ЖҰмыс бағдарламасы павлодар 2009 Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті


-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық



бет7/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#128349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

22-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық

халықаралық ғарыш құқығының түсінігі. БҰҰ-ның халықаралық ғарыш құқығының нормаларын қалыптастырудағы ролі. Ғарыш құқығы мәселелеріне қатысты негізгі шарттар: мемлекеттердің ғарыш кеңістігін, соның ішінде Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға қатысты қызметтерінің қағидалары туралы 1967-жылғы Шарт. 1975-жылғы ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлердің оралуы туралы Келісім. 1979 жылғы мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімдер.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асыру.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін еркін зерттеу мен пайдалану. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық деп жариялауға тыйым салу. Ғарышта әскери қызметке тыйым салу. Ғарыш кеңістігінде нақты зиянды тәжірибелер жүргізуді болдырмау. Мемлекет егеменділігінің жоғарғы шегі мәселесі.

Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің құқықтық режимі. «Ғарыш объектісінің» түсінігі. Ғарыш объектілерін тіркеу. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлерге юрисдикцияның таралуы мен оларды бақылау. Ғарыш объектілеріне меншік құқығы. Ғарышкерлердің оралуы мен оларды құтқаруға және ғарыш объектілерінің оралуына қатысты мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері.

Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін жауапкершілік. Мемлекет халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік құқықтық қатынастарының субъектісі ретінде. Жауапкершілік негіздері. Абсолюттік жауапкершілік түсінігі. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бірлесе зерттеу және пайдалану кезіндегі ортақ жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі.

Ғарыш техникасының халықаралық-құқықтық мәселелері. Ғарыштан жер серіктері арқылы тікелей телехабарлар таратуды құқықтық реттеу мәселелерін БҰҰ органдарында қарау. Ғарыштан Жерді зерттеу мәліметтерін беру және пайдалану туралы Конвенция. Халықаралық ұйымдар қызметі мен жердің жасанды серіктері арқылы байланыс жүйелерінің құқықтық қағидалары. Ғарыш навигациясындағы ғарыш метеорологиясының құқықтық мәселелері. Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу мен пайдалануға қатысты халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық аспектілері. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің ғарыш саласындағы екіжақты шарттары және ынтымақтастық бағдарламалары. «Байқоңырдың» құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 «2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында Ғарыштық қызметті дамыту туралы» жарлығы.
23-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық

Қорошаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметі. БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері (ИМКО, ФАО, ЮНЕСКО және т.б.). БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламасы (ЮНЕП).

Әлемдік мұхитты қорғау. 1954 жылғы теңізді мұнаймен ластауды болдырмау туралы Лондон конвенциясы. 1973 жылғы теңізді кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция. 1972 жылғы қалдықтар мен басқа да материалдарды лақтыру арқылы теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция.

Жер атмосферасын зиянды әсерлерден қорғау. Жасанды әсер етулерді құқықтық реттеу. Климатқа және табиғатқа жасанды әсер етулерді құқықтық реттеу. 1976 жылғы әскери және басқа жағымсыз құралдарды пайдаланып табиғатқа әсер етуге тыйым салу туралы Конвенция.

Көшіп жүретін жануарларды қорғау. Жоғалу қаупі туған жануарлар мен өсімдіктерді және маңызды экожүйелерді сақтау. Жануарлар мен өсімдіктерді аурулар мен зиянкелтірушілерден сақтау. 1973 жылғы жоғалу қаупі туған жабайы фауна мен флораның түрлері туралы халықаралық саудалау Конвенциясы.

Ядролық қаруды өндіру, сынау және орналастыру нәтижесінде қоршаған ортаны жаһандық және аумақтық радиоактивті ластау қаупі. 1963 жылғы ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы Мәскеу шарты және басқа да халықаралық актілер. Атом энергиясын бейбіт түрде пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаны радиоактивті ластауды болдырмау. Қазақстандағы Семей ядролық полигонын жабу. Қоршаған ортаны қорғау мәселелрі бойынша Қазақстан заңнамалары. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының қағидалары. Қазақстанның халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормаларын сақтауы, азаматтардың сау және таза ортада өмір сүру құқықтарын және мемлекеттердің өз юрисдикциясына жататын аумақтардағы табиғи ресурстарды қорғау және пайдалануға қатысты құқықтарын қорғау. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғатты қорғау кезінде жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығы қағидасы. Қоршаған ортаның жағдайы мен өзгеруі туралы ақпараттарды ашық алмасу қағидасы. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындау қағидасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуы. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты Қазақстанның екіжақты шарттары.


24-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық

Әскери қақтығыстар кезіндегі халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу міндеттері. Мемлекеттердің агрессияға қарсы қажетті қорғанысты жүзеге асыруының дұрыстығы. Агрессияның қылмыстылығы. Соғыс жағдайы және оның құқықтық салдары. Халықаралық және халықаралық сипаттағы емес әскери қақтығыстар.

Әскери әрекеттердің кеңістіктегі шегі (соғыс театры). Соғыс кезіндегі бейтараптық. Бейтараптықтың түрлері. Халықаралық сипаттағы құқықтар мен міндеттер.

әскери қақтығыстарды регламентациялау мәселелері бойынша актілер. 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева Конвенциясы және 1977 жылғы оған Қосымша хаттамалар. Соғысты жүргізу құралдарын шектейтін шарттар мен Конвенциялар. Әскери қылмыстар үшін және адамзатқа, бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін халықаралық актілер. Қазақстан тарихындағы соғыс жүргізуге қатысты әдет-ғұрыптық ережелер.

Комбатанттар (соғыспайтындар). Тұрақты және тұрақты емес қарулы күштер. Партизандар. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қатысушылары. Жалдамалыларға комбатант мәртебесінің таралмауы. Комбатант еместер.

Соғыс әрекеттерін жүргізу құралдары мен тәсілдері туралы құқықтық нормалар. Соғысты жүргізудің кейбір құралдарына тыйым салу. Табиғи ортаға залал келтіретін әскери құралдарға тыйым салу. Теңіздегі және әуедегі соғыс ережелерінің ерекшеліктері.

Соғыс құрбандарын қорғау. Жаралылар, аурулар және қарулы күштердің құрамынан кеме апаттарына ұшыраған тұлғаларды қорғау шаралары.

Әскери тұтқындар режимі.

Әскери әрекеттер кезінде бейбіт халық пен азаматтық объектілерді қорғау. Әскери оккупация режимі. Мәдени құндылықтарды қорғау.

Соғыстың аяқталуы және оның халықаралық-құқықтық салдары. Германия мен Жапонияның капитуляциясының актілері. Мәмілеге келу. Соғыс жағдайының аяқталуы. Соғыс жағдайының аяқталуына қатысты құқықтық актілер. 1947 жылғы бейбіт шарттар.


25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық

Әлемдік діндер және олардың халықаралық қатынастардағы ролі. Діни ұйымдар қызметін халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері. Халықаралық қатынастарға қатысатын діни ұйымдардың заңдық ерекшеліктері. Халықаралық аренада қызмет атқаратын діни ұйымдарды саралау. Ислам әлемдік дін ретінде және халықаралық мұсылман құқығының нормалары.

Православ шіркеулері және халықаралық құқық.

Рим-католик шіркеуі және оның әлемдік дипломатиядағы ролі.


26-тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары

Мемлекеттердің мәселелерді тек қана бейбіт құралдармен шешуі. Саяси және заңдық даулар туралы мәселелер. БҰҰ Жарғысы. 1970 жылғы халықаралық құқық қағидалары туралы Декларация.

Тікелей келіссөздер және консультациялар (кеңес беру) халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі құралдары ретінде. Жоғары дәрежедегі және халықаралық конференциялардағы келіссөздердің мәні. Халықаралық ұйымдар аясындағы келіссөздер.

Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше ролі.

Халықаралық мәмілеге келтіру процедурасы. Қайырымды қызмет. Делдалдық. Тергеу және келісім комиссиялары және оларды ұйымдастыру. Мәмілеге келтіру процедурасына қатысты халықаралық келісімдер. Мәмілеге келтіру процедураларына Қазақстанның қатысуы.

Халықаралық аралық соттар (арбитраж). Аралық соттардың дамуының тарихы және оның қызмет ету процедурасы. Гаагадағы аралық соттың Тұрақты Палатасы. Халықаралық аралық соттардың түрлері.

Халықаралық сот талқылауы. БҰҰ Халықаралық Соты. БҰҰ Халықаралық Сотының құрамы мен құзыреті. Халықаралық Сот юрисдикциясы. Істерді қарау процедцрасы. Шешімдер. Халықаралық Соттың консультативтік қорытындылары және қаулылары.
27-тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары

Мұнай саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Жер қойнауын зерттеу, мұнай өндіру, мұнайды өңдеу және тасымалдау, экологиялық проблемаларды шешу мәселелері бойынша көпжақты және аумақтық шарттар.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және мұнай операцияларына қатысты нормативтік-құқықтық актілері. Мұнай саласында қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының құқықтық жағдайы.

ФАО-ны (азық-түлік және ауылшаруашылық мәселелері бойынша ұйым) құру. ФАО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде. ФАО міндеттері. Қатысушы мемлекеттердегі халықтың тамақтануын жақсарту және тұрмыс деңгейін көтеру. Ақыз-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін жақсарту. ФАО органдары. Қазақстанның ФАО қызметіне қатысуы. Қазақстанның азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сақтаудың халықаралық тәжірибені пайдалануы.

Ауылшаруашылықты дамытудың Халықаралық қоры (ИФАД. ИФАД құрылымы. ИФАД-қа мүшелік. Атқару Комитетінің 6-сессиясында қабылданған ИФАД ережелері. ИФАД, 1982 жылдың қыркүйегі. ИФАД-тың мемлекеттерге қаржылық көмек көрсетуі: процедуралары, тендерлік құжаттар, контрактілерді бағалау.

Туризм саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Бүкіләлемдік туризм ұйымы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде. БТҰ-ның міндеттері. БТҰ-ның мақсаты мен қызметінің бағыттары.

Халықаралық Конвенциялардағы «турист» түсінігінің анықтамасы. 1954 жылғы туристерге кеден жеңілдіктері туралы халықаралық Конвенция. 1985 жылғы туристер кодексі.

Қазақстан Республикасының туризм мәселелері бойынша заңнамасы.


28-тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы

Егеменділік туралы Қазақстан Республикасының Декларациясы және тәуелсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде кіруі. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүшесі ретінде.

Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бағыты.

Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қатынасы. Қазақстан Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдердің өзара қарым-қатынасын байланыстырушы мемлекет ретінде.

Қазақстанның халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың қызметіне қатысуы.

Қазақстанның Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі транзиттік теміржол магистралін қамтамасыз етуге қатысуы.

Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аумақтық және планеталық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде.

Қазақстанның НАТО Кеңесінің қызметіне қатысуы.

Қазақстанның экологиясы және халықаралық құқық.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің стратегиясы және халықаралық құқық. Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен экономикалық қатынасы.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің бағыттары (Азия-Тынық мұхит аумағы, Азиаттық, Еуропалық және Американдық).

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі туралы заңдары және



халықаралық құқық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет