№ 4 Қаулысымен 32-1 тармақпен толықтырылды
32-1. Көзделмеген шығыстар» шығын бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығыстың болуына, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен келісілуі не бекітілуі мүмкін қажетті шығыстарға байланысты шығыстарды жүзеге асыруға жол берілмейді.
33. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы оны уәкілетті орган тағайындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға шығыстар сметасын әрбір бап бойынша қалыптастыру кезінде осы Ереженің 22-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбамен береді.
Филиалдық желісі бар жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасына енгізу үшін тарату комиссиясының бөлімшелері бөлігінде тарату шығыстары сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онына дейінгі мерзімнен кешіктірмей тарату комиссиясы келісу үшін тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органға шығыстар сметасын әрбір бап бойынша қалыптастыру кезінде осы Ереженің 22-тармағымен көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбаның қосымшасымен береді.
36. Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтыруларды тек уәкілетті органмен келісе отырып енгізеді.
37. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың бесінен кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.
Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігі бойынша жасалады.
38. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың он бесінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және бекітеді.
39. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен күннің ертеңіне уәкілетті органға ұсынады.
40. Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының нақты қаржылық жай-күйін негізге алып және тарату комиссиясының орындаған жұмысын ескеріп, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала міндетті түрде кредиторлар комитеті бекітетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
41. Тарату шығыстарының сметасын келіскен немесе бекіткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 41-1 тармақпен толықтырылды
41-1. Тарату шығыстарының сметасы мынадай жағдайларда келісуге (бекітуге) жатпайды:
1) тарату комиссиясының осы Ереженің 22-тармағымен көзделген тарату шығыстары сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынбауы;
2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбауы.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 41-2 тармақпен толықтырылды
41-2. Уәкілетті орган тарату шығыстары сметасын келісу немесе онымен келісуден бас тарту туралы жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Кредиторлар комитетінің тарату шығыстары сметасын бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
42. Басқа бір бап бойынша үнем жасай отырып, екінші бір шығын бабы бойынша артық шығындар жасалуына жол берілмейді.
43. Тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе кредиторлар комитеті бекіткенге дейін шығыстар жасауына жол берілмейді.
5-тарау. Тарату комиссиясының кассалық
тәртіп сақтау талаптары
44. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылауды жүзеге асырады.
45. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.
Бір кассирі бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдің міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.
46. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекітілген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.
48. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49. Тарату комиссиясы кассасының (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бір комплектісі кассирде, екіншісі - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында болатын кілттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.
50. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалады.
51. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті бекітілген ай сайынғы шығыстар сомасын негізге алып, мына шектер бойынша анықталады:
ай сайынғы шығыстар касса қалдығының бөлімшелердегі касса
күн сайынғы қалдығының күн
лимиті сайынғы лимитi
5 миллион теңгеге дейін - 20 мың теңге - 20 мың теңге
5-тен 10 миллион теңгеге
дейін - 40 мың теңге - 20 мың теңге
10-нан 20 миллион теңгеге
дейін - 100 мың теңге - 20 мың теңге
20 миллион теңгеден жоғары - 150 мың теңге - 20 мың теңге
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 52-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
52. Осы Ереженің 51-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен жағдайда тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысуларды жүргізу мақсатында мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алған қолма-қол ақшаны сақтауы ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
53. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері және кассирі қол қойған кассалық кіріс құжаттары бойынша (қолма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кіріс ордері) жасалады және кассалық кіріс журналында күн ішінде жалпы сомасы көрсетіледі.
Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
54. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады.
55. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.
Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресімделеді.
56. Қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.
57. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерінде көрсетілген адамға ғана береді.
58. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалса, онда ордер мәтініндегі ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін кассир ақшаны алуға сенім білдірілген адамның фамилиясы, аты-жөнін көрсетеді. Егер ақша ведомость бойынша берілген болса, онда ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир «Сенімхат бойынша» деп жазба жасайды.
Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомостьке қосылып тігіледі.
59. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттіріп алынады.
60. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері және кассирі қол қояды, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысы қол қояды.
61. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосі бойынша жасалады.
62. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосінің бірінші бетінде (аты көрсетілген) қолма-қол ақшаның берілгендігі туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзімін және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.
63. Жалақы төлеудің белгіленген мерзімі өткен соң кассир:
1) төлем ведомосіне төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен «Депонирленген» деп белгі қояды;
2) депонирленген соманың тізілімін жасайды;
3) ведомостің аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосінің жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді;
4) ведомостегі нақты төленген соманы және кассалық шығыс ордерінің нөмірін көрсетеді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 64-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
64. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне қолма-қол ақша тарату өндірісіне байланысты мақсаттар үшін есепті түрде беріледі.
Ақшаны есепті түрде берудің негіздемесі тарату комиссиясының бас бухгалтері және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептері, және басқалар) қажеттігін негіздейтін құжаттарды тиісті жағдайда ресімдеу болып табылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
65. Алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде есепті түрде берілген сомалар, іссапар мерзімі аяқталған күнгі іссапарлық шығыстар бойынша есепті тұлғалар алынған сомалардың қойылған мақсат бойынша жұмсалғанын растайтын құжаттарды береді (барлық растаушы құжаттар қоса берілген аванстық есептер, тауарлардың төлемі және көрсетілген қызмет туралы чектер).
Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапарлық шығыстар іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:
1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;
2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.
66. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшіру, түзетіс немесе түзету, тіпті келісілгендеріне де жол берілмейді.
Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері және оған қоса беріліп отырған құжаттар атап көрсетіледі.
67. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның «Алынды» немесе «Төленді» деген қолымен немесе штамппен міндетті түрде жабылады.
68. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирдің қолдарымен расталады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 69-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
69. Тарату комиссиясы қалма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебі үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша кассирмен қабылданған және берілген ақшаның (құндылықтардың) есеп кітабын (бұдан әрі - касса кітабы) жүргізеді, ол нөмірленуі, тігілуі және мөрмен жабылуы тиіс. Касса кітабындағы парақтар саны төрағаның, бас бухгалтердің және кассирдің қолымен расталады.
70. Касса кітабында өшіруге, келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. Қате түзетілген жағдайда «Түзетілді» деген жазба жасалады да, ол түзетілген күні көрсетіліп, тарату комиссиясы кассирінің және бас бухгалтердің қолдарымен расталады.
Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуді бақылау тарату комиссиясының төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.
71. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ касса кітабындағы басқа құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарып, кассирдің, бас бухгалтердің және төрағаның қолдарымен расталады.
72. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда, бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерін анықтау шараларын көру үшін дереу тарату комиссиясының төрағасына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.
73. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Қалыптастыру кезінде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмірінің өсу тәртібімен) бойынша және кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірі бойынша басында кіріс, содан соң шығыс деп іріктеледі.
74. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тігілген құжаттардың жинақталған деректері саналады және күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырылады.
Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кіріс және шығыс ордерлерінің күн ішіндегі кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.
75. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады.
76. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын бір ізділік бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.
6-тарау. Активтерді басқару және шағымдарды қарау
77. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтеріне жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті мүлкі, құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының басқа да талаптары кіреді және тарату, конкурстық массасын қалыптастыруға негіз болады.
Тарату, конкурстық массаға таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының меншік құқығына жатпайтын, оның ішінде сенімгерлік басқаруда немесе сақтауда тұрған мүлік кірмейді.
78. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті қызметкерлерін қатыстыра отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкіне (активтеріне), жеке шоттарына, жинақтаушы зейнетақы қорының шарттарына түгендеу жүргізуге, сондай-ақ баланстық шоттардың және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге міндетті. Түгендеу нәтижелері бойынша акт жасалады.
79. Түгендеу жолымен анықталған жинақтаушы зейнетақы қорының барлық активтері тарату массасына енгізілуі тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратудың басында оның балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 80-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
80. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны(ларды) тарта отырып, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалайды (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда).
Тарату комиссиясы барлық мүлікке баға беруді бір мезгілде не мүліктің бөлігін сатуды қажеттілік шарасы бойынша жүргізеді.
Баланстық құнына тәуелсіз жылжымайтын мүлікті бағалау үшін, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен астам баланстық құны бар жылжитын мүлікке баға беру үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды (көрсеткен қызметі үшін төлем мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурс (тендер) өткізудің шарттарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және республикалық немесе облыстық мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Тарату комиссиясы елуден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжитын мүліктің бірлігін бағалауға бағалаушыны таңдауды баға жөніндегі ұсыныстарды сұрату жолымен жүзеге асырады.
Баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен кем болатын бар жылжитын мүлік бағаланбайды.
81. Жинақтаушы зейнетақы қоры дебиторларының таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешектерін өтеуі - мүлікті беруі, оның ішінде сот шешімін орындау үшін берген күнгі мүлікті бағалау актісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
82. Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды кyшіне енгенге дейін орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртібімен аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі аяқталмаған таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын мәмілелер жасалмаған болып есептеледі.
83. Тарату комиссиясы тарату массасын толтыру үшін дебиторлық берешек өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуге міндетті.
84. Мүліктік құқығы және заңды мүддесі соттың жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдауы нәтижесінде бұзылуы ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларымен дауларды тікелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым береді.
Кредитор жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясына растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге жазбаша өтініш береді.
85. Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшері (негізгі борыштың мөлшері туралы жеке, сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкциялары, шығындар, талаптың негіздемесін және мөлшерін растайтын құжаттар туралы мәліметтер және талаптың мөлшері (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы және басқалары) болуы тиіс.
86. Шағым (өтініш) жинақтаушы зейнетақы қоры мен кредитор арасында жасалынған шартта басқа мерзім келісілмеген жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта мерзімде қаралуы тиіс.
87. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде қойылатын талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексеруі керек.
Егер шағымға (өтінішке) қаралуға тиісті қажетті құжаттар қоса берілмесе, онда олар өтініш берушіден почтамен жіберілген жолдағы уақытты санамағанда кемінде 5 жұмыс күні болатын беру мерзімімен сұратып алынады. Талап етілген құжаттар көрсетілген мерзімде алынбаған жағдайда шағым (өтініш) қолда бар құжаттар бойынша қаралады.
88. Шағымды (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің негізделген талабын тануға және жазбаша түрде шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша хабарлауға міндетті.
Шағымға (өтінішке) берілетін жауапта мыналар көрсетіледі:
1) шағым (өтініш) берушінің және жауап беретін тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін шағымның (өтініштің) күні және номері;
2) шағымды (өтінішті) толық немесе ішінара таныған жағдайда, танылған сома көрсетіледі, егер ол ақшалай бағалауға жатқызылмаса, не шағымның (өтініштің) мерзімі және қанағаттандыру әдісі көрсетіледі;
3) шағым (өтініш) толық немесе ішінара ауытқыған жағдайда - шағымның (өтініштің) ауытқуына негізделген тиісті нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға сүйенген ауытқу себептері;
4) жауапқа қоса берілген құжаттардың және басқа дәлелдемелердің тізбесі.
89. Шағым (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге шағыммен (өтінішпен) қоса берілген құжаттар қайтарылуы тиіс, сондай-ақ шағымды (өтінішті) қабылдамауға негіз болатын құжаттар өтініш берушіде жоқ болса, олар жіберіледі.
90. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, хаттың жіберілуін белгілейтін басқа байланыс құралдарымен жіберіледі.
91. Шағымды (өтінішті) беруге арналған мерзім жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру баспада жарияланған күннен бастап есептеледі және екі айдан кем болмауы тиіс.
92. Шағым (өтініш) беру, сондай-ақ барлық ұсынылған шағымды (өтінішті) қарау мерзімі аяқталғаннан кейін, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы бір айлық мерзімде активтерді және міндеттемелерді түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкінің құрамы, кредиторлар берген шағымдар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларынан талап етілмеген берешектері, кредиторлардың талаптарының тізілімі туралы мәліметтер болуы тиіс.
Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар жинақтаушы зейнетақы қорларының аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.
93. Шағым (өтініш) берген кредитор бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорының борышкері болса, онда тарату комиссиясы шағымды (өтінішті) қарау кезінде ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекігенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болып дәл келуі барысында өзара талап ету сынағын өткізу туралы мәселені қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.
Аралық тарату балансы бекігеннен кейін өзара талап ету сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандыру жөніндегі тиісті кезегі келген кезде ғана жасалады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131
Достарыңызбен бөлісу: |