Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының Қр мжмбс 08. 008 2008 және Қр білім және ғылым министрлігінің



бет2/4
Дата08.07.2016
өлшемі366 Kb.
#185358
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

2.2 Пән тақырыптарының мазмұны



2.2.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
І бөлім Ақша, нссие, банктер туралы негізгі түсініктер

1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы. Шаруашылык айналымының ақшаға деген қажеттілігі.Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі зандылықтары. Ақша кор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.

Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын кызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік акшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі тандагы алтынның рөлі.


1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші акшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз - қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша ай­налысы. Акшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз акшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Ин­фляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияиың әлеуметгік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.


1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері

Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, оның өткізу қажеттілігі және ерекшеліктері.


ІІ бөлім. Несие және несие жүйесі

2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие

Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және қоғамдык ұдайы өндіріс — несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу заңдылықтары. Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы ерекшеліктер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.

Несиелік капитал мен несие қорларының (неси­елік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліістер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар нарығы.

Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар - несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Про­цент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшеліктері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты процент төлеу көздері.

Несиенің атқаратын қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.

Несиелік капиталды орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.

Несие формалары. Банктік несие - несиенің неғұрлым кеңірек дамыған формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміздегі және шетелдегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.
2.2 тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.

Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер жэне оларды ұйымдастырудың қүқықтық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.

Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету ме­ханизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.

Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.


2.3 тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері

Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.


ІІІ бөлім. Банктер және банк жүйесі

3.1 тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы

Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның рөлі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі - Ұлттык банк. ҚР Ұлтгық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық реттеу және валюталык бакылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен баскаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.


3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары

Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын баскару. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітү. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.

Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Акша-несие саясаты­ның негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.

Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүрғізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк - «банктердің банкі». Ұлгтық банк - Үкіметтін басты банкиpi, қаржылық кеңесшісі және агенті.


3.3 тақырып Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазакстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі. Банкроттқа ұшырау жағдайда банктің шаралары.


3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары

Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражатгарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, козғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық- делдалдық және сенім (траст) операциялары.

Банктердің табысы. Банк табысының пайда болу көздері, оның құрылымы және қалыптасу тәсілдері. Коммерциялық банктің табыс және шығын деңгейіне ықпал тігізетін факторлар. Банктердің өтімділігі және оны анықтайтын факторлар.

Банкттер интерактивті кәсіпкерлікте. Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.
IV бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары

4.1 тақырып Бағалы кағаздар нарығы

Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеітік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.


4.2 тақырып Қор биржалары

Қор биржасының пайда болуы және дамуы. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде қор биржасымен басқару. Қазакстан Республикасының қор биржасы, максаттары мен қызмет түрлері. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері. Брокерлік және диллерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет