Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум


Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер



бет2/10
Дата22.02.2016
өлшемі3.37 Mb.
#96
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер


(Общеупотребляемые слова и термины)

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.

Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.

Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.

Термин сөздердің жасалу жолдары:


  1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.

  2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

  3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б.

1-тапсырма. Ұялы телефондар, фотоаппараттар, компьютер түрлеріне 3-4 жарнама жазыңыз.
2-тапсырма. «Тұран» университетіндегі «Ақпараттық жүйе» мамандығы жайында мағлұмат алып, мәтін құрастырыңыз.

3-тапсырма. Ақпараттық кеңістік, ақпараттық бөлім, ақпараттық технология, ақпараттық бағдарлама, ақпараттық жүйе сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
4-тапсырма. Компьютерге қатысты термин сөздерге түсінік беріңдер және сөздік жасаңдар. Компьютер жөнінде өз білгендеріңді ой таразысына салап, оның суреті бойынша термин сөздерді кірісітіріп мәтін құраңдар.

&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не ?

  2. Ақпараттық жүйені қандай кластарға бөлуге болады?

&&&

$$$003-005-000$3.3.5 Практикалық сабақ №5

Компьютердің тарихы. Кірме сөздер.


&&&

$$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Компьютер тарихын туралы мәлімет беретін сәтінмен танысу, жаңа сөздерді жаттау;

  • басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде қолдану.

Әдістемелік нұсқау

Компьютердің тарихы

Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі адам миы үшін қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал – абак пайда болған. Он жетінші ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін логарифмикалық сызғыш пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты есептегіш механизм құрастырып шығарған. Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған. Бұл прибор есепшілердің таптырмайтын құралына айналған.

Ғылым мен техниканың одан әрі дамуы 1940 жылдары бірнеше рет есептегіш машиналарды шығаруға мүмкіндік берді. 1944 жылы Ай-Би-Эмнің өндіріс орындарының бірінде Гарвард университетінің ғалымдарымен АҚШ тапсырыс бойынша «Марк-1» деп аталатын машина құрастырып шығарды. Бұның салмағы 35 тонна болды.

1960 жылдардың басына қарай көлемді статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан, компьютерлер барлық салада қолданыла алмады.

1970 жылы «Intel» компаниясының қызметкері Эдвард Хофф тұңғыш микропроцессорды ойлап шығарды.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

компьютер тарихы – история компьютера

көлемді есептеулер – объемные вычисление

іздестіру – изыскание

тіпті – даже

көп санды қарапайым арифметикалық операциялар – многочисленные простые арифметические операции

қарапайым есептегіш құрал – простое вычислительное средство


күрделі математикалық есептер – сложные математические вычисления

логарифмикалық сызғыш – логарифмитическая черта

сегіз зарядты есептегіш механизм – восьмизарядный вычислительный механизм

құрастырып шығарған – сконструировал

көлемді статистикалық мәліметтер – объемные статитические данные




1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.
2 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын .......тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі ........қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал –.......пайда болған. Он жетінші ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін .........пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты ..........құрастырып шығарған. Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын ........ойлап шығарған. Бұл прибор есепшілердің таптырмайтын құралына айналған.

Ғылым мен техниканың одан әрі дамуы 1940 жылдары бірнеше рет .........шығаруға мүмкіндік берді. 1944 жылы Ай-Би-Эмнің .........бірінде Гарвард университетінің ғалымдарымен АҚШ ....... бойынша «Марк-1» деп аталатын машина құрастырылып шығарылды. Бұның салмағы 35 тонна болды.

1960 жылдардың басына қарай көлемді ...... өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан, компьютерлер ....... қолданыла алмады.

1970 жылы «Intel» компаниясының қызметкері Эдвард Хофф тұңғыш .......... ойлап шығарды.
3 тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Механические вычислительные машины. Первый арифмометр сконструировал Блез Паскаль в 1642. Более сложную механическую вычислительную машину изобрел английский ученый Бэббидж в 1822 г. Первый ЭВМ в 1945 г. в США создали «ЭНИАК». Эта ЭВМ состояла из 18000 электронных ламп, весила 30 тонн, выполняла 500 сложений в секунду, а «запоминала» только 512 чисел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет