4
4
тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету əдісіне байланысты топтастырылады.;
6
Жылумен қамту жүйелері үш негізгі буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады: жылу көзі, жылу желілері, ғимараттардың жылу тұтынудың жергілікті жүйелері. Жылумен қамту жүйелері:
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ Жылумен қамту жүйелері күрделі инженерлік құрылым болып саналады. Жылумен қамту жүйесі үш буыннан құрастырылады, олар жылу көзі, жылу желілері жəне жылу тұтынушылары. Тұтынушыларға жылу энергиясын өнімдеу үшін жылу қөзінің бірнеше түрлері қолданылады, олар ретінде жылу электр орталығы (ЖЭО) немесе ауданның жылу бекеттері деп аталатын ірі аудандық қазандықтар (АҚ) болуы мүмкін. Жылу көздерінде жылу энергиясын өндірудің екі тəсілі қарастырылады – араластырылған жəне бөлек. Егер жылумен қамту ЖЭО-нан болса жылу мен электр энергиялары араластырылу тəсілімен өндіріледі, мұнда жоғары потенциалды жылу (бу) – электр энергиясын өндіру үшін, ал төменгі потенциалды жылу (су) – жылумен қамту жүйелері үшін қолданылады. ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНІҢ СҰЛБАЛАРЫ ЖЭО-да орнатылған турбинадағы будың барлығы конденсаторға (КД) келіп түспейді, 0,25÷0,6 МПа қысымды будың бір бөлігі алынады да тұтынушыларға жіберіледі, будың қысымы төмендейді, кеңею кезінде жəне турбинадан шыққан кезде 0,003÷004 МПа-ға жетеді сосын конденсаторға келіп түседі. Бу конденсатқа айналған соң конденсат құбырлары арқылы, жылуын судың қоректендіруші су 14 қыздырғыштарына беріп, қайтадан булану үшін қазанға келеді. Жоғары потенциалды жылу электр энергиясын өндіру үшін, ал төменгі потенциалды жылу – жылумен қамту үшін қолданылады, бұл жылу мен электр энергияларын араластырылып өндіру тəсілі.
Жылу мен электр энергияларын араластырылу тəсілімен өндірудің принципиалды сұлбасы:
1 - жоғары қысымды бу қазаны; 2 - конденсатты бу турбинасы; 3 - бу турбинасының конденсаторы; 4 - бу қазаны; 5 - жылуфикациялық бу турбинасы; 6 - бу турбинасының конденсаторы; 7 - желілік судың негізгі жылытқыштары; 8 - РОУ1; 9 - РОУ2; 10 - желілік судың пикті жылытқышы; 11 - бу сепараторы;12 - пикті сужылытқыш қазаны; 13 - желілік сорғыш; 14 - толтырғыш сорғыш; 15 - конденсатты сорғыш
Достарыңызбен бөлісу: |