Қазіргі уақытта, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы қабылданды. Елдің индустриалды, өңдеу өнеркәсіптік және ғылыми негізгі нүктелері санының өсуі шарттарында еңбек ресурстарының қоры қажет болады.
Еңбек ресурстары сапалы теңгерімін жасау мақсатында республиканың бар еңбек потенциалы туралы ақпарат қажет болады, ол мемлекет территориясында тең бөлісуін бағалауға да қажет
Сонымен қатар, әлеуметтік топталу үрдістерін қарқындандыру шартында, жергілікті атқарушы органдар үшін ішкі еңбекші көшіп-қонушыларды тіркеу көкейкесті болады, себебі ішкі көші-қондық үрдістердің өсуі өңірлердің коммуналды саласының сапасына әсер етеді.
Осыған байланысты, потенциалды мәселені алдын-ала шешу мақсатында, және де жоғарыда көрсетілген ішкі көші-қондық үрдістерді реттеу қиындықтары, заң дәрежесінде ішкі еңбекші көшіп-қонушыларды сапалы тіркеу мақсатында келесіні шешу керек, ҚР ІІМ-де қажетті жұмыс тобын құру.
5. Ел ішіндегі көші-қонды реттеу мәселесі жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында ішкі көші-қонды реттеу мәселесінде әрекеттестікке шақыратын, азаматтар үшін көшіп қону квотасын енгізу ішкі көші-қон туралы бөлім бар, бірақ аталған бөлім 2015 жылдан бастап қана күшіне енеді.
|
2-1.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
|
ресми деректер
|
%
|
1,2
|
1,2
|
Көрсеткіш орындалды
|
2. Тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі
|
ресми деректер
|
%
|
70,0
|
75,6
|
Көрсеткіш орындалды
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1. Еңбек көші-қонын басқару бөлінісінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманы жетілдіру
|
Еңбек көші-қонын басқару аясындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында , келесі жұмыстар жүргізілді.
1) Шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқса беру Ережесіне толықтырулар енгізген, Электронды Үкімет веб-порталы арқылы рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыруды көздейтін 2013 жылғы 25 қаңтарындағы №44 Үкімет қаулысы әзірленіп, қабылданды.
Аталған қаулымен рұқсат алу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі 12-ден 8-ге дейін қысқартылды (соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама,медициналық анықтама,медициналық сақтандыру, орталық атқарушы органның білім аясындағы шетелдіктерді оқытушы ретінде тарту кезіндегі шетел маманының кәсіби деңгейінің сай келетіндігі туралы қорытындысы).
2) Шетелдік заңды тұлға өкілдіктеріне шетел жұмыс күшін тарту процедурасын жеңілдететін Үкіметтің 2013 жылғы 8 мамырдағы №467 қаулысы әзірленіп, қабылданды.
Шетелдік заңды тұлға өкілдіктері:
-жергілікті кадрлар мазмұны бойынша талаптардан;
-қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру мен ерекше кәсіби дайындық шарттарынан босатылатын болады.
|
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысы қабылданды.
|
2. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше жағдайларын орындауын бақылау
|
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2013 жылдан бастап еңбек заңнамасын сақтау бойынша 12 мыңнан аса тексерулер жүргізілді.
Тексеру кезінде олардың ішінен ШЖК тартатын 40 ұйым, ерекше рұқсат беру шрттарын орындауға қатысты 14 ұйым, оның ішінде ШЖК тартатын жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасуға шетел қызметкеріне рұқса беру шарттары мен Ереже талаптарын орындамау бойынша заң бұзушылықтар анықталды (ОҚО, Алматы қаласы).
Тексеру нәтижесінде жұмыс берушілерге анақталған заң бұзушылықтарды жою туралы 11 бұйрық берілді және 181755 мың теңге көлемінде 8 әкімшілік айыппұл салынды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде ҚР азаматтары үшін 11 қосымша жұмыс орны ашылды, 17 ҚР азаматы кәсіби дайындыққа жіберілді. Бұдан басқа, 5 рұқсат кері қайтарылды, 1 рұқсат уақытша тоқтатылды.
|
3. Еңбек көші-қоны процестерін есепке алу және ақпараттық сүйемелдеу жүйесін құру
|
ШЖК тартатын кәсіпорындар мен шетел қызметкерлерінің есебі жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретін «ШЖК» АИС және «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» арқылы шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту,қайта рәсімдеу, рұқсат берулерді беру бойынша қызметтер көрсету эксплуатациясына енгізілді.
«ШЖК» АИС-тағы есептілікті қалыптастыру үшін техникалық тапсырыстар әзірленді, бұл жөнінде «МОЖТ» РМҚК-на 2013 жылғы 31 қазандағы №14-3-2/14285 хатымен жолданды.
|
3-стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету
3.1-мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту
Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 007, 012, 013, 028
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзi
|
өлшем бiрлiгi
|
Есептi кезең
|
Қол жетпестіктің себебі
|
жоспар
|
дерек
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
| -
БЖИ-дың: «Қызметкер-жұмыс берушiнiң ара қатынасындағы ынтымақтастық» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
статдеректер
|
позиция
|
49
|
40
|
Көрсеткіш орындалды
| -
|
|
|
| -
БЖИ-дың: «Жалақыны айқындаудың икемділігі» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
31
|
24
|
Көрсеткіш орындалды
| -
БЖИ-дың: «Төлем және өнiмдiлiк» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
18
|
9
|
Көрсеткіш орындалды
| -
БЖИ-дың: «Жұмысқа жалдау және босату тәжiрибесi» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
34
|
21
|
Көрсеткіш орындалды
| -
БЖИ-дың: «Жұмыстан босатумен байланысты шығындар» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
25
|
27
|
Көрсеткіш орындалмады
Аталған көрсеткіш (басқалары сияқты) Министрліктің қызметіне тікелей тәуелді емес, ал белгілі бір ДЭФ есебі әдісі бойынша, соның ішінде сұрау салу әдісімен есептелетінін атап өткен жөн.
Өз кезегінде, Министрлік тексерулерді жүзеге асырумен қатар, ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдық шарттар жүйесін қамтуды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек қатынастары жөнінде құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ұдайы жұмыстар атқарды, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормалары бойынша, оның ішінде еңбек ақы төлеу, жұмыстан босатылған кезде төлемдерді есептеу әдіснамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізуде.Аталған көрсеткіш (басқалары сияқты) Министрліктің қызметіне тікелей тәуелді емес, ал белгілі бір ДЭФ есебі әдісі бойынша, соның ішінде сұрау салу әдісімен есептелетінін атап өткен жөн.
Өз кезегінде, Министрлік тексерулерді жүзеге асырумен қатар, ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдық шарттар жүйесін қамтуды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек қатынастары жөнінде құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ұдайы жұмыстар атқарды, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормалары бойынша, оның ішінде еңбек ақы төлеу, жұмыстан босатылған кезде төлемдерді есептеу әдіснамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізуде.
| -
БЖИ-дың: «Шешімдерді қабылдаудың айқындылығы» көрсеткiшi бойынша позициясы
|
30
|
29*
|
Көрсеткіш орындалды
|
8. Өндiрiстiк жарақаттану деңгейi (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi)
|
ресми деректер
|
%
|
0,65
|
0,42
|
Көрсеткіш орындалды
|
3.1.1-міндет. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Еңбек жағдайлары денсаулық үшін зиянды және қауiптi салаларда жұмыс істейтін адамдардың үлесі (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының ішінде)
|
статдеректер
|
%
|
21,6
|
21,0
|
Көрсеткіш орындалды
|
оның ішінде әйелдер
|
|
|
14,0
|
13,2
|
Көрсеткіш орындалды
|
2. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі стандарттарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлесі
|
ресми деректер
|
100 %
|
7,5
|
7,5
|
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 1426 халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді.
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
| -
Өндірістік салада еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайына мониторинг жүргізуді жетiлдiру
|
Өндірістік жарақат пен еңбекті қорғау мәселесі бойынша жағдайға мониторинг жасау үшін МЕИ республика бойынша тоқсан сайын 13 негізгі көрсеткіштер бойынша 500 мың қызметкерлері бар 323 ірі өндірістік кәсіпорындар бойынша мониторинг жүргізеді.
Жүргізілген талдау осы кәсіпорындардың деректері бойынша 2012 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақат деңгейінің төмендегендігін көрсетті.
| -
Халықаралық еңбек стандарттарды бейiмдеу.
Оларды экономика салаларына енгiзуге жәрдемдесу
|
2014 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша қауісіздік және еңбекті қорғау бойынша 1426 халықаралық және ұлттық стандарттар ірі және ортанша кәсіорындармен енгізілген.
2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 Кеден одағының комиссиясына сәйкес «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды, 2012 жылғы 1 маусымда күшіне енді.
халықаралық еңбек стандарттарды бейiмдеу және олардың енгізіліуі «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін жүзеге асыру арқылы орындалады.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 72 шешімімен Кеден одағының «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын сақталуы қамтамасыз етіледі, оларды қолдану нәтижесінде мемлекетаралық стандарттарын әзірлеу жөніндегі (өзгерістер енгізу, қайта қарау) Бағдарламасы бекітілген.
Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасына 14 кәсіби стандартты әзірлеу бекітілген (әзірлеу мерзімі 2015 жылға дейін көзделген).
Қазіргі кезде, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК 007 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы 100 «еңбек қауіпсіздігі саласында» кіші бағдарламасы шеңберінде Бағдарламада қарастырылған 3 мемлекетаралық стадартты әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
|
3. Зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің, оның ішінде әйелдердің санын қысқарту шараларын әзірлеу және іске асыру (үшжақты негізде)
|
2011 жылғы 29 желтоқсанда 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды, оның шеңберінде ҚР Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері өзіне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған міндеттерді мойнына алды.
Осыған ұқсас ережелер үшжақты салалық және өнірлік келісімдермен белгіленеді.
Қазіргі кезде, Министрлікпен ХЕҰ Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау жөнінде жұмыстар өткізіліп жатыр.
Конвенция өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың және өндірісте адамдардың қаза болуының, қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаны біртіндеп қамтамасыз етуге жәрдемдесетін алдын алуына бағытталған.
Қолданатын іс-шаралар зиянды және қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің санын біртіндеп төмендетуге бағытталады.
|
4. Қатер тобын бастапқы кезеңде анықтау және кәсіптік аурулардың алдын алу әдістемесін әзірлеу
|
2013 жылғы 1 жартыжылдықта 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 103 «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулерді орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК «Кәсіби аурулар бойынша қауіп топтарын ерте анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Кәсіби аурулардың алдын алу және тәуекел топтарын ерте анықтау мақсатында жұмыс iстейтiндердің денсаулығына өндiрiстiк ортаның ең маңызды қолайсыз факторларының әсері зерттелді. Кәсiби аурулардың дамуын болжау үшiн кәсіби тәуекелдердi бағалау әдiстерi баяндалды. Қазақстан Республикасында кәсiби ауру және оны анықтау құрылымының талдауы ұсынылды.
Даярлық кезеңде аралық есептер Ғылыми-техникалық кеңесте қарастырылды және қабылданды.
Осы мәселе бұл бағытта жалғастырылады, сонымен қатар 2014-2018 жылдарға арналған Министрліктің Стратегиялық жоспарында көзделген.
|
5. Кәсіптік қатер сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерін өзгерту
|
«Қазақстан Республикасының сақтандыру мен исламдық қаржыландыру бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының жобасының шеңберінде, Парламент Мәжілісінің жанында жұмыс тобы құрылды, МАК және ӘСМҚ –мен бірлесіп актуарлы есептер жүргізілді.
Осы есептердің негізінде ҚР Ұлттық банкі және Қазақстанның актуарийлері кәсіптік қауіптер класстары бойынша сақтандыру тарифтерін әзірледі. кәсіптік қауіптер класстары бойынша сақтандыру тарифтерін өзгерту мәселелері ҚР Парламент Мәжілісінде қарастырылуда.
|
6. Қызметкерлердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту
|
Облыстық және Астана, Алматы қалалары бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалардың еңбек инспекторлары 2013 жылдың басынан бастап республикалық және өңірлік БАҚ еңбек және әлеуметтік заңнаманы түсіндіру бойынша 679 рет сөз сөйленді және 3080 семинарлар мен дәріс өткізілді.
Еңбек инспекторлары тексерулер барысында қызметкердің міндетті сақтандыру келісім шартының жасалуын тексереді.
2013 жылы еңбек инспекторлары 13152 тексерулер жүргізді.
|
7. Заңды тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшін адамдарды әлеуметтік қолдау
|
Бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Заңды тұлға қызметін тоқтанқан жағдайда, сот арқылы мемлекетке жүктелген азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» заңды тұлға қызметін тоқтанқан жағдайда мемлекетке жүктелген азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмысты орындау жүргізілуде.
2013 жылы 70 жасқа келген заңды тұлға қызметін тоқтанқан жағдайда, сот арқылы мемлекетке жүктелген азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша 893 төлемақы алушыларға 261 338,4 мың теңге төленді.
|
3.1.2-міндет. Еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу және жолын кесу
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Ағымдағы жылы МЕИ жоспарлы тексерулерінің қорытындылары бойынша тәуекелді бағалау жүйесіне сәйкес жоғары тәуекел тобына енгізілген субъектілер санының төмендеуі
|
ресми деректер
|
%
|
23
|
23
|
Көрсеткіш орындалды
|
2. Тәуекелді бағалау жүйесінің негізінде мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспарлы тексеру санының төмендеуі (жыл сайын тексеру жоспарына сәйкес)
|
ресми деректер
|
%
|
11,1
|
11,1
|
Көрсеткіш орындалды
|
3. Еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлесi, анықталған бұзушылықтардың жалпы санының %
|
ресми деректер
|
%
|
91
|
93,6
|
Көрсеткіш орындалды
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1. Тәуекелді бағалау жүйесін жетілдіру
|
ҚР Өңірлік даму министрлігі 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 01-5-16-4/177 хатымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) (ТЖБ) тәуекелдер жүйесін бағалаумен сәйкес әзірленген жеке кәсіпкерлік саласында тексерілетін субъектілерге ведомстволық статистикалық жаңа нысанды келісуге жолдады.
Бұл нысан Министрлікпен 2014 жылғы 5 ақпанда ескертусіз келісілді.
|
2. Жалақы бойынша берешекке мониторинг жүргізу, оны жою және қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жалақы бойынша берешекке тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Жалақы бойынша берешек туралы мәліметтерді өңірлік дағдарысқа қарсы штабтар прокуратура органдары, еңбек инспекциясының жергілікті органдары және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұсынған деректер негізінде қалыптастырады.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Министрлік «Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №1295 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі. Онда ақпарат алмасу, кәсіпорындардағы еңбек қатынастарының жағдайларына мониторинг жүргізу нәтижелері мен әлеуметтік шиеленістер картасы бойынша құқық қорғау органдарымен бірлескен тексерулер жүргізу және жалақы бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру бойынша сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, еңбек заңнамаларының нормаларын бұзған жұмыс берушілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты және басқа да бірқатар жедел шаралар көзделген.
Қазіргі уақытта қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға (Әділетмині, Қаржымині, Бас прокуратура, ЭБЖМ) келісуге жіберілді.
2013 жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары (бұдан әрі – МЕИ) 49367 қызметкердің алдында 793 кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі 4,2 млрд. теңгені құрайтынын анықтады.
Тексерілген 734 кәсіпорынның басшылығына орындалуы міндетті 579 ұйғарым берілді және 5.,0 млн. теңгеден астам сомаға 614 айыппұл салынды.
Қолданған шаралары нәтижесі бойынша 724 мекемеде 3,5 млрд. тенге берешек төленіп 43454 қызметкерлердің құқықтары қорғалды, сонымен қатар 793 кәсіпорынның басшылығына орындалуы міндетті 579 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 57,0 млн. теңгені құрайтын 614 айыппұл салынды.
2013 жылдың басында жалақы бойынша берешек 1121,4 млн. теңге болса, 2014 жылғы 1 қантарына 74 мекемеде ол 737,9 млн. теңгені құрады.
|
3. 2012-2014 жылдарға арналған Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қалыптастыру және орындау
|
Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою және алдын алу жұмыстарын үйлестіру жұмыстары 2012 жылы сәуірде құзырлы мемлекеттік органдармен (БҒМ, ІІМ, МАМ, БП) келісілген және қол қойылған Қазақстан Республикасында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою және ХЕҰ №182 халықаралық конвенциясын іске асыру жөніндегі 2012-2014 жж. арналған бірлескен жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылып келеді.
2013 жылғы 30 сәуірде балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі үилестіру Кеңесінің 11 отырысы өткізілді, сондай-ақ 2013 жылғы 28 қазанда министрлік және Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығаушылары одағы бірлесіп ауылшаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек жағдайына арналған Кеңестің 12-ші отырысын және доңгелек үстел өткізілді.
Балалар еңбегін пайдалануды болдырмауға бағытталған тетіктерді жетілдіру мақсатында Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер, Бас прокуратура өзара әрекеттесе отырып көп жұмыстар атқаруда.
|
4. Еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар аясында аумақтық департаменттерге кестеге сәйкес өткізілетін іс-шаралар мәліметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету тапсырылды. 2013 жылы Медиа-жоспарға сәйкес еңбекке жалпы оқыту бойынша өткізілген іс-шаралар барлық өңірлердің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көрсетілді.
Министрліктің «www.enbek.gov.kz» веб-сайтында «Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері» айдары бар, онда азаматтар еңбек заңнамасының нормаларын қолдану және еңбек құқықтарын қорғауға жәрдемдесу мәселелері бойынша жүгіне алады. 2013 жылы аталған айдарға еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарымен 3 286 азамат (немесе түскен сұрақтардың 46,4 пайызы) өтініш білдіріп, толық жауаптар алды.
Министрліктің қызметі туралы ақпаратты сапалы әрі уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында Министрдің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94 бұйрығына сәйкес құрылымдық және аумақтық бөлімшелер веб-порталдың өзектілігін тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияларда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының негіздеріне сауаттылығын арттыру мәселесі қаралуда. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті уәкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады. 2013 жылы Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияларда 67 отырыс өткізілді.
Арнайы бекітілген Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде жергілікті баспасөз беттері мен телеарналарда сөз сөйлеулер ұйымдастырылды. Сөз сөйлеулер мен жарияланымдардың тақырыбы еңбек қатынастарының екі тарапына бағдарланған және олар еңбек саласының қазіргі уақыттағы өте өзекті және проблемалық мәселелерін қамтыды.
Медиа-жоспарға сәйкес өңірлерде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу арқылы еңбек заңнамасын түсіндіру мақсатында халықпен, республика ұйымдары мен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыра отырып, құқықтық жалпы оқыту жүргізілуде.
|
5. Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасының негіздеріне азаматтарды құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысымен Қазақстан Республикасында 2013-2015 жылдарға арналған еңбек заңнамасының негіздері бойынша азаматтардың құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөнінде Жоспар бекітілді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
- 50 мың данамен «Еңбек заңнамасының негіздері»
- 2667 данамен «Келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және еңбек қақтығыстарында консенсусқа қол жеткізу» анықтамалықтарын дайындады.
Аталған анықтамалықтар құқықтық білім мен еңбек заңнамасының мәселелері бойынша ақпарат алуға, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарының алдын алуға бағытталған және олар 2013-2015 жылдарға арналған құқықтық жалпы оқыту жүйесінде оқу әдебиеті ретінде пайдаланылатын болады.
Барлық субъектілердің әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша құқықтық сауатын арттыру еңбек қатынастарын жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жөніндегі жоспарларға сәйкес Министрліктің аумақтық бөлімшелері 2013 жылы республика бойынша 80 мың қызметкерді қамти отырып 1895 ұйымда еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жүргізді.
Бұл ретте өңірлердегі мемлекеттік еңбек инспекторлары 43 143 қызметкерді қамти отырып, 918 ұйымда оқыту жұмыстарын жүргізді. Оқыту бойынша қызметтер көрсетуге конкурсты жеңіп алған ұйымдар 977 ұйымда оқыту жұмыстарын жүргізді, барлығы 37 673 қызметкер қамтылды.
2013 жылғы 16 қаңтардан бастап еңбекке жалпы оқыту шеңберінде республикалық «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарының эфирінен «Еңбек шартын жасаңыздар және жұмыс берушіден қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды талап етіңіздер» тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер (30 секундтық) көрсетілуде.
2013 жылы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес өнім беруші «АЛТ Астана» ЖШС 8 тақырып бойынша екі тілде, ұзақтығы 10 минуттан сомасы 27 600 мың теңге болатын 4 оқу бейнеролигін дайындады. Бұл бейнероликтер өңірлерге, кәсіпорындарға тарату үшін аумақтық департаменттерге жіберілді.
Азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру ақпараттық талдау бағдарламаларының, сондай-ақ «Хабар», «Қазақстан», «24 KZ», «Еуразия», «СТВ», «31 арна», «Астана», «7 арна», «КТК» телеарналары сияқты электрондық БАҚ-тың «Жаңалықтар», «7 күн», «Апталық шолу», «Алаң», «Өз сөзім - өзімдікі», «Панорама недели», «БлогПост», «Слуги народа», «Нысана», «Көзқарас», «Открытая студия», «Другими словами», «Аналитика», «Дневник с Гульнарой Мукушевой», «Айтуға оңай», «Армангүл Тоқмұратпен Күнделік» телебағдарламаларының шеңберінде қамтамасыз етілуде.
|
3.1.3-мiндет. Әлеуметтiк әрiптестiкті дамытуға жәрдемдесу
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
| -
Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында)
|
ресми деректер
|
%
|
91,8
|
92,2
|
Көрсеткіш орындалды
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi кеңейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек жөнiндегi 2010 - 2012 жылдарға арналған бағдарламаны» мына бөлiктерiнде iске асыру:
- еңбек қатынастарындағы мәселелердi халықаралық стандарттарға сәйкес реттеу;
- әйелдер мен ер адамдарды тиiмдi жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғауға жәрдемдесу;
- үшжақты ынтымақтастық және әлеуметтiк сұхбатты одан әрi дамыту.
|
«Қазақстандағы 2013-2015 жылдарға арналған лайықты еңбек бағдарламасы» әлеуметтік әріптестермен келісілді және ХЕҰ Бюросына жолданды.
Бағдарлама халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек қатынастарын реттеуге, тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, алдағы уақытта әлеуметтік диалогтың дамуына бағытталған.
|
2. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды ынталандыру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» № 523 Жарлығына сәйкес, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар жоспарына орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр (ЕХӘҚМ 2013 жылғы 25 ақпандағы №70-ө-м бұйрығымен бекітілген).
Бұл іс-шара Елбасының бастамасымен ұйымдастырылып келеді және жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге, қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен таратуда маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Конкурс лауреаттарына тиісті диплом және айрықшалық белгі беріледі. Компания бұл атақ берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді.
Конкурстың негізгі мақсаты елдегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін тарату, бизнес-құрлымының елдің дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруына салым жасауы.
2013 жылғы 20 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында алтыншы «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Бизнес-қоғамында әлеуметтік жарнамалардың кеңінен қолданылуының арқасында әлеуметтік жауапкершілік түсінігі артып келеді – 2008-2013 жылдары «Парыз» конкурсына еліміздің барлық өңірлерінен 2720 кәсіпорын қатысқан.
|
3. Үкімет, жұмыс берушілердің бірлестіктері мен қызметкерлердің бірлестіктері арасында 2012 – 2014 жылдарға арналған Бас келісімге қол қою
|
2013 жылы іс-шараны іске асыру қарастырылмаған
|
4.Әлеуметтік-еңбек саласындағы даулы жағдайларды басқару және шешу үшін жүйелі ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шараларды жүргізу
(Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру)
|
Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу саласындағы проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Үкіметпен бекітілген Әлеуметтік шиеленісті төмендету және әлеіуметтік-еңбек жанжалдарды шешудің кешенді жоспары іске асырылып, Еңбек қақтығыстары картасы әзірленуде.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары әлеуметтік шиеленістің және еңбек қақтығыстарының туындауы қатерлеріне мониторинг жүргізіліп, олардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша шаралар қолдануда.
2013 жылы жергілікті атқарушы органдар Министрлікпен бекітілген критерийлер мен оны анықтау алгоритмі бойынша жүргізген мониторингтің қорытындыларына сәйкес өңірлердегі әлеуметтік шиеленіс деңгейі келесідей болып белгіленген.
- әлеуметтік шиеленісті және еңбек қақтығыстарының туындауы қатерлерін анықтаудың жиынтық мәндері бойынша (кәсіпорын деңгейінде және әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейінде) 2013 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік шиеленістің ең жоғары деңгейі Атырау (35 балл), Маңғыстау (33,5 балл) және Қарағанды облыстарында анықталған.
- еңбек қақтығыстарының туындауы қатерлерін бағалау әдістемесіне сәйкес еңбек саласындағы ең төмен шиеленіс көрсеткіштері Қостанай және Ақтөбе облыстарында тіркелген (тиісінше 11,6 және 10,1 балл).
2013 жылдың қараша айында Министрлік Үкіметпен бекітілген «Әлеуметтік шиеленісті төмендету және әлеіуметтік-еңбек жанжалдарды шешудің кешенді жоспарына» түзетулер әзірледі.
Енгізілген түзетулер бірқатар жедел шараларды көздейді, атап айтқанда – органдар арасында өзара ақпарат алмасу, құқық қорғау органдарымен бірлескен тексерістер өткізу, жалақы бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту және т.б.
|
5. Үкімет, жұмыс берушілердің бірлестіктері мен қызметкерлердің бірлестіктері арасында жасалған 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісімнің және «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» республикалық акциясы шеңберінде еңбекшілердің құқықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша шараларды іске асыру
|
Мемлекет басшысының «Ұжымдық шарт жасаңдар» атты жарияланған акциясына сәйкес кәсіподақтар мен ұйымдарды ұжымдық-келісім қатынстарымен қамту және оған мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда.
2014 жылдың 1 қаңтарында ұжымдық келісім-шартпен қолданыстағы кәсіпорындардың ішінен 59,5 мың кәсіпорын, немесе 35,6 % қамтылды. Ірі және орта кәсіпорын ішінен 92,4 % кәсіпорында ұжымдық-келісім бар.
|
6. «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау (жаңа редакция)
|
«Қазақстанның әлеметтік жаңғыруы: Жалпы Еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі міндеті еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқық және жұмысшылардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік әріптестікте кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында кәсіподақтық қозғалысының ұйымдық негіздерін анықтау болып табылады.
Әлеуметтік әріптестік жүйесінде кәсіподақтарды белгілеу, құқықтары мен міндеттерін, кәсіподақтың жарғысының талаптарына бекіту заң жобасының түрін анықтау ұсынылады.
Қазіргі күні Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауында.
|
Достарыңызбен бөлісу: |