5 тақырып. Заңгер іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
Алдын-ала тергеу мен сот мәжілісінде мәлімет беру кезіндегі түйсік пен қабылдаудың адекваттылығы мәселесі. Заңгердің кәсіби бақылампаздық пен эмпатияға қабілеттілігінің қалыптасуы. Зейін мен ес механизмдері мен оларды соттық сараптау жүргізу кезінде есепке алу қажеттілігі. Зейін мен ес заңгердің кәсіби сапасы ретінде. Ойлау – қылмыстық ниетті қалыптастыру іс-әрекеті және тергеу міндеттерін шешу процесі ретінде. Құқықтық ұғымдардың психологиялық спецификасы. Сөйлеу және оның заң тәжірибесіндегі қызметтері.
6 тақырып. Қылмыстық психология. Қылмыстық психологияның пәні мен міндеттері.
Объект және субъект қылмыстың объективті және субъективті жақтары. Агрессия және конфликті жүріс-тұрыс табиғи және психологиялық алғышарттары. Қажеттіліктер-құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың алғышарттары ретінде. Қылмыстық жүріс-тұрыстың мотивациясы. Құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың эмоциялық итермелеушілері. Қылмыскер тұлғаның құқықтық санасы және оның оперативті-іздестіру, алдын-ала тергеу, сот процесі мен пенитенциарлы әсер ету жағдайындағы бағалау айырмашылықтары.
7 тақырып. Қылмыскер тұлға мәселесі.
Қылмыскер тұлғасының қалыптасу жағдайлары мен әлеуметтік-психологиялық алғышарттары. «Қылмыскер тұлға» теориясы. Мінез бітістері мен акцентуациясы, психопатия түрлері. Жеке адамның индивидуалды ерекшеліктерін талдау және оны тергеу, сот, сауықтыру және түзету жұмыстарында есепке алу. Адамның тілектері мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы шиеленіс мәселесі.
8 тақырып. Куәгер жүріс-тұрысының психологиялық ерекшеліктері.
Жәбірленуші тұлғасын психологиялық талдау. Виктимділік және виктимді жүріс-тұрыс. Сотталушы тұлғасын психологиялық талдау және оны реабилитациялау мүмкіндіктері. Кешенді психологиялық-психиатриялық сараптау және сот психология тәжірибесіндегі адамның тұлғалық бітістерін талдау.
9 тақырып. Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі. Әлеуметке жат бейресми топтар мен бірлестіктер мәселесі.
Жанұя ұйымдасқан қылмыстың бастапқы бірлігі ретінде. Жанұя ішілік конфликтілер және тұрмыстық қылмыс. Топтық қарым-қатынастың дамуының әлеуметтік-психологиялық деңгейлері және олардың құқыққа қарсы тұру жағдайларындағы өнімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |