3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Негізгі және туынды сын есім
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Негізгі және туынды сын есім
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Негізгі және туынды сын есім
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Бақылау диктанты
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
1
Негізгі және туынды сын есім
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Сан есім
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
1
Сан есім
3.1.6.1 интонацияны, вербалды
емес тілдік құралдарды (қимыл, ым- ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
1
Сан есім
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша
пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап
беру
1
Есептік және реттік сан есім
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің
тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау
1
Есептік және реттік сан есім
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
1
Есептік және реттік сан есім
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
1
Есептік және реттік сан есім
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
1
Нәтиже сабақ.
БЖБ Шығарма
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
1
8.Демалысмәдениеті
Жыл бойы өткенді қайталау Мәтін және сөйлем
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
1
Мәтін және сөйлем
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
1
Мәтін және сөйлем
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
1
Бақылау диктанты
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
1
Дыбыс және әріп
3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ
бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта)
алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу,
мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
1
Дыбыс және әріп
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
1
Дыбыс және әріп
3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен
берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
1
Диктант
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
1
Сөз және оның құрамы
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
1
Сөз таптары
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
Сөз таптары
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
1
133
134
Нәтиже сабақ
БЖБ Мазмұндама.
3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу
2
135
ТЖБ-4
3.2.3.1мәтінмазмұныбойыншапікір білдіруге бағытталған сұрақтарқұрастыружәнежауапберу
3.2.2.1тура және ауыспалымағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысындақолдану
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбынжәнемұғалімніңкөмегіменнегізгіойдыанықтау 3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрастыру/ компьютерде теру
3.4.2.4негізгі,туындызатесім/сын есім/етістіктіанықтау
1
136
Біздің жобамыз.
3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ
бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта)
алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу,
мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
1
Әдебиеттік оқу
Түсінік хат
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
5) білім алушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны
Оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы
Сынып
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
Міндетті деңгей
Мүмкіндік деңгейі
Міндетті деңгей
Мүмкіндік деңгейі
3сынып
80-90 сөз
90-100 сөз
90-105 сөз
100-120сөз
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) ауыз әдебиеті үлгілері: аңыз әңгімелер, бата, мысалдар, шешендік сөздер, нақыл сөздер, жазба әдебиеті үлгілері: ұсынылатын ақын-жазушылардың шығармалары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б.Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, Е. Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д.Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері;
2) ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, 297 адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы);
3) әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері;
4) әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, бата, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, шешендік сөздер) туралы ұғымдар, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы);
5) мәтінмен жұмыс: шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау, қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру, кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау, көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмдерден нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау, мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату, сөздіктермен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар: шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу;
6) оқу дағдысы: шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет. Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуге болады. Ал тапсырма критерийлері мен дескрипторлары алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымдастыру мерзімін өзі анықтайды.
Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары
№
Оқудың түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
1.
Алгоритм бойынша әңгіме құрау
алгоритм бойынша әңгіме құрай алады; әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды; әңгімені аяқтай алады; құралған әңгімені жазады
2.
Кейіпкердің атынан хат
сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды; дәйектілікті сақтайды; кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
3.
Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.
өз хатына ат қоя алады;
тірек сөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
өз ойын қисынды және жүйелі
түрде жеткізеді;
сөйлемнің ойын дәл жеткізеді; кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды; кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
4.
Санамақ құрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.
санамақтарды мақал-мәтелдерден,
жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
санамақ құрастырудың принципін түсінеді;
өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды
5.
Диалог
диалог түрінде сөйлесе алады;
диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады; ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады; сөздік қорын көрсете алады
6.
Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликациямен әрлеуге болады. Кітап әртүрлі мазмұнда бола алады: «Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.
шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды; кітаптың мазмұнын ойластырады
(ресурстарды таңдайды); суреттермен әрлейді;
суреттер мазмұнына сәйкес келеді
7.
Берілген рифма бойынша өлең
(буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.
екі немесе бірнеше сөздің қосымшаларынан, соңғы буындарынан
ұйқасым таба алады;
берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады
8.
Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды,
оларды біріктіріп, ертегі
ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін таңдай алады.
- әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір
сюжетке біріктіре алады; ойластырған ертегісі түсінікті; оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
9.
Аяқталмаған әңгіме
ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды; әңгімені аяқтай алады
10.
Оқылған шығармаға диафильм салу
мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;
әр бөлікке ат қояды; дәйекті жоспар құрады; диафильм салады
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
ТЖБ
1тоқсан
2тоқсан
3тоқсан
4тоқсан
әр тоқсанда
4-сынып
2*
2*
2*
2*
1
Ескерту: *Бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және жазылым; айтылым және жазылым; оқылым және жазылым) Әдебиеттік оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға (БЖБ) 2 – 4 сыныптарда мазмұндама жазу жұмысы ұсынылады. Себебі, мазмұндама жұмыстары арқылы білім алушы сұраққа жауап береді, талдайды, жоспар құрады және ең тиімдісі өзі ойланып жазып шығады. Тоқсандық жиынтық бағалауды мұғалім қалауымен әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын сұрақтар қамтылған тест немесе жазба жұмыстары түрінде беру ұсынылады. Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.