6. Жаңа білімге ізденіс «Галлереяға саяхат» әдісі арқылы студенттер назарына шежірені сипаттайтын ағаш суреті көрсетіледі.
-Суреттен не көрдік?
Келесі сұрақтар төңірегінде ойлануды сұраңыз:
- шежіре дегеніміз не?
-тамыр нені сипаттайды?
-неліктен жеті атаны білу маңызды?
Студенттердың жауаптары арқылы бүгінгі сабақ тақырыбы ашылады.
Студенттердің жаңа сабаққа ішкі уәжін арттыруға бағытталған тапсырмалар беру:
ТАПСЫРМА 1Белсенді оқыту әдісі: «Үштік» (Ойлан, топтас, бөліс)
Саралау тәсілі: әдісі бойынша –студенттер тақырыпты жеке оқып ойланады, жұппен жұптасады, топпен пікірлесіп «Постер» қорғайды.
«Шежіре» тобы: « Топтық зерттеу» «Шежіре, генеология» ұғымдарының мағынасын ашу.
«Ру» тобы: «талдау, талқылау» Генеологиялық аңыздар.
«Жүз» тобы: Дәйек, дәлел Қазақтардың ру –тайпалық құрылымының ерекшеліктері , жүздердің пайда болуы
Дескриптор:
1.«Шежіре, генеология» ұғымдарының мағынасын ашады
2.Генеологиялық аңыздар, қазақтардың ру –тайпалық құрылымын түсіндіреді
3.«Қазақ шежіресі» туралы жазған ғаламдардың еңбектерін анықтайды
Қ\б Смаиликтер арқылы бағалау.
ТАПСЫРМА 2 Белсенді оқыту әдісі: «Ұлы ғалымдар сөйлейді»
Саралау тәсілі: «Жүз» ұғымы туралы айтылған пікірлердің авторын сәйкестендіру
|
Пікірлер
|
|
Авторы
|
1
|
"Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".
|
А
|
М. С. Мұқанов
|
2
|
"Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
|
Ә
|
Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов
|
3
|
-"Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
|
Б
|
Василий Владимирович Бартольд
|
4
|
"Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
|
В
|
Михаил Порфирьевич Вяткин
|
5
|
Жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.
|
Г
|
С. Аманжолов
|
6
|
Қазақтың жүздері этно әлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
|
Ғ
|
Ш. Уалиханов
|
Достарыңызбен бөлісу: |