Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық қатынастардың сипаттамасы
Коммерциялық емес ұйымдар төмендегілер үшін құрылуы мүмкін:
- әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
- дауларларды шешу;
- азаматтардың рухани және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту;
- заңды көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдық игіліктері мен өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа мақсаттарда заңды көмек көрсету.
Коммерциялық емес қызметтің ерекшелігі ұйымдардың жұмыс істеуінің негізгі дәлелі мұндай қызмет нәтижелерінен пайда немесе табыс алу емес, жеке сектор қаламайтын немесе қамтамасыз етуге шамасы келмейтін қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қор, діни бірлестік, ассоциация (одақ) және басқа түрде құрылуы мүмкін. Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Меншік түріне байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке деп бөлінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және астана, облыстар республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің заңдарына сәйкес және тек мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипатты басқа функцияларды жүзеге асыру үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалармен құрылған, мемлекеттік құрылымның бір бөлігі болып табылатын ұйым жеке мекеме деп танылады. Азаматтардың жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін олардың ерікті негізде бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің осы бірлестіктерге берген мүлкіне, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ.
Азаматтар немесе заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
Тапқан табыстары тек осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын, өз қызметін жүзеге асыру үші қаржыларды жұмылдыру мақсатында акциялар шығаратын коммерциялық емес акционерлік қоғам заңды тұлға деп танылады. Олар айрықша акцияларды, туынды және конверсияланатын бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |