Жұмыс бағдарламасы бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді



Дата15.06.2016
өлшемі176.85 Kb.
#137048
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан

титулдық парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

6М073100 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығы магистранттарына арналған


«Өндіріс қалдықтарын пайдалану»
Жұмыс ОҚУ бағдарламасы


Павлодар

Мамандықтың элективті пәндер Нысан

каталогының негізінде әзірленген ПМУ ҰС Н 7.18.3/34

жұмыс бағдарламасының

бекіту парағы



БЕКІТЕМІН

ҒЖ жөніндегі

проректор

_________Р. Ж. Кадысова

20__ж «___» _ ____.

Құрастырушы: ___________ т.ғ.к., профессор Арынгазин К. Ш.

___________ КБ шебері Жакиянова А. Ж.

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»кафедрасы



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Өндіріс қалдықтарын пайдалану» пәнінен


6М073100 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығы магистранттарына арналған


Жұмыс бағдарламасы бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж «___» _____. №___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ К. Ш. Арынгазин. 20__ж «___» _____.

Докторантура және магистратура факультетінің оқуәдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж «___» _____. №___ Хаттама


ОӘК төрағасы З. Е. Жумабаева. 20__ж «___» _____.
Келісілді

Докторантура және магистратура деканы _________Ю.А. Леньков. 20__ж «___» __________.


1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаты – өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша келешек мамандарды, көптеген ірі қалаларға сай, өндіріс қалдықтардың негізгі топтарының кәдеге жарату саласындағы міндеттерін өз бетінше шешуге үйрету, сонымен қатар бар құрылыс пен аппарат туралы мәлімет беру.

Пәннің міндеттері

- қоршаған орта үшін қауіп төндіретін кәсіпорынның технологиялық циклдерінде және өндірістік ағатын суды тазарту кезіндегі шығатын өндіріс қалдықтарын және ластануын анықтау;

- жаңа мағұлматтық технология жағдайындағы жұмыс дағдысын қалыптастыру;

- қоршаған ортаның алғашқы және екінші ластану көздерін анықтау.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

білу керек:

- қалдықтарды кәсіпорында, не олар пайда болған жерде сол технологиялық процесске қайтарылу жолымен, не олар бастапқы шикізат ретінде болатын қандай да бір жаңа процессті ұйымдастыру жолымен, пайдалану;

- өнеркәсіптің басқа салаларындағы іске асырылатын, процесстерді де қоса, қандай да бір шектес технологиялық процесстегі шихта компоненті ретінде қалдықтарды пайдалану;

- құрылыс индустриясының кәсіпорындарындағы әртүрлі бұйымдар мен материалдарды жасау үшін қалдықтарды пайдалану.



істей білу керек:

- қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік газдар мен ағыстарды тазарту үшін жаңа аппараттарды шығару мәселелеріндегі ғылыми іздестіруді істей білу;

- газды, ағызылатын суды тазарту мен ұстап алынатын өнімдерді кәдеге жарату схемаларын таңдау кезіндегі ғылыми, сонымен қатар техникалық және экономикалық дәлелденген шешімдерді қабылдау;

- газды тазартатын және басқадай қондырғылады сауатты пайдалану, соынмен қатар олардың жобалануы мен есептеленуі негіздері туралы ұғымдарын білу.


2 Пререквизиттер:

«Өңірлік өндіріс қалдықтарының негіздері» пәнін оқу магистранттардың ЖОО-да алған келесі пәндер бойынша білімінде негізделеді: атмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясы, өнеркәсіптік өндіріс технологиясы, экология, суды тазарту техника мен технологиясы, өнеркәсіптік экология.




3 Постреквизиттер

Пәнді оқудағы алынған білім, икемділік пен дағды, көптеген ірі қалаларға сай, өнеркәсіптік қалдықтарының негізгі топтарын кәдеге жарату саласындағы міндеттерді шешу кезіндегі пайдаланылады, сонымен қатар бар құрылыстар мен аппараттар туралы мағұлмат беру.



4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тематикалық жоспары


ПӘННІҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

п/б



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәріс

Тәж.

МӨЖМ

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Өнеркәсіп қалдықтар сипаттамасы.

3

1

4

22

2

Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату мен зиянсыз ету әдістері. Жағу, пиролиз және газификация

4

1

5

23

3

Өнеркәсіптік ағызылатын су тұнбаларын механикалық сорғыту

2

1

6

22

4

Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың технологиясы. Пластмасса қалдықтарын өңдеу және кәдеге жарату.

4

2

9

23

5

Ағаш қалдықтарын кәдеге жарату. Шыныны кәдеге жарату. Қож, күлді кәдеге жарату мен зиянсыз ету.

2

2

9

22

6

Гальвандық өндіріс қалдықтарын зиянсыз ету мен кәдеге жарату.

2

2

9

23

7

Құрамында мұнай бар қалдықтарды өнімдеу мен кәдеге жарату. Мұнай қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі әдістері

2

2

9

22

8

Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, зиянсыз ету және көму

2

-

9

22

9

Қоқыс тастайтын жердегі, полигондағы өнеркәсіптік қалдықтарын жинау мен көму

7

2

-

22

10

Толық зауыттық технология бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату

8

2

-

22

11

Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілері

9

-

-

17

БАРЛЫҒЫ:

45

15

60

240


4.2 Дәрістік сабақтардың мазмұны
1 тақырып Кіріспе. Өнеркәсіптік қалдықтар сипаттамасы.

Қоршаған ортаны ластау. Өнеркәсіптік қалдықтар. Қалдықсыз және азқалдықты технологиялар. Екінші материалдық көздер. Қалдықтарды Қалдықтарды қайта айналдыру қайта өңдеу. Қалдықтарды кәдеге жарату. Территориалды-өнеркәсіптік жиылыстар. Қалдықсыз технологиялық жүйелер. Ағызылмайтын жүйелердің экономикалық бағасы.

Қоршаған ортаны ластау және оның биосфераға деген ықпалы. Өнеркәсіптік қалдықтар сипаттамасы. Ластану туралы негізгі ұғымдар. Өнеркәсіптік қалдықтар классификациясы. Өнеркәсіптік қалдықтарын жинау нормалары.
2 тақырып Өнеркәсіптік қалдықтарын кәдеге жарату мен зиянсыз ету әдістері. Жағу, пиролиз және газификация

Кептіру. Қолданылуы, кептіру тәсілдері. Технологиялық белгілері бойынша классификация. Газ тәрізді қалдықтарды термиялық зиянсыз ету. Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу. Тұрмыстық және өнеркәсіптік ағызылатын судың тұнбаларын реагентті өңдеу. Шаңды және газды аулау әдістері.

Жағу. Қатты және сұйық қалдықтарды жағу. Оттықтар, пештер, олардың сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі.

Қалдықтардың пиролизі мен газификациясы. Принципиалды технологиялық схемалар, жабдықтар. Қолдану саласы.

Ағызылатын су тұнбасын термиялық өңдеу әдісі. Минералданған ағыстарды термиялық зиянсыз ету.
3 тақырып Өнеркәсіптік ағызылатын су тұнбаларын механикалықты зиянсыз ету

Тұнбалардың негізгі категориялар классификациясы. Ағызылатын су тұнбаларының қасиеттері, түрлері, кәдеге жарату тәсілдері. Кәсіпорындық ағызылатын су тұнбаларын механикалық зиянсыз ету. Жабдықтар мен схемалар. Құрылыстар жұмысының принциптері.


4 тақырып Өнеркәсіптік қалдықтарын кәдеге жарату технологиясы. Пластмасса қалдықтарын өңдеу мен кәдеге жарату.

Резеңке қалдықтарын кәдеге жарату мен өңдеу, талшық пен мата қалдықтарын кәдеге жарату. Металл мен қорытпаны екінші рет пайдалану. Құрамында май бар қалдықтарды кәдеге жарату. Тез тұтынатын сұйықты өңдеу. Жылу қалдықтарын кәдеге жарату. Картон және қағаз қалдықтарын кәдеге жарату.

Пластмассаны пайдалану мен түрлері. Пластмассаны ликвидациялау мен кәдеге жаратудың негізгі бағыттары. Пластмассаны қайта өңдеу кестесі.
5 тақырып Ағаш қалдықтарын кәдеге жарату. Шыныны кәдеге жарату. Қож, күлді кәдеге жарату мен зиянсыз ету.

Ағаш қалдықтарының пайда болуы, олардың классификациясы. Ағашты өңдейтін өндірістер қалдықтарының мөлшері. Ағаш қалдықтарын негізгі кәдеге жарату әдістері. Жасанды ағаш түрлерінің классификациясы.

Шыны қалдықтары. Шыныны пісірудегі қайта пайдалану. Шыны қалдықтарын дайындау технологиясы. Жол құрылысындағы, кірпішті өндірудегі шыны қалдықтарын толтырғыш ретінде пайдалану.

Қож және күлді кәдеге жарату. Металлды және отын қождарының сипаттамасы. Қож құрамы мен мөлшері. Қожды кәдеге жарату жолдары.


6 тақырып Гальвандық өндірістің қалдықтарын зиянсыз ету мен кәдеге жарату

Гальвандық өндірістің қалдықтарын зиянсыз ету мен кәдеге жарату. Жалпы мағұлмат. Гальвандық өндіріс қалдықтарының классификациясы. Гальвандық қалдықтарды тазалау жүйелері.


7 тақырып Құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату. Мұнай қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі әдістері

Құрамында мұнай бар қалдықтардың классификациясы. Құрылыс материалдарының өнеркәсібіндегі, көлікте және мұнай өндіретін зауыттардың шламдарын басқадай өңдеудегі құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жарату. Мұнай өндіретін зауыттардың негізгі қалдықтары.

Мұнай қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі әдістері. Құрамында мұнай бар тұнбаларды механикалық сорғыту. Сұйық мұнай қалдықтарын жағу. Құрамында мұнай бар тұнбаларды және қождарды термиялық зиянсыз ету. Технологиялық кестелер. Құрамында мұнай бар қалдықтарды химиялық өңдеу. Бактерия штамы.
8 тақырып. Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, зиянсыз ету және көму

Өнеркәсіптік қалдықтарды жинау мен тасымалдау. Өнеркәсіптік қалдықтарын тұрмыс қоқысымен бірге жағу.


9 тақырып Өнеркәсіп қалдықтарын қоқыс тастайтын жерде, полигонда жинау мен көму

Өнеркәсіп қалдықтарын қоқыс тастайтын жерде, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында, үстіңгі және жер астындағы қомада жинау мен көму.


10 тақырып Толық зауыттық технология бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату

Зауыттық технологиялар сызықтары. Толық зауыттық технология бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату. Жұмыс түрлері мен принциптері.

Қайта өңдеудің зауыттық сызықтары, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жағу мен кәдеге жарату.
11 тақырып Өнеркәсіптік қалдықтарын кәдеге жаратудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілері

Қоршаған орта саласындағы негізгі құқықтық қорғаулар, мемлекеттік басқарулар мен санитариялық заңнамалар. Өнеркәсіптік қалдықтарын кәдеге жаратудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілері. Экономикалық шығын. Қоршаған ортаны инженерлі қорғау бойынша шаралардың экономикалық және экологиялық бағасы.



4.3 Тәжірибелік сабақтар мазмұны
1 тақырып Зиянсыз ету болжамы мен өнеркәсіптік қалдықтарын пайдалану.
2 тақырып Кестелер, қолдану салалары, әртүрлі кептіргіш кемшіліктері. Температуралық белгілері бойынша пиролизді жабдықтар классификациясы. Артықшылықтары.
3 тақырып Өнеркәсіптік ағыстарды механикалық зиянсыз ету әдістері.
4 тақырып Өнеркәсіптік қалдықтарының берілген түрлерін кәдеге жаратудың технологиялық кестелері. Пластмассалық қалдықтарды регенерациялау кестесі. Қолданылатын жабдық, технологиялық кестелер.
5 тақырып Ағашты өңдеу қалдықтарынан кейбір жасанды ағаш түрлерін шығару. Шыны талшық, оны кәдеге жарату.
6 тақырып Кәдеге жарату салалары және гальваношлоамдарға деген талаптар.

7 тақырып Мұнайхимиялық өндірістер қалдықтарын зиянсыз ету. Құрамында мұнай бар қалдықтарын биологиялық өңдеу.
9 тақырып Белгілі бір бағытқа салынған полигондардағы өнеркәсіптік қалдықтарын өңдеу мен кәдеге жарату.
10 тақырып Өнеркәсіп тұрмыс қалдықтарын көму түрлері мен жұмыс принципі, талаптары.

4.4 Магистранттың өздік жұмысының мазмұны (МӨЖ)
4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі




МӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат мөлшері

Барлығы

ПМӨЖ

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабақтағы қатыстық

30

10

2

Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін материалдарды дайындау

Жұмыс дәптері

Қорғау

30

10

3

Аудиторлық сабақ мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект

Конспекті тексеру

50

20


4

Бақылау шараларына дайындық




АБ 1, АБ 2

25

5




Барлығы

135

45


4.4.2 Магистранттың өздік оқуға шығарылған тақырыптардың тізімі

1 тақырып Қоршаған ортаның ластануын тез төмендететін альтернативті отын – этил және басқа спирттер. Өсімдіктану өнімдерінен эталонды алу әдісі.

Қоршаған ортаның ластануын төмендететін отынның альтернативті түрін қарастыру. [2]. МӨЖ – 22 сағат (ПМӨЖ – 4 сағат)



2 тақырып Қалдықтарды кәдеге жарату – қоршаған ортаны қорғаудың бір проблемасы. Органикалық қалдықтардан биогазды алу.

Органикалық қалдықтардан биогазды алуды қарастыру. [2] МӨЖ – 23 сағат (ПМӨЖ – 5 сағат)



3 тақырып Өнеркәсіптік кәсіпорын қатты қалдықтарының гранулометриялық құрамын анықтау. [6] МӨЖ – 22 сағат (МӨЖМ – 6 сағат)

4 тақырып Ағызылатын су тұнбасының негізгі қасиеттерін зерттеу. Тұрмыс және өнеркәсіптік ағыстағы су тұнбасының негізгі қасиеттерін анықтау. [3] МӨЖ – 23 сағат (МӨЖМ – 9 сағат)

5 тақырып Өнеркәсіп шанының тығыздығын анықтау. [5] МӨЖ – 22 сағат (МӨЖМ – 9 сағат)

6 тақырып Термиялық құрғату процессіндегі тұнбалар сипаттамасын анықтау. [3] 23 сағат (МӨЖМ – 9 сағат)

7 тақырып Ағызылатын судан өлшеудің құлауының кинетикасының және тұндырылатын бөлшектер гидравликалық іріктілігінің зерттелуі. Ағызылатын судан өлшеудің құлауының кинетикасын зерттеу мен гидравликалық іріктілік. [3] МӨЖ – 22 сағат (МӨЖМ – 9 сағат)

8 тақырып Конверсиялы өндірістің ылғал газды тазартудың шламдарын қайта өңдеу.

Оттекті конвекторладың газ тазарту шламын кәдеге жарату мүмкіндіктерін зерттеу. [2, 5] МӨЖ – 12 сағат (ПМӨЖ – 6 сағат)



9 тақырып Қоқыс тастайтын жерде, полгондарда өнеркәсіптік қалдықтарын жинау мен көму. [8] МӨЖ – 12 сағат

10 тақырып Толық зауыттық технология бойынша өнеркәсптік қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу. [2] МӨЖ – 22 сағат

11 тақырып Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілері. [2] МӨЖ – 17 сағат
5 Әдебиет тізімі
Негізгі

1 Бобович Б.Б., Девяткин В.В. Переработка отходов производства и потребления. Интермет инжиниринг баспасы. 496 бет, 2000 ж.

2 Гринин А. С., Новиков В. Н. Промышленные и бытовые отходы. М.: Фаир пресс,2002. -322 б.

3 Евилевич А.З., Евилевич М. А. Утилизация осадков сточных вод.-Л.: Стройиздат, 1988 ж.

4 Заиков Г.Е. Вторичная переработка пластмасс. М.: Фаир пресс, 2006. – 400 б.

5 Пальгунов П. П., Сумароков М. В., Утилизация промышленных отходов. -.: Стройиздат, 1990 ж.

6 Поташников Ю. М. Утилизация отходов производства и потребления: Оқу құралы – Тверь.: ТГТУ баспасы, 2004. – 107 б.

7 Туркебаев Э.А., Садыков Г.Х. Комплексное использование сырья и отходов промышленности, Алматы.: Қазақстан, 1988. -139 б.

8 Утилизация твердых отходов/Д. Вилсон редакциясында.-М.: Стройиздат, 1985 ж.
Қосымша

9 Гвоздев В. Д. Очистка производственных сточных вод и утилизация осадков. – М.:Химия, 1988 ж.

10 Ласкорин Б. Н. Проблемы развития безотходных производств. – М.: Стройиздат, 1987 ж.

11 Филлипов В. Ч., Сумароков А. А. Термические способы обработки и уничтожения жидких горючих отходов промышленных предприятий. – М.: Химия, 1989 ж.



Мамандықтың жұмыс

оқу жоспарынан Нысан

көшірме ПМУ ҰС 7.18.1/10
Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме

«Өндіріс қалдықтарын пайдалану» пәнінен 6М073100 - «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы магистранттарына арналған




Оқу түрі

Пәннің жұмыс көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

Академ. сағаттар

кредиттер

Аудиторлық сабақтар

(ак. часов)



МӨЖ

(ак. сағ)



Барлығы

ауд

МӨЖ

Емт.

зач.

КЖ

КЖ

Барлығы

дәр

тәж.

зерт

Барлығы

МӨЖМ

Жоғары білім негізінде

4

300

60

240

2

-

-

-

2

4

60

45

15

-

240

60



ӨТҚ және ҚОҚ кафедрасының меңгерушісі Арынгазин К.Ш

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет