Ұйымдағы билік және коммуникация Орындаған: Хайдар Алма Уркинбаев Нұрғали Қабылдаған


Заң бойынша билік жүргізу- адамның басқа адамдарды басқару құқығына негізделеді, ұйымдағы жағдайға сәйкес бұйрық беру,орындаушының міндеті-оған бағыну.Сондықтан заңды билікті салтты,әдетті билік деп а



бет3/6
Дата16.04.2024
өлшемі0.92 Mb.
#498784
1   2   3   4   5   6
136105.pptx

Заң бойынша билік жүргізу- адамның басқа адамдарды басқару құқығына негізделеді, ұйымдағы жағдайға сәйкес бұйрық беру,орындаушының міндеті-оған бағыну.Сондықтан заңды билікті салтты,әдетті билік деп аталады.

Оң жақтары :

Теріс жақтары :

  • Еңбек белсенділігінің төмендеуі
  • Сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне бейімделуі төмен
  • Жұмыс атқаруда шығармашылық іс-әрекет ынталандырылмайды

Ұйымдағы коммуникация


Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. 
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. 
Коммуникация-бұл күрделі процесс жәнеде оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.
Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады. 
Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады. 

Коммуникация процесі


Коммуникациялық процесс бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтін түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация — бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет. 
Мәлімет (ақпарат) алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады: 
  • мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады; 
  • — символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау; 
  • — канал, мәліметті беру құралы
  • — алушы. бұл мәліметті қажет ететін адам. 

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жакка да түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай: а) идеяның пайда болуы; ә) кодтау және канал таңдау; б) беру; в) декодтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет