Жұмыс бағдарламасы Жасақталды



бет15/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
karzh umk

Негізгі әдебиеттер1-9, 36-45, 36-39.

Қосымша әдебиеттер: 1-14,  15-16.

 


4 тақырып Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары

Дәріс жоспары:

4.1 Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржыларын ұйымдастыру принциптері;

4.2 Шаруашылық жүргізетін субъектілерді жіктеу;

4.3 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;

4.4 Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық қатынастардың сипаттамасы;

4.5 Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру көздері.

 

 



Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржыларын ұйымдастыру принциптері

Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық тәуелсіздігі негізінде өз қызметін коммерциялық есептеу бастамасында жүзеге асырады, оның мақсаты пайданы міндетті алу болып табылады. Олар өнімді өткізуден түсетін пайданы дербес үлестіреді, өндірістік және әлеуметтік тағайындалған қорларды құрайды және пайдаланады, несие ресурстары мен қаржы рыногының мүмкіндіктерін пайдаланып, өнім өндірісін кеңейту үшін оларға қажетті қаражатты іздестіреді.

Коммерциялық бастамада материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жұмыс істейді, онда қоғамның  материалдық қоғамдық өнімі – қоғамның тіршілік әрекетінің көзі құрылады, сондықтан материалдық қаржылар елдің бүкіл қаржы жүйесінің алғашқы негізін білдіреді.

Коммерциялық кәсіпорындар қаржыларын ұйымдастыру белгілі принциптерде құрылады: коммерциялық есептеу, жоспарлылық, мақсатты бағытталғандық, қаржы резервтерін құру.

Коммерциялық есептеу кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізу әдісін білдіреді, ол қызмет нәтижелерін және шығындарды ақша түрінде өлшеуден тұрады; оның мақсаты минимум шығындар болғанда максимум пайда алу болып табылады.

Жоспарлылық принципі кәсіпорынның қаржылық қызметінің  өндіріс мақсаттарынан, міндеттерінен, оларға қол жеткізудің көзделген әдістерінен, жүйелілігінен және қол жеткізу мерзімдерінен алғанда, оның параметрлерін есептеу жолымен алдын ала көзделеді.

Коммерциялық кәсіпорындар қаржыларының негізгі принциптерінің бірі мақсатты бағытталғандық болып табылады. Кәсіпкер ылғи да қызметі оған қол жеткізуге бағытталған  мақсаттарға бағдарланады, оларды өз алдына,  кәсіпорынның алдына қояды.  Коммерциялық ұйымның дәстүрлі мақсаттарына: өндіріс пайдалылығы, еңбек өнімділігі, рыноктағы орнықты жағдай, материалдық және қаржылық ресурстардың жеткіліктілігі жатады.

Қаржы резервтерін қамтамасыз ету принципі  рынок конъюнктурасының мүмкін ауытқулары қаупімен жанасқан кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ету үшін қаржы резервтерін құру қажеттілігімен байланысқан. Сонымен, коммерциялық кәсіпорын – бұл кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін құрылған шаруашылық жүргізетін субъект, оның экономикалық мақсаты қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету және пайда алу болып табылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет