Жылдарға арналған


ІҮ бөлім. Жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау



бет2/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#137734
1   2   3   4   5   6   7   8

ІҮ бөлім. Жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

9. Жұмыс беруші:

9.1. Қызметкерлер штатын немесе санын қысқарту барысында жұмыста тең біліктілігі кезінде, егер басқасы заңнамамен қарастырылмаса зейнеткерлік жасқа жетпеген қызметкерлерге жұмыста қалу басымдылығы:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;

б) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған жастағы балалары бар, көп жанұялы ата- аналарға;

в) темір жол жүйесінде 25 жылдан кем емес және Қоғамда 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жағдайларда зейнеткерлік жасқа жетуіне дейін 3 жылдан аз жыл қалған қызметкерлерге;

г) Компанияда жұмыс өтілі көп қызметкерлерге;

д) «Құрметті байланысшы», «Құрметті темір жолшы» белгісімен марапатталған қызметкерлерге беріледі;

е) жылына кем дегенде бес рационализаторлық ұсыныс енгізген жағдайда көп жыл бойы белсенді рационализаторлық қызмет жасаған рационализаторларға беруге.

9.2. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату, қызметкерлер штатын немесе санын қысқарту кезінде:

а) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы Қоғамның таратылуына байланысты қызметкерлерді босату, санын немесе штатын қысқарту, қысқартуға кететін қызметкерлер санын және санатын, лауазымын және кәсібін,мамандығын, біліктілігін және босатылатын қызметкерлердің еңбекақысы мөлшерін және қанша уақытта босатылатын мерзімін, босатуды бастағанға дейін екі ай бұрын ақпаратты ұсынуға;

б) еңбек шартын бұзуға дейін бір ай мерзім қалғанда қызметкерді алдағы шартты бұзу туралы жазбаша түрде ескертуге тиіс;

в) қызметкерге жоғарыда айтылған мерзімде, өз бетінше жұмыс іздеу үшін аптасына бір күн немесе әр жұмыс күні ішінде екі сағат беріледі (қызметкер нақты уақытты тікелей бастығымен келісуге міндетті);

9.3. Жұмыс берушіде қызметкерлердің санын қысқарту және жұмыс көлемінің азаюы кезінде, жұмыс істейтін қызметкерлердің санын жұмыс көлемі азайған жағдайда бірінші кезекте:

- мамандардың өз бетінше жұмыстан кетуі және уақытша оларды жұмысқа қабылдауын шектеу;

- жұмыстан босатылатын қызметкерлерді Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта оқыту;

- басқа құрылымдық бөлімшелердегі бос жұмыс орнына ауыстыру;

- қызметкерлердің уақытша және маусымдық жұмыстарын пайдалану;

- жұмыстан шығару орнына, толық емес жұмыс уақыты режімін уақытша шара ретінде қолдану;

- құрылымдық бөлімшелер ішінде ауыстыру, қызметкерлер және олардың отбасы мүшелеріне жол жүруін төлеу арқылы жаңа жұмыс орнына көшу және Тараптар келісімі бойынша басқа жеңілдіктер;

- қызметкердің келісімі бойынша басқа тұрақты төмен төленетін жұмысқа бұрынғы жұмыс істейтін орын бойынша орташа еңбекақысын сақтай отырып ауыстыру уақытынан бастап үш ай мерзім ішіне ауыстыру есебінен реттеледі.

9.4. Еңбек шартын Жұмыс берушінің бастамасы бойынша кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылатын қызметкерлермен Еңбек кодексінің 54 бабы 1 тармағы 2) тармақшаларында қарастырылған негіздемелер бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтатуды кәсіподақ комитетінің дәлелденген пікірін есепке ала отырып жүргізуге (11 қосымша );

Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының  2) 4)тармақшаларында қаралған негіздемелер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасына дейінгі жаста  Жұмыс беруші мен қызметкердің бастамасы бойынша еңбек келісімшартын бұзу жұмыс беруші мен қызметкердің теңдей өкілдерінен тұратын комиссияның оң шешімін есепке ала отырып жүргізіледі. Тараптардың өкілдері өкілетті органның әрқайсысына деген (жұмыс беруші, кәсіподақ ұйымы немесе жалпы отырыстың шешімі) тиісті шешімімен тағайындалады, комиссияның құруды аяқтаудың фактісі тараптардың өкілдерімен қол қойылған хаттама болып табылады.

9.5. Сәйкесті кәсіподақ ұйымдарын Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің таратылуы туралы 2 ай бұрын хабардар ету қажет. Таратылатын бөлімшелер қызметкерлерінің мүддесі мен құқығын қорғау бойынша Кәсіподақ ұйымының өкілдерімен келіссөздер жүргізуге;

9.6. Қызметкердің алып отырған лауазымы бойынша немесе жеткіліксіз біліктілігі салдарынан орындап отырған жұмысына сәйкес келмеуі себебінен Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу кезінде, құрамына қызметкердің өкілі кіруге тиіс аттестациялық комиссия шешімін негізге алу қажет. Қызметкерлерді аттестациялау мерзімділігі мен шарты, тәртібі Жұмыс берушінің актісімен белгіленеді (9 қосымша );.

9.7. Тиісті қайта дайындықпен бос жұмыс орындарына жұмыстан шығарылған қызметкерлерді артықшылықпен жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Жұмысшыларды қайта мамандандыру (басқа мамандықтарға оқыту) жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқу мерзімі кезінде орташа жалақыларынан 75 пайыз төлеумен жүзеге асыру.

9.8. Кәсіподақ ұйымының ұсынуымен Шарт және еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселелерін қарастыруға міндеттенеді.

9.8. Толық емес жұмыс уақыты режіміне ауысу кезінде зейнеткерлік жасқа жетуіне үш жыл және одан аз уақыт қалған қызметкерлерге, зейнетақыны есептеу үшін кірісі 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіштен кем болмаған жағдайда, толық жұмыс режімі (толық жұмыс аптасы) сақталуы қажет;

9.10. Қызметкерлердің штатын және санын қысқарту кезінде бірінші кезекте еңбек шартын келесі қызметкерлермен бұзу:

а) сынақ мерзімін өтушілер;

б) темір жол көлігі ұйымдарында ең аз жұмыс өтілі бар қызметкерлер;

в) мерзімі аяқталмаған тәртіптік жазалары бар қызметкерлер;

г) нақты мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және сәйкесті білімі жоқ қызметкерлер.

Штатты және санын қысқарту кезінде, кәсіпорынның немесе Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, бір жанұядан (күйеуі, әйелі) екі қызметкерді шығаруға жол бермеуге;.

9.11. Қызметкерлер штатын көбейткен жағдайда, осы жөнінде соңғы алты ай ішінде штат қысқартылуы бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлерге бос орындардың бар (егерде қызметкер хабарлама алғаннан кейін 10 күн ішінде Жұмыс берушіге хабар бермесе, онда ол жұмысқа тұру құқығын жоғалтады) екендігі туралы хабарландыру хатын жіберіп хабарлауға;

9.12. Қызметкерлердің әскери қызметке шақырылғанға дейінгі қызмет орнын сақтауға;

9.13. Қызметкерге келесі жағдайларда өтемақы төлеуді жүргізу:

- Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан жағдайда Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған кезде- бір айға орташа жалақысы мөлшерінде;

- медициналық қорытынды негізінде қызметкерге денсаулығы бойынша қайшы келетін жұмыстарды орындауға еңбек шарты жасалған жағдайда еңбек шартын тоқтатқан кезде- үш айға орташа жалақысы мөлшерінде;

- әскери қызметке шақыруға байланысты еңбек шартын бұзған кезде бір айға орташа жалақысы мөлшерінде қызметтен босарда алатын жәрдемақыны төлеуді жүргізуге;

9.14. Штатты немесе санын қысқарту кезінде қызметкерге екі орташа айлық жалақысы мөлшерінде қосымша өтемақы төлеу. Сонымен бірге екі орташа айлық жалақы мөлшеріндегі қосымша өтемақыны (жұмыс іздеу кезеңдерінде сақталатын) уәкілетті мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелгені туралы анықтамасын ұсынған жағдайда, Қоғамда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлғаға, еңбек шартын бұзғаннан кейін бірінші және екінші ай өткеннен кейін төлеуге;

Көрсетілген уәкілетті органдар станцияларда болмаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің басшысына Қоғам басшысының алдында елді мекенде бос жұмыс орындарының жоқ екендігін ескере отырып, қосымша өтемақыны төлеу туралы өтініш ету құқығын беруге міндеттенеді.

9.15. Темір жол саласында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар қызметкерлерге қызметкерлермен еңбек Кодексінің 54-бабы, 1-тармағы, 3), 6) -13), 16), 18) және 19) тармақшаларында қарастырылған еңбек қатынасы бұзылатын жағдайларды қоспағанда зейнеткерлік жасқа 3 жыл қалғанда құрылымдық бөлімшелерде жұмыс беруге кепілдік беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет