Жылдарға арналған (жоспарлық кезеңі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет8/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#23919
1   2   3   4   5   6   7   8



6-бөлім. Қатерлерді басқару


Ықтимал қатерлердiң атауы

Қатерлердi басқару шараларын қабылдамаған жағдайда болуы мүмкiн салдарлар

Қатерлердi басқару жөнiндегi iс-шаралар

Нақты орындалуы қатерлердi басқару жөнiндегi iс-шаралар

Орындалмау себептер

1

2

3

4

5

Әлеуметтiк-еңбек саласындағы сыртқы қатерлер

1. Әлемдiк экономиканың ұзақ мерзiмдi құлдырауы салдарынан экономикалық конъюнктураның нашарлауы

1. Экспорттық бағдардағы кәсiпорындарда жұмыс күшiнiң босатылуы

1. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргiзу және болжау жүйесiн жақсарту.
2. Қайта құрылымдау, өндiрiс көлемiн қысқарту және банкроттық салдарынан жұмыс күшiнiң босатылуының алдын алу шаралары.
3. Еңбек көшi-қоны саласында көпжақты және екiжақты келiсiмдер жасау

Аталған бағытта жұмыс жалғастырылуда орта мерзімге арналған кадрларға деген сұранысты микродеңгейде айқындау мақсатында экономиканың нақты секторының 3-4 жылдық келешегі бар кәсіпорындары үшін сұраунамалар әзірленді.Сұраунама негізінде салалық министрліктер экономиканың нақты секторларындағы, сауда және қаржы секторындағы кәсіпорындардың орта мерзімге арналған кадрларға деген сұранысы туралы пікірлері жүргізуде.

Сондай-ақ Қазақстан экономикасының жаңа және ерекше салалары бойынша (атом, ғарыш, өнеркәсіп, биотехнология және т.б.) кадрларға деген сұранысы айқындалатын болады.

2. Аталған іс-шараны жүзеге асыру бойынша министрлікпен өз құзіреті шегінде еңбек нарығындағы жағдай мониторингі жүргізіледі, оның ішінде ішінара жұмыспен қамту мәселелері бекітілген ведомстволық есеп нысандары арқылы жүзеге асырылады.











Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында 2 кәсіпорында, оның ішінде 1 өндірістік және 1 өндіруші кәсіпорында өндіріс көлемі қысқартылған.

Шығыс Қазақстан облысында геологиялық-барлау жұмыстарының азаюына және «Қазақмыс» Корпорациясы «Даңқ» ЖШС-нің (Семей қ.) өндіруші кәсіпорнын қаржыландыруды тоқтатуына байланысты 331 қызметкер жұмыстан босатылды. Оның ішінде 85 адам кәсіпорындағы басқа жұмыстарға ауыстырылды, 6 адам қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 195 адам өз бетінше жұмысқа орналасты. Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыстан босатылған қалған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

СҚО «ЗИКСТО» АҚ-да өндіріс көлемінің қысқартылуы салдарынан 2014 жылы 104 қызметкерді қысқарту көзделіп отыр.











Анықтама ретінде: «СТХК» ЖШС кадр қызметі Шантөбе кенті әкімдігінің және Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен жұмыстан босатылған 275 адам жұмыспен қамтылды. Бұдан өзге, Қазақстанның басқа өңірлерінде, сондай-ақ Ресей Федерациясында жұмыстан босатылған қызметкерлердің қатарынан 95 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Сондай-ақ, «Пипл Проджект және Оперейшнс» АҚБ өтінімі бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер қатарындағы 100 адам вахталық әдіспен Магадан қаласының (Ресей Федерациясы) кен орындарында жұмыс істеуге ниет білдірді. Босатылғандар қатарындағы 114 адам жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдірді. Оның ішінде 11 адам қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін жолдама алды.





Ішкі қатерлер

1-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

1. Макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан балалы отбасылардың жағдайының төмендеуі

Елімізде бала туудың төмендеуінің салдарынан табысы белгiленген ең төмен күнкөрiс шегiнен төмен балалы отбасылар үлесiнiң артуы

1. Балалы отбасылардың жәрдемақыларын кезең-кезеңмен арттыру

2. Балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің атаулығын күшейту



2013 жылдың қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 569,3 мың бала қамтылып, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 8,6 млрд. теңге құрады.

2013 жылыдың қорытындысы бойынша елімізде 393,4 мың бала туған болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 14,3 мың балаға артты (379,1 мың бала) бұл елдегі жағымды демографиялық жағдайды дәлеледейді.

2012 жылғы 16 қарашада БЭЗБ шеңберінде «Әлеуметтік қолдау және көмек көрсету жүйесін жетілдіру» өткізуге техникалық тапсырмаға қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі 2012 жылдың қарашасынан 2013 жылдың маусымына дейін. Аталған зерттеудің нәтижесі бойынша 2013 жылдың екінші жартыжылдығында РБК отырысына үш пилотты аумақта шартты ақшалай көмекті енгізуге нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді. 2013 жылғы 22 шілдедегі № 17 РБК хаттамасының үзінді көшірмесіне сәйкес ұсыныстар қолданды. Қаулының жобасы әзірленді және тиісті мемлекеттік органдармен келісуге жіберілді.


2-стратегиялық бағыт. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

1. Экономиканың құлдырауы салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруi

Жұмыссыздықтың өсуi
Кәсiпорындарды қайта құрылымдау, банкроттық және тоқтата тұру салдарынан жұмыс күшiнiң босатылуы
Өңiрлiк еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмсiздiгi

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың Жол картасы 2020 бағдарламасымен төмен қамтылуы



Жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi шаралар

Жұмыс орындарын сақтау және жаңадан ашу «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мемлекет басшысының Жарлық жобасында қарастырылған.


Осылай, 2015 жылға дейін «Астана – жаңа қала» және «Сарыарқа» экономикалық аймақтарда 8 мың жұмыс орнын ашу қарастырылған.

2013 жылдан бастап өзін өзі жұмыспен қамтығандарды есепке алу азаматтарды өзін өзі жұмыспен қамтығандар категориясына жатқызу, оларды «нәтижелі» және «нәтижесіздерге» бөлу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Статистика мәліметтеріне сәйкес 2013 жылдың төртінші тоқсанында 2,6 млн. адамды құрайтын өзін өзі жұмыспен қамтығандардың құрамында нәтижесіз өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны 0,9 млн адамды құрайды және сол себепті олар Жұмыспен қамту 2020 жол картасының әлеуетті қатысушылары ретінде назарға алынған.
Еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен беітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы құрылған. Ол алдағы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының логикалық жалғасы болып табылды.
Жаңадан қабылданған Бағдарлама антикризистік механизмдерді, еңбек нарығын реттеу тиімділігінің жоғарлауын, еңбек нарығын мониторингілеу мен болжауды, өзін өзі жұмыспен қамтылған заматтарды, табысы төмен адамдарды, жұмыссыз азаматтарды халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуды, сонымен қатар тәуекелдерді болдырмауды қамтиды.
Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысты реттеу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жұмыспен қамту карталарын құрастыру тетіктері жасалған.

Олар арқылы аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобаларда (мемлекеттік және салалық) кадрларға деген сұраныс туралы ақпарат және еңбек ресуртарының шығу көздері (білім ұйымдарының түлектері, мигранттар, босатылғандар, демобилизацияланғандар, және тб.) туралы ақпаратты қамтитын орта мерзімдік жұмыспен қамту карталары құрастырылған.

Жұмыспен қамту карталары арқылы еңбек ресурстарының балансы еңбек ресурстарына деген күтілетін сұраныс пен ұсынысты саластыру арқылы анықталады.

Жұмыспен қамту карталары орта мерзімге (32 жылдық уақытқа, әр жылға бөлек) ауыл, ауылдық елді-мекендер, қалалар, аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорда бөлінісінде құрылады.



2-1-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

1. Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзу. Заңсыз еңбек көші-қоны.

Еңбек нарығындағы бәскелестіктің өсуі. Қазақстандық азаматтардың мүддесі мен еңбек қоныстанушыларының құқықтарының бұзылуы.

Көші-қон мониторингі мен көші-қон мәселесіндегі заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу

Тәуекел әсерінің төмендеу мақсатында:

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Еңбекминінің шетел қызметкерінің жұмысқа орналасуына және жұмыс берушіге ШЖК тартуға рұқсат беру шарттары мен Ережесі өңделді (2012 жылғы 13 қаңтардағы №45);

Шетел жұмыс күшін тартушы кәсіпорындармен 2013 жылы ерекше шарттарды орынаду мақсатында, рұқсат беру кезінде жүктелген, қазақстандық азаматтар үшін 19,6 мың адамға қосымша жұмыс орны құрылды, 4,9 мың адам қайта оқытылды, 16,1 мың жергілікті қызметкерлер біліктілігін арттырды, 3,1 қазақстандық қызметкер кәсіби дайындықтан өтті, 290 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында рұқсат беруші құжаттардың (рәсімдер) автоматтандыру туралы, ҚР Үкіметінің ШЖК тартуға рұқсат беруді автоматтандыруды енгізуге қатысты қаулысы қабылданды (25.01.2013ж.№44). Бұл жұмыс жұмыс берушіні шетелдік қызметкерлерді заңды түрде тартуға ынталандыратын ШЖК рұқсатты алу жөніндегі қызметке мүмкіндікті арттыру мақсатында жүргізіледі.

2013 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының артықшылықты өңірлерде оралмандардың қоныстануын қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2013 жылғы 10 желтоқсандағы) Заңы қабылданды.

Жаңа заң нормаларын жүзеге асыру этникалық қазақтардың оңтайлы қоныстануын реттеудің тиімділігін арттырады.

Бұл өңірлердегі топталуы мүмкін тәуекелді, жергілікті еңбек ресурстарының артуының нәтижесінде өнімді жұмыспен қамтуға дайын емес аталған санатты тартуды болдырмайды.


3-стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

1. Қызметкерлердiң еңбек құқықтарының бұзылуы

Жалақы бойынша берешек, еңбек және демалыс режимiн сақтау, жұмысқа қабылдау, еңбекақы төлеу кезiндегi кемсiтушiлiк және т.б.

Iрi және орта кәсiпорындарды ұжымдық шарттық қатынастар жүйесiмен қамту. МЕИ бақылауын күшейту

Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әріптестік институты аясында белсенді ынтымақтастық жалғасуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді, 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісім 22 салалық және 200-ден астам өңірлік келісімшарттар (облыс, қала, аудан деңгейде) жасалды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 59,5 мың кәсіпорын қамтылған.

2013 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 13152 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша 33,1 мың бұзушылық фактісін анықтады.

Ұйымдардың заңды тұлғалары мен лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 463,5 млн. теңгеге 10,3 мың айыппұл салды (2013 жылғы 1 қантарда – 486,3 млн.теңге).

Республика бойынша жалақы бойынша берешек 1,1 млрд теңгеге қысқарды, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалақы бойынша берешек 737,9 млн. теңгені құрады.


2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы, оның iшiнде ескiрген жабдықтарды, техника мен технологияны пайдаланумен байланысты заң бұзушылықтар

Еңбек ету қабiлетiнен айрылу кәсiптiк қатерiнiң туындауы (өндiрiстегi жазатайым оқиғалар, кәсiптiк аурулар).
Өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың көбеюi.

Қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi басқару жүйесiн және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау халықаралық стандарттарын енгiзу

В целях снижения влияния риска: С 2010 года поэтапно внедряется система оценки рисков, основанная на переходе от реагирования на уже произошедшие несчастные случаи к их предупреждению, выявлении риска угрозы жизни и здоровью работника на рабочем месте, и направленная на снижение административных барьеров.

2013 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 13152 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша 33,1 мың бұзушылық фактісін анықтады, оның ішінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласында – 20965.

Ұйымдардың заңды тұлғалары мен лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 463,5 млн. теңгеге 10,3 мың айыппұл салды (2013 жылғы 1 қантарда – 486,3 млн.теңге).

ГИТтің талабы бойынша:

- еңбек қауіпсіздігі мен ережелерін бұзуға кінәлі 1489 лауазымды тұлға лауазымды орнынан босатылды;

- 28 өндірістік объектілердің 250 бірлік станоктарының, құрылымдар мен механизмдердің жұмысы уақытша тоқтатылды (тиым салынды).

Құқық қорғаушы органдарға 155 қылмыстық іс қозғалған 2089 материал жіберілді.

Өндірістік жарақаттың төмендеуі байқалады (2014 жылы 1 қантардағы жағдай бойынша өндірісте 1997 адам жарақат алды,2012 жылғы осы кезеңге олардың саны – 224 Бұл ретте адам өлімімен аяқталған өндірістік жарақаттану 301 адамды құрады.

1000 жұмысшының жазатайым жағдайының коэффициентінің жылдамдығы төмендеді, 2013 ол 0,42 (2012 ж. – 0,45), өлімші шығысы 0,06 (2012 ж. – 0,06) құрады.

2012 жылы еңбек жағдайы бойынша бекітілген мерзімде 2269 нысан аттестациядан өтті, мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен 919 нысан қабылданды және пайдалануға берілді. 01.01.2013 жылғы жағдайға сәйкес елдің кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша 1125 халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді.

Жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмысшылардың қызметін пилоттық жобада мәлімдеуге жұмысшылардың қатысу Ережесі әзірленді, ол «Атамекен»Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасын және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясымен келісілді.

Жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша декларация деп – еңбек жағдайының мемлекеттік нормативтерінің еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін растайтын құжат танылады.

Жұмысшылардың еңбек жағдайын заңнама талаптарына сәйкестігін еркіті мәлімдеуді енгізу - әкімшілік кедергілерді алып тастауды және жұмысшылардың шығынын төмендету ді, ең алдымен, кіші және орта бизнесті қарастырады.

Механизм келесіде жасалады:

Жұмыс беруші мәлімдемені ерікті түрде ұсыну құқығына ие болады.
Өңірлік үшжақты комиссия, өндірістік объектілерді аттестациялау бойынша тәуелсіз комиссияны тарта отырып, кәсіподақтарға шығады, көрсетілген мәлімдемелерді мемлекеттік еңбекті қорғау талаптарына сәкестігін тексереді. Егер баға оң болған жағдайда кәсіподаққа талапқа сай екендігі туралы сертификат беріледі және жұмысшылардың құқығын кепілді сақтаушы кәсіподақтардың тізіміне кіреді және 3 жыл мерзім аралығында жоспарлы тексеріске жатпайды.


4-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

1. Еңбекақы және әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарының жетілдірілмеуі.

2. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен және әлеуметтiк қамсыздандырумен аз қамту.



Зейнетақының және әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiнiң төмендiгi.
Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырудың барабар болмауы.

Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне және әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысуын ынталандыру.

2013 жыл үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуге және ақпараттандыруға бағытталған мынадай шаралар жүзеге асырылды:

14 облыста және Алматы, Астана қалаларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді;



3. Жоғары инфляция

Мыналардың:
- зейнетақының және әлеуметтiк төлемдердiң сатып алу қабiлетiнiң
- ЖЗҚ зейнетақы жинақтары мен МӘСҚ активтерi деңгейiнiң төмендеуi

Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерiн кезең-кезеңмен арттыру

2013 жылғы 3 тоқсанда табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 3,1 %-ды (қалалық жерде – 1,5 %-ды, ауылдық жерде – 5,2 %-ды) құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа (4,0%) азайды.

2013 жылы Министрлікте ЕТК жетілдіру жөнінде ұсыныстарды құрау бойынша жұмыс тобы құрылды.

ЕТК есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындау үшін конкурстық негізде ПРООН жағынан ұлттық және халықаралық мамандар шақырылды, сондай-ақ ЕТК құрылымын өзгертуге көп нұсқалы актуарды есепті жүргізу үшін актуарды есептеу бойынша маман шақырылды.

2013 жылдың 29 қазанында жұмыс тобының отырысы болды, онда ПРООН мамандарының бастапқы есептемесі таныстырылды.

Сонымен бірге, «кедейлікті азайту жолы – өмір сапасының жалпы стандарттарын әзірлеу және енгізу» сессия шеңберінде G-Global ақпаратты-коммуникативті алаңда жергілікті атқарушы органдар және мамандардың қатысуымен «Ең төмен күнкөріс көлемін анықтау әдістемесін жетілдіру» тақырыбында он-лайн бейнеконференция өтті.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму Тұжырымдама жобасымен 2017 жылға қарастырылған ЕТК анықтау әдістемесін жетілдіру болашақта негізіне жататын жұмыс тобының актуарды есептемесінің нәтижелері негізінде 2014 жылы ұсыныс өндіріледі. Қазақстанның 2020 стратегиялық даму жоспарымен қарастырылған ең төменгі стандарттардың өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі «өзара міндеттемелер» қағидатына сәйкес 2015 жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінен - 60 % өседі және 2020 жылы 100 % өседі



4. Ең төмен әлеуметтік стандарттардың жетілдірілмеуі

Кедейліктің көбеюі. Масылдықтың дамуы.

Ең төмен әлеуметтік стандарттарын кезең-кезеңмен арттыру

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы 3 тоқсанда табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 3,1 %-ды (қалалық жерде – 1,5 %-ды, ауылдық жерде – 5,2 %-ды) құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа (4,0%) азайды.

2013 жылғы 3 тоқсанда табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 3,1 %-ды (қалалық жерде – 1,5 %-ды, ауылдық жерде – 5,2 %-ды) құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа (4,0%) азайды.

2013 жылы Министрлікте ЕТК жетілдіру жөнінде ұсыныстарды құрау бойынша жұмыс тобы құрылды.

ЕТК есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындау үшін конкурстық негізде ПРООН жағынан ұлттық және халықаралық мамандар шақырылды, сондай-ақ ЕТК құрылымын өзгертуге көп нұсқалы актуарды есепті жүргізу үшін актуарды есептеу бойынша маман шақырылды.

2013 жылдың 29 қазанында жұмыс тобының отырысы болды, онда ПРООН мамандарының бастапқы есептемесі таныстырылды.

Сонымен бірге, «кедейлікті азайту жолы – өмір сапасының жалпы стандарттарын әзірлеу және енгізу» сессия шеңберінде G-Global ақпаратты-коммуникативті алаңда жергілікті атқарушы органдар және мамандардың қатысуымен «Ең төмен күнкөріс көлемін анықтау әдістемесін жетілдіру» тақырыбында он-лайн бейнеконференция өтті.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму Тұжырымдама жобасымен 2017 жылға қарастырылған ЕТК анықтау әдістемесін жетілдіру болашақта негізіне жататын жұмыс тобының актуарды есептемесінің нәтижелері негізінде 2014 жылы ұсыныс өндіріледі. Қазақстанның 2020 стратегиялық даму жоспарымен қарастырылған ең төменгі стандарттардың өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі «өзара міндеттемелер» қағидатына сәйкес 2015 жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінен - 60 % өседі және 2020 жылы 100 % өседі


5. Әлеуметтік көмек пен қолдау шараларының тиімсіздігі

Әлеуметтік шиеленістің туындауы.

Әлеуметтік көмектің атаулығын күшейту

АӘК 2014 жылғы 1 қаңтарға 60,7 мың табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға 1,5 млрд. теңгеге тағайындалды. Бұл көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 37,6% және 24,9 % төмен.

2013 жылдың қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 569,3 мың бала қамтылып, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 8,6 млрд. теңге құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй көмегі 123,3 мың отбасына тағайындалды, бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9% аз. Бұл орайда тағайындалған сома 2,8 млрд. теңге құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес балалы отбасыларға бала туғанда, бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне және мүгедек баланы тәрбилеушіге арналған жәрдемақылар төлеу көзделген.

2014 жылдың 1 қаңтарына қарасты:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы 391,7 мың адамға берілді, жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 22,1 млрд. теңге құрады;

бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 147,9 мың бала 27,9 млрд.теңгеге қамтылды;

18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 13,3 млрд. теңге жәрдемақыны 61,9 мың адам алды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 1294,2 мың адам жалпы сомасы 80,5 млрд. теңгеге қамтылды.

ҚР статистика Агентігінің мәліметіне сәйкес 2013 жылдың желтоқсан айында халықтың жан басына шаққандағы орташа айлық атаулы табыстар 64 775 теңгені құрады және 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанды 7,7% өсті (2012ж.- 60131 теңге).

2013 жылғы 3 тоқсанда табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 3,1 %-ды (қалалық жерде – 1,5 %-ды, ауылдық жерде – 5,2 %-ды) құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа (4,0%) азайды.



5-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

1. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң балама нысандарының дамымауы

Арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң болмауы

Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң балама нысандарын дамыту және әлеуметтiк қызметтер желiсiн кеңейту

2013 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік арнаулы тапсырыспен 15 өңірде (Атырау облысынан басқа) 52 мемлекеттік емес ұйымдардың арасында 3,3 мың адамды қамтылды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы жартылай стационар жағдайында 24 орталыққа, үйден қызмет көрсету жағдайында 40 бөлімшелерге қызмет көрсетілді. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға 591,2 млн. теңге жұмсалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет