Қазақстан Республикасының қаржы саясатының мазмұны
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономика заңдарының әрекеттерін есепке алып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыларды жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінің қаржы саясатының өзіне тән ерекшеліктері бар, экономиканың жағдайын, қоғамның материалдық және әлеуметтік өмірінің қажеттіліктерін және басқа факторларды шешеді.
80-ші жж. екінші жартысында өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік монополия-сынан бас тарту КСРО жоспарлы-нұсқаулық қаржы саясаты дағдарысының себебі болды. Экономиканың мемлекеттік емес секторында қаржы қатынастарын әкімшілік әдістермен басқарудың мүмкін еместігі қаржы саясатын жүргізу принциптерін қайта қарау қажеттілігіне әкелді. Өкінішке орай, оны осы кезеңде мемлекеттік органдар қабылдамады. Объективті шарттар жоқ болғанда ескіше басқаруды тілеу бүкіл қаржы жүйесінің дағдарысына әкелді. Осы дағдарыстың куәсі бюджеттің орасан зор тапшылығы, өсіп бара жатқан ақша эмиссиясы және оған сәйкес инфляция; мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызының өсуі, шығынды кәсіпорындардың көп санының бар болуы, халық шаруашылығындағы төлемдік дағдарыс, өндірістік емес шығындардың елеулі сомалары, аяқталмаған құрылыстың өсуі, мемлекеттік сыртқы экономикалық сферадағы төлемдік қатынастарының дағдарысы болып табылады.
1991-1996 жж. нарық механизмінің элемменттерін пайдалануға және экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне негізделетін, түбегейлі жаңа қаржылық саясат жүргізіледі. Қаржы саясатының сапалы өзгеруі мемлекет алдында тұрған міндеттерді күрделілендіреді. Қаржы ресурстарының керекті көлемін жасау, оларды ұтымды үлестіру үшін шарттарды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімдерде қаржы жүйесінің барлық сфераларында және буындарында түбегейлі жаңа қаржылық механизмді қысқа мерзімдерде құру қажет. Міндет қоғамның елеулі бөлігінің баға белгілеу реформасына, күшейіп бара жатқан жұмыссыздыққа және нақты еңбекақының азаюына байланысты материалдық шығындарға ұшыраумен күрделіленді.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қаржы саясатының негізі — бұл кәсіпкерлік қызметінің бостандығын мойындау, шаруашылық жүргізудің алуан түрлерін енгізу, мемлекеттік меншікті жекешелендіру және жеке және мемлекеттік шаруашылық жүргізетін субъектілердің шебер үйлесуіне негізделетін аралас экономикаға ауысу.
Достарыңызбен бөлісу: |