Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


-сынып бойынша жеке зерттеу жұмысы бойынша тақырыптардың



Pdf көрінісі
бет123/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168
ӘНХ 2020 2021

11-сынып бойынша жеке зерттеу жұмысы бойынша тақырыптардың 
мысалдары: 
1-тақырып. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі 
және мемлекеттік органдар жүйесі. 
1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қазіргі саяси 
жүйесіне салыстырмалы сипаттама
2. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасу 
деңгейіне баға беру
3. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның функционалдық 
мақсаты. 
2-тақырып. Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін 
реттеудегі жария құқықтың рөлі 
1. ҚР азаматтық туралы заңдардың өзге елдермен салыстырғандағы негізгі 
айырмашылықтары мен ерекшеліктері 
2. ҚР жер кодекcі, жерге меншік және пайдалану құқығы мен басты 
қағидаларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі мәселелері 
3. ҚР мен ҚХР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының ұқсастығы 
мен айырмашылықтарын талдау 
3-тақырып. Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке 
құқықтың рөлі. 
1. Азаматтық құқықтағы сату-сатып алу, жалға беру және сақтандыру 
келісімшарттарының жасалу шарттары, тараптардың міндеттері 
2. Авторлық құқықты заңмен қорғаудың мемлекеттің көпсалалы дамуы 
үшін стратегиялық маңыздылығы 
3. Еңбек құқығының тарихи эволюциясы мен қазіргі бекітілген қағидалары 
4-тақырып. Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау 
әдістері 
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісін жүргізудің басты 
ерекшеліктері мен ережелері 
2. Алқабилер соты ұғымының әлемдік және қазақстандық тәжрибедегі 
алатын орны, мен тиімділігі 
3. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот үкімдерінің қоғамдық 
тәртіпті реттеу қызметі 
5-тақырып
Қазақстан 
Республикасының 
құқықтық 
жүйесінде 
халықаралық құқық нормаларын іске асырy. 
1. Қазақстанның халықаралық құқықтық кеңістіктегі мүмкіндіктері мен 
міндеттері 


218 
2. Халықаралық адам құқығы бойынша заңнамалық актілер негізінде ҚР-
ғы еңбек құқығын қарастыру 
3. Халықаралық адам құқығы бойынша заңнамалық актілер негізінде ҚР-
ғы білім беру құқығын талдау 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу 
процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің 
базалық білім мазмұны: «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және 
әлеуметтік процестер», «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан», 
«Мәдениеттің дамуы» бөлімдерін қамтиды.
11-сыныпта: 
«Өркениет: даму ерекшеліктері», «Саяси-құқықтық 
процестер», «Қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Білім мен ғылымның дамуы» 
бөлімдерін қамтиды. 
Бөлімдер 
сыныптар 
бойынша 
оқыту 
мақсаттарын 
қамтитын 
бөлімшелерден тұрады.Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім 
алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен 
бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқытуда – оқу мақсаттарын 
анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді 
әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі 
формалары ұсынылады: 
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;
- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс 
түрлерін ұйымдастыруды қолдану
- оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат 
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды 
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 
- сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға 
мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және танымдық 
ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын 
қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану ұсынылады. 
Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау (SWOT, PEST, GAP 
талдаулары) және т.б.
Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге 
асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту 


219 
процесін төмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру 
ұсынылады:
- өзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл 
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды 
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік 
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен 
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, 
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу 
жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу 
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге 
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің 
сабаққа 
арнайы 
әзірлейтін 
тапсырмалары 
келесі 
өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет: 
− 
түсінікті болуы; 
− 
саралаудың ескерілуі; 
− 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі; 
− 
проблемалық оқытуға негізделуі;
− 
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс. 
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи 
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. 
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс. 
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы 
және үздік нәтижелерге қол жеткізуі үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды 
ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық 
жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты 
ұйымдастыру кезінде әрбір білім алушының қабілеттері мен психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық 
түсіндіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет