Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет16/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168
ӘНХ 2020 2021

https://www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
2) Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік бейнесі, адамгершілік 
сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – гуманизм, ар-ождан, ар-намыс, парыз, 
сенім, жауапкершілік, серіктестік, мейірімділік, ұят, қағидаттық, мейірімділік, 
ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, 
дәстүрлері мен тілін құрметтеу; өмірге этикалық жауапты көзқарас сияқты 
құндылықтарды қалыптастырады. 
Білім алушылардың адами әлеуетін ашудың, адамгершілікті тәрбиелеудің 
және әлеуметтік тәжірибені дамытудың ең тиімді және орынды құралдарының 
бірі еріктілік – оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәрбиелік тәсіл болып 
табылады. Еріктілер – бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, 
достық, мейірімділік, төзімділік және жасампаздық институты. 
Орта білім беру ұйымдары білім алушыларды «Қоғамға қызмет» 
әлеуметтік еріктілер жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке 
жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге 
асыруға кеңінен тарту қажет.
Орта білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру туралы 
толығырақ ақпарат «Білім беру саласындағы еріктілік пен қайырымдылық және 
олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік 
ұсынымдарында берілген, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 
2019 ж. (https://www.nao.kz). 
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда 2021-2022 оқу жылы 
қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-
этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық 
ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына; Қазақстанның көрнекті саяси және 
қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; Қазақ КСР Халық 
әртісі, кеңес және қазақ мемлекетінің музыкатанушысы, композитор, дирижер, 
ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына; қазақ ақыны әрі жазушысы, 
аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-
шаралар өткізу маңызды рөл атқарады.


24 
Олар: «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы 
ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» атты әдеби кеш, 
«Сұлулық әлемді құтқарады» атты поэтикалық кеш, «Жанашырлық – адамның 
барлық адамгершілік ниетінің негізі» атты әдеби-музыкалық композициялар, 
«Махаббат – адам өмірінің негізі», «Ізгіліктің жасампаз күші» атты 
адамгершілік-рухани мазмұндағы тестілер мен сұхбаттар. 
2021-2022 оқу жылында кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін 
арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы 
барлық өңірде біртіндеп енгізілетін болады. 
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас және әлеуметтік 
әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті 
деңгейін және білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, оқушылардың 
оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруға 
және бірыңғай оқырмандар қауымдастығын қалыптастыру бойынша жобаны 
іске асыру үшін іс-шараларға ата-аналарды тартуға бағытталған. 
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған 
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын жандандыру 
бойынша ресурстар (интернет-викториналар, ұсынымдық сервистер, кітап 
клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. 
Кітаптарды 
электрондық 
форматта, 
соның 
ішінде 
мобильді 
құрылғылардың көмегімен оқу үшін мүмкіндіктерді пайдалану, балаларға 
әдебиет ағынын жақсартуға көмектесетін және кітапқа жаңа оқырман-балаларды 
тартатын жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет. 
Оқушылардың 
мінез-құлқына 
әсер 
ететін 
және 
қолжетімді 
хабарламаларды алға жылжытатын жаңа тәсілдердің бірі – танымал жылжыту 
теориясы (the Nudge theory). 
Бұл адам мінез-құлқын басқару технологиясы бір нәрсе істеуге тікелей 
мәжбүрлемейді, бірақ қажетті бағытқа қарай ақырын «жылжытады».
Қоғамда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектепте 
әрбір білім алушы үшін түсінікті және қолжетімді құндылықтарды ілгерілетуде 
мынадай тетіктерді іс жүзінде қолдану ұсынылады:
✓ 
Атап айтқанда, «Отан оттан да ыстық», «Жолдасы көптің – олжасы 
көп», «Еңбек – ердің көркі» және т.б. назар аудартатын қазақ мақал-мәтелдері 
жазылған баннерлерді мектеп ғимаратына орналастыру – дәстүрлі 
құндылықтарды санада нығайтуға, визуалды әсер етуге көмектеседі. 
✓ 
Оқу барысында білім алушылардың жағымды көңіл-күйін 
қалыптастыру және сәйкесінше психологиялық шиеленісті азайту үшін 
кедергісіз, фондық классикалық қазақ музыкасын қолдану, бұл одан әрі 
«айналасындағыларға құрметпен қарау» құндылығын қалыптастыруға және 
нығайтуға ықпал етеді. 
✓ 
Білім беру ұйымдарында «Біздің мектеп – ең таза мектеп», «Бұл 
мектептің қызметкерлері мен білім алушылары – ең сыпайы адамдар», «Бүкіл 
өңірдегі шылым исі шықпайтын ғимарат» және т.б. жазуларды орналастыру. 


25 
✓ 
Асханада: «Өзіңе-өзің қызмет ет» деген жазу мен қоқыс тастау 
орнын көрсететін көрсеткіштерді орналастыру тазалықты сақтауды және 
техникалық қызметкердің еңбегін құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді. 
Мектептерде өзін-өзі басқару. Қазақстан Республикасының білім беру 
ұйымдарында өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру білім 
алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамытудың «Мектептік/оқушылар 
парламенті» 
тұжырымдамасына 
сәйкес 
жүргізілуге 
тиіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет