Жылдарға арналған (жоспарлық кезеңі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет3/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#23919
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Халықтың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» халық арасында оң бейнесін қалыптастыру, атқарылып жатқан белсенді жұмыспен қамту саясатының мемлекеттік шаралары жөнінде халық арасында ақпараттың таралуын, халықтың Бағдарламаға қатысу деңгейі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында Министрліктің тапсырысы бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар туралы 4 бейнеролик пен 2 инфографика жасап шығарылған болатын. Сонымен бірге, Жол картасының іске асу барысы, Министрлікпен атқарылып жатқан іс шаралар тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген болатын.

Іспеттес шаралар республика өңірлерінде де атқарылған болатын. Барлығы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 194,2 млн.теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары Е.Т.Орынбаеваның төрағалығымен Астана қаласында 2013 жылғы 19-20 қараша аралығында «Көрме» кешенінде қалалар, аудандар және тірек ауылдар әкімдерінің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағыттарының іске асу барысы жөнінде республикалық семинар-кеңес өткізілген болатын.

Семинар – кеңес жұмысына ҚР Үкіметі депутаттары, мүдделі орталық органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, аудан (қалалар) әкімдері, тірек ауылдары мен ауылдық елдік мекендер, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары басшылары, бизнес – құрылымдар өкілдері қатысқан болатын.

Шараға қатысушылар өңірлерде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» іске асу барысын, орталық, жергілікті атқарушы органдардың ерекше назарын қажет ететін мәселелі сұрақтарды, сонымен қатар Бағдарлама жетілдіруді қажет ететін механизмдері мен құрылғыларын талқылаған болатын. Барлығы Қазақстан бойынша семинар – кеңеске 500 өкіл қатысқан болатын.


2-1-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

2-1.1-мақсат. Көші-қон процесстерін реттеу және басқару тиімділігін арттыру

Аталған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001,006,014,015,027



Нысаналы индикатор




  1. Көші-қон сальдосы

статистикалық деректер

адам

1000

-328

(11 айдың қортындысы бойынша)



Көрсеткіш орындалмады, алдын-ала деректер

2011 жылы Қазақстан Республикасына 38 016 адам келді, өз кезегінде Қазақстан Республикасынан 32 920 адам кетіп, көші-қон сальдосы 5 096 адамды құрады.

2012 жылы Қазақстан Республикасына 28 462 адам келіп, Қазақстан Республикасынан 29 843 адам қоныс аударды, көші-қон сальдосы -1 381 адамды құрады.

2013 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасына 24 077 адам келіп, 24 405 адам кетті, көші-қон сальдосы -328 адамды құрады.

2013 жылдағы көші-қон сальдосының теріс болуы Қазақстан Республикасына қоныс аударған оралмандар көші-қон ағымының төмендеуімен түсіндіріледі.

Сондай-ақ елден қоныс аударушылардың саны 2011 жылы 32 920 адам болып, 2013 жылдың 1 желтоқсан жағдайына 24 405 адамға төмендеу қарқынында ескерген жөн.



2-1.1.1-міндет. Этникалық қазақтарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері



1. Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан)

ресми деректер

%

65

81,9

Көрсеткіш орындалды

  1. Кәсіптік оқуға жіберілген оралмандардың үлесі (жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер қатарынан)

ресми деректер

%

10

11,3

Көрсеткіш орындалды

  1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған оралман отбасыларының үлесі

ресми деректер

%

100

100

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Келген оралмандар туралы дерекқор қалыптастыру

Бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларында және барлық облыстарда «Оралман» ДҚ қолданыста.

Және де «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты дерекқорды жетілдіру жұмыстары жоспарланған.



2. Ұтымды және оңтайлы орналастыру, біліктілігін арттыру бойынша, сондай-ақ облыстардың демографиялық құрамына қарай еңбек ресурстарына деген қажеттілікті ескере отырып, ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу

2013 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды, осыған сәйкес оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын этникалық қазақ танылады, осыған орай заңда қоныстандыру үшін өңірлерді анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті көзделген. Сондай-ақ заңда оралмандарды Қазақстан Респбликасының азаматтығына қабылдау үшін, олардың Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде кемінде төрт жыл тұрақты тұру қажеттілігі бекітілген.

3. Оралмандардың сапалық құрамын талдау және қызметін мониторингілеу (саны, қызмет түрі, тұрғылықты жері және басқа)

Жүргізілген мониторингті талдау нәтижесінде 2013 жылы 15 338 отбасы немесе 33 952 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандар шыққан елдер оларды қоныстандыратын өңірлерді алдын ала айқындаған. Оралмандардың көбі Алматы облысына – 27,0% (9279 адам) қоныстанған. Оңтүстік Қазақстан облысында - 18,0% (6349 адам), Маңғыстау облысында – 21,0% (7196 адам) және Жамбыл облысында – 8,0% (2752 адам).

Еңбеккке қабілетті жастағы адамдар 22 287 адам (66,5 %); 18 жасқа дейінгі балалар 9 529 адам (26,1 %) және зейнеткерлер – 2 136 адамды (7,4 %) құрайды.

Мониторинг нәтижелері Еңбекминінің басшылығына енгізілді.



4. Шетелдердегі қызық диаспораларымен, отандастармен, қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту

Көші-қон комитетімен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы арасында (бұдан әрі - ДҚҚ) этникалық көші-қон аясындағы көші-қон жағдайларын жақсарту жөніндегі өзара тығыз әрекеттестік туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған келісім аясында, ДҚҚ-пен шетелде тұратын қазақ диаспорасына түсіндіру жұмыстарын жүргізу келісілді (оралмандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша ).

5. Этникалық көші-қон мәселелерін реттеуді күшейту бөлінісінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Үкімет Қазақстандағы репатриациялық саясатты жетілдіру мақсатында этникалық көші-қонды реттеу аясында Қазақстанға оралмандарды көшіруге квотаны тоқтатуды және тиісті барлық қаржылай төлемдер мен өтемақылар беруді, сондай-ақ оралмандарға еліміздің аумағында 4 жыл бойы тұрақты тұрғаннан кейін ғана қазақстандық азаматтықты беруді көздейтін бірнеше ұсыныстарды өңдеді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы заңнамасы қабылданды.

Айта кету қажет, оралмандар көші-қонының квотасын алып тастау – этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының территориясына тұрақты және кақытша тұру мақсатында келуін шектейтін фактор болып табылмайды.

Заң қабылданған жағдайдаоралмандарға берілетін барлық қаржылай жеңілдіктер мен бейімделу жағдай жасайтын қызметтер сақталатын болыды: зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, мекен-жайлық әлеуметтік көмек, балалары бар отбасыларға жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, жұмыспен қамту, коммуналдық меншік қорынан тұрғын үй алуға құқық, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020 » бағдарламасы аясында жер учаскесін алуға қатысуға.



2-1.1.2-міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Халықтың жалпы санындағы ішкі көшіп-қонушылардың үлесі

стат. деректер

%

0,8

0,8

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Еліміздің кеңістік-аумақтық дамуын ескере отырып, ішкі көші-қон саласын болжау, жоспарлау, реттеу және сәйкессіздікті қысқарту жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы желтоқсанда Министрге Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды болжау мен жоспарлау жүйесі бойынша қызметтік жазбамен ұсыныс енгізілді. Қазіргі уақытта министрдің тапсырмасымен, жұмыс жалғастырылуда: ұсынылған шараға сәйкес ішкі көші-қон мониторингі тәсілі өңделуде.

Ішкі еңбек көші-қонын елдің солтүстік аймақтарына сәтті бағыттау тек солтүстік аймақтарда индустриалдық, өндірістік, аграрлық жаңартуды, онда әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық коммуналдық игілікті тездеткен жағдайда, сондай-ақ бәсекеге қабілетті еңбекақысы бар сапалы жұмыс оырпндарын құрған жағдайда ғана мүмкін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейін елдің аумақтық-кеңістікті дамуының Болжамды сызбасының аясында осы бағыттағы аталған жұмыс жүргізіліп жатыр.

Елдің аумақтық-кеңістікті дамуының Болжамды сызбасы тиісті кезеңге өзінің өндірістік күштің орналастыру, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымның ұтымды жүйесін, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін халықты өңірлерге бөле отырып қоныстандыруын ұсынады.

Қазіргі уақытта өңірлік даму министрлігімен өзіне стратегиялық және экономикалық жоспарлардың ережесіне сәйкес өндірістік күшті қоныстандыру мен орналастырудың, негізгі қағидаларын, ұтымды табиғатпайдалану және шаруашылық қызметтерінің негізгі ережелерін, өндірістік, көліктік, әлеуметтік және республикалық маңызы бар үзілісті инфрақұрылымды, өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту, тарихи және мәдение мұра және ландшафтармен қорғалатын объектілерді сақтау жөніндегі негізгі шараларды, архитектуралық-қала салу қызметін жүзеге асыру үшін зиянды (қауіпті) құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы үдерістер немесе экстремалдық табиғи-климаттық жағдайлар әсеріне шалдыққан тау жыныстарының орнындағы пайдалы қазбалардың ерекше қорғалатын аймағын пайдалану жөніндегі шектеу немесе қолдану түрлерін көрсететін Қазақстан Республикасының аймағын ұйымдастырудың Бас сызбасының жобасын өңдеді.

Бас сызба Жобасында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, қалалық қоныстану, ауылдық аймақтардың, шағын қалалардың даму жүйелері, сондай-ақ қалалық агломерация көзделген.



2. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дағдарысын және экологиялық жағдайын ескере отырып, халықтың еліміздің ішінде көшіп-қону процестерін талдау және мониторингілеу

Ішкі еңбек көші-қонын тасқынын қайта бағыттау жөніндегі ұсыныстар елдің мүдделі аймақтарына (солтүстік) (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары) 2013 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Еңбекминінің басшылығына енгізілді. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда: «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-ші бағытын іске асыру аясында ұсынылған шараларды көздеу бойынша ұсыныстар дайындалуда, ұсынылған шаралар аясында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен бар нақты жобаларға аталған аумақтардың территориясын дамыту бағдарламасына және салалық бағдарламаларға талдау жасалуда,аталған ұсыныстармен Үкіметке хат дайындалуда.

3. Қалаларда ішкі көшіп-қонушыларды бейімдеу жүйесін құру бойынша (оқыту, жұмысқа орналастыру және басқа) ұсыныстар енгізу

Қазақстан Респуликасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 63-бабының 1-тармағына сәйкес , ұйымдасқан түрде қоныс аудару ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына сәйкес ұйымдасқан түрде қоныс аударатындар (қоныс аударушылар) немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоныс аударылатындар, сондай-ақ ішкі қоныс аударушыларға көмек көрсету, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және қоныс аударушы мәртебесін беру және ҚР азаматтарына әлеуметтік көмек, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы 2015 жылғы бастап қолданысқа енгізіледі.

Осындай жолмен, қалалардағы ішкі қоныстанушыларды бейімдеу жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу 2015 жылдан бастап өзекті мәселеге айналады.

2013 жылдың желтоқсанында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесе отырып, Көші-қон мәселелерін шешу, шекаралас мемлекеттерден келетін көші-қон ағымдарын бақылауды күшейту, отандық білікті мамандардың шет мемлекеттерге кету ағымының шектен шығуын болдырмай, оларға қолайлы жағдайлар жасау бойынша 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспар шеңберінде қалалардағы ішкі көшіп-қонушылардың бейімделу жүйесін құру бойынша ұсыныстар жасалды.

Осылайша, ЕХӘҚМ-мен келесі бағыттар шеңберінде ұсыныстар өңделді және келісілді:



  1. Ішкі көші-қон ағымын болжау және тіркеуді жетілдіру;

  2. Көші-қон және өңірлік саясатпен өзара әрекеттестік және қалалану үрдістері құрамында ішкі көші-қонды басқару әсерін жоғарылату;

  3. Қалалардағы ішкі көшіп-қонушылардың бейімделуі саясатын құру.

4. Ірі қалаларға және олардың маңына көші-қон жүктемесінің жоғары болуына байланысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттік жанынан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау, Өңірлік даму, Ішкі Істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің лауазымды тұлғаларының қатарынан ішкі еңбек көші-қонын есепке алу жөніндегі ұсыныстарды өңдеу бойынша жұмыс тобы құрылып жатыр.

2030 жылға дейін Астана қаласындағы агломерацияны қалыптастыру ұзақ мерзімді жоспарының жобасын өңдеу бойынша, 2030 жылға дейін Алматы қаласындағы (жеке) агломерацияны қалыптастыру ұзақ мерзімді жоспарының жобасын өңдеу бойынша Жұмыс тобының құрамына Комитет мамандары қосылды.

Көші-қонның ірі қалаларға жоғары жүктеме болуына байланысты мәселелі сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар жасау мақсатында және бұдан әрі ел ішіндегі көші-қон үрдістерін реттеу сұрақтары бойынша заңнамаларды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігіне және Өңірлік даму министрлігіне ішкі еңбекші көшіп-қонушыларды тіркеу жүйесі бөлігінде ұсыныстар енгізілді.

Заңмен ішкі көшіп-қонушылар ұғымы қарастырылған, осы ретте ішкі еңбекші көшіп-қонушылар нормалары және оларды тіркеу нормалары көрсетілмеген.

Ішкі көшіп-қонушылар статистикасы ішкі көшіп-қонушылардың ҚР ІІМ-де ресми тіркелуінен кейін берілетін келу мекен-жайлық парағы негізінде жасалған. Бұл ретте еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген ішкі көшіп-қонушылар санын анықтау мүмкін емес.

Осыған байланысты, еңбек ресурстарының мобильділігінің жоғарлауы шартында ішкі еңбекші көшіп-қонушыларды тіркеуді жүргізу кейіннен көкейтесті мәселеге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет