Қаржы механизмі: мазмұны және құрылымы
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады.
Қаржы механизмі — қаржы саясатының аса қарқынды бөлігі. Ол әр түрлі тактикалық міндеттердің шешілуіне байланысты өзгереді және сондықтан қаржы механизмі еліміздің экономикасы мен әлеуметтік сферасындағы ағымдағы жағдайдың барлық ерекшеліктеріне әсер етеді. Сол және бір қаржылық қатынасты мемлекет әр түрлі ұйымдастыруы мүмкін. Сонымен, мемлекет пен бюджетті құру жөніндегі заңды тұлғалар арасында пайда болатын қатынастар салықтар немесе салықтық емес төлемдер алу негізінде құрылуы мүмкін. Сонымен бірге салықтар жүйесіне тура және жанама, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтардың әр түрлі тізбесі кіруі мүмкін, ал әрбір салықтың ерекше объектісі, мөлшерлемелері, жеңілдіктері және салық заңдарының дамуына байланысты өзгеретін басқа элементтері болуы мүмкін.
Қаржы механизмі нұсқаулық және реттеуші болып бөлінеді.
Нұсқаулық қаржы механизмі, тәртіп бойынша, қаржылық қатынастар үшін әзірленеді, олар мемлекетке тікелей қатысады. Оның сферасына салықтар, мемлекеттік несие, бюджет шығындары, бюджеттік қаржыландыру, бюджет және бюджеттік процесс құрылымын ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау кіреді.
Бұл жағдайда мемлекет оның барлық қатысушылар үшін міндетті қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бүкіл жүйесін толық әзірлейді. Бірқатар жағдайларда нұсқаулық қаржы механизмі оларға мемлекет тікелей қатыспайтын қаржылық қатынастар-дың басқа түрлеріне де таралуы мүмкін. Мұндай қатынастардың не барлық қаржы саясатын (корпоративті бағалы қағаздар рыногы) іске асыру үшін мәні үлкен, не осы қатынастар тараптарының біреуі мемлекет агенті (мемлекеттік кәсіпорындар қаржылары) болуы мүмкін.
Реттеуші қаржы механизмі мемлекет мүдделерін тікелей қозғамайтын қаржылардың нақты сегментіндегі негізгі «ойын ережелерін» анықтайды. Қаржы механизмінің мұндай алуан түрлілігі жеке кәсіпорындарда шаруашылық ішіндегі қаржылық қатынастарды ұйымдастыруға тән. Бұл жағдайда мемлекет салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеген соң кәсіпорында қалған қаржы ресурстарын пайдаланудың жалпы тәртібін анықтайды, ал кәсіпорын ақша қорларының түрлерін, оларды пайдалану бағыттарын өз бетімен әзірлейді.
Қаржы механизмі қаржыларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлері мен әдістерінің жүйесін білдіреді. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізу мен қызмет сфераларының әр түрлі деңгейлерінде мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын орындау үшін қаражаттар мен жинақталған ақшалардың мақсатты қорларын құру және пайдалану бойынша қаржылық қатынастарды басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |