Жұмабаева А. Е



бет6/8
Дата28.01.2023
өлшемі72.71 Kb.
#468868
1   2   3   4   5   6   7   8
Элективті курс Оспанова Акбота (1)

Нормативті бөлім

Р/С

Бөлім
Бөлімше
Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Лекция/
Теория/
Тәжірибе 1

Тәжірибе/ Тәжірибе 2

№1 бөлім. Шешендік өнер
№1 Бөлімше Шешендік өнер тарихы .Барлығы 4 сағат: теория -1, тәжірибе- 2,зертханалық. жұмыс -1.

1.1

Шешендік өнер тарихы туралы түсінік

тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін үзінділері бойынша болжам жасау

1

1




Жинақы мәтін

1.2

Гректің әйгілі шешендері. Сократ, Аристотель,
Демосфен, Цицерон, М.Ф.Квинтилиан

автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

1




1

Пікіралмасу

1.3

Ресей шешендік өнерінің қалыптасуы, даму кезеңдері

1




1

Ойтолқы

1.4

Шығармашылық жұмыс

көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

1




1

Дебат

№2 бөлім. Қазақ ұлттық шешендік өнері
№2 Бөлімше Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы .Барлығы 6 сағат: теория -1, тәжірибе- 4,зертханалық. жұмыс -1.

2.1

Ұлттық шешендік өнердің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері

мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді жинақтау және толықтыру

1

1




Жоба қорғау

2.2

Қазақ шешендік өнерінің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеуді үйрену

1




1

Жоба қорғау

2.3

Шешендік -сөз мәдениетінің жоғары формасы



ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

1




1

Дөңгелек үстел

2.4

Түркі шешендік өнерінің ғажайып үлгілері

әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

1




1

Әдеби-танымдық жарыс

2.5

Қазақ шешендік өнерінің негізін қалаушы тұлғалар

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

1




1

Бейнежазба топтамасын жасау

2.6

Шығармашылық жұмыс

көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

1




1

Саралау

№3 бөлім. Шешендік сөздер
№3 Бөлімше Шешендік сөздердің түрлері. Барлығы 13сағат: теория -4, тәжірибе- 8,зертханалық. жұмыс -1.

3.1

Шешендік өнер – сан-салалы көркем жанр

мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

1

1




Сыни пікір, көзқарас

3.2

Шешендік сөздердің түрлері

әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

1




1

Тірек сызба әзірлеу

3.3

Шешендік арнау, оның түрлері

жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

1




1

Таныстырылым

3.4

Шешендік дау, оның түрлері

әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

2

1

1

Жоба қорғау

3.5

Шешендік толғаудың тілдік көркемдік ерекшелігі

1




1

Поэзия минуты

3.6

Афоризмге айналған шешендік сөздер

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

1




1

Жоба қорғау



3.7

Шешендік сөздердегі философиялық
ой-толғамдар

белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану,
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

1

1




ПОПС формуласы

3.8

Шешендік сөздердегі астарлы ұғымдар

мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

1




1

Танымдық ойын

3.9

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

1




1

Постер қорғау

3.10

Мақал-мәтелдер және шешендік сөздер

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

2

1

1

Білім сайысы

3.11

Шығармашылық жұмыс

қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

1




1

Сынақ

№4 бөлім. Қазақ би-шешендері
№4 Бөлімше Қазақ би-шешендердің тілдік сөз қолданысы. Барлығы 11сағат: теория -5, тәжірибе- 5,зертханалық. жұмыс -1.

4.1

Қазақ би-шешендерінің сөз қолданысындағы тілдік –көркемдік ерекшеліктер

мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді көркемдік ерекшелігіне сай талдап ,өзіндік тұжырым жасау

1

1




Эссе

4.2

Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі

көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

2

1

1

Сахналық қойылым

4.3

Шешендік сөздердегі төрелік,билік, келісім

мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді сыни талдау, көзқарасын білдіру

2

1

1

Ғылыми жоба

4.4

Тәрбие арнасының негізгі бастауы-шешендік өнер

әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

1




1

Дебат

4.5

Қазақ шешендік өнерінің төртінші-бесінші кезеңдері

1

1




Аргументті эссе

4.6

Жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздер

тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану,
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық)

1




1

Поэзия минуты

4.7

Шешендік өнердің қазіргі қоғамдағы көрінісі, халықтық сипаты

мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін анықтау, бағалау

2

1

1

Әдеби талдау

4.8

Қайталау, қорытынды сабақ

әртүрлі тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

1




1

Сынақ

Ақпараттық- әдістемелік бөлім
11-сыныпқа арналған «Шешендік өнер» элективті курсы шешендік өнердің негізгі шығу тарихы, даму кезеңдері, халықтық қағидаларын қамтитын көмекші құрал болып табылады. Тәуелсіз қоғамымызға шешендік таланты ұшталған, қай салада болмасын іскерлік таныта алатын, көпшілік алдында шебер сөйлеу таланты жоғары оқушы дайындау аталмыш бағдарламаның негізгі өзегі.
Бағдарлама мазмұны өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алып жүретін ойлы, ұғымтал, жауапты, сөйлеу шеберлігіне төселген тұлға қалыптасыруды қамтиды.
Шешендік өнердің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбектеріне тоқтала отырып, олардың шешендік толғауларында кездесетін шынайы өмір көріністерінен сабақ алу,қорытынды жасау, ой түюге негіз болады.
Соған орай, шешендік өнер курсы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, олардың сыни ойлауын қалыптастырып, мектепте алған білімін өмірдің кез келген жағдайында қолдана білуін қамтамасыз етеді.
Бағалау нормасы. Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Бағалау – оқу үдерісі мен оның нәтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - оқушылардың бағдарлама бойынша алған білім, білік, дағдысын немесе олардың шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға және түзетуге көмектесетін тәсілдің бірі. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз байланысты және оқыту әдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу және оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын және үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады.
«Шешендік өнер» курсын жүзеге асыруда қалыптастырушы бағалау оқыту үдерісі мен сыныптағы оқу аралығын байланыстыра отырып, бағалаудың теңдестірілген жүйесін қалыптастырады.
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың келесі стратегияларын қолдану ұсынылады:
• Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру;
• Білім алушылардың түсінгені туралы дәлелді көрсететін сыныптағы өзара әрекет пен тиімді тәсілді қалыптастыру;
• Білім алушыларды нәтижеге жетуге ынталандыратын кері байланыс беру;
• Білім алушыларды өзара оқу ресурстары, дереккөздері ретінде қатыстыру.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет