Жұмыс бағдарламасы пән: Денсаулық жағдайын бағалау Пән коды: djb 221 Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі» Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 90 (2 кредит) Курсы: Оқу семестрі: Шымкент



бет83/133
Дата10.03.2023
өлшемі1.4 Mb.
#470595
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133
ocenka sost zdorov kz 2

Ситуациялық сауалдар:
Сауал 1.2 апталық баланың дене салмағы 3500 г құрайды. Тәуліктік тамақ көлемі болуы тиіс _____.


Сауал 2.Табиғи жолмен тамақтанатын баланың көкөніс пюремен тамақтандыру ______жаста бастау керек.


Сауал 3. Табиғи тамақтанатын бала 5 мезгіл тамақтануға ______ жаста өтеді.


Сауал 4.Табиғи тамақтанатын балаға қосымша тамақ қай жастан бастап беріледі.
3-сабақ


Тақырып №3:Егде жастағы, ересек және жас баланың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар. Тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері қоршаған орта сапасының интегралды бағасы ретінде.
2. Мақсаты: Қазіргі уақытта тұрғындар адам денсаулығына қоршаған орта әсерінен қауіп қатер төндіретін, жағымсыз өзгерістер ендіретін факторлар болып табылатын, көптеген әсерлерге душар болады.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  1. Тұрғындардың денсаулығына әсер етуші факторларды :

  • Генетикалық

  • Қоршаған ортаның жағдайы

  • Медициналық қамтамасыздық

  • Өмір сүру салты

  1. Тұрғындардың денсаулығының негізгі көрсеткіштері.



Студент істей білуі тиіс:

  1. Денсаулық жағдайына әсер етуші генетикалық факторларды анықтауды.

  2. Қоршаған ортаның жағдайын адам денсаулығына әсер етуші фактор ретінде бағалайды.

  3. Медициналық скрининг жүргізуді

  4. Алдын – алу шараларын жургізуді.

  5. Толық және өз уақытында медициналық көмек көрсетуді.

  6. Салауатты өмір салтын насихаттауды

  7. Тұрғындардың денсаулығының негізгі көрсеткіштерін есептеуді

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. БДҰ бойынша заманауи адамның денсаулығын қамтамасыз етуде әр түрлі факторлардың ара қатынасын білесізбе?

  2. Балалардың,ересектердің,егде жастағы адамдардың денсаулығына әсер етуші генетикалық факторларды білесізбе?

  3. Қоршаған ортаның балалардың,ересектердің,егде жастағы адамдардың денсаулығына көрсететін әсерін білесізбе?

  4. Медициналық қамтамасыз етудің балалардың,ересектердің,егде жастағы адамдардың денсаулығына көрсететін әсерін білесізбе?

  5. Өмір сүру салтының балалардың,ересектердің,егде жастағы адамдардың денсаулығына көрсететін әсерін білесізбе?

  6. Тұрғындардың денсаулық жағдайына қарап қошаған ортаға баға беруге болама?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет