазақстандық ақ бас етті малының гендік қорына ие асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикадағы ірі аймақтардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыста еттің экспорттық әлеуетін өсіруге және етті бағыттағы мүйізді ірі қара малы өнімінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылуда.

Облыс төлдейтін МІҚ малы басының жалпы санынан асыл тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесі республика бойынша бірінші орынды иеленуде, ол 31,3%-ды құрайды (59,1 мың бас).

2012 жылдан бастап 33 асыл тұқымды репродуктор құрылды, кәзіргі уақытқа облыс бойынша 18,9 мың бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малына 51 асыл тұқымды репродуктор жұмыс жасауда. 9,6 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы жұмыс жасауда, 1,6 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы салынды.

«МІҚ малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру бастағаннан бері облысқа 1287 бас шетел селекциялық асыл тұқымды малы әкелінді.

Облыс етті экспорттау бойынша алдыңғы позицияда, бүгінгі таңға 1,9 мың тонна ет экспортталды(соның ішінде 681,1 тонна сиыр еті және 1224,6 тонна етке айналдырып есептегенде тағамдық өнім).

АӨК өңдеу саласында «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғарғы, бірінші және екінші сортты ұн, ұнтақ жарма, макарон бұйымдары, кебек), «Ақ қайнар» Нан өнімдері комбинаты» АҚ (жоғарғы, бірінші және екінші сортты ұн, кебек, астық қалдықтары), «Нұржанар» АҚ (пиво, квас, минералды су) ең ірі кәсіпорындар болып табылады. Өндіріс процесінде сала кәсіпорындары өндірілген өнімнің сапасына аса көңіл аударуда, оны республикалық сапа конкурстары қортындысы дәлелдейді. Мысалға, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ 2012 жылғы «Қазақстанның таңдаулы тауары» конкурс-көрмесінде 2 орынға ие болды, 2013 жылы «Кублей» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеуді ұлғайту мақсатында 5,6 млрд.теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылды.

Балық шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2013 жылы «Тәжірибелік-өнеркәсіптік аквамәдениет өндірісінің ғылыми – оқулық кешені» құрылды. Жылына өндірістік қуаттылығы 65 тонна тауарлы бекре және 8 тонна тағамдық қара уылдырық шығаратын «Инновациялық ғылыми-өндірістік кешен» құрылысының 1- кезегі жүргізілуде.

Аймаққа тартылатын инвестициялар көлемін арттыру мақсатында тұрақты негізде облыстың мүмкіндіктерімен таныстыру және тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жекелеп айтқанда форумдар, кездесулер, дөңгелек үстел және басқалары жүргізілуде. Мысалға, KLOPPER-TERMGmbH (ысырма өндірісі), ARTES (арматура жасау, жұмыс жұбынан салқындатқыш, реттегіш шарлы шүмек және басқалары), неміс компанияларының, ERAS бетон шығару бойынша түрік компаниясы, сондай-ақ «Сумский зауыты» украин компаниясы уәкілдері ағымдағы жылы облысқа келіп кетті. Шетел компаниялары уәкілдерімен біздің облыстың өндіріс компанияларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Индустриалдық аймақты құру тәжірибесін зерттеу үшін облыс делегациясы EMITT – Стамбул, Түрция туристік халықаралық көрмеге қатысты.

Облыс делегациясы Саратов және Самара облыстарына барып бір қатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына болыды. Ресми түрде бару қотындысы бойынша облыс кәсіпорындарына ауыл шаруашылығының қайта өңдеу өнімін сату үшін сауда алаңдарын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Шетел компанияларының, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың қатысуымен мұнайгаз секторы саласында Сервистік және машина жасау компанияларының форумы өнкізілді, онда мұнайгаз секторын дамыту мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, облыстың өнеркәсіп компанияларымен Фраунгофера (ГФР) атындағы қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсету қоғамының Өнеркәсіп кәсіпорындарын ұйымдастыру және автоматтандыру институтымен кездесу ұйымдастырылды.

Облысқа «Тенгизшевройл» ЖШС делегациясы, Германия Федеративтік Республикасы, Азербайжан Республикасы Бас Консулының ресми сапармен келді.

Ресми сапар аясында бизнес-құрылымдары өкілдерімен кездесулер, облыстың кәсіпорындарына бару ұйымдастырылды.

Чех Республикасы делегациясының ресми сапары аясында БҚО кәсіпкерлер Палатасы және Чех – Орталық - Азиялық Сауда Палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан-Ресей» халықаралық форум-көрме өткізу іс-шаралары аясында екі неттену хаттамасына қол қойылды:

облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы және Орынбор облысының Тағамдық және өңдеу өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы министрлігі арасында;

облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Орынбор облысының Табиғи ресурстар, экология және мүліктік қатынастар министрлігі арасында.

Облыс делегациясы Атырау қаласында екі Ел Басшыларының қатысуымен «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастықтың ХІ форумна қатысты.

Көрмесімен бірге «WESTKAZINVEST 2014» Халықаралық Бизнес-Форумы өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы министрліктерінің өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау областарының, сондай-ақ РФ Самара, Орынбор, Екатеринбург, Саратов облыстарының, Татарстан Республикасы және шетел инвесторының өкілдері қатысты. Осы форумда облыстың мүмкіндіктері және әлеуеті мен таныстырылды, сондай-ақ РФ шекаралас аймақтарымен тығыз байланыс орнатылды. Аталмыш бизнес-форумның қортындысы бойынша 11 меморандум және келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, көпшілік өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының алдында жаңа өнімдерді игеру, өндірісті толық жаңғырту инвестициялық жобаларын қаржыландыру мәселесі тұр. Әдеттегідей, бұндай бағдарламалар капитал сыйымдылықты және тек қана кәсіпорын өз қаражаты есебінен қаржыландыра алмайды, олардың өтелімділігі және инвестициялық тиімділігі орташа және ұзақ мерзімді сипатқа ие. Кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттырудың экономикалық стратегиясын қалыптастыру, инвестициялар тарту тетігін дамыту сияқты күрделі мәселелерді шешу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет