Қосымша:
-
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
-
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.
-
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
-
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
-
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың Candida туыстығы туғызатын аурулар. Диффиренциациясы үшін қолданатын белгілері?
2. Кандидоздың дамуына әсер етуші факторлар?
3. А грипп вирусының гемагглютинині мен нейраминидазысының негізгі қызметі?
4. А типті грипп вирусынан В және С грипп вирустарынның айрықша белгілері?
5. Гриппті диагностикалаудың жедел тәсілдері?
Дәріс №12.
1. Тақырыбы. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы. Вирустық гепатиттер. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері.
2. Мақсаты: ВИЧ-инфекциялары мен вирусты гепатиттерге жалпы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері:
Ретровирустар әулетіне жататын вирустар бірқатар ерекшеліктерге ие:
Геномы біржіпшелі фрагменттелмеген позитивті РНҚдан тұрады, бірақ екі молекулалы вирионның құрамында кері транскриптаза ферменті бар.
Кері транскриптазаға байланысты вирустың РНҚ-геномы, жасушада ДНҚ-геномға айналады. Осы күйінде қожайын жасушасының хромасомасына интеграцияланады.
Вирустың құрылымдық белоктарының жиі мутациялануы, эффективті вакцина табуға қиындықтар туғызады.Нуклоекапсидтік құрылымы мен оның вирионда орналысуына қарай, реторвирустардың жалпы құрылымдық гендері үш әулет астына бөлінеді.
-“Көпіргіш” вирустар, бұл вирустардың патологиялық процестермен байланысы тұжырымдалмаған. - онкогенді вирустар баяу инфекцияылалардың қоздырғыштары /СПИД/.
Жүре пайда болатын иммунодефицит синдромы /СПИД/, алғаш рет ерекше ауру ретінде АҚШ-та 1982 жылы аталып көрсетілді. СПИД-тің қоздырғышын 1983 жылы бір-біріне тәуелсіз екі ғалым француз Л. Монтынье және американдық Р.Талло ашты. Оны 1986 жылы алып, немесе АИВ деп атады.
АИВ шар формалары диаметрі 100нм. Вирустың қабықшасы көп бұрышты 12 бес бұрыштан және 20 алты бұрыштан құралған. Вирионның нуклеокапсиді үшкір цилиндрлі, дельта пішінді.
АИВ-инфекциясының көзі-науқас немесе вирус тасымалдаушы адам, аурудың берілуі: жыныстық қатынас, қан, анасынан баласына босану жолдары арқылы. ВИЧ инфекцияның патогенезі және клиникалық ерекшеліктері.Вирус жоғары жылдамдықпен көбеюге қабілетті. АИВ-инфекциясында иммунодефициттің даму себебі: Т-хелперлердің жаппай қырылуы және түрлі интерлейкиндердің синтезінің бұзылуы салдарынан Т-киллерлер жүйесінің функциясы бұзылып комплемент жүйесі мен макрофагтардың активтілігі бәсеңдейді. Бұл науқастарда оппортунистік инфекция, ісік және ОНЖ ауруларының дамуына әкеледі.
АИВ инфекция мен СПИД-тің клиникалық критериилері.
Қауіп тудыратын күрделі симптомдары: 10%-тен жоғары салмақ тастау, бұл ұзаққа созылатын лихорадка, созылмалы диарея. Жеңіл симптомдары: жөтел, генерелизациялынған дерматит, рецидивтенуші белдемелі герпес /ұшық/, ауыз қуысы мен жұтқыншақта кандидоздың пайда болуы.
АИВ инфекцияның лабораториялық диагностикасы, вирус тасымалдаушылық.
АИВ инфекцияны диагностикалаудың негізгі тәсілі ретінде иммуноферментті әдіс қолданылады, зерттелетін барлық қан сарысуларының оң нәтижелері, иммуноболтинг немесе вестернболтинг әдісінің көмегімен қосымша тексеріледі.
АИВ инфекцияны емдеу және арнайы алдын алу проблемалары.
АИВ инфекцияның дамуын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату үшін қолданылатын бірден-бір препарат азидотимидин . Азидотимидинмен емдеу науқастың өмірін орташа есеппен 1,5-2 жылға ұзартады, алайда бұл препаратқа АИВ-1 және АИВ-2 де төзімділігі қалыптасады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
-
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
-
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
-
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
-
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
-
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
-
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
-
Колонизация резистенттілік. Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст. құрал.-Астана, 2000.
-
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
-
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
-
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
АИВ құрылысы?
-
АИВ-ң дақылдау, резистенттілігі мен патогенділік факторлары?
-
ЖҚТҚ-ның эпидемиологиясы, патогенезі және клиникасы?
-
ЖҚТҚ-ны зертханалық диагностикалау, профилактикасы және емдеуі?
-
Инфекциялық гепатиттің эпидемиологиясы және иммунитеті?
-
Гепатита В-ның зертханалық диагностикасы?
-
Гепатита В-ның арнайы профилактикасы?
Дәріс №13.
1. Тақырыбы: Санитарлық микробиологияға кіріспе. Пән міндеттері. Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдер.
2. Мақсаты; Студенттерге санитарлық микробиология принциптерін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:
Санитарлық микробиология қоршаған ортаның микрофлорасын, оның адам денсаулығына әсері бағытында зерттейді. Санитарлық микробиологиялық зерттеулер эпидемиологтар мен гигиена мамандарына ішек, респираторлық және басқа да инфекциялардың қоздырғыштарының берілу факторы ретінде су, ауа, топырақ, медициналық құрал-жабдықтардан басқа да обьектілердің қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда тіптен космоста да табылады.
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы су қойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп –жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды. Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процессіне қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бір қатар пайдалы қызметтер атқарады.
Қоршаған орта мен микроағзалардың санитарлық көрсеткішін анықтау маңызды рөл атқарады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
-
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
-
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
-
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
-
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
-
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
-
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
-
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст. құрал.-Астана, 2000.
-
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
-
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
-
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
-
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдері?
-
Санитарлық-микробиологияның зерттеулерін жүргізудің принциптері?
Дәріс №14.
1. Тақырыбы. Судың, топырақтың, ауаның санитарлық-микробиологиялық зерттеуі.
2. Мақсаты: Судың, топырақтың, ауаның санитарлық-микробиологилық зерттеу әдістерін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:
Су микроорганизмдер үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микроорганизмдер сырттан түскен және өз микрофлорасы болуы мүмкін.
Патогенді микроорганизмдердің өмір сүруі оның түріне, контаминорленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі дизентерия, тырысқақ, полимиолит, гепатит).
Суда сібір күйдіргісі қоздырғышының спорасы жылдап, сальмонеллалар, липоспиралалар, полиомиелит және А гепатит вирустары бір немесе бірнеше ай, дизентерия, холера, бруцеллез, туляремия, шартты-патогенді энтеробактериялар ішек инфекцияларының қоздырғыштары апта және ай сақталады.
Әртүрлі объектіден судың сапасын анықтау мен бағалау әдістері стандарттық мемлелкеттік нормативті актте (ГОСТ), санитарлы құқықтар мен қалыптар туралы нұсқауларда көрсетілген.
Қазіргі кезде судың санитарлы-микробиологиялық сапасының көрсеткіштері:
1 мл (см3) судағы жалпы микроорганизмдер саны.
1 л судағы ішек таяқшаларының индексі.
Бұрын судың көлемі бойынша да сапалық көрсеткіштер анықталатын. Осы санитарлы-микробиологиялық көрсеткіштер арқылы энтерококтар, сальмонеллалар, холера виброны, энтеровирустар анықталады.
Су микрофлорасфы.
Су микроорганизмдер үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микроорганизмдер сырттан түскен және өз микрофлорасы болуы мүмкін.
Су микрофлорасы топырақтың микроптық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда сол жердің физикалық - химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және миниралды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомадалар, аэромадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді.Әсіресе анаэробтар су қоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы микроорганизмдермен өнделетін, органикалық қалдықтардың өзін-өзі тазарту процессінде белсенді роль атқарады. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитобактер, энтеробактер, энтерококк, клостридия) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспироз, энтеровирустар және т.б.) ластанған ағынды сулармен еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғыштарының берілу факторы болып табылады. Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, лигионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, жарқырауық және галофильді (тұз жақсы көретін) микроорганизмдер болады, мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрлерін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсикоинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғары қабатында болатындықтан, артизан скважинасының суында микроорганизмдер болмайды.
Патогенді микроорганизмдердің өмір сүруі оның түріне, контаминорленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі дизентерия, тырысқақ, полиомиелит, гепатит).
Суда сібір күйдіргісі қоздырғышының спорасы жылдап сальмонеллалар, липоспиралалар, полиомиелит және А гепатит вирустары бір немесе бірнеше ай, дизентерия, холера, бруцеллез, туляремия, шартты-патогенді энтеробактериялар ішек инфекцияларының қоздырғыштары апта және ай сақталады.
Әртүрлі объектіден судың сапасын анықтау мен бағалау әдістері стандарттық мемлелкеттік нормативті актте (ГОСТ), санитарлы құқықтар мен қалыптар туралы нұсқауларда көрсетілген.
Қазіргі кезде судың санитарлы-микробиологиялық сапасының көрсеткіштері:
1 мл (см3) судағы жалпы микроорганизмдер саны.
1 л судағы ішек таяқшаларының индексі.
Бұрын судың көлемі бойынша да сапалық көрсеткіштер анықталатын. Осы санитарлы-микробиологиялық көрсеткіштер арқылы энтерококтар, сальмонеллалар, холера виброны, энтеровирустар анықталады.
Топырақ микрофлорасы.
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процесстеріне қатысатын табиғатта азот, көміртегі және т.б. элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны - 10 млрд. жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК - сәулелері, құрғақшылық және т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Микроорганизмдерді көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.
Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б. байланысты. Топырақ микрорганизмдерінің көпшілігінің рН-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдықта, 25-45° С температурада дамуға қабілетті.
Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas, Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк - жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.
Топырақ - Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac. megaterium, Bac. subtilis және т.б.), псевдомадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың минералдануына қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштар) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбейуге қабілетті (Clostridium botulinum).
Ішек бактериялары (тұқ. Enterobacteriaceae) - ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары - нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық - эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұрғысында).
Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процессіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырыды.
Қарапайымдылар мөлшері 1г топырақта 500-500000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.
Топырақ микроорганизмдер үшін маңызы ерекше орта болып табылады. Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне, ылғалдылығына, температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20 мм. Топырақ микроорганизмдері зат және энергия алмасудың барлық процестеріне қатысады: биомасса синтезі мен энергия аккумуляциясы, нитрификация, дезинтрификация, күкірт, фосфор элементтер алмасуы.
Микробтар судан, ауадан, жануарлар мен өсімдіктерден түседі. Вирустар топырақта бірнеше күн және ай сақталады, спора түзуші сіреспе, анаэробты жарақат инфекциялары, сібір қоздырғыштары бірнеше жылдар бойы сақталады. Ботулизм, актимикоз, терең микотоксикоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру мекені болып табылады. Санитарлы көрсеткішті микроорганизмдер – адамнан бөліп алынған бактериялар, олар да сол жолмен бөлінген бактериялардың өмір сүруіне ұқсас, олар қоршаған ортада белсенді көбейтіп қазіргі кезде микробиологиялық әдістер арқылы табылып, сапасы анықталады.
Ауа микрофлорасы.
Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты.
Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микрооргнизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді, және таяқша бактериялар, клостридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз. Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақытылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеумен) бірге жүргізіледі. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу (мысалы микробиологиялық зертханаларда, опперациялық блоктарда т.б.) қолданылады.
Ауа микроорганизмдер үшін қолайсыз орын, себебі ол жерде ылғал мен қоректік заттар аз, күн сәулесі де микробтарды жойып жібереді.
Микрофлоралардың ауадағы сандық және түрлік құрамы күн радиациясы, тұрғындар тығыздығына байланысты, тұрғын үй ауасында, көбінесе адамның тыныс жолдары мен тері микрофлоралары кездеседі.
Ауа-тамшылы жолмен респираторлық инфекциялар қоздырғыштары – грипп, туберкулез, көкжөтел, дифтерия, паротит т.б. таралады. Микробтық аэрозольдар аллергиялық ауруларды туғызуы мүмкін, әсіресе ауада саңырауқұлақтар мен актиномициттер көп кездеседі.
Ауаны санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері арқылы операциялық, байламдық және хирургиялық, акушер-гинекологиялық бөлімдер мен палаталар, блоктар, бокстар, балалар мекемелері, дәріханалар, биотехнология өндірісі және лабораториялық бөлімдер ауасы тексеріледі.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
-
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
-
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
-
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
-
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
-
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
-
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
-
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст. құрал.-Астана, 2000.
-
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
-
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
-
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
-
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Судың санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдері?
-
Топыақтың санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдері?
-
Топырақтың микробтық санын анықтау?
-
Топырақтың коли-титра, перфрингенс-титра және титра термофильді бактерияларын анықтау?
-
Ауаның микробтық санын седиментациялық әдіспен анықтау?
-
Ауаның микробтық санын аспирациялық әдіспен анықтау?
Дәріс №15
1. Тақырыбы: Тағамдардың санитарлық - микробиологиялық зеттеуі.
2. Мақсаты: Тағамның санитарлық микробиологиялық зерттеу әдістерін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:
Топырақ микроорганизмдер үшін маңызы ерекше орта болып табылады. Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне, ылғалдылығына, температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20 мм. Топырақ микроорганизмдері зат және энергия алмасудың барлық процестеріне қатысады: биомасса синтезі мен энергия аккумуляциясы, нитрификация, дезинтрификация, күкірт, фосфор элементтер алмасуы.
Микробтар судан, ауадан, жануарлар мен өсімдіктерден түседі. Вирустар топырақта бірнеше күн және ай сақталады, спора түзуші сіреспе, анаэробты жарақат инфекциялары, сібір қоздырғыштары бірнеше жылдар бойы сақталады. Ботулизм, актиномикоз, терең микотоксикоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру мекені болып табылады. Санитарлы көрсеткішті микроорганизмдер – адамнан бөліп алынған бактериялар, олар да сол жолмен бөлінген бактериялардың өмір сүруіне ұқсас, олар қоршаған ортада белсенді көбейтіп қазіргі кезде микробиологиялық әдістер арқылы табылып, сапасы анықталады.
Тағам өнімдерінің микрофлорасы.
Тағам өнімдері әртүрлі микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Жануар текті өнімдерде біріншілік ластану (өмір сүру барысында - жануардың өзінің микрофлорасымен) және екіншілік ластану (малды сою, сиыр сауу, балық аулау, өнімдерді сақтау мен өңдеу) кезінде микроорганизмдер түсу нәтижесінде дамиды.
Тірі кезінде жануарлардың органдары мен тіндерінің өзінің микрофлорасымен және патогенді микроорганизмдермен ластануы сол жануардың жарақат алуы, ауырған немесе қолайсыз жағдайда ұстау организмінің қорғаныс күштерін бұзуға және микроорганизмдердің стерильді тіндер мен органдарға транслакациялануына (тасымалдануына) әкеледі. Нәтижесінде жаңа сойылған мал етінде стафилакокктар, энтерококктар, ішек таяқшалары, протей, клостридиялар, сальмонеллалар және т.б. табылады. Осылай еттің сальмонеллалар және клостридиялармен т.б. бактериялармен ластануы болады, мастид кезінде сүтке стафилококктар мен срептококктар түседі.
Тағам өнімдерінде микроорганизмдердің екіншілік таралу жағдайында ластану көзі болып қоршаған орта объектілері (топырақ, су, транспорт және т.б.), науқас адамдар, бактерия тасымалдашылар болады. Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте де психрофильді жағдайда көбеюге қабілетті микробтар (псевдомонада, протей, аспергиллалар, пеницилллалар және т.б.) кездеседі. Етте мекендейтін микробтар еттің шырыштануын (протей және т.б.), саңырауқұлақ, клостридия, протей, псевдомонадалар етте шіру, ашу процестерінің дамуына себепкер болады.
Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар және уланулар, сонымен қатар жұқпалы аурулар (күйдіргі, сарп, туберкулез және т.б.) туғызады.
Сальмонелла, шигелла, энтеропатогенді ішек таяқшасы, протей, стафилококктың энтеротоксигенді штамдары, энтерококктар, Cl.perfringens және Bac.cereus сияқты микробтардың көбеюіне байланысты ет тағамдары (ет фаршынан дайындалған тағам, салаттар, сілекпелер) ауру себебі болуы мүмкін.
Сүт және сүт өнімдері - бруцеллез, туберкулез және шигеллез қоздырғыштарының берілу факторы бола алады. Сүт өнімдерінде сальмонелла, шигелла және стафилококктар көбеюі нәтижесінде тағамдық уланулар дамуы мүмкін.
Жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы және мелланж - жұмыртқаның (әсіресе үйрек жұмыртқасы) эндогенді біріншілік инфицирленуіне байланысты, сальмонеллезді токсикоинфекция қоздыруға себепкер болады.
Балық және балық өнімдері жиі тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштарымен - Vibrio parahaemolyticus-пен, Clostriolium botulinum бактерияларымен ластанады. Балық өнімдері көп мөлшерде сальмонелла, протей, Bacillus cereus, Clostridium perfingens - пен ластанған кезде де осындай аурулар болады.
Көкөніс және жеміс-жидектер әдетте ішек таяқшасы, шигелла, стафилококктың энтеропатогенді штамдарымен ластанады. Тұздалған қияр - Vibrio parahaemolyticus қоздыратын токсикоинфекция себепкері болуы мүмкін.
Дәнді дақылдар, жаңғақтар жоғары ылғалдылықта саңырауқұлақтармен (аспергилла, пинициллиум, фуразиум т.б.) ластанып, тағамдық микотоксикоз дамуының себебі бола алады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
-
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова (ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010.
-
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
-
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
-
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
-
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
-
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
-
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
-
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
-
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст. құрал.-Астана, 2000.
-
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
-
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
-
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Ет өнімдерінде кездесетін микроорганизмдердің түрлерін атаңыз?
2. Сүт өнімдері арқылы таралатын микроорганизмдерді атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |