268
сабақ үшін бөлінген уақытта орындай алады (білім
беру онлайн
платформаларын пайдалану кезінде, бұл оңай). Сізге оқушының жетісітігін
бірден көруге және қажет болған жағдайда жұмысты түзетуге мүмкіндік береді;
•
ашық жауаптары берілген тапсырмалар мен тексеруге жіберілген
материалдар жаңа сабақ басталғанға дейін 3 сағат бұрын бағалануы тиіс,
әйтпесе оқушылар қашықтықтан сабақтың
маңыздылығын сезінуін және
мотивацияларын жоғалтады;
•
балалардың толыққанды демалысын қамтамасыз ету үшін дүйсенбі
күнге арналған, яғни жұма күні кешке үй тапсырмасын беруге болмайды; осы
кезеңде берілген тапсырмалар орындалмауы мүмкін.
Интерактивтілік
Қашықтан режимінде оқыту білім беру процесіне қатысушылардың
интерактивті өзара іс-қимылын толық жоққа шығарады деп ойлау қате. Кейбір
жағдайларда ол тіпті тиімдірек, өйткені әркімнің жеке мүмкіндігін ескеруге
ықпал етеді. Сіз топтарда талқылауды еркін ұйымдастыра аласыз, жаңа
материалды оқу кезеңінде де, тапсырмаларды орындау кезеңінде де сөйлесе
аласыз. Осы мақсаттарға жетуде сапалы кері байланыс жасау үшін дұрыс білім
беру порталын, хабаршы немесе чат таңдау қажет. Топта орындау үшін
тапсырмалар жасауға тырысыңыз – жалпы жоба,
рөлдерді бөлуде кешенді
міндет және т.б. Мұның бәрін ашық құжаттардың, вебинарлардың, желілік
ресурстардың заманауи технологияларының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Ата-аналармен байланыс
Жаңа оқу түріне көшу оқушылардың ата-аналарында көптеген сұрақтар
туындатады. Ең маңыздысы жауаптары бар толық ЖАДНАМА жасаңыз: оқыту
қалай ұйымдастырылады, ол қай уақытта өтеді, үй тапсырмасын қайдан іздейді,
консультациялар қашан және қалай өтеді, балалардың
оқыту нәтижелерін
қайдан және қалай көруге болады.
Ата-аналар үшін кез келген хабаршы арқылы ортақ сөйлесуді ашыңыз
(WhatsApp, Viber, электрондық журнал).
Жадынаманы ортақ чатқа жіберіңіз.
Мүмкіндігінше (білім беру онлайн платформаларын пайдаланған
жағдайда) ата-аналарға өз балаларының оқу процесін өз бетінше қадағалап
отыруы үшін оларға тіркелуге көмектесіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: