СУЛЫ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ - Сулы жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту жүйесіне ыстық су беру əдісі бойынша ашық жəне жабық болады.
- Жабық жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту суқыздырғыштар арқылы дайындалады. Жылу желілерінің құбырларынан келетін жылу ғимараттардың жылу пунктеріндегі суқыздырғыштарда тек тасымалдағыш ретінде ғана қолданылады, бірақ желіден алынбайды
- Ашық жылумен қамту жүйелерінде тасымалдағыш ыстық сумен қамту жүйесінің су араластырғыш құралына тікелей жылу желілерінен құбырларынан келіп түседі, оның бір бөлігі ыстық сумен қамту абоненттері үшін алынады.
- Ашық жылумен қамту жүйелерінде жылыту және ыстық су жүктемелерін байланысты және байланыссыз реттеу принциптері бойынша ыстық судың тәуліктік бірқалыпсыздығын ескеріп тәуелді сұлбалары кең қолданылады
СУЛЫ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ Ашық жылумен қамту жүйелерінің артықшылықтары: - Абоненттік ендірімдерді қолайландыру мен арзандату;
- Ыстық сумен қамтудың жергілікті жүйелерінің ұзақ қолдануын жоғарылату (ыстық су - жұмсақталған және дэариленген);
- Жылумен қамтуда бір құбырлы жүйелерін қолдану мүмкіндігі. Кемшіліктері:
- Су дайындау қондырғыларын орнатуды қиындату мен қымбаттату (қуаттылықты көтеру);
- Ыстық су тұтынуы бір қалыпты болмауы, жылу желілерінің гидравликалық тәртіптерінің тұрақсыздығы пайдалануды қиындату;
- жЖылумен қамту жүйелерінің герметикалық бақылауын қиындату.
Жабық жылумен қамту жүйелерінің артықшылықтары: - Жылу желілерінің «тығыз еместік» арқылы судың ағу орнын толтыратын қоректенуші судың аз шығыны;
- Су сапасының тұрақтылығы ыстық сумен қамту жүйесіне келетін қоректендіру су көлемін азайту.
Кемшіліктері: ыстық су қыздырғыштарын орнату себебінен жабдықтар мен абоненттік ендірімдерін пайдалануды қыйындату; - ыстық су қыздырғыштары мен құбырларында қақтық пайда болуы;
- ыстық су құбырларының таттануы суық су құбырынан деаэриленбеген суды қолдануы.
Достарыңызбен бөлісу: |