265
2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында
білім беру үдерісін ұйымдастыру
Бүгінгі таңда мамандандырылған білім беру ұйымының ең маңызды
функциясы – шығармашылық, жобалық, зерттеу
қызметіне қабілетті жоғары
уәжделген балаларды анықтау және қолдау.
Көпаспектілі білім беру қызметі жетекші болып табылады:
- қосымша білім беру пәндері бойынша берілетін білім;
- кәсіптік білім берудің пропедевтикасы;
- кәсіби өзін-өзі анықтау;
- баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын оқыту;
- әлеуметтендіру.
Мамандандырылған ұйым бірқатар жүйелі міндеттерді шешуді көздейді.
Бірінші кезекте – білім алушыға заманауи білім беру сапасын ұсыну. Бұл оның
ел дамуының қазіргі заманғы өмірлік қажеттіліктеріне сәйкестігін білдіреді.
Педагогикалық тұрғыда – бұл білім берудің білім алушылардың белгілі бір білім
деңгейін меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар оның жеке басын, танымдық және
жасампаздық қабілеттерін дамытуға бағытталуы.
Білім беру
мазмұнын жаңарту жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің
мәдениет, шығармашылық, инновациялық қызмет саласындағы қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған. Оқыту барысында икемділік, сындылық, ойлау
ауқымдылығы; шешім қабылдаудағы дербестік; өзгермелі өмірлік жағдайларға
бейімделу қабілеті; ұжымда жұмыс істей білу, қиын жағдайларды болжау және
шешу сияқты қасиеттерге ие болатын барлық педагогикалық талпыныстардың
орталығында білім алушының жеке тұлғасы болуы тиіс.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру
Ең алдымен, өзіңізді және өз оқушыларыңызды
қашықтықтан оқыту
сыныптағы сияқты маңызды, айырмашылығы араңызда қашықтық болатынын
түсіндіріңіз. Оқушылар материалды өз бетінше зерделеуде ынталы болуға тиіс,
ал бақылау сіз оларға қашықтықтан беретін тапсырмаларды орындауды бағалау
арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс бағдарламаңызды қайта қарап шығыңыз (осы жылы қалып қойған
қандай тақырыптарды міндетті түрде зерделеу қажет екенін, келесі оқу жылына
қандай материалдарды ауыстыруға болатынын; қандай материалды қайталау
қажет екенін; оқушылардың қандай іскерліктері мен дағдыларын пысықтау
керек екенін анықтаңыз) және қашықтықтан
білім беру технологияларын
қолдануды ескере отырып, жаңа күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: