Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



бет21/23
Дата17.06.2016
өлшемі2.33 Mb.
#141636
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Инфекциялық аурулардың кезеңдерін атаңыз?

  2. Коллонизация?

3. Токсин түрлерін атаңыз?
Дәріс № 6.
1. Тақырыбы: Иммунологияға кіріспе. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері мен механизмдері. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылық факторлары. Микроорганизмдердің антигендері (қасиеттері және антигендердің түрлері). Антиденелер. Иммуноглобулиндердің құрылымы және қасиеттері.
2. Мақсаты. Студенттерге иммунология бөлімінің маңыздылығын, иммунитет түрлерін, организмнің бейспецификалық қорғаныс факторларын түсіндіру. Адам ағзасының тұрақтылығының бейспецификалық факторларын анықтау әдістерін анықтауды және макроорганизмнің иммунологиялық статусын бағалуды меңгерту. Фагоцитоз стадияларын талдау. Комплемент жүйесіне түсініктеме беру.


  1. Дәріс тезистері:

Иммунды жүйе лимфоидты ұлпамен көрсетіледі: Ағзаның барлық лимфоидты түзілістерінде қалыптасады. Лимфоидты мүшелер орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық мүшеге: тимус, сүйек миы, таңдай бадамшасы жатады. Бұл лимфоидты түзілістердің клеткалары инструктивті функциясын атқарады. Шеткі мүшелерге: көкбауыр, лимфа түйіндері, ағзада орналасқан лимфалық ұлпалар жатады.

Иммунды жүйенің жасушаларын 3 топқа бөлуге болады:



  1. Иммунокомпонентті жасушалар, антигендердің әсеріне спецификалық жауап береді. Бұл қасиеттерге лимфоциттер ие.

  2. Көмекші жасушалар олар бөгде антигендерді танып, иммунокомпоненттен жасушаларға өтеді.

  3. Бейспецификалық қорғанысы бар антиген тасушыларды, ағзадағы өз компоненттерін бөгде бөліктенуден ажыратады, 1 кезекте лимфоорганизмдерді және оларды цитотоксикалық әсер арқылы немесе фагацитоз арқылы жояды.

Антигендер – организм үшін генетикалық бөгде органикалық заттар. Олардың енуіне организмде антидене түзілуімен немесе спецификалық иммунды статуспен жауап береді. Антигендер келесі қасиетке ие.

  1. Спецификалық – организмдегі иммунологиялық байланыстармен ерекшеленеді. Ерекше арнайы қасиеті бар бөлшекті антигеннің детерминантын құрайды немесе эпитоп деп атаймыз. Бұл бөліктер молекула бетінде орналасып, ақуызды молекуланың антигенділігін білдіреді. Антиденелердің молекула саны эритоппен байланыса алатын антиденелер – антигеннің валенттілігін көрсетеді.

  2. Өзге текті – өзге текті позитивті иммунды жауап пайда болған кезде байқалады. Ағзада кездеспейтін қасиеттерге ие. Өз антигендеріне ағза толерантты болып келеді.

  3. Иммуногенділік және толеранттылық – антигенді субстараттың альтернативті қасиетті. Иммундық жауаптың индукциясына және толеранттылығына антигеннің лимфоцитке әсерін айтамыз.

Бактериялық антигендер Н.О.К антигендермен ерекшеленеді. Талшықты Н – антигендей бактериальды талшықтар құрамына кіретін флагеллин атты ақуызынан тұрады, бұл қыздыру кезінде жайылады. Соматикалық О – антиген бактериялық жасушаның қабырғасымен байланысқан. О – антиген термостабильді, 1-2 сағат қайнатқанда сақталады. Капсулалы К – антигендер О – антигендерге қарағанда беткейде орналасады. Температураға сезімталдығына қарай К – антигендер: А, В және L – антигендерге бөліненді. А – антигендер температураға ең тұрақтысы болып келеді, 2 сағат қайнатқанға тұрақты. К – антигендеріне Vi – антигендер жатады. Бұл антигендер тиф және энтеробактерияларда жоғары вируленттілікпен орналасады. Бактериальды токсиндердің антигендері де кездеседі. Вирусты антигендер – вириондардың жай антигендері мен олар байланысқан нуклеокопсеидті антигендер, олар S – антигендер болып белгіленеді. Көптеген жай және күрделі вирустар ерекше беткейлі Vі – антигендерден тұрады. Оларда гомоагглютинин және нейроминидаза ферментінен тұрады.

Антиденелер – ақуыздар, талғампазды түрде антигенмен қосыла, иммундық жүйе антиденелерді бөледі. Антиденелер – гликопротеидтердің бос молекулалары, электрофоретикалық қозғалысы бойынша г – глобулиндерге жатады, халықаралық классификациясында иммуноглобулиндер деген атқа иммунды жауаптың түрлер:

  1. Антиденелер

  2. Иммунологиялық толеранттылық

  3. Иммунологиялық есте сақтау

  4. Баяу түрдегі гиперсезімталдық

  5. Жедел түрдегі гиперсезімталдық

Иммунологиялық толеранттылық – антигендерді енгізгенде, иммунды жауаптың спецификалық төменделуі. Иммунологиялық толеранттылық жетілмеген иммунокомпонентті жасушалар мен антигендер байланысқанда пайда болады және лимфоидты ұлпаның иммунодепресанттар арқылы жасалынған жасанды гипоплазия кезінде байқалады және иондаушы радиация әсер еткенде пайда болады. Иммундық жүйенің патологиясы екі түрмен белгілі 1. Иммунды жетіспеушілік немесе иммундо дефицит яғни иммунды жауап көрсеткіштерінде бір немесе бірнеше ауытқудың болуы. 2.Аутоиммунды аурулар.

Иммунодефицит - иммунды жауап көрсеткіштерінде бір немесе бірнеше ауытқудың болуы, қалыпты иммунды статустың бұзылуы. Иммунодефицит жағдай біріншілік немесе туа біткен, екіншілік жүре пайда болған болып бөлінеді.

Иммунодефицит жағдай өзіне тән клиникалық белгілермен және асқынулармен сипатталады.

Біріншілік иммунодефицит аутосомды-рецессивті типпен тұқым қуалайды. Туа біткен иммунодефицит фагоцитоздың, комплементтің жетіспеушілігі, гумморальді иммунитеттің жетіспеушілігі, жасушалық иммунитеттің жетіспеушілігі және Т- В- жасушалық жетіспеушілік ең ауыр түрі болып саналады.

Екіншілік иммунодефицит сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды (физиологиялық, экологиялық, патологиялық ).

Иммунотолеранттылық – иммунды жауап пен иммунологиялық есте сақтауға қарама-қарсы құбылыс. Иммунотолеранттылық туа біткен, жүре пайда болған болып бөлінеді.

Иммундық жүйенің спецификалық факторына қарсы денелер, иммунды фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксигендік функциясы тез және баяу жоғарғы сезімталдық, толеранттылық, иммунологиялық еске сақтау. Иммунтет түрлері туа пайда болған, жүре пайда болған болып бөлінеді.

Иммунитет түрлерін үйрететін ғылымды –иммунология деп атайды. Иммундық жүйенің орталық ағзаларына сүйек кемігі, тимус, перифериялық ағзаларға лимфа түйіндері, фоликулалар тобы, бадамша без, қара бауыр, бауыр, қан және лимфа жатады.

Жүре пайда болған иммунитет жасанды, табиғи болып бөлінеді.

Жасанды:

1.активті

2.пассивті.

Табиғи:

1.активті аурудан кейін .



2. пассивті.

Негізгі бейспецификалық қорғаныс факторлар бұл тері және кілегей шырышты қабат, ферменттер, фагоциттеуші жасушалар, комплемент, интерферон, қансарысуы ингибиторлары.

Фагоцитоздың негізгі қызметі;

1. Организмнен жойылған жасушаларды және оның құрылымын алып тастайды.

2. Ішкі ағзаға түскен тыныс жолдары арқылы (көмір, минералды және басқа шаңдарды) алып тастайды.

3. Бактерия және вирустардың бөлінді уларын және өнімдерін жояды.

4. Лизоцим, комплемент компоненттерін, интерферонды, интерлейкинді синтездейді.

5. Иммундық жүйенің қалыптасуында қатысады.

6. Т-хелперлер мен антигендердің кездесуін жүзеге асырады.

Комплемент гуморальді иммунитеттің негізгі факторы болып табылады. Комплемент қызметі 1. микробтардың лизисінде қатысады. 2. хемотоксигендік белсенділікке ие. 3. анафилакцияда қатысады. 4. фагоцитозда қатысады.


4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Иммунитет түрлері?

  2. Иммунды жүйе клеткалары?


Дәріс № 7.
1. Тақырыбы: Клиникалық микробиологияның мақсаттары және міндеттері.
2. Мақсаты. Студенттерге клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттерін, оның ақпараттылығының жетістіктері мен кемшіліктерін зертханалық зерттеулердің әдістерін саралауды үйрету. Микробиологиялық диагностикалау әдістерін стафилококтық, стрептококтық, менингококтық және гонококтық инфекцияларды зерттеуде қарастыру.
3. Дәріс тезистері:

Тақырыптың актуальдылығы тұрғындар арасында иммунды-тапшылық жағдайлардың кең тарауымен, соның нәтижесінде ШПМ қоздыратын инфекциялардың көбеюімен байланысты. Мұндай зерттеулер тиімді емдеу үшін негіз болып табылады.Клиникалық микробиология–жұқпалы емес терапиялық, онкологиялық ,хирургиялық гинекологиялық,урологиялық яғни соматикалық науқастарда пайда болатын микробтар қоздыратын аурулардың этиологиясын ,патогенезін, иммунитетін , зертханалық диагноз қою негіздерін зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы . Мұндай ауруларды әртүрлі атайды: шартты-патогенді індеттер инфекциялары (ШПИ) , немесе эпидемиялық емес микробтық аурулар (ЭМА) ,оппортунистік індеттер -(ОІ),іріңді – қабыну аурулары (ІҚА).

Клиникалық микробиологияның міндеттері:

1.ШПИ- қоздырғышын және оның этиологиялық ролін анықтау үшін зерттеу заттарын зерделеу.

2.Микробтар қоздыратын жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын бөліп алу ,идентификациялау және биологиялық сипаттамасының ерекшеліктерін анықтау.

3.Бөлініп алынған микробтың этиологиялық маңыздылығының критерияларын жасау соның ішінде науқасты динамикалық зерттеу барысында материалдың микробтар мен ластануының сандық өзгеруін есепке алу.

4. ШПИ қоздырғыштарының антибиотиктерге төзімділік немесе сезімталдық дәрежесін зерделеу.

5. Зертханалық зерттеу әдістерінің ең информативтілерін таңдап алу және жетілдіру, оларды жүргізуді бірегейлеу және зерттеу нәтижелерін тиімді бағалауды жасау.

6. Дисбактериоздардың микробиологиялық және медициналық аспектілірін зерделеу.

7. Соматикалық стационарларда ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін микробиологиялық мониторинг жасау және пайдалану. Табиғаттағы эпидемиялық емес микробтар қоздыратын ауруларды оппортунистік (ОИ: ШПИ:ІҚА) деп атайды.

Оларға жатады: менингиттер, отиттер, пиодерма,сепсис, мастит өкпе қабынуы, ірің қалта, остеомиелит, нефрит, холецистит,эндометрит,перитонит. Барлығы 100-ден астам аурулар жатады. Оларды бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, қарапайымдыларға жататын шартты-патогенді микробтар (ШПИ) қоздырады. ШПИ -эпидемиялық емес аурулардың негізгі белгілері.

1. Полиэтиологиялығы, яғни клиникалық аурулардың бір түрін (цистит, плеврит, бронхит,пневмония, холецистит, және т.б. ІҚА) шартты патогенді микробтардың бірнеше түрін қоздыру мүмкін.

2. ШПИ көпшілік жағдайда аралас инфекция түрінде өтеді,яғни оларды микробтар ассоциациясын қоздырады немесе қосымша микрорганизмдер жұғып екіншілік инфекция түрінде дамиды.

3. Кесел даму барысында қоздырғыштары ауысып отырады, соның нәтижесінде процесс асқына түседі.

4.Қоздырғыштарының айқын спецификалылығы және органдық тропизмі болмайды. Сондықтан микробтың бір түрі әртүрлі органдар мен тіндерді зақымдай алады. Мұндай инфекциялар кезінде созылмалы түрге айналу және процестің генерализациялану қауіпі күшейеді.

5. ШПИ кезінде антибиотикпен емдеу тиімділігі өте төмен, өйткені қоздырғыштары көп антибиотиктерге төзімді келеді және иммунды-тапшылық даму жағдайында олардың организмнен шығарылуы әлсірейді.

Сонымен ШПИ -ға диагноз қоюда микробиологиялық зерттеулер шешуші рол атқарады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, муьлтимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995.

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Клиникалық микробиологияның мақсатын атаңыз?

  2. Оппортунистік инфекцияларға кіретін қоздырғыштарды атаңыз?


Дәріс № 8
1. Тақырыбы: Шартты-патогенді микробтар. Грам (+) және грам (-) коктар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Қасиеттері Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алу, емдеуі.
2. Мақсаты. Студенттерге стафилококктар, стрептококктар, менингококктар мен гонококктардың биологиялық қасиетін, микробиологиялық диагноз қою әдістерін үйрету.
3. Дәріс тезистері:

Кокктар тобына шар тәріздегі стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар, пневмококтар, пептококтар, вейлонеллалар кіреді. Тыныс алу түріне қарай аэробты, микроаэрофильді, факультативті анаэробты, қатаң анаэробты коктар болып бөлінеді. Стафилококтар Staphilacoccus тегіне жатады, өзінің ішіне келесі түрлерді кіргізеді.

1:Staf.aureus.

2:S.epidermidis.

3:S.sаprophiticus.

Бұл бактериялар факультативті анаэроб коктар қатарына кіреді, жұғындыдан алынған таза дақылда моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.

Коктар морфологиялық қасиетіне қарай және ауру қоздыру қасиетіне қарай да бір-біріне ұқсас келеді .

Аталған кокктар іріңді қабыну процессін қоздырады. Іріңді-қабыну аурулары- хирургиялық аурулардың 35-40%, әр 3 ауру іріңді қабыну процессімен ауырады. Іріңді қабыну процесі тек қана хирургиялық, акушер-гиникологиялық, отолорингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық ауруханаларда да кездеседі.

Әдеби мәліметтерге сүйенсек 25-50% іріңді қабыну процессін коктар қоздырады.

Гр +бактерия, шар тәрізде диаметірі 0,5-1,5 мкм жүзім сабағына ұқсас орналасады.

Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитхой және глициринтейхой қышқылы болып табылады .Негізгі қоректік орталары сарыуызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.

Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді.Биохимиялық активтілігі (белсенді ) каталазаны өндіреді Фогесса-Проскауэра реакциясы оң, нитратты нитритке болмаса азотқа дейін қалпына келтіреді.

Антигендік құрылымы күрделі. Түріне тән АГ – тейхой қышқылы болып табылады.S aureus - рибитейхой қышқылы Sepidermidis–глицеринтейхой қышқылы S saprophyticus – 2 қышқылды да өзінде сақтайды.

Потогенді факторлары болып стафилококтардағы микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия және токсиндік ферменттер.Микрокапсула-бактерияларды полиморфты ядролық фагоциттермен фагоцитоздан қорғайды, микробтардың адгезиясына және микроорганизмдердің ұлпа арасына таралуына алып келеді.Ет сорпалы пептонда біркелкі лайлану байқалады.Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсин бөліп шығарады.

1. қасиет гемотоксиндік – эритроциттерді лизиске алып келеді.

2. лейкоцидин лейкоциттерді жоюшы

3. некротоксин-ұлпаны некрозға алып келеді

4. летальді токсин- жануарларды өлтіруші қасиеті

5. энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин

Пигмент түзу түріне қарай

1 Stafilococcus aureus – алтын түсті пигмент

2 Stafilococcus albus – ақ түсті пигмент

3 Stafilococcus citreus – лимон сары түсті пигмент

Адамдарда жиі патоген – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары тусті стафилококк.

3 топқа бөлінеді.

1 патогенді.

2 шартты патогенді

3 патогенді емес (сапрофитті)

Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.

Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.

(Streftococcus) моншақ тәрізді тізіліп орналасады.

Стрептококтар қозғалмайды, споралары жоқ. Грам әдісімен бояғанда оң, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімсіз.

Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организмнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректік ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококктар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лейкоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындағы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді.

Патогенді стрептококктардың патоген емес стрептококктардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибролинолитикалық белсенділікке ие.

Менингит өткір инфекциялық аурулардың қатарына жатады, қоздырғышы NEISSERIA MININGITIDIS, ауа-тамшы жолымен таралып мұрын жұтқыншақ кілегей шырышты қабатында жергілікті қабынуды артынша минингитті септицемия (менингококцемия) және мидың жұмсақ қабықшасын қабындырады (менингококты мененгитті шақырады).

Менингококктар-дөнгелек пішінді диаметірі 0,6-1,7мкм жұптасып орналасады, жоғарғы жағы бір-біріне қараған, иілген тегіс орналасқан. Жасушалар полиморфты. Гр – жіпшелері жоқ, спорасы жоқ.

Қатаң аэроб, қоректік орталардан құрамында ақуыз (белок) қосылған, сарыуыз, қан сары суында жақсы өседі. Мюллер – Хилтон қоректік ортасында да жақсы өседі. РН – 7,2-7,4 қалыпты температура 37с, 30 -38с жақсы өседі. Жоғарғы концентрациясы СО2, ылғалдылық менингококк қоздырғышының өсуіне ықпалдандырады.Қанды агарда нәзік дөңгелек жылтырақ күл түсті колониялар түзеді.

Биохимиялық белсенділігі төмен. Глюкоза, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Индол, күкіртті сутек түзбейді. Шартты патоген нейссериялардан айырмашылығы сахарозадан крахмал тәріздес полисахаридтер түзбейді.А,В,С,Д серологиялық тип түзеді. Патоген А-тип, эпидемияның таралуын В-С типтері жекеленген инфекцияның таралуына алып келеді.

Негізгі патогендік факторы капсуласының барлығында, ол минингококты барлық факторлардың әсерінен, бірінші фагоцитоздан қорғайды. Менингококк-өте жоғары токсигендік қасиетке ие эндотоксин бөліп шығарады. Басқа потогендік факторларға, кірпікшелер, сыртқы мембрана аққуызы, гиалуронидаза, нейраминадаза жатады. Кірпікшелер жұтқыншақтың мұрын бөлімінің кілегей қабатына еніп қабыну процесін қоздырады.Лабороториялық жануарлар минингококк қоздырғышын аз қабылдайды. Ақ тышқанға, теңіз шошқасына астар ішілік қабатына жібергенде жануарлардағы күшті интоксикация өлімге алып келеді. 11-18 апталық тауық эмбрионының аллонтоис қуысына жібергенде 48 сағ. кейін эмбрионның өліуіне алып келеді.Инфекция тасушы науқас адам, бактерия тасушы.

1. топ гененереализияланған түрі (1%жалпы ауру ішінде).

2. топ назофаренгит (10 -20% жалпы ауру ішінде).

3. топ дені сау тасушылар. Тұрақты иммунитет қалыптасады, қайта ауру аз кездеседі.

Бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық әдістер кеңінен қолданылады.

Гонококтар-Neisseria әулетіне, N. Gonorrhoeae түріне жатады. Морфологиясы-диплококтар кофе дәндері сияқты жұптасып орналасады. Спора түзбейді , қозғалмайды, микрокапсула түзеді, Гр-.Қатаң аэроб, қоректік орталарға талапшаң тек қана адам ақуызы (қансарысуы қосылған агарда, асцит-агарда) жақсы өседі. Қансарысулы агарда майда жалтырақ тамшы тәрізді колониялар түзеді. Биохимиялық қасиеті- белсенділігі төмен тек қана глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Антигендік құрылымы:1. сыртқы мембраналы ақуызды антиген. 2. жасуша қабырғасының липополисахаридті антигені. Патогенділік фактор: 1.адгезиялы–фимбрии (кірпікшелері), 2.эндотоксин, фагоцитозды жоюшы. 3. агрессиялық ферменттер гиалуронидазы, нейраминидазы. Клиникасы: 1.Урогенитальды, экстрогениталды. 2.гонококты септикопиемия. 3.жас нәрестелердегі коньюктивит бленорея. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптаспайды.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мултимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет