27
баламен педагогикалық іс-шаралар бағдарламасы мен жүйесі келісіледі; баланың
үй-жағдайымен танысу үшін отбасына бару,
отбасылық мәселелер мен
балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер өткізу.
Отбасылық тәрбие әдістемесі инновациялық тәсілдерді, әдістер
технологиясын, әдістер жиынтығын қамтиды. Отбасылық
әдістердің бірі ата-
аналардың баламен бірге туған өлкенің киелі орындарын (тарихи
ескерткіштерді, кесенелерді, мұражайларды, табиғи объектілерді) зерттеуі – ол
да тәрбие. Киелі орындарға бару отбасының адамгершілік дәстүрлерін
жандандыруға, ұлттық бірегейлікті, ұрпақтар арасындағы байланысты және
балалар мен ата-аналар арасындағы рухани жақындықты нығайтуға ықпал етуі
мүмкін. Отбасында материалдық емес мәдени мұра нысандарын (ұлттық
дәстүрлер, отбасылық дәстүрлер, аңыздар) сақтау қажет.
Балаға өз тегін, жеті атасын білу, өзінің отбасылық шежіресін құрастыру –
рухани тәрбие берудегі отбасылық құндылық. Баланы отбасылық жәдігерлер мен
тарихқа, фотосуреттерге, үй мұрағаттарына, марапаттар
мен ата-әжелеріне
құрметпен қарауға тәрбиелеу маңызды.
Тәрбие үрдісінде күнделікті деңгейде де, дағдарыс сәттерінде де
отбасында өзара түсіністік пен өзара көмек негіздерін қалыптастыру маңызды.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде отбасылық
тәрбиені
іске
асыруға
арналған
нұсқаулық
болып
табылады.
https://www.nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: