105
5-9-сыныптарға арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бағдарламасының
мазмұны әрбір жеке сыныпта қарапайым дағдылардан күрделі дағдыларды
қалыптастыруға дейін прогрессия түрінде құрылған, әр қайсысы оқыту
мақсаттарына бөлінген бағыттардан тұрады. Оқу мақсаттары сыныптан
сыныпқа, бір деңгейден екінші деңгейге өткен сайын күрделене түседі.
Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрінің
бұйрығымен бекітілген және Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім
академиясының сайтында
https://nao.kz/
орналастырылған.
Ағылшын
тілі
бойынша
білім
беру
процесін
ұйымдастыру
коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар,
пікірталастар, конференциялар, байқаулар, драматургия және т.б.) жан-жақты
пайдалануды
көздейді.
Сондай-ақ,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және сабақтан тыс қызметтің кең мүмкіндіктерін белсенді
пайдаланған жөн, бұл шетел тілін үйренуге
деген ынтаны арттыру, білім
алушылардың танымдық қызметін жандандыру, олардың тілдік өзара іс-қимыл
белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай
жасауға ықпал ететін болады.
«Ағылшын тілі» пәнін оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер
тізіміне шектеу қойылмайтындығын, керісінше білім алушылардың жас
ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалануға
ұсынатындығын атап өткен жөн.
«Ағылшын тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тілдік
деңгей бойынша күтілетін нәтижелер:
5-сынып білім алушылары:
- қолдау көрсетілген кезде
әңгіменің негізгі сәттерін, жеке ақпаратты
сұрайтын негізгі сұрақтарды түсінеді;
- өзі және өзгелер туралы негізгі ақпаратты, ұсыныс деңгейіндегі пікірлерін
айта алады, қарапайым сұрақтар қоя алады;
- жазылымды жоспарлайды, жазады және мәтіндік деңгейде редакциялай
алады. Адамдар, орындар мен нысандарды сипаттайтын мәтін деңгейінде нақты
ақпарат бере алады.
6-сынып білім алушылары:
- жеке ақпаратты беруді қажет ететін күрделі сұрақтарға жауап береді,
кеңейтілген әңгіменің негізгі сәттерін түсінеді;
- өзі және өзгелер туралы негізгі ақпаратты бере алады, әңгімелерді және
оқиғаларды баяндайды;
- жазылым арқылы жеке сезімдерін және пікірлерін бейнелейді.
7-сынып білім алушылары:
- негізгі сәттерді, нақты ақпаратты
және кеңейтілген әңгімедегі
дәлелдердің көп бөлігін түсінеді;
- пікірін айтады және пікірталасқа қатысады;
- келіссөздер жүргізу мақсатында құрдастарымен өзара қарым-қатынасқа
түседі;
106
- мәтін деңгейіндегі жазбаша жұмыстарды сауатты жазады, пунктуацияны
дұрыс сақтайды, мысалдар, жазбаша дәлелдер келтіреді.
8-сынып білім алушылары:
- кеңейтілген әңгімелесулерде және мәтіндердегі астыртын мағынаның көп
бөлігін түсінеді;
-
сыныптағы міндеттерді орындау бойынша жоспарлар мен
басымдықтарды келісу және ұйымдастыру үшін құрдастарымен өзара қарым-
қатынас жасайды;
- кейбір
кеңейтілген оқиғаларды, жағдайларды сипаттайды және мәнерлеп
айтады.
9-сынып білім алушылары:
- кеңейтілген әңгімелесулерде және мәтіндердегі негізгі сәттерді, нақты
және егжей-тегжейлі ақпаратты түсінеді;
- кешенді сұрақтар қоя алады, өз көзқарасын түсіндіреді және негіздей
алады;
- әртүрлі үлгіні пайдалана отырып, мәтін деңгейінде (когерентті) хат жаза
алады.
Формативті бағалау оқу мақсаттарына қол жеткізу барысын анықтау үшін
және оқу процесін одан әрі құру үшін жүргізіледі. Бағалау ұсыныс беру арқылы
жазбаша (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша түрде жүзеге
асырылады.
Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларды кері байланыспен
қамтамасыз етуі керек. Ағылшын тілі мұғалімі кері байланысты қажет ететін
білім алушыларды және кері байланысты беру нысанын өзі анықтайды. Білім
алушылардың формативті бағалау нәтижелерін басып шығару және оны сақтау
педагогтен талап етілмейді.
Білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы:
- тиісті мемлекеттік органдардың
шектеу шаралары кезінде;
- карантин кезінде;
- әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
кезінде
формативті бағаланады. Аталған жағдайларда оқу жетістіктерін
бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын
бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу
көзделген. БЖБ үшін максималды балл 5-9 сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан
артық болмауы керек.
БЖБ үшін максималды бал, БЖБ өткізу нысаны (бақылау,
практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен
сабағы және БЖБ орындау уақыты регламенттелмейді. Төменде бөлім
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген
(33-кесте).
33-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің
саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан