Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум



бет7/10
Дата22.02.2016
өлшемі3.37 Mb.
#96
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
, ,
,
пернелері де жатады. , – жүгіргіні мәтін жолының басына (соңына) апарады.
,
– жүгіргіні мәтін бойымен бір бейне бетке жоғары (төмен) жылжытады.

Windows пернесі Бастау батырмасының Бас мәзірін ашады. Басқару пернелері сияқты, ол да басқа пернелермен бірге қолданыла алады. 


Мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне тінтуірдің оң жақ пернесінің қызметін атқарады. 

Жетелік пернелер – ... – алдын ала белгіленген мәні жоқ пернелер. Олардың мәнін бағдарламаларды әзірлеушілер өз қалауынша анықтайды. Жетелік пернелер міндетін нақты бағдарламамен танысу кезінде оқып-қарастыру қажет. Әр уақытта бір ғана міндет атқаратын перне – , ол ақпараттық жүйені шақырады. windows-қа лайықталған бағдарламаларды әзірлеушілер үшін осы пернелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар жасалған, сондықтан көптеген бағдарламалардағы пернелердің міндеті ұқсас болып келеді. Сандық бөлік екі мақсатта қолданылады. Пернетақтаның сандық бөлігінде пернесі режімі қосылып тұрған кезде пернелер сандық ақпарат пен арифметикалық амалдар таңбаларын енгізуге арналады.


Пернетақтаның сандық бөлімінде пернесі режімі қосылмаған кезде бұнда жүгіргіні басқару пернелері қайталанады. , , пернелерінің пернетақтаның оң жақ жоғарғы бұрышында сәйкес режім қосылып тұрғанын көрсететін көрсеткіштері бар.



Жаңа сөздерді жаттаңыз.

алдыңғы немесе артқы тақта – передняя и задняя доска

тәуелді болады – будет зависимый

пернелер – клавиши

қажетті нышанды – необходимого символа

енгізуге қолдану үшін – для применения ввода

басқару пернелері – клавиши управления

пайдаланылады – используют

пернетақта тілі – язык клавиатуры

енгізу режімі – режим ввода

сұхбат терезесі – окно диолога

бос орын пернесі – клавиша свободного места




жүгіргі – курсор

жүгіргіні басқару пернелері – клавиши управление курсора

мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне – клавиша изображенная контекстным меню

тінтуірдің оң жақ пернесі – правая сторона мышки

қызметін атқарады – выполняет функцию

жетелік пернелер – функциональная клавиша

бағдарламаларды әзірлеушілер – составители программы

пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар – инструкции о применении

сандық ақпарат – цифровой аппарат

арифметикалық амалдар таңбалары – арифметические операционные знаки






1-тапсырма.

  1. Басқару пернелерінің қызметі қандай ?

  2. қандай мақсатта қолданылады ?

  3. ... пернелердің қызметі қандай?

  4. Бос орын пернесі қайда орналасқан ?


2-тапсырма. Мәтін оқып, етістіктің шақтарын анықтаңыз.

Интернет арқылы тапсырыс беру оңай!

Интернет дүкенінен жеке адамдар мен қатар ұйымның атынан, Интернет арқылы не телефонмен тапсырыс бере аласыз. Мысалы, Sulpak Интернет дүкеніне Қазақстанның көптеген қалаларынан жеткізілімі бар тапсырысты рәсімдеуге болады. Ол үшін Sulpak бірегей анықтама қызметінің телефоны Sulpak 8(800) 08-08-08-8 (қоңырау соғу тегін) арқылы қоңырау соғып, өзіңіздің Интернет дүкенінде тапсырыс рәсімдегіңіз келетінін операторға хабарлауыңыз керек. Сізді Интернет дүкенінің тапсырысыңызды рәсімдейтін операторымен байланыстырады. Ал Алматыда тапсырысты рәсімдеу үшін (727) 2333-000 телефонына қоңырау соғуға болады. Операторға өзіңізді қызықтырған тауарды айтыңыз. Жеткізілімді жүзеге асыратын байланыс телефоныңыз бен мекенжайыңызды айтыңыз. Оператор тапсырысыңызды рәсімдеп, оның нөмірі мен болжаммен жеткізу уақытын хабарлайды. 

Sulpak Интернет дүкенінің диспетчер қызметі жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9.30-дан 20.00-ге дейін сіз үшін жұмыс істейді. Егер сіз қандай да бір септермен тапсырыстар қызметінің (727) 2333-000 телефонына хабарласа алмасаңыз, не уақытыңыз болмаса, онда «Кері байланыс» қызметін пайдалануыңызға болады. Сізге тек үндеу үлгісін толтыру керек, оператор сізге қолайлы уақытта көрсеткен телефонға қоңырау соғады.

«Кері қоңырау + үндеу үлгісі» - «ИМ-К Интернет арқылы Тапсырыс» файлында

 «Online тапсырыс» қызметі. Сіз тапсырысыңызды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, электрондық тапсырыс арқылы  жібере аласыз. Ол үшін Сізге «On-line тапсырыс» опциясын таңдап, электрондық тапсырысты толтырып, аудармасы қажет материалды MS Word, PDF, JPG форматында электрондық тапсырысқа тіркеп жіберу керек. Немесе бізге хат жазып, аудармаға арналған материалды хатқа тіркеңіз. Тапсырысыңызды бағалаудан өткізгеннен кейін Сізге біздің менеджер хабарласады. Дайын аударманы электрондық пошта арқылы немесе біздің кеңседен ала аласыз.  Тапсырысты кеңсеге келіп қолма-қол ақшалай немесе Visa, Master Card, банк аударымы арқылы, Яндекс ақша, WebMoney, MoneyBookers жүйелері көмегімен ақшалай аударым арқылы төлеуіңізге болады.
3-тапсырма. Телефонмен тамаққа тапсырыс беру (Заказы еды по телефону).Сұхбатты оқып, орыс тіліне аударыңыз.


  • Тамақты кеңсеге алдыруға бола ма ?

  • Сіздердің ас мәзірлеріңізде не бар ?

  • Бізде пиццаның бірнеше түрі бар ?

  • Салат алдырасыздар ма ?

  • Дайын дәмді қай жерге жеткізу керек ?

  • Біздің мекенжайымызды жазып алыңыз.

  • Нақты мекенжайыңызды айтыңызшы.

  • Телефон соғыңыз, мен күтіп аламын.

  • Қанша уақытта жеткізесіз.

* * *

  • Қалай жылдам келдіңіз.

  • Тапсырысты сағат 17-ге әзірлеңіз.

  • Жеткізу тегін.

  • Бізде вегетериандық және ет тағамдары бар.

  • Мен тамақ жемеймін, қарным ашқан жоқ.

  • Рахмет, мен тойып қалдым.

  • Осы бәрімізге жетеді.

  • Мен бір тілімін алайын.

  • Үшінші пицца – сізге сыйлық.

  • Чекпен төлеңіз.

  • Қалғаны керек емес.

  • Ас дәмді болсын!

* * *


- Достар, бәлкім үзіліс жасармыз. Түскі ас ішейік.

- Менің қатты қарным ашты. Таңертеңнен ештеңе жеген жоқпын.

- Мен де сіздермен бірге тамақ іше аламын.

- Қасымызда кафе бар.

- Онда түскі тамақ дәмді болады.

- Біздің уақытымыз аз. Есепті бітіруіміз керек.

- Бәлкім, пиццаны осында алдырамыз.

- Сөйтейік! Нешеу аламыз.

- Үшеу. Әрқайсымызға біреуден.

- Бұл көп. Екі пицца жарайды.

- Ал мен диетадамын. Ет жемеймін. Маған көкөніспен керек.

- Пиццаға кім тапсырыс беріп еді.

- Рахмет, қалай жылдам.

- Бізге ас мәзірі бойынша түрлі тамаққа тапсырыс бере аласыздар ма?

- Уақытында жеткіземіз.

- Біз қанша төлейміз ?

- Үш мың теңге және әкелгеніміз үшін. Пиццаны алыңыздар. Сақ болыңыздар, өте ыстық.

- Әкеліп бергеніңізге рахмет.

- Ас дәмді болсын !

- Ыстық кезінде жеп алыңыздар. Өте дәмді!

- Біз дұрыс таңдау жасадық. Қазір жүрек жалғап аламыз да, жұмысымызды жалғастырамыз.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына келер шақтың жұрнақтарын жалғаңыз.


  1. Интернет арқылы тапсырыс бер... . 2. Sulpak Интернет дүкеніне Қазақстанның көптеген қалаларынан жеткізілімі бар тапсырысты рәсімде... . 3. Сізді Интернет дүкенінің тапсырысыңызды рәсімдейтін операторымен байланыстыр... . 4.  Операторға өзіңнің қызықтырған тауарыңды айт... .5. Оператор тапсырысты рәсімдеп, оның нөмірі мен болжаммен жеткізу уақытын хабарла... . 6. Sulpak Интернет дүкенінің диспетчер қызметі жұмыс күндері мен демалыс күндері сағат 9.30-дан 20.00-ге дейін сіз үшін жұмыс істе... . Оператор маған қолайлы уақытта көрсеткен телефонға қоңырау соқ... .


5-тапсырма. Көп нүктенің орнына өткен шақтың жұрнақтарын жалғаңыз.

  1. Біз «Электроника әлемін» дүкенінен компьютер сатып ал... . 2. Дайын аударманы электрондық пошта арқылы жібер... .3. Бұрынғы кезінде хат-хабарларды пойыз арқылы жеткіз... .4. Сөйлесу өте қиын және ұзақ бол... .5. Кейіннен Қазақстанның қалаларында, аудандарында, ауылдарында пошта бөлімшелері ашыл... . 6. Интернет арқылы сөйлесу арзанға түс... .7. Компьютер клубына барып, компьютерде әртүрлі ойындарды ойнауды үйрен... . 8. Былтыр Арман мектепті бітіріп, институтқа түс... . 9. Ата-анасы оған сыйлыққа компьютер әпер... .


Тапсырма 2.

Тінтуір

Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор (1.15-сурет). Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті.

Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады. Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет. Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс). 

Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек. 

Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.
Кей кездері тінтуір орнына трекбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

тегіс бетте – на ровном поверхности

бейне беттегі – на экране

жүгіргі – курсор

шағын манипулятор – малый манипулятор

батырма – кнопка

тінтуір пернелері – клавиши мышки

басу – нажимать

тінтуірдің сол жақ пернесі – левая сторона мышки

бір рет шерту – щелкнуть

нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады – чтобы отобразит объект

басып және қайта жіберу қажет – нужно нажать и отпустить




құжатты ашу үшін – чтобы открыть документ

бағдарламаны іске қосу – запустить программу

пернені жібере салу керек – надо отпустить клавишу

көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады – ускоряет выполнения многих команд

тінтуір жүгіргісі – курсор мышки

нысанның үсті – поверхность объекта

трекбол – трекбол

сезімтал тақта – чувствительная доска





1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.


  1. Тінтуірдің сол жақ және оң жақ пернелерінің атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.

  2. Тінтуір орнына кейде орнына не қолдануға болады ?


2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Мышь – как бы дополнительная клавиатура, с двумя или тремя кнопками. Когда мышь движется по коврику, внутри нее вращается шарик. При этом возникают электрические сигналы, которые перемещают по экрану курсор. Его подводят к нужному месту на экране и нажимают на кнопку (нажим иногда называют «клик»). Это вызывает нужное действие компьютера.

Джойстик преобразует наклоны рукоятки в электрические сигналы. Механизм его работы примерно тот же, что у мыши. Джойстиком удобно «управлять» электронной игрой.

Трекбол действует так же, как мышь. Но шарик расположен наверху и его двигают рукой.


3-тапсырма. Ауыспалы өткен шақтың жұрнағын жалғаңыз.

Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жол жүріп әрең жеткіз... .2. Арман кішкентай кезінен компьютер сатып алуды арманда... . 3. Ол интернеттен баяндамаларына ақпарат іздеп, баяндама жаз... . 4. Арман ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге бас... . 5. Тіпті интернет-дәмханада отырып, достарыммен сөйлес... .


4-тапсырма. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын жалғаңыз.

  1. Арман кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатта үйрен... . 2. Ол интернетті үйреніп, көп уақытын компьютер алдында өтікезетін бол... . 3. Интернет планетадағы барлық копьютерлік жүйелердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айнал.. .4. Оның мекенжайы электрондық поштада жазыл... .5. Ол интернеттің көмегімен машина сатып ал... .


5-тапсырма. Өлеңді зейін қойып тыңдаңыз, орфоэпиялық норманың сақталуына назар аударыңыз. Өлеңді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Компьютер басты жарты адамдар

Біз қаншама жас өскінді аттандырдық шет елге:

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып көрсін дедік.

Бірақ осы іске үмітті жалаң білім өтер ме?

Зұлымдық та білім қызға ғашық болып сүйісті,

Кім тежемек, кім қайырмақ бұл пенделік күйісті?

Жалғыз жол бар:

Білім әркез рухани байлыққа

Терең тамыр жіберуге тиісті.

Қайтсек екен, монитор көз компьютер бас жас талап,

Білім Рух болуы үшін ажырамас қос қанат

Қай кезде де білім күшің әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін.

Мұхтар Шаханов

&&&

$$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма

Тапсырма

Компьютерді дұрыс қолдану ережесі

Компьютерді алғаш қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек. Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды. Егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы (UPS) арқылы қосылған болса, онда оны компьютерге кернеу жеткізу режіміне ауыстыру қажет. Ал егер компьютер тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты қосу қажет. Осыдан кейін

· компьютердің мониторын;

· өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін шеткері құрылғыларды (басып шығарғыш, сыртқы модем, мәтіналғы және т.б.);

· жүйелік қорапты қосу керек. 

Осыдан кейін компьютер бейне бетінде компьютердің жабдықтарын тексеру және амалдық жүйені бастапқы іске қосу бағдарламаларының жұмысы барысы жөніндегі хабарламалар пайда болады.

Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс істеген кезде компьютерді өшіру үшін:


  • жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;

  • Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес); 

  • басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем, мәтіналғы және т.б.) өшіру; 

  • компьютердің мониторын өшіру; 

  • егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

кернеу – напряжение

айырып-қосқыш – переключатель

дұрыс қалыпқа келтіру керек – нужно настроить




желілік сүзгі – сетевой фильтр

үздіксіз қорек көзі –безпрерывный питательный источник

мәтіналғы – сканер


1-тапсырма. Мәтін бойынша компьютерді қосу-өшіру ретін көрсетіңіз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз.

Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып, компьютерде әртүрлі ойындарды ойнауды үйренді. Кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатпен қолдануды үйреніпті. Ол интернеттен ақпарат іздеп, баяндама жазатын немесе ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге басатын.

Былтыр Әлия мектепті бітіріп, институтқа түсті. Ата-анасы сыйлыққа компьютер әперді. Әлия қуанғаны соншалық – қолма-қол компьютерді қосып, интернетпен байланыс жасай бастады. Бір кезде жазған хаттарына жауап алатын болды.

Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды, өйткені ол жолдастарымен кездеспейді, қонаққа бармайды, қонақ шақырмайды, ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқа жауап береді де, қайта компьютерге жүгіреді. Қазір де, міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр.

Бұған Әлияның ата-анасы қатты алаңдайды. Әлияның бұл кәсібінен шошиын деді.



3-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз.

  1. Сіздің ойыңызша, жоғарыдағы әңгіме кейіпкері Әлия өзінің бұл әрекетінен зиян шеге ме? Өз ойыңызды білдіріңіз.

  2. Сіз Әлияның ата-анасына қалай көмектесер едіңіз ?

  3. Әлия орнында сіздің бауырыңыз болса, не істер едіңіз?

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді төмендегі үлгі бойынша жазып шығыңыз.

Үлгі: Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіп жатыр.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлеседі

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлеспек.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесер.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесті.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлескен.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіпті.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесетін.


  1. Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіп жатыр. 2. Пошта арқылы қызметкерлері бандерольды орап жатыр. 3. Хат тасушы хат-хабарларды тасып жүр. 4. Пошта қызметкерлері сәлемдемені қабылдап жатыр. 5. Мен достарыма хат жазып отырмын. 6. Сіз жеделхатты ауылға жіберіп отырсыз. 7. Нөмірді дұрыс алмай отырсыз. 8. Интернеттің көмегімен машина сатып алып отыр. 8. Біз басқа елдегі таныстарымызбен еркін сөйлесіп отырмыз. 9. Электронды пошта арқылы жолдасына хат жіберіп отыр. 10. Интернет-дәмханада компьютерді пайдаланып отыр.


5-тапсырма. Мына сөйлесулерді оқып, жаттап алыңыз.
* * *

  • Сіз Орталық пошта қайда екенін айтып жіберіңізші.

  • Орталық пошта Бөгенбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылының ортасында.


* * *

- Факс-бюро қай кездерде істейді ?

- Факс-бюро тәулік бойы істейді.

- Үзілісі қашан ?

- Үзіліссіз істейді.
* * *


  • Жеделхат бланкісін қалай толтыру керек ?

  • Үлгі әне, ілулі тұр. Үлгі бойынша толтырыңыз.


* * *

- Электронды поштаны тексердің бе ?

- Жоқ, компьютер жүйесі бұзылып тұр.

- Компьютерді жөндеу керек қой.

- Компьютер шеберін шақырып қойдым.
* * *

- Мына факсті Түркияға жіберіңізші.

- Жіберейін. Факстің нөмірі қандай ?

- Факстің нөмірі: 8 10 90 213 45
* * *

- Мен құжаттарды электронды пошта арқылы жіберемін.

- Жарайды. Мекенжайымды білесіз бе.

- Білемін. Мекенжайыңыз кітапшамда жазылған.
&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

Тапсырма.

Қандай компьютер сатып алу қажет?

Компьютер сатып алмастан бұрын, мынаны шешіп алыңыз: Сіз оны не үшін пайдаланасыз? Түрлі бағдарламалар компьютер сипаттамаларына түрлі талаптар қояды, олардың ішінде процессордың ырғақтық жиілігіне, тұрғылықты диск көлеміне, оперативті жады көлеміне, дыбыстауыш, бейнелік бейімдеуіш пен желілік тақшаның бар болуына назар аудару қажет. 


Мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, электрондық кестелер және т.б. сияқты кеңсе бағдарламалары жұмысы қор көздеріне аса қатты талап қоймайды. Компьютерлердің бұл категориясының құрылымы қарапайымдау, сондықтан едәуір арзандау болады. Бұл мақсаттарда қолдану үшін 1,8 GHz ырғақтық жиілігі бар процессор, сыйымдылығы 80 Gb тұрғылықты диск, 256 Mb оперативті жады, аналық тақшаға қоса орнатылған бейнелік бейімдеуішті қамтитын жүйелік қорап және диагоналы 17 дюйм монитор сатып алса жеткілікті. 

Ал егер Сіз тек құжаттарды әзірлеп, кестелермен жұмыс істеп, көрмелерді әзірлеп қана қоймай, кинофильмдер көріп, музыка тыңдап, ойындар ойнағыңыз келсе, алдыңғы жинақталымға бір саты жоғарырақ бейнетақша және дыбыстауыш қосу қажет (қазіргі кезде олар аналық тақшаға қоса орнатылады, сондықтан жеке-жеке сатып алудың қажеті жоқ). 


Егер Сізге Internet желісінде жұмыс істеуге арналған компьютер қажет болса, аталған құрылғыларға қоса желілік тақша мен модем алу керек. 
Сипаттамасы бойынша үйдегі компьютерге ұқсас ноутбуктар едәуір қымбатырақ тұрады, өйткені оларда электр көзінен, яғни аккумулятордан тәуелсіз жұмыс істеуге арналған қуатты үнемдеу жүйелері бар. Қазіргі заманғы ойындар компьютердің қор көздеріне өте қатаң талап қояды, сондықтан ол талаптарға сай келетін компьютерлердің құны қымбатқа түсіп отырады. Бұл үшін ең қымбат бейнелік бейімдеуіштер, қуатты көп ядролы процессорлар, өте шапшаң оперативті жадының аса үлкен көлемі және ауқымды диск кеңістігі қажет. 

1- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютерді сатып алу кезінде қандай сипаттамаларды білу қажет?



2- тапсырма. Ауызша айтып көріңіз.

Өз бетіңізбен компьютер жинай алу үшін нені үйрену қажет?

Сіз компьютердің жұмыс істеуі үшін қажетті құрылғылардың барлығын алғаннан кейін оларды кабельдер көмегімен мына ретпен жалғайсыз:

1. Жүйелік қораптағы өзіне сәйкес порттарға негізгі құрылғыларды монитор, пернетақта, тінтуірді жалғайсыз. 

2. Қажет болған жағдайда жүйелік қораптағы өзіне сәйкес порттарға шеткері құрылғыларды басып шығарғыш, мәтіналғы, колонкаларды және т. б. жалғайсыз.

3. Қоректендіру сымдарын алдымен құрылғыларға, содан кейін электр желісіне (ал егер Сіз үздіксіз қоректендіру көзін қолдансаңыз, соған) қосасыз. 


4. Электр желісіне жүйелік қорапты қосасыз. 

 3-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақтағы етістіктерді ауыспалы осы шаққа айналдырып жазыңыз.

Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатыстық.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойған.

Дербес компьютерлер ақпаратты сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған.

Нәтижесінде Интернет планетадағы барлық копьютерлік жүйелердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналыпты.

XXI ғасырда барлық қоғамның қалыптасуы үшін шешуші рөл информатика мен компьютерлерге түсіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет