Жмиоә-2023 3 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистрантың өзіндік жұмысы



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата19.03.2024
өлшемі174.43 Kb.
#496099
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ОМӨЖ-ЖМИОӘ-2022-23

Тапсырма
1. Әдебиетті оқу
2. Эссе жазу (Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты, адамгершілікке үйренудің негізгі 
құралы ретіндегі өзіндік сипаттамасын беру.
Әдістемелік нұсқау
Эссе – прозалық әдеби жанр. Француз тілінен аударғанда «очерк» немесе «нобай»
деген мағынаны білдіреді. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты


көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәселеге
қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.
Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті
жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.
Эссенің сипатты ерекшеліктері
Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын
ерекшеліктерді ескеру қажет.
Эссенің негізгі белгілері:
1. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа
тақырыптың болуы.
2. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір
мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы
болады.
3. Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер
болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды.
Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің
қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті
сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.
4. Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене
отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.
5. Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты
ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.
6. Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында
жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың
логикасына бағынады.
7. Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық,
пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.
Әдебиет:
1. Әлімов Ә.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы.-Астана:
«Назрбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰпедагогикалық шеберлік орталығы, 2014.-188б
2. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану – Алматы:
«Жедел басу баспаханасы», 2009-328б.
3. Оқытудың интербелсенді әдістемесін колледждерде қолдану әдістемесі.- А.Әлімовтың
жетекшілігімен.-Алматы,2010.-95б.
4. Оқытудың инновациялық әдістемелері мен технологияларын жоғары оқу орындарында
қолдану тәжірибесі.- Құрастырушылар: Б.Тұрғынбаева, А.Әлімов.-Алматы,2011.-179б.
Тапсырма тақырыбы 1.4 Сыни ойлау мен оны жүзеге асыру бойынша құзырлықтар мен
құзреттіліктерді зерделеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет