Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы


Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара



бет4/6
Дата01.07.2016
өлшемі358 Kb.
#170511
1   2   3   4   5   6
Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

94. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оған қосымшасын, оның ішінде кредиторлар талабының тізілімін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жасайды.

95. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.

96. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүддесін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлардың талаптарының тізілімін жасайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілікке сәйкес болуы тиіс.

Кредиторлар талаптарының тізілімінде әр кредитор туралы, ақша жөніндегі міндеттемелер және/немесе міндетті төлемдер туралы, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.

Кредиторлардың талаптарының тізіліміне даусыз болып табылатын, белгіленген мерзімде көрсетілген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кіреді.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына берілген, заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.

Орындау құжаттары танылған талаптар деп табылады және орындалмаған сома мөлшерінде кредиторлардың тізіліміндегі тиісті кезекте есептеледі.

97. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша есеп айырысулар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабы 7-2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансы және оның қосымшалары уәкілетті органда бекітілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.



 

 

7-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры



кредиторларының комитетi

 

98. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату кезінде олардың қатысуымен шешім қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

99. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және дереу бекітуге уәкілетті органға жіберіледі. Кредиторлар комитеті құрамының тізімі осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тарату комиссиясымен жасалады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

100. Кредиторлар комитетінің құрамы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 51-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген мейлінше көп талап ету сомасы бар кредиторлар арқылы әр кредиторлар кезегінен бір өкіл арқылы қалыптасады.

Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторлардың тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы деректер жібереді.

Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері, сондай-ақ, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне зиян келтіретін не басқалардың артықшылықтарын білдіретін іс-қимылдар жасауын, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісінің(лерінің) болуын белгілеуге қатысты осының алдында банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларының төрағасы немесе мүшесі болып табылған кредиторлар өкілдері енгізілмейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 101-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



101. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны үш адамнан кем болмауы тиіс.

Кредитор кредиторлар комитеті жұмысынан бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мейлінше көп талап ету сомасы бар келесі кредиторына ұсыныс жібереді.

Кредиторлар комитеті мүшесінің талабы толық қанағаттандырылған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейін уәкілетті органға бекітуге кредиторлар комитетінің тізімін ұсына отырып, кредиторлар комитеті құрамын өзгерту жөнінде жұмыс жасайды.

102. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін комитеттің бірінші мәжілісі өтетін орын мен күн туралы хабардар етеді.



Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісінде дауыс беру рәсіміндегі тең дауыс алу кезінде шешуші дауыс алу құқығы берілетін комитет төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

103. Кредиторлар комитетінің одан кейінгі мәжілістері комитет белгілейтін тәртіп пен мерзімде шақырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

104. Кредиторлар комитеті:

1) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысуға;

2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы шағымын қарауға қатысуға;

3) жинақтаушы зейнетақы қорын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, заңды мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бұзушылықтар, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өздерінің міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісті дәрежеде орындамағаны туралы уәкілетті органға және сотқа хабарлауға;

4) тарату комиссиясының әрекетіне сотқа және уәкілетті органға шағым жасауға;

5) мүлік сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжілісін қоса алғанда, кез келген тарату рәсімі болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерінің ішінен кредитордың өкілдерін сайлауға;

6) тарату комиссиясынан таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйі туралы ақпарат беруді талап етуге;

7) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорынан өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешектің көлемін бекітуге;

8) тарату комиссиясы берген жинақтаушы зейнетақы қорының тарату, конкурстық массасын жүзеге асыру жоспарын бекітуге;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне, сондай-ақ тартылған қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдердің мөлшерін қоса, тарату шығыстарының сметасын бекітуге;

10) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) тарату комиссиясының жинақтаушы зейнетақы қорының балансынан мүлікті есептен шығару туралы актіні бекітуге құқылы.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 104-1-тармақпен толықтырылды

104-1. Кредиторлар комитеті жоқ болған жағдайда, сондай-ақ осы Ереженің 104-тармағымен көзделген функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асырмаса, тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

105. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.



Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

106. Жинақтаушы зейнетақы қорының барлық қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетінің мәжілісіне қатысуға құқылы.

 

 

8-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының талаптарын қанағаттандыру



 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

107. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларының талаптарын, оның ішінде банкрот болуына байланысты қанағаттандыру Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-бабы 7-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап жүргізіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



108. Әрбір кезектің талабы осының алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылған соң барып қанағаттандырылады.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі бір кезекті қанағаттандыруға жетпеген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және мүлкі (өзгесі) осы кезектің кредиторлары арасында қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес бөлінеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



109. Кезектілік бойынша кезек келген жағдайда кредитордың талабы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін тәсілмен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдігін сақтай отырып, мүлікті, оны бағалау құны бойынша заттай беру арқылы, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының баланстық және баланстан тыс шоттарындағы дебиторлық берешек бойынша қанағаттандырылуы мүмкін.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 110-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)



110. Тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін тарату комиссиясы таныған, бірақ тарату балансын бекіткенге дейінгі кредиторлар талаптары, кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілмейді, басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланс шотында ескеріледі және белгіленген мерзім ішінде анықталған кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкер мүлкінен қанағаттандырылады.

Тарату комиссиясының талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін белгілі болған және тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары кредитордың ұсынған талаптарының қанағаттандырылғандығы және олардың кредиторлар талаптары тізіліміне тиісті кезекке қойылғандығы жөніндегі сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.

111. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан не оларды қараудан бас тартқан жағдайда кредитор жинақтаушы зейнетақы қорының тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясының атына сотқа шағым береді.



Кредиторлардың белгіленген мерзімде өтініш жасаған, бірақ тарату комиссиясы танымаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешімі бар талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Аталған талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есеп айырысу жасалған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегі уақытша тоқтатылады.

112. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі жеткіліксіз болған жағдайдағы, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі кредиторлардың шағымдарын (өтініштерін) қанағаттандырмау өтелген болып есептеледі.



Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым бермеген болса және сот шешімі бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледі.

113. Тарату комиссиясы таныған және кредиторлардың талап ету тізіліміне енгізілген кредитордың міндеттемелерін, шағымдарын (өтініштерін) орындау мүмкін болмаған жағдайда тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.

114. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлармен есеп айырысуы аяқталғаннан кейінгі мүлкін тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен акционерлер арасында бөледі.

 

 

9-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату тәртібi



 

1-параграф. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату бойынша аукционды ұйымдастыру

және өткізу тәртібi

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 115-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



115. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорында бар ақша кредиторлар мен акционерлердің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сатуды осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



116. Тарату комиссиясының төрағасы мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату Жоспарын таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитеті бекітеді.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының төрағасы соңынан мүлікті сату жөнінде жасалған жұмыс туралы кредиторлар комитетіне есеп бере отырып, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сата алады.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорында кредиторлар комитеті болмаған жағдайда мүлікті сату жөніндегі шешім, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және мәлімет беру үшін уәкілетті органға жібереді.

117. Мүлікті сату іске асыру Жоспарына сәйкес сауда-саттықтағы жариялылық, ашықтық және жетімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Тарату комиссиясы аукциондар өткізу кезінде осы Ереженің 150-тармағында көзделген жағдайдан басқа жағдайда сауда-саттықты жүргізу әдісін (ағылшын немесе голланд) таңдауды дербес жүзеге асырады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 118-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



118. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бір мүлік бірлігі үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын бағалау құны бар үйлерін, ғимараттарын, өзге жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын олардың құнына қарамай, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының өзге мүлкін сату тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы жасалуы тиіс.

Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бір мүлік бірлігі үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар өзге мүлкін жария сауда-саттық арқылы емес, сатып алу-сату шартын жасау жолымен, бірақ бағалау құнынан төмен емес бағамен сатуы мүмкін.

Бағалау құны мүліктің бірлігіне жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі бағалау құнынан кем емес баға бойынша осы мүлікті алуға ниет білдірген тұлғалар жоқ болған жағдайда ғана және кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіткеннен кейін бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылуы мүмкін.

Баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес мүліктің бірлігін тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен баға бойынша жария сауда-саттық жүргізбестен сатуы мүмкін.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 119-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



119. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату алдындағы дайындық шараларына мыналар кіреді:

1) Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкінің құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны(ларды) таңдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

3) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен бағалау;

4) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

5) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату жоспарын кредиторлар комитеті қарауы және бекіту үшін дайындау және ұсыну;

6) тартылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасасу.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



120. Сату жоспарында сатылатын объект туралы ұсыныстар және олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, бастапқы (және сауда-саттықтың голланд әдісі кезіндегі барынша төмен) сату бағасы және сауда-саттықты жүргізу кезеңі және әдісі туралы мәліметтер болады.

121. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сатуды осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес, мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді:



1) сатылып отырған мүлікке бағаны осы аймақтағы мүліктің осыған ұқсас түрлеріне беріліп отырған нарықтық бағадан кем емес бағаны белгілеу;

2) мүлікті мейлінше жоғары бағамен сату;

3) мүлікті сату кезінде шығындарды кеміту.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



122. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізілетін күнге дейін кем дегенде он күнтізбелік күн бұрын республикалық немесе облыстық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі. Әрбір жеке аукционға баспасөз басылымында жеке хабарландыру беріледі.

123. Сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарламада мыналар болады:



1) сауда-саттықты жасау күні, орны және уақыты;

2) мүлкі сатылуға қойылып отырған таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;

3) қойылатын лоттардың сипаттамасы (мазмұны);

4) әрбір лот бойынша сауда-саттық жүргізу әдісі;

5) сатуға қойылған лоттардың бастапқы және барынша төмен бағалары;

6) кепіл жарнаны енгізу мөлшері, мерзімі және тәртібі, сатушының деректемелері;

7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;

8) сату объектісімен танысу күні, уақыты және орны;

9) сату объектісін сатып алу жөніндегі төлем талаптары;

10) сауда-саттықты жүргізу ережелерімен танысу және өзге де ақпараттар алуға болатын мекен-жай және телефондар;

11) сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.

124. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттық өткенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркелген сәтінде берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың ұсақ-түйегіне дейін сипаттама берілген аукцион картасын дайындайды.

125. Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан кейін сатушы аукционды ұйымдастыру және өткізу және сату объектісі туралы ақпаратты алуға тілек білдірушілердің барлығының еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

126. Сатушының функциясына мыналар кіреді:



1) кепіл жарналарын қабылдау;

2) аукционды жүргізу барысына бақылауды жүзеге асыру;

3) сауда-саттық жеңімпазымен сатып алу-сату шартын жасау және оны бақылау;

4) қатысушылар мен сатып алушылардың есеп айырысуын жүзеге асыру.

127. Аукционға қатысуға осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет