- Жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруына байланысты жылумен қамту жүйелері тұйық, жартылай тұйық және тұйықталмаған болуы мүмкін.
- Тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың жылуын жартылай ғана пайдаланады, ал тасымалдағыш өзі жылуының қалған мөлшерімен жылу көзіне кері қайтады, онда ол қайтадан жылумен толығады (екі құбырлы жабық жүйелер). Тұйық сулы жүйелер жабық жылумен қамтуға қарайды, ал тұйықталмағандар ашық жүйелеріне жатады.
- Жартылай тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың өзін де, ондағы бар жылуды да тұтынушыда толығымен қолданады. Абоненттік ендірімде жылу жүйелерінен жылу тұтынудың жергілікті жүйелеріне ауысады. Бұл жағдайда көбінесе, ыстық сумен қамту жүйелері үшін су дайындауға жергілікті жылыту жүйелері мен желдету жүйелерінде қолданылмай қалған жылу пайдаға асырылады. Өндірімде жылу көлемі мен потенциалы жергілікті реттеледі де, осы жүйелердің жұмысына бақылау жүргізіледі.
Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне жəне əсер ету радиусы бойынша жергілікті, орталық жəне орталықтандырылған болуы мүмкін. - Жергілікті - жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық ғимараттарда бірігіп бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе ретінде электр немесе газ пештері арқылы жылытылатын жүйелері мысал бола алады.
- Орталық - бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты жылумен қамту. Мысалы, ғимараттың жер төлесінде немесе жеке тұрған қазандықта орнатылған қазаннан жылу алатын жылыту жүйесі.
- Орталықтандырылған - бір жылу көзінен жылуэлектрорталығынан (ЖЭО) немесе аудан қазандықтарынан (АҚ ) бірнеше ғимараттарға жылу беріледі
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ:
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісі бойынша жылумен қамту жүйелері бір және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар жылу желілеріне тікелей қосылады. - Жылу тұтынушылар жылу желілеріне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП) арқылы жалғастырылады, бұл абоненттік ендірімдер деп аталады. ЖЖП-да тасымалдағыш параметрлері тұтынушылардың талаптарына сәйкес өзгеруі мүмкін
- Көп сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар мен жылу көздерінің арасында орталық жылу пунктері (ОЖП) немесе бақылау тарату пунктері (БТП) орналастырылады, оларда тасымалдағыш параметрлері ЖЖП-ның талаптарына сәйкес өзгеруі мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |